Мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құны калькуляциясы


Скачать/Жүктеу

Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.

w Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.

Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алынғандағы ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен  нормаларды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.

w Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа) параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады.

Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңілеп қолданылмайды.

w Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір аз мәліметтерді қажет етсе де қанағаттанарлық нақты нәтиже береді. Сондай-ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Мұнай өндірудің өзіндік құнын түпкілікті жоспарлап есетеу үшін шығындарды азайтудың факторлық қорытындыларынан басқа мұнай өндірудің болашақтағы көлемі, еңбек шығындылығы мен материалдық техникалық құралдардың ғылымға негізделген нормалары, еңбек және кадрлар бойынша жоспар көрсеткіштері, өндірістің тиімділігін арттыру жоспары, материалдық техникалық тұрғыдан жабдықталу жоспары, алдыңғы жылдардағы шығындардың талдау қорытындылары пайдаланылады.

Мұнай өндірудің өзіндік құнын жоспарлауда кәсіпорын бойынша өндіріске жұмсалған шығындардың жиынтығы және сметасы есептеледі. Ол үшін алдын-ала барлық цехтар бойынша шығындар анықталады, яғни цехтардың шығын сметалары сондай-ақ цех және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары жасалады.

Шығын жиынтығында цех бойынша шығындар және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары қосылып, одан ішкі шаруашылық айналымы тасталады.

Экономикалық тұрғыдан біркелкі элементтер бойынша есептелінген шығындар қатары төмендегі негізде жүргізіледі:

-         негізгі және косалқы материалдар,

-         басқа жақтан әкелінген жағар май және энергиялар,

-         амортизация,

-         еңбек ақы,

-         әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлемдер,

-         басқа да қаржылық шығындар.

Басқа да қаржылық шығындарға көлік қызметіне төленетін, геофизикалық және жабдыктау мекемелерінің қызметіне төленетін ақшалар, бұрғылау мен айналысатын кәсіпорындардан алынған мұнай төлемдері, геологиялық іздеу және зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын толтыруға (шикізат және негізгі материалдар) кеткен төлемдер жатқызылады. Элементтер бойынша жасалған шығындар шығын статьяларымен байланыстырылады.

         Жеке-жеке статьяларға калькуляция жасаудың мазмұны мен есептеу әдісі  төмендегідей:

-         Энергиятикалық шығындарға басқа жақтан алынған энергия түрлеріне элект қуаты, ыстық су, бу, сығыстырылған ауа және газға жұмсалған шығындар жатады. Шығындарды сондық тұрғыдан нормаларға қарап анықтайды, ал шығындарды есептеу үшін энергия бірлігінің бағасы ескеріледі. Басқа жақтан алынған элект қуатының шығындары тұтынылған энергия құнынан артып кетпеуі тиіс.

Кесте 2.2.1

1 тонна мұнай өндірудің өзіндік құнының калькуляциясы, тенге

Калькуляция шығындар

2002ж

2003ж

2004ж

Ауытқу

2004/2003

2004/2002

+, -

%

+, -

%

1. Материалды шығындар

2. Амортизациялық

шығындар

3. Жанама шығындар

4.Еңбек ақы шығындары

5. Тағы басқа шығындар

4337,7

639,7

139,86

632,211602,7

3776,5

603,8

141,7

517,5

1121,4

2954,8

1054,0

109,5

472,3

1169,4

-821,7

450,2

-32,2

-45,2

48,0

78,2

174,5

77,3

91,3

104,3

-1382,9

414,3

-30,36

-159,91

-433,3

68,1

165

78,4

74,6

73,0

6. 1 тонна сатылған өнімнің өзіндік құны 7352,17 6160,9

5760

-400,9 93,5

-1592,17

78,3

Кестеде кәсіпорындағы 1 тонна мұнай өндіруге жұмсалған шығындардың көлемі көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, 2003 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны 6160,9 теңгеге тең болса 2004 жылы 5760 теңгеге тең болып      400,9 теңгеге 6,5 %-ке көбейген. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне біріншіден материалды шығындардың көлемі, 821,7 теңге төмендеуі әсер етсе, екіншіден жанама шығындар 32,2 теңгеге 22,7%-ке төмендеуі әсерінен болып отыр. Алған шығын түрі мысалы амортизациялық шығын көлемінің және т.б. шығындардың артып отыр. Ал осы көрсеткіштерді 2002 жылғы деңгеймен салыстыратын болсақ 2004 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құн деңгейі төмендеген, яғни 2002 жылға қарағанда 2004 жылы 1592,17 теңгеге 21,7%-ке кеміп отыр. Өзіндік құнның төмендеу кәсіпорындағы өндірілген өнімнің толық өзіндік құнының төмендеуіне әсер етеді. Осы жылғы өзіндік құн деңгейінің төмендеуі кәсіпорындағы үнемді, тиімді жұмыстың арқасында болып отырғанын көрсетеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 1 тонна мұнайдың өзіндік құнының төмендеуі оған жұмсалған шығын түрлерінің де: атап айтатын болсақ, материалды шығындар, амортизациялық шығындар, жанама шығындар, еңбек ақы шығындарының кемігенін көрсетеді.

Кесте 2.2.2

1 тонна мұнай өнімнің өзіндік құн динамикасы

Көрсеткіш

2002ж

2003ж

2004ж

Ауытқу

+, -

%

+,-

%

1 тонна мұнайдың өзіндік құны, теңге 7352,17 6160,9

5760

-400,9 93,5

-1592,17

78,3

Мұнай өнімдерінің өзіндік құн деңгейіне    талдау жасағанда ең бастысы жыл өткен сайын материалдар мен шикізаттардың шығындарының арзандауы  әсерінен, өзіндік құн деңгейінің төмендегенін көруімізге болады. Айта кететін болсақ 2002 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны 7352,17 теңгеге тең болса, 2003 жылы 6160,9 теңгеге тең болып, 2004 жылы 5760 теңгеге 6,5%-ке азайған. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1592,17 мың теңгеге 21,7 %-ке кеміген. Сонымен 1 тонна мұнайдың өзіндік құн деңгейін 2004 жылды 2002 жылмен салыстырғанда 21,7 %-ке төмендеуні материалдық шығындардың төмендеуінің әсерінен десек, ал 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 6,5%-ке кемуі тек үнемді, тиімді жұмысты арқасында болғандығын көрсетеді.

Жеке өнімнің өзіндік құн деңгейіне талдау

         Жеке өнімнің өзіндік құнына талдау жасап отырып, өзіндік құнның өзгерісін, факторлердің әсерін нақтырақ анықтауға болады. Сол сияқты «Қуатамлонмұнай» БК-ның мәліметтеріне сүйене отырып, 1 тонна мұнай өнімнің өзіндік құн деңгейіне талдау жасаймыз.

Жеке өнімнің өзіндік құн деңгейіне факторлердің әсері келесі формуламен анықталады

мұндағы  Аі – тұрақты шығындар соммасы, мың теңге

Ві -  өнім бірлігіне ауыспалы шығындар соммасы, теңге

VВПі - өнім өндіру көлемі, тонна

1 тонна мұнай өнімнің өзіндік құн деңгейіне факторлардың

әсерін талдау үшін қажетті мәліметтер

Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, тізбектеп қою тәсілімен факторлердің әсеріне зерттеу жасаймыз.

Өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құнның өзгерісі

∆ Собщ = Ca – Cпл = 15960,4 — 21066,4 = — 5106 теңге

  1. Өнім көлемінің өзгерісі әсерінен

∆ СVВП = Сус1 – Спл = 14661,2 – 21066,41 = — 6405,21 теңге

 

  1. Тұрақты шығындар соммасының әсерінен

∆ СА ­= Сус2  - Сус1 = 16361,3 – 14661,2 = 1700,1 теңге

 

  1. Ауыспалы шығындардың үлесі әсерінен

∆ Св = Сф – Сус2 = 15960,4 – 16361,3 = — 400,9 теңге

 

Сонымен 1 тонна мұнайдың өзіндік құнның өзгерісі

 

∆ Собщ = ∆СVВП + ∆СА +  ∆Св = -6405,21 +1700,1 – 400,9 = -5106,4 тенге


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы