ТЫҢ КӨТЕРУ


Скачать/Жүктеу

ХХ ғасыр Кеңес елдерінің тарихында оның ішінде Қазақстанда бетбұрыс кезеңі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында халық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрды. Бұл кезеңде республикада көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын арта берді. Астық өндіру мәселесін шешу үшін елдің шығыс жағындағы ұлан-байтақ жерді жыртуға бағытталған ерекше жол таңдалынып, «Бәрі тың жерлерді игеру үшін!» деген ұран пайда болды.  1955 жылы жоспарланған 7,5 млн. гектардың орнына 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Тың жерлерді осынша кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ғалымдардың ескертулерін ешкім елемеді. 1954-1960 республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн тоннаға жетті. Қазақстан алты рет 1 млрд. немесе одан да артық пұт астық өткізді. Еліміз астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты.

Тың көтеруге байланысты әлеуметтік тұрғыдан бірқатар жағымсыз жағдайлар орын алды. Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін одақтың басқа аймақтарынан еңбек қорлары тартылды. Іс жүзінде бақылаусыз көші-қон қозғалысы туды. Жергілікті тұрғындар ондағы мектептердің, орталық ұжымшарлар мен кеңшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, республиканың жергілікті тұрғындарының саны 30%-ға азайды. Қазақтың ұлт ретінде дамуына, тілі мен дініне қатер төнді. Жергілікті жерлердегі ұлт мектептері жабылып, қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Жергілікті халықты орыстандыру саясаты ашық жүргізіле бастады. Сонымен қатар миллиондаған гектар жерді жырту мал жайылымы, шабындық жерлердің азаюына әкелді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы