Әбілахат Еспаев 1925 жылы 25 қазанда Қостанай қаласында, оқығаны мен тоқығаны мол, текті тұқымның тұяғы – Ыбырай Алтынсаринмен аталас Смағұлдың отбасында дүниеге келеді. Қостанай – Торғай өңіріндегі басталған жаппай ашаршылық репрессияға жалғасатынын іштей сезді ме, әкесі Әбілахаттың алты жасында еліміздің оңтүстік өңірінің Меркі ауданына қоныс аударыпты. Шыбық ексең орман болып жайқалатын Әулиеата жері Еспаевтар әулетінің тамырын тереңге жібере бой көтеруіне, жапырақ жаюына мүмкіндік туғызды.
Читать полностью »