Скачать/Жүктеу
“Үстеме шығыстарды бөлу ставкаларын есептеу және пайдалану”
ЖОСПАР:
1. Халықаралық тәжірибеде үстеме шығыстардың құрамы.
2. Үстеме шығыстарды тарату ставкалары туралы түсінік, түрлері және есептеу тәртібі.
1. Халық аралық тәжірибеде үстеме шығыстар екі топқа бөлінеді:
1. Жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану шығыстары
2. Жалпы өндірістік (цехтық) шығыстар
Жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану шығыстарының құрамы:
• Өндірістік жабдықтардың тозуы
• Ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету
• Өтын мен электрқуаты
• Жабдықтарды күтетін жұмысшылардың еңбек ақысы мен аударымдар
• Көмекші өндірістің қызметі
• Бірмезгілдік шығыстар
• Өзге де жабдықтарды пайдалану шығыстары
Жалпы өндірістік (цехтық) шығыстардың құрамы:
• Цехтық персоналдың еңбек ақысы мен аударымдар
• Өндірісті ұйымдастыру мен даярлау
• Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы
• Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу
• Өндірістің коммуналдық қызметтері
• Өндірістік негізгі құралдарға төленетін жалгерлік ақы
2. Үстеме шығыстарды тарату базасы халықаралық тәжірибеде шығын тасмалдаушылар деп аталады.
Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында таратуға бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:
• Өндірілген өнім көлемі
• Жұмыс – сағат
• Машина – сағат
• Материалдық шығындар
• Еңбек шығындары
Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату ставкалары анықталады. Бұл ставка таратуға негізделген шығындардың жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған факторға бөлу арқылы анықталады.
Үстеме шығыстарды тарату ставкаларын есептеудің бірнеше әдістері бар:
1. Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.
2. Цехтық (жекелеген) ставкалар
3. Нормативтік ставкалар
Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.
Мысал: Үстеме шығыстардың жалпы сомасы — 16 350,0 мың тенге, тарату базасы ретінде негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс-сағаты алынған – 550 000 сағ.
Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы = 16 350 000 : 550 000 = 29,73 тенге бір жұмыс-сағатқа.
1 бірлікті өндіруге қажет уақыт 30 сағат.
1 бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар = 29,73×30 = 891,9 тг.
Дебет 8114 Кредит 8410 Сома 891,9
ЦЕХТЫҚ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ
Цехтық тарату ставкасы = Цехтық ҮШ сомасы : Цехтық тарату базасы.
Мысал.
1 өнім бірлігін өндіруге 30 сағат қажет, соның ішінде: №1 цехта – 10 сағ., №2 цехта – 15 сағ., құрастыру цехында – 5 сағ.
1 өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізілетін ҮШ сомасы:
№1 цех – 34,12 × 10 сағ = 341,20 тг
№2 цех – 37,77 × 15 сағ = 566,55 тг
құрастыру цехында – 19,31 × 5 сағ = 96,55 тг
Барлық ҮШ сомасы = 1 004,30 тг.
Дебет 8114 – 1 004,3
Кредит 8410 – 1 004,3
Үстеме шығыстардың нормативтік тарату ставкасы
Үстеме шығыстардың жалпы нормативтік тарату ставкасы = ҮШ нормативтік жалпы сомасы : Нормативтік жалпы тарату базасы
ҮШ нормативтік цехтық тарату базасы = ҮШ нормативтік цехтық сомасы: Нормативтік цехтық тарату базасы.
1 Мысал
- Жылдық нормативтік үстеме шығыстар — 400 000 тг.,
- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі — 200 000 сағат
негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты
ҮШ нормативтік ставкасы = 400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.
Нақты деректер:
Үстеме шығыстар — 400 000 тг.,
Нақты жылдық өндіріс көлемі — 180 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.
Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ = 2 × 180 000 = 360 000 тг.
Таратылмай қалған ҮШ сомасы = 400 000 – 360 000 = 40 000 тг.
Үстеме шығыстарды нормативтік тарату ставкасы бойынша есептен шығару
Үстеме шығыстардың нақты сомасы таратылған сомадан артық
Дебет 8114 – 360 000
Дебет 7010 – 40 000
Кредит 8410 – 400 000
2 Мысал
-Жылдық нормативтік үстеме шығыстар — 400 000 тг.,
- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі — 200 000 сағат
негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты
ҮШ нормативтік ставкасы = 400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.
Нақты деректер:
Үстеме шығыстар — 380 000 тг.,
Нақты жылдық өндіріс көлемі — 200 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.
Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ = 2 × 200 000 = 400 000 тг
Артық таратылған үстеме шығыстар сомасы = 380 000 – 400 000 = — 20 000 тг.
Үстеме шығыстарды нормативтік тарату ставкасы бойынша есептен шығару
Үстеме шығыстардың нақты сомасы таратылған сомадан төмен
Дебет 8114 – 400 000
Кредит 8410 – 380 000
Кредит 7010 – 20 000
Әр түрлі тарату базасын пайдалана отырып ҮШ тарату ставкаларын есептеу
Келесі есепті мерзімнің деректері:
- Үстеме шығыстар (тенге) – 400 000,
- Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы (тенге) – 420 000,
- Негізгі материалдар шығыны (тенге) – 200 000,
- Өнім өндіру көлемі (бірлік) - 10 000
Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысынан пайыз есептеу әдісі:
Үстеме шығыстар ставкасы = үстеме шығыстар сомасы : негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы × 100 % =(400 000 : 420 000) × 100 % = 95,2 %
Егер, өнімнің бір бірлігіне 42 тенге еңбек ақы төленетін болса, онда бір бірлікке жатқызылатын үстеме шығыстар сомасы = [(42 × 95,2) : 100 %] = 39,98 тенге
Өнім бірлігін өндіру әдісі:
Үстеме шығыстар ставкасы = Үстеме шығыстар сомасы : Өнім өндіру көлемі =
= 400 000 : 10 000 = 40 тенге, яғни өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар 40 тенге.
Пайдаланылған негізгі материалдар құнынан пайыз есептеу әдісі:
Үстеме шығыстар ставкасы = Үстеме шығыстар сомасы : Пайдаланылған негізгі материалдардың құны × 100 % = 400 000 : 200 000 × 100 % = 200 % .
Егер бір өнім бірлігіне жұмсалған негізгі материалдар құны 50 тенгеге тең болса, онда бір бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар сомасы = (50 × 200 % : 100 %) =100 тенге.
Пайдаланылған тікелей негізгі шығындар сомасынан пайыз есептеу әдісі:
Үстеме шығыстарды тарату ставкасы = Үстеме шығыстар сомасы : тікелей шығындар сомасы × 100 % = 400 000 : (420 000 +200 000) × 100 %=64,5%
Егер бір бірліктің өзіндік құнында тікелей шығындар 92 тенге болса (50+42), онда бір бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар сомасы = (92 × 64,5%: 100%) =
= 59,34 тенге
Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығыстарын өндірістік бөлімшелерге шығару
Жоспар:
1. Өндірістік және қызмет көрсетуші бөлімшелердің сипаттамасы
2. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығыстарын өндірістік бөлімшелерге шығарудың тікелей және қадамдық әдістері.
1. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс негізгі және көмекші деп екі түрге бөлінеді.
Аталмыш өнеркәсіп кәсіпорны сол үшін өнімдер шығаруға арналып ұйымдастырылған өндіріс негізгі өндіріс деп аталады.
Көмекші өндіріс негізгі өндіріс тұтынатын өнім өндіріп немесе қызмет көрсетумен айналысады, сондай-ақ ол бір-біріне өзара қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсетуші бөлімшелердің жұмысында ішкі айналым көрсеткіші болады. Ішкі айналым деп бір бөлімшенің екінші бөлімшеге көрсеткен қызметінің құнын атайды.
Мысалы, жөндеу цехі қойманың және электростанцияның негізгі құралдарын жөндейді және өзі аталған бөлімшелерден материалдар мен электрқуатын алады.
Өз ара қызмет көрсетуге кеткен шығындар бөлімшелер арасында таратылуы тиіс.
Халықаралық тәжірибеде қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығындарын бөліп тарату 4 әдіс арқылы жүргізіледі:
• Тікелей әдіс;
• Қадамдық әдіс;
• Қайтадан бөлу әдісі;
• Теңдіктер жүйесі.
2. Тікелей бөлу әдісі.
Мысал. Кәсіпорын 3 өндірістік цехтан және 2 қызмет көрсетуші цехтан түрады
Үстеме шығыстар бойынша мынадай мәліметтер бар:
1) Үстеме шығыстардың сметалық сомасы (мың тенге):
- № 1 жабдық цехі — 5 478,1
- № 2 жабдық цехі — 4 675,6
- № 3 құрастыру цехі — 3 428,2
- қойма — 1 454,1
- техникалық қызмет
көрсету бөлімшесі — 1 314,0
Барлығы: — 16 350,0
2) Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығындары төмендегідей таратылды:
• Тікелей әдіспен тарату
• Қадамдық әдіспен тарату
• Үстеме шығыстарды қайтадан бөлу әдісімен тарату
• Үстеме шығыстарды теңдіктер әдісімен тарату
Теңдіктер жұйесін құрастыру қажет.
Мысалы:
Х – қойманың жалпы үстеме шығыстары.
Y – ТҚК бөлімшесінің жалпы үстеме шығыстары.
Қызмет көрсетуші цехтардың жалпы үстеме шығыстарын, өзара көрсеткен қызметтерін ескере отырғанда (20 % и 10 %), мынадай теңдікпен суреттеуге болады:
Х = 1454,2 + 0,2Y Х — 0,2Y = 1454,2 Х — 0,2Y = 1454,2
Y = 1314,0 + 0,1Х , содан соң Y — 0,1Х = 1314,0 немесе -0,1Х + Y = 1314,0
Осыдан кейін бірінші теңдікті 5 көбейтеміз,
5Х – Y = 7271,0
-0,1Х + Y = 1314,0, яғни, Х = 1752,04; Y = 1489,2
Қызмет көрсетуші бөлімшелердің жалпы үстеме шығыстарын тарату
Қайтадан таратылған ҮШ сомасының қажеттілігі және пайдаланылуы