Скачать/Жүктеу
Өнім өндіруге жұмсалған шығындар деңгейінің ең көп үлесін материалды шығындар алады. Материалды шығындар деңгейіне өнім көлемі (VВП) және оның құрылымы (УДі) және бұйымның шығын үлесінің өзгерісі (УМЗі) және сонымен қатар материалдың орташа бағасы (Ці) өнім бірлігіне жұмсалған шығындар әсер етеді.
Тікелей материалды шығындар деңгейін келесі сурет арқылы көрсетеміз.
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы материалды шығындардың көлемі жыл өткен сайын көбейіп отыр. Материалды шығындар қатарына жататын шикізаттар және материалдар құны 2003 жылы 2000,9 млн теңге болса, 2004 жылы 2912 млн теңгеге жетіп, 911,1 млн теңгеге 45,5%-ке көбейген. Шикізаттар мен материалдар құнының көбеюіне олардың сапасы, қажет ету көлемі, бағасының әсерінен болып отыр. Жылу шығындарының көлемі 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 142,2 млн теңгеге 38,6%-ке өскен. Оған керісінше энергия қуатын пайдалану көлемі 9 есеге, яғни 2003 жылы 1,52 млн теңгеге тең болса, 2004 жылы 14,0 млн теңгеге тең болып отыр. Қосымша ұжымдардың жұмыстары үшін жұмсалған шығындар көлемі 2003 жылы 713,8 млн теңгеге тең болса, 2004 жылы 1094,0 млн теңгеге дейін көбейген. Тағы басқа материалдық шығындар көлемінің деңгейі 2003 жылға қарағанда 2004 жылы 33,9 млн теңгеге 2,3 есеге азайған. Сонымен материалды шығындар көлемінің көбеюіне:- материалдардың қажетті нормасы, инфляция әсері, шикізат сапасы, баға, тасымал шығыны әсер етеді.
Жоғарыдағы кестеге сүйене отырып, материалды шығындар сомасының өзгерісіне факторлардың әсерін тізбектеп қою тәсілімен анықтаймыз.
Материалдық шығындарды факторлық талдау
Өнім өндіруге жұмсалған материалды шығындар |
Есептелу жолы |
Жалпы соммасы, мың тенге |
а) Жоспар бойынша (2003 жыл бойынша)
б) Нақты көлемімен жоспарлы құрылым бойынша
в) Нақты өнім көлемімен жоспарлы баға және норма бойынша
г) Өнім көлемі және нормасы нақты жоспарлы баға бойынша
д) Нақты шығын көлемі (2004 жыл бойынша) |
∑ (VВПі пл х УРі пл х Ці пл) 1005,4 х 0,327 х 11,55
∑ (VВПі пл хУРі плхЦі пл)хКmn 1005,4 х0,327х11,55х1,69
∑ (VВПі ф х УРі пл х Ці пл) 1763 х 0,327 х 11,55
∑ (VВПі ф х УРі ф х Ці пл) 1763 х 0,359 х 11,55
∑ (VВПі ф х УРі ф х Ці ф) 1763 х 0,359 х 8,23
|
3796,9 6416,761 6658,58 7310,19 5209,4 |
Кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы өнімді өндіруге жұмсалған материалды шығындардың соммасы 2003 жылы 3796,9 млн теңге болса, 2004 жылы 5209,4 млн теңгеге жетіп, 1412,5 млн теңгеге 37,2%-ке көбейген. Материалды шығындардың көбеюіне әсер етуші факторлерге талдау жасайтын болсақ, яғни материалды шығындардың 1412,5 млн теңгеге көбеюіне қандай фактор әсер етеді соған тоқталамыз.
∆ МЗ = МЗф – МЗпл = 5209,4 – 3796,9 = 1412,5 млн теңге
- Өнім көлемінің әсерінен
∆ МЗВП = 6416,761 – 3796,9 = 2619,861 млн теңге
- Өнім құрылымы әсерінен
∆ МЗ = 6658,58 – 6416,761 = 241,819 млн теңге
- Материалдар шығынының үлесі әсерінен
∆ МЗ = 7310,19 – 6658,58 = 651,61 млн теңге
- Материалды және шикізат бағасы әсерінен
∆ МЗ = 5209,4 – 7310,19 = — 2100,79 млн теңге
Сонымен жоғарыдағы 4 фактордың әсерінен материалды шығындардың өзгерісі
∆ МЗ = 2619,861+241,819+651,61-2100,79 = 1412,5 млн теңге