Органикалық қосылыстардың жалпы сипаттамасы. Құрылымы


Скачать/Жүктеу

Дәріс мақсаты: органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылысын байланыстыратын жалпы заңдар және заңдылықтарды беру, органикалық реакциялардың типтері мен механизмдерінің маңызын ашу.

1. Органикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеті

2. Ковалентті байланыс

3. Химиялық байланыстардың үзілуі

4. Органикалық реакциялардың типтері мен механизмдері

Органикалық химия – бұл, көміртегінің қосылыстары, олардың құрылысы, қасиеттері, алыну жолдары және практикалық қолданылуы қарастырылатын, химия ғылымының бөлімі. Органикалық қосылыстар – бұл көмірсутектер (көміртегі мен сутегінің қосылыстары) және олардың туындылары.  Көміртегі элементінің ерекше қасиеттеріне байланысты, органикалық қосылыстардың түрлері сан алуан. Қазіргі уақытта синтетикалық және табиғи органикалық заттардың 20 миллионнан аса түрлері белгілі, сондай-ақ олардың саны күннен күнге артуда. Қосылыстардың органикалық және бейорганикалық болып бөліну критерииі ретінде олардың элементтік құрамы алынады.

Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады, мысалы:

Органикалық  қосылыстар бейорганикалық қосылыстардан бірнеше ерекшеліктермен айырылады:

  • көбінде барлық органикалық қосылыстар жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда СО2 бөліп, оңай ыдырайды (бұл белгіге қарап зерттелетін заттың органикалық қосылысқа жататындығын анықтауға болады);
  • органикаық қосылыстардың молекулаларында көміртегі Периодтық жүйедегі кез келген элементпен байланыса алады;
  • органикалық молекулаларда тізбекпен жалғанған көміртегі атомдарының тәртібі  сақталады (ашық немесе тұйық);
  • көптеген органикалық қосылыстардың молекулалары тұрақты иондарға диссоцияланбайды;
  • органикалық қосылыстардың реакциялары өте баяу жүреді және де көбінесе аяғына дейін жүрмейді;
  • органикалық қосылыстардың ішінде изомерия құбылысы кеңінен тараған; органикалық заттардың фазалық ауысуы өте төмен температурада жүреді. А.М. Бутлеровтің  атом құрылысы және химияық байланыстың табиғаты туралы электрондық (квантохимиялық) көзқарастар және химиялық құрылыс теориясының негізінде дамыған органикалық химияның негізі болып ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТЕОРИЯСЫ саналады.Дамыған құрылыс теориясы органикалық қосылыстардың химиялық, кеңістіктік және электрондық құрылысына қарап, олардың негізгі химиялық және физикалық қасиеттерін болжауға мүмкіндік береді. Құрылыс теориясы органикалық химияның үлкен нақтылық материалының систематизациялауда және қарастыруда маңызды орын

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Органикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеті

2. Ковалентті байланыс

3. Химиялық байланыстардың үзілуі

4. Органикалық реакциялардың типтері мен механизмдері

5. Химиялық реакциялардың типтері мен механизмдері

Силлабус соңындағы негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді қарастыруға болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы