Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері


Скачать/Жүктеу

Өнімнің өзіндік құнын өзгерту – бұл мақсат емес. Оның мәнін білу — көптеген экономикалық сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды төмендету резервтерін ашу үшін және өндіріс рентаьбельділігін жоғарылату жолдарын іздестіру үшін қажет.

Өнімнің өзіндік құны құрылымы әр түрлі. Өнімнің өзіндік құны құрылымы деп – шығындардың жекелеген шығындардың өнім өндіріс ме өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:

  1. Кәсіпорын спецификасы (ерекшеліктері). Бұдан келесіні бөлеміз: еңбексыйымдылықты кәсіпорындар (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақының үлесі үлкен); материалдық сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлкен салмағы); қор сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында амортизацияның үлесінің үлкен болуы); энергия сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында отын мен энергияның үлкен үлес салмағы болуы);
  2. Ғылыми-техникалық прогресс жеделдетілуі. Бұл фактор өнімнің өзіндік құны құрылымына көпжоспарлы ықпал етеді. Бірақ негізгі ықпалдың маңыздылығы — осы фактордың  әсерінен жанды еңбек үлесінің төмендеуінде, ал өнімнің өзіндік құнындағы затталған еңбектің үлесінің жоғарылауында болып табылады;
  3. Өндірістің шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау, құрамдасу мен диверсификациялау деңгейі;
  4. Кәсіпорынның географиялық орналауы;
  5. Банк несиесінің проценттік ставкасының өзгерісі мен инфляция;

Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:

  • Жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;
  • Жеке элементтердің үлесі немесе толық шығындардағы баптар;
  • Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және  үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т.б. қатынасы.

Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Екініші бөлімде жасалған өнім өндірісі мен өткізілуі бойынша шығындарды талдаудан  берілген өндіріс түрі үшін  материалдысыйымдылықты болып есептеледі. Себебі материалдық  шығындар  үлесі 2002 ж.- 59%, 2003ж. – 61,3%, 2004ж. -51,3% құрады. Құрамына салық төлемдері, аудиторлық қызметтер, байланыс қызметтері және транспорттық қызметтер кіретін басқа шығындар үлесі де өнімнің өзіндік құны құрамында үлкен үлеске ие. Сонымен, осы аталған шығындарды төмендету бойынша резервтерді іздестіру қажет. Шығынға қарсы рыноктық механизмді іске қосу – бұл меншіктің түрлі формаларын дамыту үшін тең жағдайлар құру, салаішілік және салааралық бәсекенің әсер ету зонасын кеңінен қамту, саланың экстенсивті өндіріс жүргізу түрінен  интенсивті түрге көшіру, материалдық сыйымдылықты тәсілінен анағұрлым төмен материалдық сыйымдылықты тәсіліне көшу, өндірістің жаңа технологиясын  енгізу, жұмыс күші мен өндірістік қорлар арасындағы оптимальді қатынасын бекіту, қосымша шығындарсыз өнімнің өсіңкілігін алуға бағытталған басқа шараларды жүргізу болып табылады.

Егер бұрын өндірістік шығындар жылдан жылға бірте-бірте өндірілген өнім көлемінен бұрын артып отырса, яғни шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі қызмет етсе, онда рыноктық экономика барысында және өнімнің шығысын арттыру қарқындары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізу өндірістік шығындардытың артуынан ілгері болуы тиіс. Тек ос жағдайда ғана кәсіпорынның өзін-өзі қайтарымдылығы мен өзін-өзі қаржыландыру  принциптері, рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі толық құқықта қызмет етеді.

Шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі – бұл кең сыйымдылықты ұғым және ол өнім өндірісін арттырумен және өндіріс шығындарын қысқартумен байланысты сұрақтарды қамтиды. Бұл механизмнің қалыптасуы мен дамуының маңызды бағыты ретінде өнім шығындарын болдырмау есептеледі.

Рыноктық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар алдында нақты міндет қойылады — өндірісіті интенсификациялау, өндіріс шығындарын қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету мен өндіріс рентабельділігін жоғарылату үшін салынған қаржылармен салыстырғанда  өнімнің арту қарқындарының ілгері болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету бұл маңызды халықшаруашылық мәселесі болып табылады, өндірістің экономикалық  тиімділігін көтерудің маңызды шарты болып есептеледі.

Өнімді алуға жұмсалатын өндірістік шығындар деңгейі келесі факторлар ықпалымен қалыптасады (5. сурет).

Өнімнің өзіндік құны сонымен қатар оның сапасымен де байланысты. Себебі өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды талап етеді. Өнімнің өзіндік құнын оның сапасын ескере отырып есептеу өнімнің тұтынушылық тиімділігі бірлігіне келетін шығындар шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, материалды пен еңбек ресуртары құнының тұрақты шамасы барысында өндіріс көлемін арттыру тек өзіндік құнді төмендету есебінен ғана қамтамасыз етіледі.

Талданушы кәсіпорында негізгі өндіріс болып мұнай өндіру есептеледі, сондықтан мұнайдың өзіндік құнын төмендету резервтерін қарастырайық.

Кесте 3.1.1.

1 тонна мұнайдың өзіндік құнын төмендету есебі

Шығындар баптары

2002

2003

2004

Үш жылда орташа м‰нi

Үнемділік,  тенге

Материалдық шығындар

4337,7

3776,5

2954,8

3689,26

-734,46

Еңбек ақы шығындары

632,21

517,5

472,3

540,33

-68,03

Негізгі қорлардың амортизациясы

639,7

603,8

1054,0

765,83

288,17

Жанама шығындар

139,86

141,7

109,5

130,35

-20,85

Басқа шығындар

1602,7

1121,4

1169,4

1297,83

-128,43

Өнімнің өзіндік құны 7352,17 6160,9

5760

6424,35

-664,34

Кестеден көріп отырғанымыздай үнеміділікті тек негізгі қорлардың амортизациясы шығындарын ғана үш жылдық орташа мәнге жеткізіп қана қол жеткізуге болады: 288,17 * 2147,8 мың тонна= 618902 мың тенге құрады.

Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, табыс өсіңкілігіне ықпал етуші барлық себептер ішінде  жетекші орын өнімнің құнын төмендетуге беріледі.

Кесте 3.1.2.

Табыс өсіңкілігін есептеу үшін қажетті мәліметтер

Көрсеткіштер

Белгілеуі

2003

2004

Өнімді өткізуден түскен табыс,млн.тенге

Q

30093,8

48560,39

Өнімнің өзіндік құны, млн.тенге

C

6194,1

10154,88

Өнім рентабельділігі, %

R

385,8

378,2

Жалпы табыс

Dv

23899,7

38405,51

Өнім құнындағы табыс үлесі,%

dпр

79,4

79,0

Табыс өсіңкілігі

D

-

14505,81

Оның ішінде:

-         өткізілген өнімнің табысы артуы есебінен

-         өзіндің құн төмендеуі есебінен

Dq

Dc

14588,606

-159,867

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны

OКсрг

16872,2

20246,6

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

ОС

8420,6

10104,72

Өндіріс рентабельділігінің деңгейі, %

Rп

94,5

126,5

Табыс өнім өндірісі көлемі артуымен, жоғарғы рентабельділікті өнімнің үлес салмағының артуымен, өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен, өнім сапасы артуына байланысты бағаның көтерілуімен  өсуі мүмкін.

Өнім өндірісі артуымен байланысты табыс өсіңкілігін келесі формуламен есептеуге болады:

Dq= (Qп — Qб) : 100 x dпр = (48560,39-30093,8):100 х 79,0 = 14588,606 млн.тенге

Мұндағы Dq- берілген жағдайда өнім өндірісі артуы есебінен табыс өсуі;

Qп  және Qб – 2003 және 2004жж. өндіріс көлемдері;

Dпр – 2003 жылғы табыс өсіңкілігі.

Өнімнің өзіндік құны төмендеуі әсерінен табыс өсіңкілігін келесі формула мен есептеуге болады:

Dс = (Qб -Dб) x Qп : Qб – Cпл = (30093,8 – 23899,7) х 48560,39 : 30093,8 – 10154,88 = 6194,1 х 48560,39:30093,8 – 10154,88 = -159,867 млн.тенге

Мұндағы Dс — өнімнің өзіндік құны төмендеуі әсерінен табыс өсіңкілігі;

Спл – 2004 жылғы өнімнің өзіндік құны;

Dб -2003 жылғы табыс.

Содан соң өндіріс рентабельділігін анықтаймыз. Рентабельділік деңгейі келесі түрде анықталады:

Rн = (Dv+D) : (ОКсрг + ОС) х 100 = (23899,7+ 14505,81): (20246,6 + 10104,72) х 100= 38405,51 : 30351,32 х 100= 126,53%

Сонымен рентабельділік деңгейі өсіңкілігі төмендегіні құрайды:

R = Rн – Rст = 126,51- 94,5 = 32,01%

Рентабельділік негізгі капиталды пайдалануды сипаттаушы көрсеткіш болғандықтан, оның деңгейіне кәсіпорындағы негізгі капитал размері мен оны пайдалану деңгейі ықпал етеді. Негізгі капиталдың орташа жылдық құнының төмендеуі негізгі капиталдың 1 тенгесіне келетін табыстың үлес салмағын жоғарылату есебінен, өнімнің бірлігіне келетін амортизациялық бөлулерді төмендету есебінен рентабельділік өсіңкілігін қамтамасыз етуге болады.

Өндіріс тиімділігін жоғарылату материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне байланысты. Соңғы жылдары ол өнім өндірісіндегі материалдық шығындардың үлес салмағының артуымен сипатталады. .Материалдық шығындардың құрылымын талдау — өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуі өзіндік құнның төмендеуіне қор сыйымдылығының осы көрсеткішке әсерімен салыстырғанда қатты ықпал ететіндігін сипаттайды. Өнімнің материалдық сыйымдылығы шикізат пен материалдарды пайдалану деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.  Материалдық сыйымдылық – бұл өткен еңбек шығындарын бейнелейтін және материалдық ресурстардың өндіріс процесінде тиімді пайдалануын сипаттаушы экономикалық категория.

Шикізат пен материалдарды үнемдеу – бұл өндіріс көлемін арттыру факторларының бірі болып табылады.

Тұтынылатын материалдардың өзіндік құны өнім бірлігіне келетін материалдардың үлестік шығындарының қысқаруы нәтижесінде төмендейді. Бұл айналым құралдарының нормативінің төмендеуімен тікелей байланысты.  Өнімнің материалдық сыйымдылығы  шамасы өндірістік запастар размеріне және нормаланатын айналым құралдараның құнына тікелей ықпал етеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы үшін маңызды болып табылады.

Материалдық ресурстарды пайдалануды жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар технология, негізгі жабдықтың паркіне талаптарды күшейтуді, біліктілік деңгейіне, сапа, маркетинг қызметіне талаптарды жоғарылатуды көздейді.

Сонымен, өнім өндіріс мен өткізу шығындарын төмендету проблемаларын шешу үшін жалпы концепция өңдеу қажет., яғни кәсіпорын міндеттемелерімен байланысты өзгерістерді ескере отырып түзетулер жыл сайын енгізіліп отыратын бағдарлама.  Бұл бағдарлама кешенді сипатқа ие болуы тиіс, яғни өнім өндіріс мен өткізу  шығындарына ықпал етуші барлық факторларды ескеруі қажет. Атап айтқанда, онда төмендегі бейнеленуі тиіс:

  1. Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану бойынша  шаралар  (шикізат, материалдар, отын, энергия ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа техника мен қалдықсыз технология енгізу; анағұрлым прогрессивті материалдарды енгізу және пайдалану;  шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану; өнім сапасын жақсарту және ақау процентін төмендету және т.б.);
  2. Өндіріс көлеміне байланысты шығындарды минимизациялауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның оптималды размерін анықтап ұстап тұрумен байланысты шаралар;
  3. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (кәсіпорынның басы артық машиналар мен жабдықтардан арылуы; кәсіпорынның мүлкін арендаға беру; негізгі құралдарды жөндеу мен оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту; машиналар мен жабдықтардың толық  жүқтелуін қамтамасыз ету; машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі деңгейін арттыру; анағұрлым прогрессивті машиналар мен жабдықтарды енгізу және т.б.);
  4. Жұмыс күшін пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (персоналдың оптималды  санын анықтау және ұстап тұру; еңбек ақымен салыстырғанда еңбек өніміділігінің арту қарқынының ілгері болуын қамтамасыз ету; жоғарғы өнімді еңбектің мотивациялануын қамтамасыз ету және т.б.);
  5. Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты шаралар (өндірісті шоғырландыру, мамандану, құрамдастыруды тереңдету; кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын жетілдіру және т.б.).

Сондай-ақ, өндіріс шығындарын төмендету бойынша кешенді бағдарламаның оны жүзеге асырудың нақты механизмі болуы тиіс.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы