Скачать/Жүктеу
Əлемнің қаржылық нарығына, оның ішінде қазақстанның биржалық нарығына əсерін тигізген былтырғы жыл күрделі жəне алуан түрлі жаңалықтарға толы болды.
2009 жылы отандық қаржылық нарықтың өсу қарқыны мен конъюктурасына əсерін тигізген неғұрлым салмақты факторлар деп қазақстандық қор биржасы (KASE) мыналарды бөлек атайды:
– ұлттық вальютаның девальвациялануы;
– экономиканың түрлі секторларын жəне негізінен екінші деңгейлі банктерді қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы мемлекеттік шаралар;
– қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты қазақстандық компанияларміндетемелері бойынша дефолттар санының өсуі;
– əлемдік шикізет нарығында қазақстандық экспортерлердің өніміне айтарлықтай жоғары бағаның оң əсер етуі;
– халықаралық қор нарығында индекстердің өзгеруінің өсу қарқыны;
Аталған факторлардың нарықтық конъюктураға ықпал жасауының нəтижесінде 2008 жылмен салыстырмалы түрде алғанда, 2009 жылдың қорытындысында биржалық сауда көлемі азайған. Жыл қортындысы бойынша сауда көлемінің азаюы KASE тарихында тұңғыш рет болып отыр.
Биржалық айналымға əсер еткен экономикалық жағдайдың шиеленісуінен бөлек (2009 жылдағы биржалық статистика жөніндегі ақпараттық анықтама ұсынылады), өткен жыл KASE үшін түрлі
маңызды жаңалыққа толы болды.
Қазақстанның қаржылық нарығына дағдарыстық факторлардың тигізер ықпалын бақылауда ұстау үшін 2009 жылы мемлекеттің реттеушілік рөлі күшейді. Өткен жылы KASE мен реттеушілер репо нарығы мен листинг мəселелеріне қатысты дағдарасқа қарсы шараларды атқару жөніндегі жұмысты белсенді түрде бірлесе жүргізді.
2009 жылдың алғашқы жартысында репо операциялары нарығының қызмет ету ережелері қарастырылды. Жаңалықтың нəтижесі —дефолттар санын қысқарту болды, ал 2009 жылдың шілдесінен бастап биржалық нарықтың аталған сегментінде дефолттар тіркелген жоқ. 2009
жылдың екінші жартысында KASE «тікелей» репо нарығында биржалық нарықтың аталған сегментіне қатысушылардың міндеттемелерін үздіксіз артық бағалауға жəне олардың тəуекелдерін өтемақылар төлемдер арқылы маржирлеуга негізделген тəуекелдерді бағалау жүйесін енгізу жөніндегі жобаны дайындады.
KASE-нің бұдан бұрын шығарылған облигацияларына қызмет көрсету кезіндегі компания дефолты санының жоғарлауының қысымымен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен (ҚҚА) бірлескен түрде 2009 жылдың тамызында ресми тізімнің «аралық категориялар» институты енгізілді. Бұл жаңалық KASE-нің ресми тізімінде оған дилистинг процедурасын қолданбай-ақ, жағдайды берілген мерзім ішінде түзеуге зор мүмкіндігі бар эмитенттердің құнды қағаздарының болу мүмкіндігін сақтап қалуға жағдай туғызды.
Листингтік комиссияның 2009 жылдың 28 қыркүйегінде өткен алғашқы
отырысының қорытындысы бойынша аралық категорияға 11 эмитент көшірілді (қазіргі уақытта аралық категорияда 12 эмитенттің қағаздары орналасқан). Дегенімен, листингтік компаниялар жағдайы 2009 жыл бойы күрделі күйінде қалды, мерзім ішінде дефолттар 23 листингтік компания тарапынан ғана босатылды. Банктік сектор мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ-ының оншақты қазақстандық эмитенттерінің 60 атаумен құнды қағаздарды орналастыруының себебінен ресми тізімдегі құнды қағаздар саны 2008 жылмен салыстыра алғанда 38-ге көбейіп жатқанда, құнды қағаздары KASE-нің ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің жалпы саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 18-ге азайып кетті.
KASE-нің 2009 жылғы үлкен жұмысының нəтижесі ретінде көрінген айтулы жаңалықтың бірі деп қараша айында қор биржасының басты құжаттарының бірі — жаңа Листингтік ережені енгізуін атауға болады. Бұл көлемді құжаттың аясында тұңғыш рет KASE рейтингтік агенттіктердің
бағалау жүйесі дайындалып, қолданыс тапты. Бағалау KASE тізімінде ұзақ мерзімді құнды қағаздар босату критерилері ретінде бірінші рет қолданылды.
2009 жылдың 09 қарашасында KASE құнды қағаздар сауда алаңының ресми тізімі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) арнайы сауда алаңы есебінде іске қосылды. Аталған тізім KASE-нің негізгі сауда алаңының жəне оның базасында бұрыннан тұрған АӨҚО арнайы сауда алаңының ресми тізімдерін біріктіру нəтижесінде түзілді. Осы күннен бастап
«Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңының Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы есебінде қызмет ету ережесі» іске қосылды. Осылайша KASE, ҚҚА жəне Қазақстан Республикасының АӨҚО қызметін реттеу агенттігі сауда алаңдарын біріктіру бойынша екі жылдық жұмысын аяқтады.
Бұдан бөлек, листинг процедурасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар шеңберінде жəне ҚҚА-ның эмитенттік құнды қағаздар қаржылық ақпараттарын ашуды бақылау мақсатындағы қаулысына сəйкес, 2009 жылы KASE-де Эмитенттердің қаржылық есептілігі мен аудиті жөніндегі комитет
құрылды.
Технологияны жəне ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру жоспарында KASE-де 2009 жылы көптеген іс атқарылды. Жұмыстың бір бөлігі KASE-нің жоғарыда айтылған жаңалықтарын техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты. Соның ішінде, бұл «тікелей» репо
нарығындағы шектеуге, акциялар құнының айтарлықтай түсуі немесе акция нарығы индексінің төмендеуі нəтижесінде сауданы тоқтату бойынша (сауда 2009 жылдың басында ҚҚА талап етуі бойынша тоқтатылды) автоматты түрдегі бақылау орнатуға, репо операциялары предметтерін нарықтық бағамен автоматты түрде қайта бағалауды ооррнатуға қатысты болды. 2009 жылы сауда күнін жабу бағасының репрезентативті маңызын құру мақсатында KASE сауда жүйесін өзгерту жөніндегі жұмыстар аяқталды (жабу бағасында қулық əрекеттерге жол бермеу мақсатында KASE назарына жіберілген барлық акциялар саудасы сауда күнінің аяқталуына 15 минут қалғанда франкфурттік сауда тəртібіне көшіріледі). Сонымен қатар, трейдерлердің техникалық қателіктеріне жол бермеу жөнінде үлкен іс тындырылды, графикалық интерфейс жəне сауда жүйесі пайдаланушыларына арналған басқа да қызметтер жетілдірілді.
2009 жылы KASE-нің ақпараттық толығуына қатысты Интернет-сайт мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді. Екі ірі жоба жүзеге асырылды — мемлекеттік құнды қағаздар нарығы жəне репо операциялары нарығы порталдары əзірленіп, іске қосылды, жиі қойылатын сұрақтарға жауап
беру бөлімі пайда болды, əлеуетті листингтік компаниялар мен инвесторларға арналған арнайы бөлімдер ашылды, KASE нормативтік базасын ағылшын тіліне аудару толықтай аяқталды.
Технологиялық жаңалықтар тарапынан қарағанда, 2009 жылы KASE-де саудаланатын құралдар жиынтығын кеңейтуге тікелей қатысты жаңа құрал — еуро АҚШ долларымен есептесу айналымға енгізілді. Сондай-ақ, еуроға қатысты валюталық своп операциялары іске қосылды.
2010 жылы KASE өзінің қызметтерін əлемдік стандарттарға сай келетіндей етіп жетілдіруді, сондай-ақ, KASE-нің 2007-2010 жылдарға арналған даму стратегиясына сəйкес басымдық болып табылатын басқа да бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыруды жоспарлауда.
Олардың қатарында:
– жаңа қаржылық құралдарды енгізу жəне айналымға енгізілген барлық құралдардың өтімділігін арттыру;
– қазақстандық жəне шетелдік инвесторларды тартуға жағдай жасау жөніндегі жұмыстар;
– эмитенттерді тарту, листингтік процедураларды жəне жалғаспалы сервистерді, нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі шаралар;
– есептесу жүйелерін жетілдіру;
– KASE-нің биржалық қызметті техникалық жəне технологиялық дамытудың айтарлықтай жоғары деңгейіне жетуіне қажетті ақпараттық технологияларды (оның ішінде Интернет-трейдингті дамыту) дамыту.
2010 жылға жоспарланған басым міндеттердің қатырында жаңа қаржылық құралдар саудасын ашу бар. Бұл жерде басты назар жедел нарықты дамытуға бөлінеді. Жекелей алғанда, жоспарда жеткізіп берусіз валюталық фьючерстер, алтын фьючерстерімен, KASE индексінің
маңызына жəне неғұрлым таратылымды акциялардың курсы саудаларын іске қосу, сонымен қатар, екі жылдан артық мерзімімен валюталық своп операциялары нарығын ашу тұр.