Скачать/Жүктеу
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез‑тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде‑кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Ұшты, ұшты ‑ тарғақ ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ жарғақ ұшты (ұшпайды).
Ұшты, ұшты ‑ үкі ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ үйрек ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ тырна ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ тырма ұшты (ұшпайды).