Скачать/Жүктеу
Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме
Алаш баласы азаттық алған, ақырып теңдік сұраған күн еді бұл. Елдігіміздің еңсесін әйгілеген 20 жылда Қазақ елін әлем таныды, ақындарша айтқанда «Сәлеміңді алмайтын елдер, саулығыңды сұрайтын» халге жетті. Азат ел болған Қазақ баласы тәуелсіздіктің арқасында тарихын түгендеп, рухани болмысын бүтіндеді. Елбасының салихалы саясаты арқасында ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор алпауыт мемлекет құрылды.
Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздік пен мем¬лекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуына, болашақ дамуды қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі әрі осы бастаманы жүзеге асыру үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия да құрылды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттердің ішінде Тәуел¬сіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – Алла тағаланың біздің қазақ ұлтына берген үлкен бақыты және халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жиырма жыл ішінде елдің экономикасын көтеріп, ұлттық мәдениетімізді жаңғырту ісінде Қазақстанның барлық аймағында көптеген жұмыстар жасалды. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын осындай толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен қуаныш деп ойлаймыз. Өйткені, Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, қазақ халқының бүгінгі жас ұрпағына айрықша рух берері сөзсіз. Сондықтан да Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық ауыл шаруашылығында не өндірісте болсын, БАҚ-та болсын, байланыс саласында болсын ел игілігін арттыру жолындағы сапалы еңбе¬гімен өз үлесін қосуы тиіс. Яғни, Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Осыған орай Қазақстандағы Байланыс саласының білікті басшыларының бірі «Қазақтелекомның» Маңғыстаудағы филиалының бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме тарқатуды жөн санадық.
Тәуелсіз еліміздің өркениетті ел болып дамуы жолындағы бірден-бір маңызды салаларының бірі – бұл жаңаша дамыған, заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған, жұртшылыққа жоғары сапалы қызмет көрсетіп отырған телекоммуникация жүйесі. Бүгінде Маңғыстау облысының жұрт¬шылығы, тіпті сонау шалғай елді-мекен¬деріндегі тұрғындардың өзі «Қазақтелекомның» Маңғыстау¬дағы филиалының қарапайым халыққа жасап отырған қызметін жете түсінеді, дәлірек айтқанда қолдарымен ұстап, көздерімен көріп, рахатына бөленіп отыр.
Бүгінгі әңгімемізге арқау қылғалы отырған кейіп¬керіміз сол «Қазақтелекомның» Маңғыстаудағы филиалының бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев Қарағанды қаласында орта мектепті бітіргесін, 1974 жылы қызмет жолын туған қаласында электромонтер болып бастады. 1981 жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтын бітіргесін, Алматы электротехникалық байланыс техникумында дәріс беріп, осы оқу ордасының Қарағандыдағы бөлімшесінің меңгерушісі болды.
1988 жылы Қарағандыдағы №2 одақтық магистральді байланыс пен телевидения техникалық торабының инженері. 1989-1998 жылдары «Гарант» құрал-жабдықтар жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының директоры лауазымын мінсіз атқарып, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан ол өзінің сүйікті саласына қайта оралады.
Бәрін басынан бастауына тура келді. Қызметін қалалық байланыс желісінде қатардағы электромеханиктен бастап, он жыл ішінде Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Бас директорының орынбасары аралығындағы лауазымдық баспалдақтарды басып өтті.
Ержанның қолтаңбасы Қаражал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларында қалды. 2008 жылдың наурызында Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Бас директоры болып тағайындалды.
Білікті басшы келе сала, сегіз айдың ішінде 50 миллион шығынмен көштің соңында қалған филиалды табыстылығы және даму бағыты жөнінен республикада екінші орынға шығарды.
Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қоғам қалыптасуына әсер ететін экономика дамуының маңызды көтерме¬леушісі, әлеуметтік даму мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі екені белгілі.
Е.Сәрсембаевтың пайымдауынша, негізгі мін¬дет¬тердің бірі – ауыл тұрғындарына лайықты өмір сүруге жағдай туғызу, атап айтқанда, көз көрген телефон байланысынан бөлек, Интернетке кең жол ашу. Бұдан әрі оларға заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрлерінің кең түрін ұсыну қажет.
Көреген басшының ойы Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың облыс тұрғындарын 100 пайыз телефон байланысымен қамтамасыз етуді мақсат еткен бағдарламасымен дөп келді.
Бұл шаруа тікелей өзі басқаратын мекемеге келіп тірелетін болғандықтан, осы бағытта қыруар жұмыс атқарылды. Соның қарымы болар, бүгінгі таңда облыста тұрғындарының санына қарамастан, түгелге дерлік елді мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілді.
Тұрғындар саны 500 адамнан асатын әр елді мекенде автоматты телефон стансалары құрылды. Қалған ауылдар «ДАМА» спутниктік стансасы мен радио-жалғамалар және ортақ қолданыстағы таксофон арқылы қамтылған.
Қоғамдық телефон-таксофондар арқылы байланыс қызметін кеңейту әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында елу шақты ғана тұрғыны бар қиырдағы 9 елді мекенге де таксофондар орнатты.
2008 ауылдық АТС-ларын сандық жүйемен алмастыру жұмыстары аяқталды. Яғни, байланыс қондырғылары 100 пайыз сандық жүйеге көшірілді. 2009 жылы бұл шаруа көлік саласында да 100 пайызға орындалды.
Ауылдық елді мекендердегі қалыптасып отырған және болжамдалған телекоммуникация қызметіне деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында Е.Сәрсембаев 2010 жылдың аяғына таман Маңғыстау облысының 3300 абонентін телефон желісіне қосуға мүмкіндік беретін «Маңғыстау облысындағы WLL (CDMA 450) технологиясы бойынша сымсыз жетімділік жүйесінің құрылысы» жобасы бойынша көптеген жұмыстардың атқарылуына мұрындық болды.
Елді мекендердегі үйлердің шашыраңқы орналасуына байланысты, оларға желі тарту қымбат¬қа түсетіні белгілі. Сол себепті, облыстың төрт ауданында байланыстың заманауи түрі – сымсыз телефон жүйесін енгізді.
Ержан Әбенұлы сөзі мен ісіне мығым, уәдесін жұтқан жері жоқ. Соның бір дәлелі – Маңғыстау облысының Өтес селосында тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, олар көтерген байланыспен қамту мәселесін өз есебінен шешті.
Облыс елді мекендерін байланыспен қамту мақсатында биіктігі 538 метр Отпан тауының басына байланыс мұнарасын орнатуы – бұл енді, бейбіт күннің ерлігі десе боларлық. Бұл турасында білікті байланысшының өзі былай деп айтқан болатын: «Бұл жоба мен келместен екі жыл бұрын қолға алынған еді. Келген жылы атқара алмадым. Орталық аппаратта жоба туралы «бөлінген қаржыны игере алмауларыңа байланысты кері қайтарып, бас¬қа жобаларға жұмсаймыз» деген мәселе көтерілді. Бірақ жобаның тиімділігін олар да жақсы түсінді. Жауапкершілікті өз мойныма алып, тәуекел деп бас¬тап, сәтті аяқтадық. Егер, сол жылы аяқтай алмаған¬да, «ДАМА» ғарыштық стансасының қызметін пайдаланып отырған Ақшымырау, Қызан, Шебір ауылдары әлі 3 жылдай сапасыз байланыспен отырар еді. Бұрын бір жерге қоңырау шалу үшін 10-15 м謬нут отыратын ауыл тұрғындары, қазір қалааралық байланыспен қаланың ішіндегідей самбырлап сөйлесіп отыр. Оларға интернет те бере аламыз», –деп еді сонда Е. Сәрсембаев.
Маңғыстаудың ең биік нүктесіне мұнара қою оңай болған жоқ, әрине. Жолы жоқ, биік қия. Маңғыстаудың азынаған желімен жағаласып, жолын салып, тасын жарып, 2 метр іргетасын құйып, биіктігі 50 метр мұнара орнату – жұмысшылардың ерен еңбегінің нәтижесі.
Мұнараға акционерлік қоғамның серіктесі – Kcell ұялы байланыс қызметінің қондырғыларын да бекітіп, жақын маңдағы ауылдардың ұялы телефон байланысын да қамтамасыз еткені тағы бар. Енді, төбесінде ұран оты жағылып, ежелден хабар тарату қызметін атқарған Отпантау – бүгінгі таңда да сол міндетін жалғастыруда.
Осынау еңбектің арқасында таудың айналасындағы шаруада отырған тұрғындар бір-бірімен ұялы телефон арқылы аман-саулық сұрасып, мал-жандарын түгендесіп жатқаны біреулерге асыра айт¬қандық болар, бәлкім. Алайда, істің ақиқаты осы. Белді бекем буған жерде алынбайтын асу болмаса керек.
Е.Сәрсембаев қолда бардың одан әрі дамуы үшін қосалқы күш жасақтауға, қосылу уақытын төмендетуге, жүйенің беріктігін арттыруға мүмкіндік берген Ақтау қаласындағы АМТС жұмысын жаңалау жұмыстарын да қолға алды.
Телекоммуникация саласындағы білікті маман ретінде жаңа технологиялар енгізуге көп көңіл бөледі. «Телекоммуникация желісін жаңа технологиялар енгізу арқылы сандық жүйеге көшіру жұмысын қолға алғандағы мақсатым – телекоммуникациялық қызмет көрсетуде қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына Интернетке жол ашып, одан әрі сандық телевизияның қызметін ұсынсам деймін», – деп ой бөлісті бізбен әңгімесінде Ержан Әбенұлы.
Е.Сәрсембаевтың басшылығымен дирекция облыс мектептерінің 97,4 пайызын телефон байланысымен қамтамасыз еткен еді. Соның ішінде 69 ауылдық мектептің 66-сы бар екендігін ерекше атап өткен жөн.
Маңызды жобалардың бірегейі ретінде Келешек ұрпақ (NGN) жүйесін құруды атап өткен жөн. Бұл жүйе қазірдің өзінде Ақтау қаласының тұрғындарына телекоммуникация қызметінің кеңейтілген пакетін: телефония, бейнекөрініс, мәліметтер жөнелтуді иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бұрын тек облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар барлық аудан орталықтарында Metro Ethernet жүйесін құру жұмыстары атқарылған болатын.
Ақтау қаласындағы жүйені дайындау мақсатында «Ақтау қаласындағы Metro Ethernet жүйесін кеңейту» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар орындалды. Қолданыстағы мәліметтер жөнелту жүйесі жаңғыртылып, жаңа сапалы деңгейге көшірілді. Өткізгіштік қабылеті 10 Гбит/с құрайтын ІP/MPLS жүйесі жарақтандырылып, нәтижесінде, 2009 жылдың төртінші тоқсанында Ақтау қаласында сандық телевизия қызметін ұсыну басталып та кетті!
Дирекцияның «Аудан орталықтарында SDH жүйесін кеңейту және жаңғырту» жобасы бойынша атқарған қыруар жұмыстары 2010 жылдың аяғына таман барлық аудан орталықтарында сандық телевизия қызметін ұсынуға мүмкіндік ашады.
Маңғыстау облысында ETTH (Ethernet to the Home) және FTTH-GPON (үйге/пәтерге дейінгі талшық) технологиялары негізінде Trіple Play (Megalіne, іD phone, іD TV) тұжырымдамасына кеңжолақты жетімділік қызметін ұсынуға арналған кеңжолақты жетімділік жүйесінің құрылысы басталды.
Дирекция бұл жұмыстардың барлығында да қазақстандық мазмұнға баса назар аударып келеді. Сатып алынатын қызметтер мен тауарлардың барлығында да отандық үлес қалыс қалып көрген емес. Үстіміздегі жылдың жарты жылдығында бұл көрсеткіш 60 пайызды құрады.
Елбасымыздың қолдауымен ашылған Тәуелсіз елдің тұңғыш жаңа ауданы – Мұнайлы да назардан тыс қалған емес. Жас аудан тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру жолында да бірқатар жұмыс жасалып жатыр.
Ержанды толғандырып отырған мәселе мынау: «Ауданның жаңа орталығы –Батыр поселкесі салыну үстінде. Оны жобалау жұмыстарына бізді де қатыстыру керек деп есептеймін. Біз магистралды желіні өзіміз салып, орталықты байланыспен қамту жобасын өз қаржымызға жасаймыз. Әкімшілік оны Бас жоспарға кіргізуі тиіс. Ертең тендерден кім ұтса да, сол бекітілген жобамен жұмыс жасауы маңызды».
Жалпы, ауданда өз алдына байланыс желісін ашу керек деген ұстанымдағы басшының сөзіне қосылмасқа амал жоқ.
«Бес жылдығын ойламаған еркектен без» демекші, білікті басшы Жаңаөзен қаласына заманауи іeNet байланыс желісін орнату арқылы «Кендірлі» халықаралық демалыс аймағын байланыспен қамтуды мақсат етіп отыр. Бұл өз кезегінде, Үкіметтің мұнайшылар қаласының ондаған жылдар бойы қордаланып қалған әлеуметтік мәсе¬лелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарламасымен үндесіп жатыр.
Сонымен қатар, былтыр болашақта салынбақ «Ақтау-Сити» қаласының іргесіне оптикалық талшықты байланыс желісін тартып қойды. Қала құрылысы басталысымен ішіне дендей енбек. Бұл облыс басшылығының қолдауын тапты. Жоба – Орталық аппаратта бекітіліп, акционерлік қоғамның өз қаржысына жүргізіледі.
Ержан қазақ, орыс тілдерінен бөлек, ағылшын тілін еркін меңгерген. Филиалда іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілге көшірілген. Марқайтатыны – дирекция ғимаратының қабырғаларынан тек кәсіпорынның жетістіктері ғана емес, сонымен бірге еліміздің ауыз толтырып айтарлық толайым табыстары да көрініс тапқаны.
Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде Ержан Сәрсембаев облыс, қала аумағындағы қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралардан қалыс қалып көрген емес. Ұжымын бастап Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты халықтық мерекелерде үйін тігіп, шерулетіп жатқаны. Кәсіпорынның өз ішінен Елбасының Жолдауын насихаттаушы ақпараттық үгіт-насихат топтары құрылып, Жолдаудың басым бағыттары қызметкерлерге таныстырылды.
Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы биылғы Президент сайлауына да белсене қатысып, барлық сайлау учаскелерін кідіріссіз байланыспен қамтамасыз етті. Сайлау науқаны кезіндегі белсенді қызметі үшін ұжым басшысы Ержан Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды.
Имандылықты ту еткен Ержан Әбенұлы өнер мен ғылым жолындағы ізденімпаз жандарға қолдау көрсетіп келеді. Аузынан Алласын тастамайтын, тәубесінен жаңылмаған ақадал азаматты жергілікті жұрт та жатсынған жоқ. Қашан көрсең де, ата-баба жолымен «Аға баласы» деп төрінен орын ұсынып, алдына дәм-тұзын тартып жатқанына куә боласыз.
Ержан Әбенұлы бәзбір басшылардай жанына шұбыртып команда ертпей-ақ, жергілікті мамандарды көтермелеп, солардың күшімен бүгінгі жетістігіне жетіп отырған басшылардың бірегейі. Сонымен қатар, Ержан еңбеккерлер арасындағы сабақтастықтың үзілмеуін қатаң қадағалайды. Зейнет жасына жетсе де, жанбастап жатып алып, өскелең жасты еңбекке баулып, орнымды босатайын деген ниеті жоқ аға ұрпақтың қылығына қынжылады.
Жас мамандарды Алматы байланыс институтынан алдырғанды дұрыс көреді. Квотасы да бар. Онымен негізінен қызметкерлердің балалары оқиды. Себебі, олар өз балаларына кепіл болады. Бұдан бөлек 3 жыл қызмет жасаған қызметкердің де оқуға мүмкіндігі бар. Бір-екі жыл мүлтіксіз жұмысымен көрінген қызметкерге өзі кепіл болып, оқуға жіберген кезі де болды.
Қызметкерлерден жұмыс талап ету үшін олар¬ға ыңғайлы жұмыс жағдайын жасау керек екені екібастан белгілі. Бұл ретте, 2-3 жыл тұрып қалған бас ғимараттың жөндеу жұмыстарын шұғыл аяқтады. Іші-сырты бірдей көз тартып тұр, күндіз-түні әсемдігімен баурайтын облыс орталығындағы алдыңғы қатардағы көрікті ғимараттардың бірі. Оның ішінде қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Қыста – жылы, жазда – салқын. Шай-суы – бәрі қаралған. Тек, жұмыс жаса.
Аудандардағы бөлімшелердің ғимараттарын да күрделі жөндеуден өткізіп, кейбіреулерін жаңадан салғызды.
Абоненттерге сапалы сервистік қызмет көрсету басты назарда. Қызмет сапасын көтеру үшін бар күшін салып жатыр. Қазір клиенттер үшін барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған бірыңғай қызмет көрсету залы қызмет атқарады. Мұнда абоненттерге телекоммуникацияның жаңа қызмет түрлері көрнекі түрде көрсетілетін көрсетілім нүк¬телері де орналасқан. Бұдан басқа, мұнда ІPTV туралы мәлімет алып, интернет қызметін пайдалануға болады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін арнайы зал жасақталған. Мысалы, іссапарда жүрген іскер азаматтар мұнда келіп, емін-еркін қызмет жасауына болады.
Сервистік қызметкерлер телекоммуникациялар мен клиенттерге қызмет көрсету стандарттары бойынша үздіксіз оқытылады. Қызмет көрсету сапасы, сату икемділігі сияқты кәсіби шеберліктерді шыңдауға бағытталған мұндай шаралар міндетті түрде тестілеу арқылы тексеріледі.
Ұжым да отбасы секілді, бірлігі болмаса – берекесі кетеді. «Бір құмалақ – бір қарын майды шірітпеуі» керек. Осыған орай, жұдырықтай жұмылған ұжымда қызмет атқару икемділігін, сондай-ақ, ұжымдық еңбектің нәтижесіне дербес жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатындағы тренингтер де тұрақты өткізіліп тұрады. Кадрлық резерв пен аттестациялау жүйесінің өзіндік мектебі қалыптасқан. Аталмыш мектеп негізінен коммерциялық бөлімге қосалқы қызметкерлер дайындауға бағытталған.
«Сервистік қызмет дегенде,тұрғындардан ақша жыратын алаяқтар да кездесіп қалатыны рас. Ондай факті анықталса, біз оларды аяусыз жұмыстан шығарып жібереміз. Жалпы, мен сынға дұрыс қараймын. Халықтың бізге қаратып айтқан сын-ескертпелері арқылы, өзіміздің жұмысымыздағы олқы тұстарды анықтап, оны түзетуге тырысамыз. Бұл – бізге пайдалы. Бір сөзбен айтқанда, біздің жұмыс бағдарламамыз халықтың өтініш, ескерт¬пелеріне байланысты түзіледі», – дейді Е. Сәрсембаев.
Қалтқысыз қызметі үшін Ержан Сәрсембаев «Астананың 10 жылдығы» естелік медалімен, «Маң¬ғыстау облысына – 35 жыл» төсбелгісімен, Маң¬ғыстау облысы әкімдігінің, Қазақстан байланыс қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Түрлі аймақ, қала басшыларынан алған алғыс-ризашылықтарында есеп жоқ. Соның ішінде Маңғыстау облысындағы барлық аудан әкімдерінің Алғыс хаттары бар. 2010 жылы Ержан Сәрсембаевқа «Құрметті байланысшы» атағы берілді.
Білікті басшы, асыл сүйекті азаматтың ел болашағын қамдаудағы, қызметі бұнымен бітпесе керек, сондықтан Ержан бауырымызға толағай табыс пен жемісті жетістіктерге жете бер деп тілейміз.
Мұхитдин САЛҚЫНБАЕВ,
«Ақиқат» журналының
Бас редакторы