Ән, Мәдениет, Өнер

Айманов Шәкен Кенжетайұлы

Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914-1970) – қазақтың әйгілі әртісі, режиссер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Читать полностью »

№ 40 соль- минорлық симфония

№ 40 соль- минорлық симфония.
Соль- минрлық симфония ең танымал шығармалардың ішіне кіреді. Моцарттың симфонияларының ішіндегі ең эмоционалды, лирикалық- драмалық деуге болады.
Бірінші бөлімде кіріспе жоқ. Бірден негізгі партияның баяндауынан басталады. Бұл тема саздылығымен, лирикалық толығымен және толқынды мінезімен ерекшеленеді.
Байланыстырушы партия тақырыптық жағынан тәуелсіз, жігерлі белсендігімен ерекшеленеді және репризада кеңінен дамиды. Қосымша партия, байланыстырушы мен негізгіге қарағанда, байыптырақ, нақышты.
Қорытынды партия негізгі партиядан бөлініп алынған секундалық әуенде негізделген және қосымша партияның торнальностін бекітеді. Қорытынды партия негізгі мен қосымша партиялардың ерекшеліктерін жинақтап қорытады.
Өңдеуші бөлімнің басында тональдық өзгеріс болады, сол тональносьтта негізгі партияның дамуы басталады.
Бұндай тональдік тұрақсыздық, полифониялық әдістердің қолдануы музыкалық негіздің драмасы мен динамикасының дамуфна әкеледі. Өңдеуші бөлімде тек негізгі партияның темасы ғана қолданылған.

Читать полностью »

60-жылдарда қазақ би сахнасы

60- жылдардың ортасында бұрынғы Одақ бойынша көптеген халықтардың халықтық-сахналық биі дамыды, көптеген кәсіби халықтық ұжымдарпайда болды. Қазақстан да бұл қатардан қалыс жоқ. Алматыда екі тұрақты ұжым: Мемлекеттік ән-би ансамблі мен «Гүлдер» эстрадалық- би ансамблі құрылды.
60-жылдарда қазақ би сахнасы шеберлерінің қызметі ұдайы жетілдіріледі және байытылады. Ол осы заманға ұлттық хореографияның ерекшелігіне түрліше көзқарасқа тойтарыс берумен алуан түрлі шығармашылық ұмтылыстардан және ізденістерден пайда болды. Сөйтіп, Қазақ КСР ән-би ансамблінің балетмейстері оны 20-ншы жылдарда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында жасалған би үлгілерінен көреді және олардың алғашқы рет шығарылуын сақтау қажет деп санайды. Қазақ биі республиканың хореографиялық ұжымдарында өзгеше және қызықты дамыды. Солардың ішінде ең байырғысы «Салтанат» Мемлекеттік халықтық би ансамблі. Бұл ұжым бастапқы кезде, 1955 жылы Қазақ КСР ән және би ансамблі ретінде құрылды. Ансамбльді музыкалық театрларды басқарудың үлкен тәжірибесі бар режиссер- хореогроф, Украина КСР Халық әртісі Лидия Демьяновна Чернышева басқарды. Бірінші қойылымнан бастап-ақ ансамбль өзін музыкалық – би өнерінің түрлі жанрларында жұмыс істейтін шығармашылық ұжымы ретінде көрсете білді. Бұл үлкен шығармашылық пішін (профиль), ансамбльдің өзгеше, соған ғана тән ерекшелігі ретінде оның шығармашылық синкретикалығымен байланысты болды. Ансамбльдің бағдарламасына халық әндері мен билері, хормен айтылатын, вокальды-хореографиялық композициялар, поэмалар, ороторийлер барлығы КСРО халықтарының және шетелдердің 500-ден астам әндері мен билері енгізілді.

Читать полностью »

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті.
17 ғасыр операсы.
Музыкалық мәдениет тарихында 17 ғасырды шекара ретінде қарастыруға болады : онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланды, және бұдан былай жаңа музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. 17 ғасырда шіркеу және сарай музыкасының ұзаққа созылған бөлінісі, салалануы аяқталып, опера жанрының тууы осымен тығыз байланысты.
Опера – синтетикалық өнер түрі – театр, поэзия, би, музыканы біріктірген. Опера ықпалы 17 – 18 ғғ. музыкалық шығармашылығына тарады. Оның ішінде аспаптық музыканың жаңа жанрлары пайда болды : увертюра, оркестрлік және балеттік сюита; симфонияда операға драматургия және бейнелер мінезімен ұқсас боп қалыптасты. Тіпті діни музыкаға – оратория мен кантатаға – опералық формалар, вокалдық стильдің концерттігі мен композиция принциптері енді. Опера әрқашанда қауымдық талғамдар, көңіл, керектіктерге сергек елеулеп отырған. Тарихтағы сыну кезеңдерінде, ескі ойлар мен жаңа бағыттардың күрестері саяси — әлеуметтік сипатқа ие болғанда опералық сұрақтар аса актуалды болған.

Читать полностью »

Мағжан Жұмабаев — (1893-1938)

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.

Читать полностью »

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Читать полностью »

Мағжан Жұмабаев 1938 жылы ату жазасына кесілген жоқ

Атырау облысының тоқсан екі жастағы тұрғыны  Абдулла Әбдірахманов, 1951 жылы  Мағжан Колымдағы лагерде  аштық пен аурудан көз жұмды деп жаңа деректі жайып салды. Ақсақалдың айтуынша, ол өзі де сол күзде  ақынмен бірге жазасын өтеген көрінеді. 

Читать полностью »

9 страниц123456789



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы