Скачать/Жүктеу
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Қоғам туралы философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Ежелгі дүниенің өзінде ақ оның көптеген маңызды нұсқалары қалыптасты. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес деп білді, ал адамдардын қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің басты себебі ретінде »қажеттілікті» қарастырды. Басқа көне грек ойшылы Платон қоғамдық өмірдің парасатты құрылысы ретіндегі »идеалды мемлекет» туралы ілімді қалыптастырып, әділеттілік пен адам табиғаты арасындағы байланысты айқындауға тырысты. Аристотель де қоғам туралы маңызды идеялар айтқан болатын. Ол, қоғамды әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің жиынтығы деп білді. Адам туралы ілімінде оның рухани мен өнегелік қасиеттерін атап көрсетіп, қоғамды болмыстын әлеуметтік және саяси түп негізі деп таныды. Сөйтіп қоғам туралы ілімнің негіздері қалана бастады.Ортағасыр философиясында қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру басым болды. Жаңа дәуір философиясы ойшылдары діни түсініктерді терістей келе қоғам табиғи жолмен пайда болып, дамиды деп есептеді. Қоғамның келісімдік ұйымдасуы туралы концепциялар пайда бола бастады (Гоббс, Руссо және т. б. ). Азаматтық қоғамды индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырып, оны механистік тұрғыдан түсіндірді. Объективтік идеализмнің өкілі Гегель азаматтық қоғамды әлеуметтік мақсаттарға жету жолында адамдардын »бір-біріне тәуелділігі» деп білді. Классикалық неміс философиясының басқа бір өкілі -Л. Фейербах азаматтық қоғамды табиғи субстанция негізінде байланыста болатын индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырды. Орыс әлеуметтану ғылымында да қоғамдық өмірге ерекше назар аударылды (А. И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, В.С. Соловьев және т.б.). Жалпы айтқанда, сол кездегі социологиялық ғылым қоғамды түсіндіруде жаңа деңгейге көтеріліп, жеке рационалды ойлар қорытқанымен қоғам туралы идеалистік және утопиалық түсініктерден құтыла алмады.
Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі марксизм философиясымен тығыз байланысты болды. Марксизм бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар мен қатынастардын жиынтығы болып табылады. Маркс пен Энгельс тарихи материализм ілімін дүниеге әкелді. Тарихи материализмнің жасалуы қогамдық ойдың дамуындағы түбірлі төнкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге – тек табиғатқа қана емес, сонымен қатар қоғамға да,- жүйлі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік береді. Қоғам дамуы табиғи- тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырды. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал- жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-құқықтық қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратынын көреміз. Өндіргіш күштерінің белгілі бір сатысында пайда болатын өндірістік қатынастардың әрбір жиынтығы, барлық қоғамдық формациялардың әрі жалпылама, әрі ерекше, теқ қана олардың біреуіне тән қалыптасу, даму және жоғары сатыға көтерілу заңдылықтарына бағынады. Маркс пен Энгельс барлық қоғамдық қатынастарды материалды және рухани (идеалды) қатынастарға бөліп, материалдық қатынастардың біріншілігін, ал рухани қатынастардың екіншілігін көрсетті.Қоғамдық өмірге қатысты философияның негізгі мәселесін шешу үшін тарихи материализм «қоғамдық болмыс»және «қоғамдық сана» категориаларын жаңаша тұжырымдады. Қоғамдық болмыс – бұл қоғам өмірінің материалдық жағдайлары мен адамдардың бір- біріне және табиғатқа материалдық қатынастары. Материалдық қатынастар объективті өмір сүреді және қоғамның шығуы мен дамуы барысында қалыптасып, қоғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді.Қоғамдық сана - қоғамдық болмысты бейнелейтің сезімдер мен көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелеп қоймайды, өз кезіңде оған белсенді түрде ықпал жасайды. Тарихи материализм тарихи процестің объективті және субъективті факторларын атап көрсетті. Бұл екуі қоғамдық өмірдің екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар объективтік факторлар болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, саяси және рухани дамудың тарихи тісіп жетілген міндеттері мен қажеттіліктері – осы шарттарға жатады. Субъективтік факторларға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс- әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс- қимылға бейімділігі және т.с.с. жатады. Объективтік факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективтік факторлардың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективтік факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда ғана шешуші рөл атқара алады. Субъективтік факторлардың қоғам дамуына ықпалы бір қоғамдық – экономикалық формациадан басқа, бұдан гөрі жетілген формациаға өткен сайын арта түседі.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация » ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді