Шәрбану Бейсенова – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1947 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында Талапкер ауылында туған. Ауылдағы жетіжылдық мектептен соң Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп интернатта оқып, күміс медальмен бітірген. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетіне түсіп, 1969 жылы оны ойдағыдай аяқтаған.
Шығармашылыққа жастайынан ден қойған. Алғашқы тырнақалды әңгімелері облыстық «Дидар» газетінде, «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысып, ұзақ жыл істеді.
Читать полностью »