Скачать/Жүктеу
Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарындағы реформа жаңа оқу технологиясын және оқушылар білімін тексеруде нақты тәсілдерді қажет етеді.Жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде 1999 жылдан бастап талапкерлердің білімін бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әділдікті және мемлекеттік білім грантын беру мен мемлекеттік білім есиелерін ұсыну мәселелерінде әлеуметтік әділдікті шешуге мүмкіндік беретін кешендік тестілеу қолданылып келеді.
ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарын бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттесттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады.Тест арқылы қабылдау барысындағы рейтингілік баға талапкерлерді нақты іріктеп алуға көмегін тигізуде.Осыған орай мектеп оқушыларының орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлердің биология пәні бойынша білімдерін толықтырып,ғылыми қөзқарастарын қалыптастыру қажет.Жоғары оқу орындарына түсушілер биология пәнінен емтихан барысында өздерінің білім деңгейлерін көрсету керек:
1.Негізгі түсініктерді білу,заңдылықтар мен заңдарды,өсімдіктер,жануарлар және адам организмінің тіршілігіндегі құрлысы мен дамуы,тірі табиғаттың дамуы.
2.Өсімдік,жануар,адамның тіршілігі мен құрлысы мен классификациясы,өсімдік пен жануарлардың негізгі топтары.
3.Биологияны теориялық,практикалық жағынан түсініп,оның негізгі бағытын білу және табиғаттың құбылыстарына қорытынды шығара білу керек.
Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы-оқулықпен жұмыс.Білім көзі-оқулықта.Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың өздігінше ізденіп,білімін толықтыруын қамтамасыз етуге болады.Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да,материалды өз дәрижесіне сапалы меңгерту мұғалімнің әдістемелік шеберлігін,оқушылармен жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін қажет етеді.Бұл мақсатта жалпы білім беретін оқу орындарындағы биология оқулықтарындағы негізгі мәліметтерді жүйелеу қажет.Оқушыларды ұлттық бірінғай тесттілеуге дайындау барысында материалдарды мектеп бағдарламасына сәйкес жүйелеу керек:
1 бөлім.Цитология.
Жасуша құрылысының деңгейі-тірі ағзалардың қарапайым бірлігі.Жасушасыз ағзөалар-вирустар.Прокариоттар және эукариоттар.Жасуша теориясының негізгі жағдайы,жасушаның химиялық құрылымы.Жасушаның органикалық және бейорганикалық заттары олардың жасушадағы тіршілік әрекеттері.Зат алмасу және энергиялық айналуы-жасушаның тіршілік әрекетінің негізі.Пластикалық алмасу.Нәруыз биосинтезі.
Ген және оның биосинтездегі қызметі.ДНК-кодесі.Матрицалық синтез реакциясы.Жасушадағы энергетикалық алмасу,энергетикалық алмасудағы АТФ-ң маңызы.Пластикалық және энергетикалық алмасу реакцияларының өзара байланысы.Фотосинтез.Жасушалық цикл,жасушаның бөлінуге әзірленуі.ДНК молекуласының екі еселенуі.Хромосомалар,олардың гаплоидты,диплоидты жиынтығы және формаларымен сандарының тұрақтылығы.Жасушаның бөліну типтері . Митоз. Ағзалардың жынысты және жыныссыз көбейюуі. Меиоз. Жыныс жасушалары. Жұмартқа жасушаларымен сперматозоидтардың дамуы. Ұрақтану. Жасуша меиозы мен митоздың ағзада жек дамуы мен көбеюіндегі қызметі. Ұрықтың жануарлар мысалында дамуы, ұрық жапырақтарымен ұлпалары. Онтогинез және постэндриналдық даму.
2 бөлім. Өсімдік тану
Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Өсімдіктер әлемі табиғаттың құрам бөлігі, оның алуан түрлігі, жер бетінде таралу. Прокариеттар. Бактериялар. Балдырлар, фотосинтездеуші бір жасушалы және көп жасушалы балдырлар. Көбею жолдары. Балдырлардың маңызы. Қыналар құрылысы көректенуі, көбеюі және маңызы. Мүктер. Мекен ететін ортасы, құрылысы көректенуі, көбеюі және маңызы. Саңырауқұлақтар: зен, ашытқы, қалпақшалы санырауқұлақтар. Паразиттік өкілдері. Класстарға бөлінуі. Папоротниктер, қырықбуындар және плауындар. Жалпы сипамамасы құрылысы және даму циклі. Жаланаш тұқымдылар. Құрылысы және көбеюі, табиғаттағы маңызы.
Жабық тұқымдылар: Құрылысы, вигитативті және генеративті мүшелері. өсімдіктер ұлпалары; түзуші, тұрақты. Тамыр. Жапырақ. Өркен. Гүл және жеміс. Тұқым. Өсімдіктердің көбеюі. Гүлді өсімдіктердің класификациясы. Өсімдіктердің негізгі топтары; Қос жарнақтылар классы, жалпы сипатама. Дара жарнақтылар классы,жалпы сипаттама.
3 бөлім.Жануартану.
Зоология-жануарлар туралы ғылым.Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Жануарлармен өсімдіктердің ұқсастары мен айырмашылықтары.Жануарларды топтау.Қарапайымдылар дүниесі-жалпы сипаттамасы,көп клеткалы жануарлардан айырмашылығы.Көп жасушалы жануарлар дүниесі(ұлпалы жануарлар ).Ішек қуыстылар типі,типке жалпы сипаттама.Құрылысындағы ерекшеліктері,қозғалуы,көбеюі,маңызы.
Жалпақ құрттар типі.Жалпы сипаттама,тип өкілдері;Кірпікшелі құрттар класы,трематодтар класы,таспа құрттар класы.Жұмыр құрттар типі;Сыртқы және ішкі құрылысы,көбеюіндегі және тіршілік цикілындағы ерекшеліктері.
Бұылтық құрттар типі;Азқылтанды және көпқылтанды құрттар класы.Тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктері,маңызы.Былқылдақ денелілер типі;Бауыраяқтар класы,қос жақтаулы моллюскалар класы.Құрылыс ерекшеліктері және маңызы.
Буын аяқтылар тип;Шаян тәрізділер класы,өрмекші тәрізділер класы.Насекомдар класы ;Қаттықанаттылар отряды, көбелектер отряды,жарғаққанаттылар отряды,қосқанаттылар отряды,тура қанаттылар отряды.Биологиялық ерекшеліктері мен маңызы.
Хордалылар типі. Хордалы жануарлардың белгілері. Балықтар класы; Сүйекті және шеміршекті балықтар, экологиялық топтары. Қос мекенділер класы. Қос мекенділердің алуан түрлілігі және маңызы. Бауырмен жорғалаушылар класы. Отрядтарына сипаттама. Құстар класы. Құстардың алуан түрлілігі Отрядтары-торғай, тауық, жыртқыш құстар, қаз тәрізділер, пингвиндер, дегелек тәрізділер, тырналар, түйеқұстар, дуадақтар. Экологиялық топтары: парктер мен бақ құстары, шалғындық пен дала құстары, орман құстары, жыртқыш құстар, дала және шөл құстары. Сүтқоректілер класы. Тіршілік қалпы. Сүт қоректілердің алуан түрлілігі: отрядтары-қалталылар, насеком қоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоян тәрізділер, жыртқыштар, ескек аяқтылар, кит тәрізділер, тұяқтылар (тақ тұяқтылар, жұп тұяқтылар), приматтар. Экологиялық топтары: құрлық және теңіз сүт қоректілері.
4 бөлім.Адам анатомиясы және оның денсаулығы.
Адам ағзасымен жалпы танысу.Ұлпалар құрылысының ерекшелігі және атқаратын қызметі.Тірек-қимыл жүйесі,маңызы және адамның тік жүруіне байланысты тірек-қимыл жүйесіндегі ерекшеліктері.Бұлшық еттердің құрылысы және атқаратын қызметі.Қан тамырлар жүйесі,қан айналым мүшелері.Тыныс алу мүшелері.Асқорту жүйесі.Тағамның негізгі құрамы.Зат алмасу;зат алмасудың пластикалық және энергетикалық алмасулары.Зәр шығару жүйесі.Ішкі секреция бездері.Биологиялық активті реттеуші заттар.Жүйке жүйесі.Сезім мүшелері.Анализаторлар.Жоғары дәрежелі жүйке қызметі.Рефлекстердің түрлері.Адам ағзасының дамуы.
5 бөлім.Генетика және селекция негіздері.
Ағзалардың туқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары,олардың цитологиялық негіздері.Мендель анықтаған тұқымқуалаушылықтың заңдары.Аллельді гендер.Фенотип және генотип. Гомозигота және гетерозигота.Тұқым қуалаудың аралық сипаты.Ажырау заңы.Тіркесті туқым құалау.Жыныс генетикасы.Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы.Мүтациялар,оның себептері.Өсімдіктер,жануарлар және микроорганизімдер селекциясындағы генетика негіздері.Генетикалық есептер.
6 бөлім. Эволюциялық ілім
Эволюциялық ілімдердің дамуы.Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері.Эволюциялық ілімнің негізгі қағидалары.Жаратылыстану ілімінің дамуындағы эволюциялық теориясының маңызы.Түр. Популяция. Эволюциялық механизімдер,эволюциялық факторлар. Микро және макроэволюция. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары, қысқаша даму тарихы.
7 бөлім.Экология негіздері
Экология пәні және міндеттері. Биосфера және оның шекаралары. Құрлық беті, әлемдік мұхит және топырақ биомассасы.Тірі зат оның газдық, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану қызметі. Биосферадағы зат айналым және энергияның өзгеруі.Түрдің экологиялық сипаттамасы.Адам әрекеті-экологиялық факторлар түрі.Биогеоценоз.
Талапкерлер биология оқу пәніне арналған оқулықтардағы маңызды нәрсені бөліп, мағынасына қарай топтастырады ;
1. Жоспар жасау.
2. Конспект жазу.
3. Сызба нұсқау түсіру.
4. Қорытындылрды тұжырымдау.
Сонымен қатар қосымша әдістмелік оқу құралдарын пайдаланып, салыстырмалы кестелермен сызбанұсқалар арқылы талапкерлердің материалдарды жылдам меңгеріп есте сақтау мүмкіншілігі артады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Интернеттегі ұлттық бірыңғай тестілеу ережесі.
2. Биашева З.М. Биология мен география тест бағдарламасы.Алматы 1999
Карипжанова Алмагуль Закеновна
биология пәнінің мұғалімі
№35 жалпы орта білім беру мектебі