Скачать/Жүктеу
Орынбасу реакциясы
Орын басу реакциясы дегеніміз (S) молекула құрамындағы атомдық топтардың басқа молекула құрамындағы атомдық топтармен алмасуы.
R-СН3 + С12 → R-СН2С1 + НСІ — хлорлау реакциясы
R-СН2СІ + AgNO3 → R-СН2NO2 + AgСІ↓-нитрлеу
Қосылу реакциясы
Қосылу реакциясы дегеніміз (А) қанықпаған молекуладағы π-байланысы үзіліп, екі атом немесе екі атом тобының қосылуы. Байланыстың үзілуі гомолитикалық та, гетеролитикалықта жолмен жүруі мүмкін, демек қосылу реакциялары әрі радикалдық, әрі иондық сипатта болады.
СН2= СН2 + Н2 →СН3 - СН3 гидрогендеу реакциясы
R-CH=CH2 + HBr → R-СHBr-CH3 гидрогалагендеу
Айырылу реакциясы
Айырылу реакциясы дегеніміз (Е элиминирование) молекула кұрамынан жай не күрделі заттың бөлініп шығуы. Бұл реакциялар көбінесе гетеролитикалық жолмен жүреді.
Тотығу-тотықсыздану
Қарастырылған үш типтен басқа органикалық химияда тотығу, тотықсыздану және қайта тотықтану реакциялары жүреді. Тотығу молекуланың тікелей отегімен әрекеттесуі, немесетотықтырғыш әсерінен сутегін жоғалту.
Тотықсыздану молекуланың сутекті қосып алуы немесе оттегіні беліп шығаруы.
R – CHO + H2 → R-CH2OH
R-CH2NO2 + 3H2 → R-CH2NH2 + 2H2O
Қайта топтану реакциясы
Қайта топтану реакцияларына барлық изомерлену реакциялары жатады. Молекуланың құрам бөліктерінің байланысу тәртібіңің езгеруіне немесе олардың кеңістікте орналасутәртібінің өзгеруінен болатын реакциялар, реакцияға түскен зат пен реакциядан шыққан зат құрамы бірдей болады.
СН3- СН2-СН=СН2 ↔ СН3-СН=СН-СН3
Бутен-1 Бутен-2
Кейде бір изомердің екіншіге айналуы тек бір атомның орнын ауыстыру арқылы болады, мұндай құбылысты таутомерия деп атайды.
Ацитосірке эфирі
Кето- енолдық таутомерия