Қазақстан тарихы

КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметі Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың құрған ұлттық мемлекеттік бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. 1917 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында қазақ қоғамында түрлі саяси партиялар мен ағымдар пайда болды. 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бүкілқазақ сиезінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар жетекшілік еткен «Алаш» партиясы ұйымдастырылды. «Алаш» партиясы ең басты мақсат ретінде Ресей Федерациясы құрамында Қазақ автономиясын құру идеясын ұсынды.

Читать полностью »

АШАРШЫЛЫҚ

Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтағы қиыншылықтар Қазақстан аумағының үлкен бөлігін қамтыған ашаршылыққа алып келді. Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформаға байланысты шаруалардың жекеменшігін тәркілеу, салықтардың ауылшаруашылық өнімдеріне өсуі, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру ашаршылықтың басты себептері болды. Еңбек өнімділігін шектен тыс арттырып, процент қуушылық  орын алды. Ұжымдастыру процесі Қазақстанда 1932 жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланды. Ретсіз жылдамдатылған процесс Голощекиннің арандатушылық экспериментіне ұшырады.

Читать полностью »

ТЫҢ КӨТЕРУ

ХХ ғасыр Кеңес елдерінің тарихында оның ішінде Қазақстанда бетбұрыс кезеңі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында халық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрды. Бұл кезеңде республикада көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын арта берді. Астық өндіру мәселесін шешу үшін елдің шығыс жағындағы ұлан-байтақ жерді жыртуға бағытталған ерекше жол таңдалынып, «Бәрі тың жерлерді игеру үшін!» деген ұран пайда болды.  1955 жылы жоспарланған 7,5 млн. гектардың орнына 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Тың жерлерді осынша кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ғалымдардың ескертулерін ешкім елемеді. 1954-1960 республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн тоннаға жетті. Қазақстан алты рет 1 млрд. немесе одан да артық пұт астық өткізді. Еліміз астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты.

Читать полностью »

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

      Республикамыздың егемендігін құрметтеу, ұлттық тіл мен мәдениеттің қарқынды дамуын қамтамасыз ету, саяси қайраткерлердің жергілікті тұрғындар арасынан жоғарылауына кедергі жасамау талаптарымен 1986 жылы желтоқсан айында Алматыдағы Республика алаңына халық жиналды. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Олар орталық өкілдерін маңызды мәселелерді шешуде жергілікті билік органдарымен есептесуге шақырды. Жастар ойындағысын толық айтып қалуға тырысты. Мәскеудегі орталықтың жергілікті халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындауы көтерілістің басталуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең 300-дей адам жиналған алаң кешке 20 мыңға толды.

Читать полностью »

ТӘУЕЛСІЗДІК

Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау көне түркі заманынан ХҮІІІ ғасырдың бел ортасына дейін өз билігі өзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. 1731 жылы алдымен Ресейге тақау тұрған Қазақстанның батыс өңірлері, кейінірек басқа аймақтары Ресейдің бодандығына кірді. Содан бері қазақ даласын орыс отаршылдығының билеп-төстеуі басталды. Бірақ намысты ата-бабаларымыз осы отаршылдыққа қарсы сан көтеріліске шықты. Олардың ішіндегі ірісі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс еді.

Читать полностью »

БӘЙТЕРЕК

Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді.

Читать полностью »

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.

Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес.

Читать полностью »

17 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы