Ән, Мәдениет, Өнер

Б. АДАМБАЕВ — ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ

Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі. Оған алғашқы болып орыс ғалымдары ат салысса, кейінірек қазақ ағартушылары да қолға ала бастады. Қазақ фольклорының кеңірек зерттеле бастаған шағы , әрине, кеңес дәуірі екені анық.
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардан-ақ қазақ ауыз әдебиеті үлгілері, нұсқалары жүйелі түрде жиналып, зерттеле, жариялана бастады. Бұл салада алғашқылардың бірі болып еңбек еткендер: С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Н.Смирнова, М.Ғабдуллин т.б. Олар ертегілер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, батырлық-ғашықтық дастандар, аңыз әңгімелер, ақындық айтыстар нұсқаларын жинап зерттеуге, жариялауға көңіл бөлді. Соның нәтижесінде қазақ ауыз әдебиеті мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын арнайы пәнге, фольклорлық шығармалар зерттеу объектілеріне айналды.

Читать полностью »

Ахмет Жұбанов

Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұ­лып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.

Читать полностью »

АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ

Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.

Читать полностью »

Арқаның дәстүрлі ән мектебі

Жоспар:
1. Қазақтың ән өнері.
2. Сал-серілік өнер.
3. Қазақ әні, әншілері оның зерттелуі.
4. Қазақтың әншілік өнері.
5. Ән және әншілік ерекшеліктер.

Читать полностью »

АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Арқаның күйшілік мектебі — шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен «Ақсақ құланды» толғаған күй атасы — Кетбұғы өмір кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт, арғынның аты аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың ішінде Арқа мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені даусыз.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) өз заманында теңдесі жоқ өнерпаз болды, ғұмыры келте болса да артына мол мұра қалдырды. Ең маңыздысы – жасампаз мектептің іргетасын қалап кетті, Тәттімбетше күй шалу үрдісі осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Итаяқ, Әбікен, Аққыз, Мағауиялар арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі болды. Арқа күйлерінің музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі — өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу мен Сырға аралас қонған қоңсылығы бұған септігін тигізгені ақиқат.

Читать полностью »

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………3

І бөлім Қарқаралының марқасқасы –Мәди.………………………………………………6

1.1 Мәди Бәпиұлының өмірбаяны ……………………………………………………..6
1.1.1 Мәдидің көркем бейнесі………………………………………………………….12
1.2 Мәди жайлы айтылған деректер………………………………………………….14

ІІ бөлім Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты……………..22

2.1 Арқа дәстүрлі ән мектебі жайлы жалпы мағлұмат……………………22
2.2 Сал -серілер ізбасары………………………….…………………………….30

Қорытынды………………………………………………………………………………………………43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………….……………………….…44

Қосымшалар……………………………………………………………………….45

Читать полностью »

Айтыс

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады… Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан – жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт – дәстүрі басты себеп болды…» Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – тіршілігі -, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы.
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр – түрлі үдгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.
Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерін екіге бөліп, біріншісін – Тұрмыс – салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б) Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, екіншісін – Ақындар айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған. Кезінде М. Әуезовтің «қазақ ауыз әдебиетінде айтыстың көне түрі бірнеше адам қосылып орындалатын ғұрыптық әндерден басталып, ақындар айиысына ұласты», — деген пікірі осыған дәлел.
Аталмыш өнер түрі халықтың жиналған жерінде өткізіліп, қандай тақырыпта болатындығы сол айтыс үстінде анықталған. Сондықтан әр айтыскер қарсыласын қалай болса жеңу, неден сүріндіру амалын ойластырып, соған шамданып келді. Әдетте, айтыста көптеген мәселелер көтеріліп, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады.
Ақындар жекпе – жек ұрысқа шыққан батырлардай бір – біріне күш көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Өз жерінің, елінің шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп келген ақын басқасының мінкемшіліктерін тізе жырлайды.

Читать полностью »

9 страниц123456789



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы