Скачать/Жүктеу
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
− Негізгі қорлардың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
− Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
− Табиғи;
− Сапалық тозуға ұшырайды.
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф = ––––– (12)
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен танысамыз.
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст – Ф қалпына келтіру
U u 1 = ––––––––––––––––––––– (13)
Ф баст.
Мұнда:
Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны.
Екінші ретті моральді тозу:
N 2 – N 1
U u 2 = ––––––––––––– х 100% (14)
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
Бірінші нысаны бойынша, негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.
Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.
Сапалық тозу – экономикалық категория болып табылады. Табиғи және физикалық тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының экономикалық ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары өз ретінде негізгі қорлардың бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен сұрыптарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі қорлардың сапалық тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте және жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық процестерді жетілдіру – жаңа технологияны қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімдердің номенклатураларын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшылардың күштерінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігінде, өндірісте орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін.
Сапалық тозу ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.
Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].
Негізгі қорларды пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі бөлшектер мен детальдардың құрылымының элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Сонымен бірге, негізгі қорлар уақытынан бұрын тозып кетпеу үшін оларды мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.
Күрделі жөндеуде негізгі қорлардың объектісін тұтастай алғандағыны салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.
Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі де бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектен барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстыратын немесе қалпына келтіріп агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:
Қ бқ - Қ ж
М А = −−−−−−−−− х 100 % (15)
Қ бқ х М қ
Мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,
М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
− Негізгі қорлардың төзімділігі;
− Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
− Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
− Жабдықтау балансы;
− Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдауы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортизациялық қор – негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық ресурсы ретінде есептеледі. Амортизациялық қор негізгі қорладың қарапайым жұмыс істеуіне арналған, ескі негізгі қорларды жаңа құралдармен ауыстыру, әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты амортизация негізгі қорлардың жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде қабылданады.
Жылдам техникалық прогрестің шарттарында әрдайым жаңа техникалардың жаңартулары болып жатады, жаңа және жоғары өндірістік механизмдер мен аппараттардың түрлері ескі техникаларды ауыстырып тұрады.
Негізгі құралдар, айтып өтелік, өндірістік үрдісте саны көп өндірістік циклдарға қатысып, ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, уақытысымен тозу процесіне ұшырап, табиғи нысанын сақтай отырып, бөліктермен өз құндылығын дайындалатын өнімге ауыстырады. Осындай негізгі қорлардың ерекшелігі оларды неғұрлым қажетті және пайдалануға тиімді етіп жасалынады.
Негізгі қорларды өндірістік процесінде жұмыс істеуі мен қарапайым кеңейтілуі гармониялық түрде бірігеді және өзіндік ерекшелігі бар шартты түрде сипаттамасы болады. Келесі формулаларды пайдалана отырып, біз негізгі қорлардың амортизациялық мөлшерін, шығындарын, жылдық сомасын есептей аламыз.
Толық қалпына келтіру амортизациясы:
Ф баст. + Ф ж А х 100
Н қк = ––––––––––––– х 100% = ––––––––––. (16)
Т н х Ф баст. Ф баст.
мұнда,
Т н – НҚ-дың мөлшерлі қызмет жасау мерзімі.
Негізгі қорлардың тозуына қарай күрделі жөндеуге, модернизациялауға кететін амортизация мөлшерін осы формула арқылы есептеп таба аламыз.
Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі – амортизациялық қорды пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды шеше алады.
Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі қорларының ары қарай жүргізілуіне, жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті тұрақтандырып, қаржылық ресурстардың өсуіне жол беруі абзал. Тек сонда ғана кәсіпорындарды негізгі капиталы өсіп, жоғары тиімділікке апаруы мүмкін.
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.