Корей Халық Демократиялық Республикасы


Скачать/Жүктеу

Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Тағы қараңыз

Табиғаты

КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағында Корей таулары орналасқан. Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және муссондық. Қаңтардағы орташа темп-ра –21С, шілдеде 22 — 26С.

Osudok Forest.jpg

Тарихы

КХДР-дің 1945 жылға дейінгі тарихы Корея Республикасымен ортақ (қ. Корея). 1945 ж. Корей түбегінің солт-нде КСРО әскерлері орналасқаннан кейін ел социализм орнату жолына түсті. 1946 ж. КСРО-ның көмегімен корей коммунистері Ким Ир Сен басқарған Уақытша үкімет құрды және жер реформасын жүргізе бастады. 1948 ж. 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. КСРО өз әскерін түбектен алып кетті. 1950 ж. КХДР бұрынғы біртұтас елді біріктіру үшін Оңтүстік Кореяға басып кірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1950 ж. 25 маусымда КХДР агрессиясын айыптайтын және екі күннен кейін Оңт. Кореяға БҰҰ мүшелері тарапынан әскери көмек беретін қарарлар қабылдады. Оңт. Кореяға АҚШ, ал КХДР-ге Қытай еріктілері (1 млн-дай адам) көмектесті. КХДР жағына КСРО да көмектесіп, елдің ішкі аудандарын АҚШ авиашабуылынан қорғады. 1951 ж. екі жақ та шабуылдаушы күштерін сарқып, қорғаныстық соғыстарға көшті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс аяқталды. 20 ғ-дың 70-жылдарының басында және 80-жылдарының 2-жартысында КХДР үкіметі көршісіне елді біріктіру үшін келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды. 1991 ж. желтоқсанда екі Корея мемлекеті бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге келді. 1992 ж. ақпанда бірлескен декларацияға қол қойылды. КХДР-де қандай да бір шет ел азаматтарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. 1972 ж. президенттің атқарушылық қызметін қайта қараған Конституция қабылданып, ол бойынша корей халқы “Ұлы қолбасшыға”, яғни Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирге шексіз берілу рухында тәрбиеленуде. 1994 ж. Ким Ир Сен қайтыс болып, орнына ұлы Ким Чен Ир сайланды. 1996 — 97 ж. КХДР-де экономика құлдырап, елді аштық жайлады. БҰҰ мүшелері елге азық-түлікпен көмектесе бастады. Бірақ қазіргі таңда демокр. елдерге қауіп төндіріп, ядр. қару жасап жатыр деген желеумен АҚШ КХДР-ды “қауіпті елдер” тізіміне кіргізіп отыр.

Korean Armistice Agreement.JPG

Экономикасы

20 ғ-дың 50 — 60-жылдары КСРО-ның, Шығ. Еуропадағы соц. елдердің, Қытайдың қайтарымсыз қаржылай, тех., материалдық көмектері арқасында ел экономикасы тез көтерілді. “Қалалар мен селоларда социалистік қайта құрулар жүзеге асырылғаннан” кейін (1958), елді индустрияландыру мәселесі шешілген соң (1970) КХДР-де идеол., тех., мәдени революцияларды жүзеге асыру мәселелері алға қойылды. Оңт. Кореямен арадағы шиеленістерге байланысты қорғаныс мәселелеріне үнемі көп көңіл бөлуіне тура келді. 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап ел экономикасы сырт елдерден тұйықтала бастады. Елдің қазіргі жылдық ұлттық табысы 21,45 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде, жеке адамға шаққанда — 950 долл. Сыртқы қарыз — 9,8 млрд. долл. Экспортқа металдар, тоқыма өнімдері, ауыр машина өнімдері, жеміс-жидек шығарылады, мұнай мен мұнай өнімдері, құрал-саймандар, астық, көмір, тамақ өнімдері импортталып әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Қытай (импорттың 32,6%-ы), Жапония (экспорттың 27,9%-ы), ТМД елдері, Оңт. Корея, Германия, Италия, Иран. Әдеб.: Горбунова М.Н., Корея, М., 1951; Современная Корея, М., 1971; Большой энциклопедический словарь, М., 2001. Б. Ташкенбаева


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы