Қазақ әдебиет тұлғалары

Мұқан Әбуғалиев (1927-2002 жж.) — журналист

Мұқан Әбуғалиев 1927 жылы 27 наурызда Семей қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Балалар үйін­де өскен балаң жігіт 16 жасында Шығыс Қазақстан облыстық “Ал­тай большевигі” газетіне курьер болып қызметке кіріседі.
Курьер бола жүріп қолына қалам алып, газетке мақалалар жаза бастайды. Аз уақытта корректор, әдеби қызметкер, бөлім басты­ғына дейін көтеріледі.
Мұқан Әбуғалиев облыстық “Коммунизм туы” газетінде 12 жыл жауапты хатшы, 5 жыл редактордың орынбасары, 15 жыл бойы редактор қызметін атқарыпты.

Читать полностью »

Тұрсынхан Әбдірахманова, ақын (1921-2004 ж.ж.)

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген рудникте туған. Әке шешесі ерте өліп, өз ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.

Т.Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған.

Читать полностью »

Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )

Әбенов Шәкір-халық ақыны, фольклоршы, композитор.

Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған. Семейдегі ‘Приходская школада» 3 жыл оқып білім алған. Алғашқы «Борсықтар»,- деген өлеңі 1916 жыл «Айқап» журналында басылған.Ұлы Отан соғысына өзі сұранып барып, Брянск майданында жаралы болып елге оралады.

Елуінші жылдары сталиндік сүргінге ұшырап, түрмеде азап шекті. Ол тумысынан ақын болып жаратылған, өлең үшін туған, оның қызығы мен шыжығын бірдей кешкен, артына бай мұра қалдырған, талмас та мойымас, майталман ақын еді.

Читать полностью »

Талаптан Ахметжан жазушы-драматург

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған.
Мамандығы инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды. Алғашқы әңгімелерін  мектеп-интернаттың жоғары сыныбында жүріп жаза бастады.

Читать полностью »

Арғынбек Апашбайұлы (1882-1946 жж.)

Зайсан ауданы Қара Ертіс болысы Ақарал ауылында 1882 жылы туған. ( У. Қыдырханов мәліметі). Әкесі кедейдің кеуделісі, еті тірі адам болыпты. Арғынбек әуелі Саид Мустафа деген араб шейхынан оқып, хат таныған екен. Анасы Әйкен аса көрікті, ақылды, өлеңші адам болған.

Читать полностью »

Алтынбаев Қалихан (1927 -2002)

Қалихан Алтынбаев — ерекше қабілеттілігімен, сыршыл сезімталдығымен, ойының өрістілігімен, тілінің өткірлігімен дараланған ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнады.

1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы- халық ақыны, С.Әлімбетовтың жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар- домбырашы, өлеңші, шежіреші адам болған.

Читать полностью »

Ақышев Нұрдәулет (1950) жазушы

Танымал қазақ жазушысы, журналист Нұрдәулет Ақышев Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында 1950 жылы 15 маусымда дүниеге келген.
1968 жылы ауылдық клубтың меңгерушісі болды. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). әскер қатарында  міндетін өтегеннен кейін  Республикалық «Мектеп», «Жалын»,  «Балауса» кітап баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң», газет-журнал редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы