Скачать/Жүктеу
Інжіл, Евангелие (араб. — инджил) – барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбарға жолданған қасиетті кітап. Қасиетті Құран Кәрімге дейін Құдайдан түскені хақ деп білетін қасиетті үш кітаптың (Забур, Таурат, Інжіл) бірі. Құранда Алланың дін үшін шейіт болғандарды жұмаққа жіберетінін дәлелдеу үшін І-ге сілтеме жасалады. Құрандағы жазу бойынша Інжілде Хазірет Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келетіндігі жайлы алдын ала айтылған. І-де аты аталатын, өмірлері жайлы деректер келтірілетін пайғамбарлар мен оқиғалар Құранда да кездеседі. Інжілдің Құдай тарапынан келгені шындық болғанымен, соңғы пайғамбар келіп, Хазіретті Мұхаммедке (ғ.с.) Құран Кәрімнің түсуімен оған дейінгі кітаптар мансұқталған болып саналады. [1][2]
Пайдаланған әдебиет
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1