Өндіріс шығындары


Скачать/Жүктеу

Дәрістің мақсаты: Өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретіндігін талдау, өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
  2. Орташа және шекті шығындар
  3. Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас
  4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Шығындар деп қандай да бір өндіріс көлемін өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс шығындарына байланысты өндіріс тиімділігі анықталады.

Өндіріс шығындарын біріншіден кәсіпорыннның меншігіне қатысты ішкі және сыртқы шығындар деп жіктеуге болады. Екіншіден өндірілетін өнім санына тәуелділігіне байланысты тұрақты және ауыспалы шығындар болады.

Сыртқы шығындар – еңбек, шикізат, транспорт қызметі сияқты ресурс жеткізушілердің есебіне төленген ақшалай сома.

Ішкі шығын – төлем жасалмайтын, кәсіпорынның меншік ресурстарын кәсіпорын игілігіне пайдалану дегенді білдіреді.

Қалыпты бухгалтерлік пайда – ішкі шығын элементі болып табылады. Ол кәсіпкердің кәсіпкерлік қабілеттілігін қолдауға қажет минималды төлем. Бухгалтерлер мен экономистер үшін пайда 2 түрлі мағынаны білдіреді.

Бухгалтерлік пайда = TR — сыртқы шығын

Экономикалық пайда=TR-TC (сыртқы және ішкі шығындар және қалыпты бухгалтерлік пайда).

Тұрақты шығындар -  өндіріс көлеміне тәуелсіз өнім өндірмесі де болады. Оған несие үшін төленетін процент, арендалық төлем, күзет шығындары т.б. жатады.

Ауыспалы шығындар -  өндіріс көлеміне тәуелді негізінен шикізаттарға жұмсалатын шығындар.

Экономикалық ғылымда өндірістік тиімділікті бағалауда осы шығын түрлерінің орташа өлшемдері пайдаланылады: AFC – орташа тұрақты шығын, AVC – орташа ауыспалы шығын, ATC – орташа жалпы шығын.

Қысқа мерзімде шекті өнімділіктің кему заңы. Бұл заң бойынша тұрақты ресурсқа ауыспалы ресурстың бірлігін қосатын болсақ, белгілі бір уақыттан кейін ауыспалы ресурс бірлігіне есептелген шекті өнім азаяды.

МР – ауыспалы ресурс бірлігін қосудан өндіріс көлемінің қаншаға өзгергендігін өлшейді. МР = ΔTP/ ΔL; АР – орта өнім ауыспалы ресурс бірлігіне есептелген жалпы өнім. АР = TP/ L

Кәсіпкер үшін ұзақ мерзім өндірістік қуатты да өзгертуге жеткілікті, сондықтан ұзақ мерзімді өзгермелі факторлармен сипатталады деп атайды.

Ұзақ мерзімде өндіріс масштабын ұлғайтудан өндіріс масштабының жағымды әсері және өндіріс масштабының жағымсыз әсері болуы мүмкін.

 Бақылау сұрақтары

  1. Өндірістік шығындар түрлері
  2. Ұзақ уақыт мерзіміндегі шығындар функциясы
  3. Фирманың қысқа мерзімдік шығындары: түрлері, динамикасы, өзара байланыстары

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. — Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
  2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
  3. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  4. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  5. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы