Скачать/Жүктеу
Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе ) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады.
Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін.
Идеяларды коммерцияландыру нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде, оны пайдалануға болатын салалар айқындалған кезде ғана технология тауарға айналады.
Технологиялардың халықаралық берілуі — бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа – ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі.
1. Патент – жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді.
2. Лицензия – технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат.
3. Копирайт — өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы.
4. Тауар маркасы (таңбасы) — иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т.б. болып келеді.
Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады:
а) патенттік келісім — патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі;
ә) лицензиялық келісім — жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі;
б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру;
в) инжиниринг — сатып алынған немесе жалдауға берілген машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі.
Ғылыми – техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік — техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т.б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.
Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты — өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады.
Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін:
- технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс;
- ұлттық қауіпсіздік;
- халықаралық келісім шарттары және т.б.
Технологияларды сыртқа шығару мен әкелуді тікелей мемлекеттік реттеу сараптық бақылау органдары мен кедендік және шекаралық бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жанама реттеулер патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асады.
Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы. Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің, технологиялардың әлемдік нарығы, сондай — ақ қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді және өзара байланыста әрекет етеді. Қызметтер – бұл бақа институционалдық бірліктермен өзара келісімдер кезінде және іс-әрекеттер нәтижесінде болған, институционалды бірліктердің ережелеріндегі өзгерістер.
Қызметтер көрсету тауарлармен халықаралық сауда жасаудан кейін ғана барып дами бастады. Осыдан 3,5 мың жылдан аса бұрын, басқа елдердің саудагерлері үшін тауарлар саудасымен айналысқан финикиндіктер қызмет көрсетудің алғашқы негізін салды, мысалы философ Пифогор мен тарихшы Геродот дүниені танып-білу мақсаттарымен басқа елдерге сапар шекті.
Әлемдік шаруашылықтағы аса ауқымды әрі тез өсіп отырған қызмет көрсету саласы қызметтердің әлемдік нарығының негізі болып саналады. Еңбектің тұтыну құнын өндіретін, еңбек қызметінің алуан түрлерін көрсететін сала түрінде түсіндіріледі. Қызмет көрсету аясының тез өсуі, экономикалық өркендеуінің жоғары дәрежесімен және халықтың өмір деңгейінің дәрежесінен көрінеді. Бұдан басқа халықаралық еңбек бөлінісі қызметтердің жаңа түрлерінің, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі.
Сауданы ырықтандыру туралы халықаралық келіссөздер жүргізу кездерінде, өзіне қызмет көрсетудің 600-ден аса түрін енгізетін сыртқы сауда ұйымдарының жіктелуі пайдаланылады. Қызметтер жіктелуін әлемнің басым көпшілік елдері таныған және БҰҰ-да қабылданған, халықаралық стандартталған өнеркәсіп жіктелуіне негізделген.
Тауарлар мен қызметтер нарығы және олармен сауда жасау аралығында сапалық айырмашылықтар өмір сүреді:
- біріншіден, тауарлардан қызметтердің айырмашы-лығы сезілмейді және көрінбейді;
- екіншіден, қызметтер негізінен бірмезгілде өндіріледі және қолданылады, сақтауға жатпайды. Сондықтан қызметтердің басым көпшілік түрлері тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы тікелей байланыстарға негізделеді;
- үшіншіден, көрсетілген қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, оларды өндірумен тікелей байланысты. Шетелдерге тауарлар жеткізу үшін, нарықтарға талдау жасаудан басталып, тауарларды тасымалдаумен аяқталатын қызмет көрсетудің барлық түрлері қатыстырылады. Қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық қозғалуымен, жұмыс күштерінің нарығында орналасуымен тығыз байланысты өзара әрекет етеді;
- төртіншіден, тауарлардан өзгешілігі, қызметтердің барлық түрлері шаруашылық жүргізудегі халықаралық айналымға кең түрде қатыстыру үшін жарамды емес болып саналатындығы, мысалы, жеке тұтыну үшін қызметтер және т.б;
- бесіншіден, қызмет көрсету аясы, метериалдық қызмет аясына қарағанда, негізінен шетел бәсекесінен мемлекет арқылы көбірек қорғалады.
Сатылатын қызметтер түрлі белгілері бойынша топтастырылады.
Қызмет көрсету көпшілік жағдайларда, тауарларды сатумен немесе белгілі бір елдерде қаржы салуды жүзеге асырумен бірмезгілде болады. Сондықтан:
- инвестициялармен байланысты банкілік, қонақ үйлердегі және кәсіптік қызметтер;
- саудамен байланысты көлік, сақтандыру қызметтері;
- бірмезгілде инвестициялармен және саудамен байланысты байланыс, құрылыс, компьютерлік және ақпараттық қызметтер бөліп көрсетіледі.
Экспорттық қызметтер көлемінің жартысынан көбі халықаралық көлік пен халықаралық жеке іскерлік сапарлар үлесіне келеді. Қызметтердің құндық көлемінің 75%-на жуығына индустриялды дамыған елдер, 24%-ын дамушы елдер және 1%-ын халықаралық ұйымдар пайдаланады. ССҰ (ВТО) секретариатының берген бағалары бойынша қызметтердің әлемдік экспортының 16,2%-ы АҚШ — тың үлесіне келеді, Францияға 10,2%, Италияға 6,5%, Германияға 6,4%, Ұлыбританияға 5,5%, Жапонияға 5%, тиеді Соңғы жылдары туризмнің үлесі арта түсуде, басқа қызметтердің көлемі өсуде. Жергілікті нарықта қызмет түрлерін көрсетушілерден басып озушылық пен шетел фирмаларының нарыққа кіру мүмкіндігін шектеу немесе тыйым салу мына тармақтардан тұрады:
1. Қызметтермен сауда жасауды шектеу;
2. Шетел қызметтері импортына сандық квота енгізу;
3. Ішкі нарықта шетел компанияларының фирмаларын құруды шектеу;
4. Қызмет көрсетулердің алға жылжуын шектеу;
5. Көрсетілген қызметтердің тұтынушыларға жылжуын шектеу
Қызметтермен халықаралық сауда жасайтын бүгінде қырықтан аса халықаралық ұйымдар: ГАТТ БСҰ (ВТО) ОЭСР, ЮНК-ТАО және т.б. бар.
ТМД аймақтарындағы қызмет көрсету саласының бүгінде дамуын, экономистер бұл аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, өтпелі кезеңмен байланыстырады. Қазақстан Республикасында бұрын дамымаған немесе нашар дамыған қызмет түрлері дамуда, мысалы, ғылымды көп қажетсінетін тауарларды, шетел тауарларын, жабдықтарды, машиналарды және т.б. сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты қызметтер және т.б.