Скачать/Жүктеу
«Бір құдайға тәуба жасап, өзіңнің жүзіңді дінге бұр. Алланың жаратқан адамдарында осындай туа біткен қасиет бар. Алланың Жаратқанын өзгертуге болмайды. Тура наным осындай, бірақ адамдардың көпшілігі оны білмейді.» (Құран,30-30).
Дұние жүзілік ғылыми және ойшыл орталарда нағыз таң қаларлық оқиғаны британдық Бристоль университетінің ғалымдарының жаңалығы қозғады, олардың көрсеткені, қазіргі замандағы адам Аллаға деген туа біткен сеніммен туылады,- деп лондондық апталық газет Sunday Times хабарлады.
«Біздің анықтағанымыз, баланың ойлау барысы сезімшілдік нанымға табиғилықтан тыс нәрсені енгізеді» — деп зерттеудің жетекшісі профессор Брюс Худ баяндайды.
Ғасырлар бойы ірі дүние жүзілік теологтар мен философтар Жасаған Иенің барын жоққа шығарып, дәлелдеуге тырысты. Бірақ қазіргі ғылымда тиімді деп жарияланған, кәдімгі қисын бұл сұраққа жауап беруде әлсіздік көрсетті.
Бірақ бристолдықтардың ғылыми коллективінің жаңа зерттеулері, Аллаға сенім болмай Homo Sapience, қазіргі қоғамда ешқандай өмірдің пайда болмайтынын көрсетеді.
Мамандардың пікірі бойынша, адамзаттың таңында адамдардың тобы Жасаған Иеге, әділеттілікке және дүниедегі тәртіптің ретке келетініне сеніп, нығыз әлеуметтік байланыстар жасап, сонымен өздерінің өмір сүру дәрежесін көтерді. Дәл солар қазіргі мәдениеттің негізін салып, оған даму күшін берді.
Аллаға деген наным мен түсініктен айрылған адамдардың тобы мен қауымдар, өздерінен кейін із қалдырмай, күйреп және жоғалып кетті.
Естеріңізге саламыз, ертеректе ғалымдар бірнеше есептеулерден кейін қорытындыға келді, Алла бар деген ықтималдық 62%-ке тең. Мұндай қорытындыға матеметикалық есептеулерден кейін, неміс ғалымдарының да көзі жеткенін, неміс ғылыми баспасы P. M. Magazin жазады.
Зерттеулерде 200 жыл бұрын өмір сүрген математик және дін қызметшісі Томас Байестің формуласы қолданылған. Зерттеулер жүргізіліп және бірнеше бағыттарда есептер жасалды. Соның ішінде – космостың пайда болуы мен құрылымына, өрлеу кезеңіне, мейірімділік пен зұлымдыққа, діни мәліметтерге – көптеген қиын сұрақтарға математикалық жауап табылуға тиіс болды.
Алғаш ғалымдар Алла бар деген гипотенузаны ұсынды.
Зерттеу барысында келесі сұрақтар қойылды:
- Алла Дүниені жасады, ал оның ықтималдығы қаншалықты жоғары?
- Жер бетіндегі Өрлеу кезеңі оның қатысуымен болды, ал оның ықтималдығы қаншалықты жоғары?
- Мейірімділік Алласыз мағынасыз, оның ықтималдығы қаншалықты жоғары?
Әрбір мақұлданған жауап Алланың болмысы пайдасына шешілді, ал әрбір мақұлданған атеистік түсіндірулер оның барына деген ықтималдықты төмендетті. Нәтижесінде ғалымдардың Алла бар, оның ықтималдығы 62% деген қорытындыға келгені шындық.
izgiamal.kz