Скачать/Жүктеу
2009 жылы инвестиция көлемiнiң жартысынан көбi жекеменшiк формасындағы кәсiпорындар (54,3%) арқылы жүзеге асырылады. Шетел кәсiпорындарының үлесi жоғары, жалпы негiзгi капиталға бағытталған инвестиция көлемiнiң 31,2%-ын құрады.
Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның қомақты көлемi өнеркәсiпте (58,3%), көлiк пен байланыста (11,1%) шоғырланған. Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 70,5% — өнеркәсiпке, мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiруге және осы облыстарда қызмет көрсетуге, 9,9% — металлургия өнеркәсiбiне жұмсалды. Көлiк және байланыс саласындағы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның үлкен бөлiгi (49,1%) құбырмен тасымалдауға, 15,2% — темiр жол көлiгiне және 16,9% — байланысқа жұмсалды.
сурет 1
Кәсiпорындардың өзiндiк қаржылары негiзгi капиталға бағытталған инвестицияны қаржыландыру көздерi болып табылады. Жалпы кәсіпорындардың өз қаржысы 54 пайыз, бюджет қаржысы – 11 пайыз, шетел инвестициясы – 26 пайыз, тартылған басқа да қаржылар түрі – 9 пайыз құраған (Сурет 1).
Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның өзiндiк технологиялық құрылымы құрылыс–монтаждау жұмысынан, құрал-жабдықтардың барлық түрлерiн құрастыру және сатып алу шығындары, басқа да жұмыстар мен шығындардан тұрады. 2009 жылы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның машиналар мен құрал жабдықтарды орнатуға, құрастыруға, сатып алуға 39,9%-ы жұмсалды (кесте 2). Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 69% жаңа құрылысқа, 38,2%-ы техникалық қайта жарақтануға, реконструкциялауға және әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейтуге бағытталды (кесте 3).
Кесте 2
Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның технологиялық құрылымы
қорытындыға %-бен
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
|
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
оның iшiнде | ||||
Құрылыс-монтаж жұмыстары |
27,8 |
26,1 |
26,9 |
26,7 |
Машиналар, құрал-жабдықтар, инструменттер, инвентарьлар |
27,5 |
30,7 |
37,5 |
39,9 |
Басқа жұмыстар мен шығындар |
44,7 |
43,2 |
35,6 |
33,4 |
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті
Кесте 3
Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның құрылымы қорытындыға %-бен
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Негiзгi капиталға бағытталған инвестиция-барлығы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
оның iшiнде | |||||||
Техникалық қайта жарақтандыру және әрекеттегi кәсiпорындарды реконструкциялау | 35,8 | 40,4 | 33,3 | 32,8 | 36,8 | 22,0 | 38,2 |
Әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейту | 13,8 | 9,0 | 6,1 | 7,8 | 27,1 | 3,9 | 17,5 |
Жаңа құрылыс | 23,7 | 43,1 | 50,4 | 51,5 | 31,8 | 67,8 | 69,0 |
Әрекеттегi қуаттарды қолдау | 3,3 | 3,1 | 3,6 | 2,1 | 1,2 | 2,3 | 4,0 |
Көрсетiлген бағыттарға жатпайтын жеке объектiлердi салу | 23,4 | 4,4 | 6,6 | 5,8 | 3,1 | 4,0 | 1,3 |
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті |
Қазақстан жайлы инвестициялық климат жасауға тырысуда. Бұл мақсатта Қазақстандағы инвестициялық қызметтердi реттейтiн бiр қатар нормативтiк құқықтық актiлер дайындалып, енгiзiлуде.
1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан экономикасының басымды секторларына инвестиция құятын инвесторлардың жағдайы, сол сияқты шетелдiк инвесторлардың жеңiлдiктерi мен преференциялары анықталды.
Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына сәйкес бұрынғы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар бойынша комитетiнiң орнына Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Мемлекеттiк комитетi құрылды, оның негiзгi мiндетi экономика мен қоғамның динамикалық дамуы мақсатында инвестициялық белсендiлiкке жәрдемдесу болып табылады /3/.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және Қазақстанның инвестициялық позитивтiк бейнесiн жасау мақсатында үкiметтiң бiр қатар құжаттары қабылданды, оның iшiнде халықаралық инвестиялық конференцияларды, көрмелердi және басқа шараларды Қазақстанда, басқа елдерде өткiзудi қарастыратын Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi бойынша ақпараттық жоспар жасалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi рейтингтiк агентствомен жұмыс бойынша уәкiлеттi органы болып анықталды.
Қабылданған нормативтiк актiлер және ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына және жайлы инвестициялық климат жасайды.
Шетел инвесторларын мынадай факторлар қызықтырады: Қазақстанның бай табиғи ресурстары, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеует, стратегиялық кен орындары, iшкi саяси тұрақтылық, инфляциялық процестердiң тұрақтылығы, кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы, қаржыландыру ставкаларының төмендеуi және т.б.
2008-2009 жылдары Қазақстанға келiп түскен шетелдiк тiкелей инвестицияның көлемi 16980,2 млн. АҚШ долларды құрады. 2009 жылы Қазақстанға құйылған шетелдiк тiкелей инвестиция рекордтық жоғарғы деңгейге жетiп 4418,5 млн.АҚШ долларды құрап, ол 2008 жылғы деңгейден 59%-ға өстi.
Шетелдiк тiкелей инвестицияның негiзгi көлемi мұнайдың шикiзатын және табиғи газды өндiруге жұмсалды. 2009 жылы мұнайгаз саласына 3287,8 млн. АҚШ долл (74,4%) жұмсалды. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 458,9 млн.АҚШ долл (10,4%) геологиялық және iздестiру қызметiне, 125 млн.долл. (2,8%) құбырмен тасымалдауға жiберiлдi. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 301,1 млн.долл өңдеу өнеркәсiбiне, оның iшiнде 84,5 млн. АҚШ долл ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге, түстi металлургияға – 31,0 млн. АҚШ долл, қара металлургияға 22,4 млн.долл. жұмсалды.
Кесте 4
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасына экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялардың түсiмi
млн. АҚШ долл.
Қызмет түрлерiнiң атауы |
2008 | 2009 | ||
барлығы | % | барлығы | % | |
Барлығы | 2780,7 | 100 | 4418,5 | 100 |
Ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы | 3,6 | 0,1 | 5,3 | 0,1 |
Тау-кен өнеркәсiбi | 2026,8 | 72,9 | 3291,4 | 74,5 |
мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiру | 2002,7 | 72,0 | 3287,8 | 74,4 |
металл кенiн өндiру | 3,9 | 0,1 | 1,8 | 0 |
басқа салалар | 20,2 | 0,7 | 1,8 | 0 |
Өңдеу өнеркәсiбi | 245,9 | 8,8 | 201,1 | 6,8 |
- ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу | 42,5 | 1,5 | 64,5 | 1,9 |
- металлургия өнеркәсiбi және металл өңдеу | 101,2 | 3,6 | 53,4 | 1,2 |
- қара металлургия | 71,4 | 2,6 | 22,4 | 0,5 |
- түстi металлургия | 29,6 | 1,1 | 31,0 | 0,7 |
электр және электрондық қурал-жабдықтарды өндiру | 47,1 | 1,7 | 67,5 | 1,5 |
радио, теле және байланыс үшiн аппаратура мен құрал-жабдық өндiру | 45,4 | 1,6 | 66,9 | 1,5 |
басқа салалар | 55,1 | 2,0 | 95,7 | 2,2 |
Электр қуатын, газ бен су өндiру және тарату | 41,2 | 1,5 | 33,4 | 0,8 |
Құрылыс | 12,0 | 0,4 | 36,6 | 0,8 |
Сауда, автомобильдердi жөндеу және үйде қолданылатын бұйымдар | 48,5 | 1,7 | 56,6 | 1,3 |
Қонақ үйлер мен ресторандар | 10,1 | 0,4 | 24,6 | 0,6 |
Көлiк және байланыс | 95,1 | 3,4 | 144,8 | 3,3 |
- құбырмен тасымалдау | 75,0 | 2,7 | 125,0 | 2,8 |
- байланыс | 9,9 | 0,4 | 4,6 | 0,1 |
- басқа салалар | 10,2 | 0,4 | 15,2 | 0,3 |
Қаржы қызметi | 29,9 | 1,1 | 44,1 | 1,0 |
- ақшалы делдалдық | 25,4 | 0,9 | 23,7 | 0,5 |
- басқа салалар | 4,5 | 0,2 | 20,4 | 0,5 |
Қозғалмайтын мүлiктермен операция, жалға алу және кәсiпорындарға қызмет көрсету | 258,5 | 9,3 | 472,8 | 10,7 |
кәсiпорындарда көрсетiлген қызметтер | 252,9 | 9,1 | 463,0 | 10,5 |
сәулет және азаматтық құрылыс (геологиялық, iздестiру қызметтерiн қоса есептегенде) саласындағы қызметтер | 189,8 | 6,8 | 458,9 | 10,4 |
басқа салалар | 5,6 | 0,2 | 9,8 | 0,2 |
Мемлекеттiк басқару, бiлiм беру, денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызмет көрсету | 5,6 | 0,2 | 7,9 | 0,2 |
Жоғарыда аталғаннан басқа қызмет салалары | 3,3 | 0,1 | 0 | 0 |
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті
Төлем балансы мәлiметтерi бойынша 2009 жылы Қазақстан кәсiпорындарының акционерлiк капиталдарына (АҚШ-тың 530 млн.долл.) тiкелей шетелдiк инвестицияның құйылуы негiзiнен 2006 жылы жасалған шарттар: «Шеврон» американдық корпорациясының «Тенгизшевройл» БК бес пайыздық мемлекеттiк үлесiн ЖШС-ке, индонезиялық компания «Сентрал Эйша Петролеум Компани» отыз пайыздық мемлекеттiк акциялар пакетiн «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ына сату бойынша қаматамасыз етiлдi.
Тенгиз, Шығыс Қашаған, Карачанск, Кұмкөл кенiштерiнде iздестiру, дайындау және инфрақұрылымды дамыту бойынша iрi инвестициялық жобалардың iске асыруы және Каспий құбыр желiсiн жүргiзуi трансұлттық компаниялардың өздерiнiң қазақстандық еншiлес кәсiпорындарын қаржыландыруларына жағдай жасады. 2009 жылы пайдаға инвестицияланғаннан кәсiпорынның басқа капиталына түсiм 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық.
Өндiрiс көлемiнiң өсуiнен, айналым құралдарын қаржыландыруға және күрделi қаржыға қажеттiлiктiң өсуi басқа жағынан кәсiпорындарға тiкелей шетелдiк инвестициясы бар алынған пайданың өсiмi есебiнен қарыздық
мiндеттемелерiн өтеуге, төлемдердiң өсуiне мүмкiндiк туғызды. 2007 жылы басты компанияның алдында пайыздық есеппен мiндеттер сомасы 3778 млн. АҚШ долларын құрады, 2006 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп, бұл соманың төрттен үш бөлiгi өндiрушi сала кәсiпорындарына тиесiлi.
2008-2009 жылдары тiкелей шетелдiк инвестицияның құрылымы 5 кестеде келтiрiлген. Қазақстанның 2009 жылы алған тiкелей шетелдiк инвестициясының ең көбi АҚШ-нан 1464,4 млн.долл болды, Канададан - 739,8 млн.долл, ұлыбританиядан — 595,4 млн.долл, Италиядан — 484,7 млн.долл, Ресей Федерациясынан — 211,9 млн.долл, Қытайдан — 210,6 млн.долл, Нидерландтан — 198,6 млн.долл. Осы аталған елдердiң тiкелей инвестициясы 2004 жылы барлық түскен инвестицияның 88,4%-ын құрады, оның iшiнде АҚШ-ның үлесi 33,1%, Канада –16,7%, ұлыбритания – 13,5%, Италия – 11%, Ресей Федерациясы және Қытай – 4,8%-дан.
Қазiргi ұйымдасқан кәсiпкерлiктiң дамуы біріккен кәсiпорындардың тұрақты динамикалық өсiмiмен сипатталады. Қазақстан Республикасында 3995 ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстейдi, оның iшiнде ұйымдасқан кәсiпорындар саны 697, шетелдiк кәсiпорындар – 2298, 183293,3 млн.теңгелiк жарғылық капиталмен 107 елден партнерлардың қатысуымен 98. ( сурет2,3).
Шетелдiк инвестициямен кәсiпорындардың ең көп саны Алматы қаласында орналасқан 2461 (оның 903 – ұйымдасқан, 1558 – шетелдiк кәсiпорын), Астана қаласында – 270 (108,162), Атырау облысында – 270 (132, 138), Қарағанды облысында – 191 (92,99), Шығыс Қазақстан облысында – 129 (74), Алматы облысында – 117 (72, 45), Маңғыстау облысында – 75 (30,45), Батыс Қазақстан облысында – 98 (35, 63).
Ұйымдасқан кәсiпорындар бойынша серіктестер болып табылатын елдердiң географиялары әр түрлi елдердi келесi топтарға бөлуге болады: Европа елдерi мен Азия аймақтары елдерi, Ресей Федерациясы, даму жолындағы елдер мен өнеркәсiптi-дамыған елдер. Қазақстан Республикасы ұйымдасқан кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындар құруда әр түрлi елдердiң партнерлерiмен географиялық байланысты кеңейтуде. 2009 жылы республика дүние жүзiнiң 107 елiмен сауда қатынасында болды, ол 2008 жылмен салыстырғанда 9 елге артық.
Азия аймағының 26 елiнен 1452 ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстедi. Ең белсендi инвесторлардың қатарында: Түркиядан 513, Қытайдан 336, Ираннан 122, Корея Республикасынан 119 кәсiпорын. Индиямен 72 кәсiпорын, Кипрмен 57, Пакiстанмен 53, Ауғанстанмен 34, Израильмен 30, Ливанмен 22, Жапониямен 18, Бiрiккен Араб Эмиратымен 16 қызмет еттi. Қазақстанның Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiндегi партнерлары болып Сингапур (15 кәсiпорын) мен Малайзия (4) саналады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында Европаның 37 елiмен біріккен кәсiпорын құрылған. Қазақстан территориясында шетелдiк инвестициямен 1084 кәсiпорын қызмет атқарды (оның 15 елi Европалық Кеңестiң мүшелерi). Қазақстан Республикасында қызмет ететiн Европа елдерiнiң қатысуымен құрылған әрекеттегi елдердiң саны: Германия – 228, ұлыбритания – 212, Швейцария –84, Нидерланды – 81, Италия – 60, Чехия –51, Франция – 39, Венгрия – 38, Литва – 33, Бельгия мен Ирландия — 29-дан, Лихтенштейн – 20, Болгария – 18 кәсiпорын.
Америка аумақтарының 20 елiнен бiздiң мемлекетiмiздiң негiзi партнеры болып АҚШ (290 кәсiпорын, оның iшiнде 109 ұйымдасқан және 181 шетелдiк кәсiпорын) саналады, сонымен қатар Британияның Виргин аралдарымен (тиiсiнше 103,49, 54) және Канадамен (35, 18, 17). Венесуэламен, Панамамен, Барбадоспен және басқа да осы аймақтың елдерiмен байланыс дамуда.
Біріккен кәсiпкерлiк саласында Африка континентiнiң 10 елiмен (12 кәсiпорын) қызметтестiк жалғасуда, Ал Австралия мен Жаңа Зеландия аймақтарының 2 елiнен 9 біріккен және шетелдiк кәсiпорын қызмет атқаруда.
ТМД елдерiнiң арасында әрекеттегi кәсiпорындардың ең көп саны Ресей Федерациясымен – 834 кәсiпорын, Қырғызстанмен — 74, Өзбекстан және Украинамен – 53-тен кәсiпорын құрылды (сурет 4,5).
Шетел құрылтайшылары ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың жарғылық қорында 111470 млн.теңгенi құрады немесе жалпы жарғылық капиталдың 60,8%-ы. Жарғылық капиталдың нақты сомасының 48%-ы Алматы қаласының кәсiпорындарына тиесiлi.
Қазақстанның ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындарында қоса қызмет атқаратындарсыз жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны 291672 адамды құрады. Басқа кәсiпорындардан жұмысқа қабылданған қоса қызмет атқаратындардың саны 1287 адам, ал келiсiм шарт бойынша – 9755 адам. Біріккен және шетелдiк кәсiпорындарда барлық жұмыс iстейтiндердiң 44,5%-ы Қарағанды облысына, 17%-ы Алматы қаласына, 8%-ы Павлодар облысына, 5%-ы Актөбе облысына, 5%-ы Атырау облысына тиесiлi.
Шетелдiң қатысуымен құрылған кәсiпорындардағы жұмыс iстейтiндердiң ең көп саны өңдеу өнеркәсiбiнде (57%), тау-кен өнеркәсiбiнде (17%) және құрылыста (6%). Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң және қоса қызмет атқаратындардың еңбек ақы қоры 115705,4 млн.теңгенi құрады. Әрекеттегi біріккен және шетелдiк кәсiпорындардың 385-i (9,6%) экспортқа өнiм шығарды, 975-i (24,4%) импорттық түсiмдер қабылдады, 521 кәсiпорында (31%) өнiм өндiрiлдi, 2066 кәсiпорын (52%) iшкi рынокқа өнiм өндiрдi.
Кесте 5
Қазақстан Республикасы бойынша ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар
Кәсiпорындар саны, бiрлiк | |||||
Әрекеттегiлер, барлығы | Экспортқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар | Импорттық түсiмдерi барлар | Өнiм өндiрушiлер |
Iшкi рынокқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар
|
|
Қазақстан Республикасы | 3995 | 385 | 975 | 521 | 2066 |
оның iшiнде | |||||
Ақмола | 17 | 5 | 5 | 7 | 11 |
Ақтөбе | 81 | 10 | 35 | 17 | 63 |
Алматы | 117 | 18 | 35 | 44 | 75 |
Атырау | 270 | 24 | 74 | 16 | 129 |
Шығыс Қазақстан | 129 | 12 | 24 | 29 | 79 |
Жамбыл | 26 | 5 | 3 | 11 | 16 |
Батыс Қазақстан | 98 | 8 | 37 | 12 | 82 |
Қарағанды | 191 | 25 | 46 | 29 | 126 |
Қызылорда | 15 | 4 | 6 | 9 | 13 |
Қостанай | 65 | 16 | 12 | 46 | 38 |
Маңғыстау | 75 | 16 | 27 | 45 | 41 |
Павлодар | 37 | 7 | 10 | 19 | 25 |
Солтүстiк Қазақстан | 76 | 13 | 18 | 30 | 43 |
Оңтүстiк Қазақстан | 67 | 13 | 24 | 45 | 50 |
Астана қаласы | 270 | 15 | 73 | 22 | 171 |
Алматы қаласы | 2461 | 194 | 546 | 140 | 1104 |
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті
2009 жылы ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар арқылы 1057,5 млн.теңгеге өнiм (жұмыс, қызмет көрсету) өндiрiлдi. Шетелдiң қатысуымен кәсiпорындардың негiзгi қызметiнiң негiзгi түрлерi мұнай шикiзатын және табиғи газ (52,2% барлық өндiрiлген өнiмнiң) өндiру және металлургиялық өнiмдер шығару және металл өңдеу (23,8%) болып табылады, оның iшiнде түстi металл өндiруге 14,6%, қара металлургия өндiруге 8,8%-дан келедi.
Инвестиция өндiрiлген өнiмнiң шамамен 5%-ы мұнай өндiруге, электр қуатын, газ бен су өндiруге және таратуға – 4%, тас көмiрдi өндiру мен агломерациялауға – 2%-ы жұмсалды.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша ұйымдасқан кәсiпорынның қызметi (өнiмнiң жалпы көлемiнiң 5%) әр түрлi және келесiлердi қамтиды: ет өнiмдерiн консервiлеу, шығару, өңдеу, өсiмдiк, мал майларын өндiру; сүт өнiмдерiн, сусындар, астық өнеркәсiбiнiң өнiмдерi; жемiс және жидектердi консервiлеу, темекi бұйымдарын өндiру.
Мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiрумен байланысты өнеркәсiптiк қызметтiң көлемi 19,3 млрд.теңгенi құрады. Одан басқа негiзгi кәсiпорындарға көрсетiлген қызметтер (сәулет және азаматтық құрылыс саласында техникалық сынақтар, талдау, жарнама, т.б.), сол сияқты жеке қызметтер көрсетiлдi.
Қазақстан Республикасы iшкi рыногындағы бірлесккен және шетелдiк кәсiпорындар 2007 жылы сатқан тауарларының (өздерi өндiрген өнiмдер, басқа кәсiпорындар және елдерден сатып алған тауарлар) көлемi 622,2 млрд.тенгенi құрады. Ең көп өткiзiлген тауар Алматы қаласы кәсiпорындарына (өткiзiлген өнiмнiң 38,6%), Атырау облысы (13,4%), Батыс Қазақстан облысы (8,2%), Қарағанды облысы (7,3%), Алматы және Қызылорда облыстарына (6%-дан) тиесiлi. Оның iшiнде халыққа 109,9 млрд.теңгенiң тауары өткiзiлдi, оның 48%-ы Алматы қаласында, 24,3%-ы Алматы облысында, 9,8%-ы Қарағанды облысында.
Iшкi рынокта өткiзiлген тауар мен қызмет көрсетудiң ең үлкен көлемiн мына салалар алады: өңдеу өнеркәсiбi (21%); сауда және автомобиль және үйде қолданылған бұйымдарды жөндеу (18%); мұнай шикiзатын және газ өндiрумен байланысты қызмет көрсету (15%); жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операция және жалға алу, көлiк пен байланыс (8%-дан).
Біріккен және шетелдiк кәсiпорындардың экспортқа шығарған өнiмi 5235,7 млн. АҚШ долл көлемiнде болды, оның экспорттық қызмет көрсетуi 387,7 млн. АҚШ долл (барлық көлемнiң 7,4%-ы). Ұйымдасқан кәсiпорындардың сыртқа шығарған өнiмдерiндегi Атырау облысының үлесi 29,3%, Қарағанды облысы – 27,9%, Алматы қаласы – 10,9%, Ақтөбе облысы – 6,8%, Батыс Қазақстан облысы – 6,3%-ды құрады.
Біріккен кәсiпорындардың шетке шығарған өнiмдерiнiң тiзiмi әзiрше көп емес. Елден негiзiнде шикiзат ресурстары ғана шығарылады. Экспорттың тауарлық құрылымында минералдық өнiмдер (экспорттың жалпы көлемiнiң 55,7%), қымбат емес бағалы металлдар мен бұйымдар (26,4%), оның iшiнде қара металл – 118%, мыс және одан жасалған бұйымдар – 12,5%.
Тiкелей инвестицияның құйылуының көп бөлiгi өндiру саласының инфрақұрылымын құру және дамытуға бағытталуы, тауар импорты бағалық көлемi мен халықаралық қызмет көрсетудiң өсуiнiң негiзгi факторы болды.
Импортталатын инвестициялық тауар мен халықаралық қызмет көрсетуге жоғарғы сұранысты қамтамасыз ететiн өндiргiш күштерге инвестицияның өсiмi ағымдағы операцияның 1,75 млрд.долл тапшылық есебiн анықтады, немесе оның жалпы iшкi өнiмге қатынасы 7,8%. Келесi диаграмма мен кестеде төлем балансының ағымдағы есебiнiң базалық параметрлерiнiң сальдолық нәтижесiнiң мәлiметтерi келтiрiлген (кесте 6).
Кесте 6
Төлем балансының ағымдағы базалық параметрiнiң сальдолық нәтижесi бойынша мәлiметтерi
1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Ағымдағы есеп, АҚШ долл | -1,09 | -1,40 | -0,21 | -0,75 | -0,80 | -1,24 | -0,23 | -0,41 | -1,75 |
Сауда балансының сальдосы | -1,54 | -1,39 | 0,11 | -0,34 | -0,28 | -0,80 | 0,34 | 2,44 | 0,89 |
Қызмет көрсету балансының сальдосы | 0,37 | -0,14 | -0,24 | -0,25 | -0,28 | -0,25 | -0,16 | -1,02 | -1,58 |
Кiрiс балансының сальдосы | -0,05 | -0,09 | -0,14 | -0,22 | -0,31 | -0,31 | -0,57 | -1,19 | -1,21 |
Ағымдағы трансферттер сальдосы | 0,13 | 0,22 | 0,06 | 0,06 | 0,07 | 0,12 | 0,16 | 0,19 | 0,15 |
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті