Қырғыз Республикасының Су Кодексі


Скачать/Жүктеу

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Заңнамалық мәжілісінде 2004 жылы 9 желтоқсанда қабылданған.

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1бап. Міндеттері мен мақсаттары

1. Осы Кодекс Қырғыз Республикасының халқын кепілді, жеткілікті және қауіпсіз сумен қамту үшін су ресурстарын пайдалану, қорғау және дамыту саласындағы су қатынастарын, қоршаған орта және республиканың су қорын тиімді дамытуды қамтамасыз етуді  реттейді.
2. Осы Кодексті іске асыру мақсатында су ресурстарын басқарудың негізгі қағидалары белгіленеді; суға мемлекеттік саясат негіздері анықталады; су нысандары және су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті белгіленеді; суре ресурстарын пайдалану жөнінде жоспарлар мен Ұлттық су стратегиясын әзірлеу үшін шаралар жүйесі құрылады; үстіңгі, жер асты суларын пайдалану және оларды пайдалануға төлемдер реттеледі; ластану және сарқылудан су ресурстарын қорғау бойынша шаралар анықталады; су ресурстары және бөгеттің қауіпсіздігіне қатысты төтенше жағдайлар бойынша ерелер енгізіледі; су шаруашылығы және ирригациялық секторды реттейді; су қорының жерлеріне меншік иесі туралы және пайдалану бойынша ережелер белгіленеді, мемлекеттік су инспекциясын құруды қамтамасыз етеді және мемлекеттік су инспекторларының міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді; су ресурстарын пайдалануда құқық бұзушылықтар анықталады, халықаралық құқық бойынша Қырғыз Республикасының міндеттеріне осы Кодекстің қатынастары анықталады.

2 бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар

Осы Кодексте пайдаланылатын терминдер және анықтамалар мынадай түсінік береді:
Суды пайдаланушылар қауымдастығы    -    ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін арналған қоғамдық бірлестік;
Бассейндік су әкімшілігі   -   бас бассейннің гидрогеографиялық шекарасында су ресурстарын басқаруға жауапты мемлекеттәк су әкімшілігінің аумақтық органы;
Бассейндік жоспар -  анықталған бас бассейннің шекарасында су ресурстарын қорғау және дамыту, пайдалану бойынша жоспар;
Бассейндік кеңес – су ресурстарын пайдалану, қорғау және дамыту бойынша бас бассейнде мәселелерді шешу үшін өкілетті орган;
жағалаулар – су қорының жерлеріне қатысты табиғи су нысанына қосылатын жер белдіктері;
суды пайдаланушылар -  Қырғыз Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары, сондай-ақ шет елдік жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде азаматтығы жоқ адамдар;
Су нысандары – өзендерді, бұлақтарды, су көздерін, көлдерді, батпақтар, мұздықтар мен қарлықтарды қоса үстіңгі жән жер асты суларын түрлі;
Қырғыз Республикасының су ресурстары  -  Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара ішіндегі барлық су ресурстары;
Су шаруашылығы имараттары – бөгеттермен су қоймалары, каналдар, коллекторлар, кәріздер, орлар, гидротехникалық имараттар, қорғаныс дамбалары, акведуктер, құбыр өткізгіштер, көпірлер, ұңғымалар, сорғы станциялары, коммуникациялармен және басқада инфрақұрылым элементтерімен су құбырлары, оларды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету үшін берілген барлық жер учаскелерін қоса  алғанда;
Су қоры – барлық су нысандарын, су ресурстарын және су шаруашылығы имараттарын су қоры жерлерін қоса жиынтығы;
бас бассейн – барлық үстіңгі сулар негізгі өзенге немесе су нысанына құятын аумақ;
мемлекеттік су әкімшілігі -   Қырғыз Республикасының су ресурстарын басқару бойынша арнайы құрылған мемлекеттік орган;
Гидрометеорология бойынша мемлекеттік орган  -  мемлекеттік су кадастры және су ресурстары мониторингі, су бойынша ақпараттық жүйелерін дайдындауға қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Гидрогеология бойынша мемлекеттік орган    -    бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беретін, суға ұңғыма бұрғылайтын және жер асты суларын пайдалануға рұқсатты келісуге қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік орган – қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік орган – су тасу, селдің өтуі және сырғыма жағдайында жоспарларды дайындауда, жаңартуда және жүзеге асыруға қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган – су нысандарында су стандарттарын бекіту, шаруашылық, ауыз су және тұрмыстық суды пайдалану үшін судың жарамдығын анықтауды қамтамасыз ететін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
дренаждың жүйелер – ашық және/немесе жабық коллекторларды және кәріз, гидротехникалық имараттар, тік дренажды ұңғыма мен басқада инфрақұрылымдар, дренаждық жүйелерді ұстау, пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету үшін бөлінген жерлерді иесіздендірудің барлық белдіктерін қоса;
суды жеткізуге жыл сайынғы шарт  — бір жылға мерзіммен судың анықталған көлеміне суды пайдаланушының куәландыратын құжат;
ластаушы заттар – адам денсаулығына, табиғи ресурстарға және экожүйелерге зиян әсер ететін, қоршаған ортаға зиян әкелуге қабілетті кез-келген заттар, энергия, бұйымдар немесе олардың комбинациялары;
су қорының жерлері – су айдындармен (өзендермен, көлдермен, су қоймаларымен, каналдармен, кәріздермен), мұздықтармен, батпақтармен, гидротехникалық және басқада су шаруашылығы имараттарымен  қамтылған жерлер, сондай-ақ жерді беру белдіктеріне бөлінген жерлер;
ирригациялық жүйелер  -   ирригациялық жүйелерді ұстау, пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету үшін бөлінген жерлерді иесіздендіру барлық белдіктерін қоса жолдармен, ғимараттармен, электр беру желілерімен және басқада инфрақұрылымдармен байланысты ирригациялық каналдар, құбырөткізгіштер, гидротехникалық имараттар, сорғы станциялары, ұңғымалар, су қоймалары, тоғандар мен су айдындар өзара байланысты желі;
суды жеткізуге келісімшарт  -  он бес жылға дейін мерзімге анықталған су көлеміне суды пайдаланушы құқығын куәландыратын құжат;
Су бойынша ұлттық кеңес    -    Қырғыз Республикасы Үкіметімен құрылған Қырғыз Республикасында су қатынастарын үйлестіретін мемлекеттік орган;
Жергілікті мемлекеттік әкімшілік орган  -  облыс және аудан аумағындағы мемлекеттік атқарушы билік органы;
қалдықтар -   тұтыну және өндіріс қалдықтары ретінде нұсқаулықпен анықталған кез-келген заттар немесе бұйымдар және олардың құндылықтарына қарамастан тасталатын немесе иесі тастауға қолайланатын кез-келген заттар немесе бұйымдар;
суды жеткізуге келісімшарт бойынша төлем  -  суды жеткізу бойынша жыл сайынғы шартқа сәйкес келісімшарт иесінен суды жеткізушілер алатын төлем;
табиғи ресурс ретінде суды пайдаланғаны үшін төлем  -  Қырғыз Республикасының заңнамасымен белгіленген төлем;
бөгет – су ағынын реттеу үшін немесе судың жиналуы үшін немесе имараттар алында су деңгейін көтеру үшін сы нысанында су ағынын жабатын гидротехникалық имарат;
суды жеткізуші  -  суды пайдаланушылар қоғамына немесе суды жеткізуге келісімшарт негізінде басқа тұлғаға беру үшін алатын және жеткізетін ирригациялық жүйелерге пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік су әкімшілігінің өңірлік органы немесе кез-келген басқа заңды тұлға;
суды пайдалануға рұқсат – суды пайдалану бойынша қызметке он бес жылға дейін мерзімге және бес жылға дейін – қиыршықтас және басқада материалдарды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін берілетін рұқсат;
суды бұруға рұқсат – су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қоры жерлеріне ластаушы заттар немесе қалдықтарды бұруға рұқсат;
сервитут -   меншікте тұрған немесе басқа адамның пайдаланудағы жер учаскелерін нысаналы пайдалануды шектеуге адамның құқығы;
суды пайдалануға арнайы рұқсат   -   Қырғыз Республикасы Үкіметімен берілген ұзақ мерзімді рұқсат;
экологиялық ағын  — мәнді шығын келтірмей су экожүйесін сақтауды қамтамасыз етуге ыңғайлы су нысанындағы жеткілікті су ағыны;
су ресурстарын қорғау бойынша жұмыс мына мақсаттағы жұмысты белгілейді:
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жеріне ластаушы заттар немесе су нысанына қалдықтарды тастауды қысқарту немесе алдын алу;
- қалдықтар мен ластаушыларды жою немесе тарату;
- су нысанында, су шаруашылығы имараттарында немесе су қорының жерлерінде ластаушы заттар немесе қалдықтардың болуымен туындаған ластануды зарарсыздандыру немесе азайту;
- егер ыңғайлы және тәжірибелі болса су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушылар және қалдықтардың тиюіне дейін флора мен фаунаның болуын сақтауды қоса су нысаны, су шаруашылығы имараттары немесе су қорының жерлерінің жағдайын қалпына келтіру;
Жауапты тұлға ретінде тұлға белгіленеді:
- су нысанына, су шаруашылығы ғимаратына немесе су қорының жерлеріне қалдықтар немесе ластаушы заттарды тастаған;
- су нысанына, су шаруашылығы имаратына немесе су қорының жерлеріне тиюі мүмкін қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік органның қорытындысы бойынша сол жерлерден қалдықтар немесе ластаушы заттарды тастаған.

3 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамасы

1. Қырғыз Республикасында су қатынастары Қырғыз Республикасы Конституциясымен, осы Кодексімен және соған сәйкес қабылданған басқада нормативтік құқықтық актілермен реттеледі
2. Су құқығының нормалары басқада нормативтік құқықтық актілерде осы Кодекске сәйкес келуі тиіс.
3. Нормативтік құқықтық актілерде айтылған су құқығының нормаларына қайшы келген жағдайда осы Кодекстің ережесімен осы Кодекстің ережелері қолданылады.

4 бап. Су ресурстары мен су қорының жерлеріне меншік иесі

1. Қырғыз Республикасының су ресурстары мемлекеттің жеке және ажырамас меншігі болып табылады. Әрқайсы осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мемлекетік шекарасы шегінде су ресурстарын пайдалану құқығы бар.
2. Су нысандарымен немесе мемлекеттік ирригациялық, дренаждық жүйелерімен және су шаруашылығы имараттарымен қамтылған су қорының жерлері жеке мемлекеттің меншігі болып табылады.

5 бап. Су ресурстарын басқару және бассейндік көзқарас

1. Су ресурстарын басқару – бұл осы Кодекске су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау, тиімді пайдалану, дамытуды, адамдар денсаулығын қорғауды, сондай-ақ жергілікті мекендерді, өнеркәсіптік аумақтарды және барлық меншік түрлерін судың қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін басқада нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар, нормалар мен тәртіптердің кешенді жүйесі.
2. Бассейндік көзқарас су ресурстарын пайдалануды басқару және қорғау Қырғыз Республикасының негізгі өзендері мен Иссык-Көл көліне қатысты гидрографиялық қағида бойынша негізгі өзен аумағының шекарасында жүзеге асырылады.  Су бойынша Ұлттық кеңестің негізгі ұсыныстары негізінде Қырғыз Республикасы Үкіметі әр бассейндік су әкімшілігі мен бассейндік кеңесі қызметінің аймағын белгілейді. Қабылданған шешім ресми басылымда жарияланады.
3. Әр негізгі бассейнде тиісті бассейндік су әкімшілігі мен бассейндік кеңес осы Кодекстің ережелеріне сәйкес су ресурстарын басқару бойынша нақты аспектілерге жауап береді.
4. Министрліктер мен әкімшілік ведомствалардің мемлекеттік әкімшілік және аумақтық органдардың жергілікті органдар шешімі осы бапқа және су ресурстарын басқару бойынша бассейндік көзқарасқа сәйкес қабылданады.

6 бап. Су ресурстарын басқарудың қағидалары

Су ресурстарын басқару мына қағидаларға негізделеді:
- қатысу қағидасы: барлық мүдделі тұлғалар шешімдерді жоспарлау және қабылдау барысына қатысуы тиіс;
- суға тұтынушылық есеп принципы:  су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша шешім қабылдаған кезде осы шақтағы және келешек ұрпақтың тұтынушылығын ескерілуі керек;
- су ресурстарының экономикалық құндылықтарының принципы: су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша жоспарлауда, шешім қабылдауда және қфзметті жүзеге асыруда су ресурстарының экономикалық құндылығы ескерілуі тиіс;
- ластануға төлем жүргізу принципы:  су ресурстарын ластаушы адамдар табиғатты пайдалану сияқты қашыртқыға төлем жүргізуі тиіс;
- шешім қабылдауда алдын ала ескерілуі тиіс: толық ғылыми ақпараттың кемшілігі су ресурстарына, қоршаған ортаға немесе адамдар өміріне үлкен зиян келтіру қауіпі бар жерде тиімді шараларды қабылдаудан бас тарту немесе кейінге шегіндіру үшін себеп болып табылмауы тиіс;
- нақты кепілдіктер принципы:   олардың құқықтары мен заңды қорғауды іске асыруда нақты кепілдіктермен суды пайдаланушыларды қамтамасыз ету;
- рұқсат ету принципы:  су нысандары мен су ресурстарын пайдалану және жағдайы туралы ақпарат қоғамдастық өкілдеріне рұқсат етілуі тиіс.

2 ТАРАУ. СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

7 бап. Су ресурстарын басқару саласында Қырғыз Республикасының Жогорку  Кенеш құзыреті
Қырғыз Республикасының Жогорку  Кенеш құзыретіне енеді:
- су заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, әзірлеу, қабылдау;
- су қатынастары саласында халықаралық шарттарды бекіту және күшін жою;
- ирригация және дренажға жыл сайынғы дотацияны бекіту;
- табиғи ресурс ретінде суды пайдалануға төлем көлемін белгілеу.

8 бап. Су ресурстарын басқаруда Қырғыз Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қырғыз Республикасы Үкіметінің құзыретіне енеді:
- су ресурстарын басқару гидрографикалық принципі негізінде басты бассейндердің аумақтық шекараларын бекіту;
- Су жөнінде Ұлттық кеңесті құру;
- бассейндік кеңес туралы ережені бекіту;
- осы Кодексті іске асыру мақсаты үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарды анықтау;
- су ресурстары мониторингінің жүйесін белгілеу;
- мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, оларды инвестициялау және қаржыландыру;
- суды пайдалануға арнайы рұқсатты беру;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттерді орындау.

9 бап. Су жөніндегі Ұлттық кеңес және оның құзыреті

1. Қырғыз Республикасы Үкіметі келесі міндеттерді шешу үшін су жөніндегі Ұлттық кеңесті құрады:
- су ресурстарын басқару, оларды пайдалану және қорғау жөніндегі министрліктердің, әкімшілік ведомстваларды және басқада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- басты бассейндердің гидрогеографикалық шекараларын белгілеу бойынша ұсыныстарды дайындау және Қырғыз Республикасы Үкіметіне ұсыну;
- Ұлттық су стратегиясы жобасын дайындау және Қырғыз Республикасының Президентіне бекітуге оны ұсыну;
- заң жобасын дайындау және оны Қырғыз Республикасы Үкіметіне ұсыну;
- Мемлекеттік су әкімшілігі қызметін қадағалау;
- осы Кодексті іске асыру үшін ережелер мен нұқсаулықтарды әзірлеу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттерді орындау.
2. Су жөніндегі ұлттық кеңес қаржылық аспектілер мен мемлекеттік қауіпсіздікті қоса су ресурстарын басқаруға жауапты министрліктердің басшыларынан, әкімшілік ведомствалардан және басқада мемлекеттік органдардан тұрады. Кеңес құрамы Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталады.
3. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің төрағасы ретінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі, оның орынбасары – Мемлекеттік су әкімшілігінің басшысы болып табылады.
4. Су жөніндегі Ұлттық кеңес жылына бір реттен кем емес жиналады. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің қызметі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен, осы Кодекспен және оларға сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
5. Су жөніндегі Ұлттық кеңес Ұлттық су стратегиясын дайындау немесе осы Кодекске сәйкес өзінің міндеттерін орындау үшін қажетті министрліктен, әкімшілік ведомствадан, басқада мемлекеттік органдардан және қоғамдық ұйымдардан кез-келген ақпаратты, мәліметті, шолуды, сондай-ақ техникалық және кеңес беру көмегін алуға құқы бар.
6. Мемлекеттік су әкімшілігі су жөніндегі Ұлттық кеңестің хатшылығы қызметін жүзеге асырады.

10 бап. Бассейндік кеңестер және олардың өкілеттілігі

1. Су жөнінідегі Ұлттық кеңестің су қатынастарын реттеудегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша әр басты бассейн үшін бассейндік кеңес бекітіледі.
2. Әр бассейндік кеңеске бассейндік су әкімшілігінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік органның, төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік органның, гидрометерология бойынша мемлекеттік орган, гидрогеология бойынша мемлекеттік орган, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган аумақтық құрылымдары аталған басты бассейнде қызметін жүзеге асыратын, жергілікті мемлекеттік әкімшілігі өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және суды пайдаланушылар, суды пайдаланушылар қауымдастығын қоса өкәлдері енеді.
Бассейндік кеңес төрағасы бір уақытта бассейндік су әкімшілігінің бастығы болып табылады. Кеңестің төрағасының орынбасары бассейндік кеңес мүшелерінен ішінен сайланады.
3. Бассейндік кеңестердің міндеттері болып табылады:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңеске бассейндік жоспарды әзірлеу және ұсыну;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген бассейндік кеңес қызметі жөнінде процедуралық тәртіптер жобасын әзірлеу;
- басты бассейн ішіндегі су секторында қызметті үйлестіру;
- ирригация және дренаж бойынша бассейндік және жергілікті комиссия құрамын бекіту;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.
4. Бассейндік кеңестің отырысы жылына бір реттен кем емес өткізіледі.
5. Сәйкес бассейндік су әкімшілігі бассейндік кеңес хатшылығы қызметін жүзеге асырады.
6. Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен бассейндік кеңестің қызметі реттеледі.

11 бап. Мемлекеттік су әкімшілігі және оның құзыреті

1. Су ресурстарын басқаруға жауапты мемлекеттік орган Мемлекеттік су әкімшілігі болып табылады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігінің құзыретіне енеді:
а) су ресурстарын басқару саласында:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңес хатшылығы қызметін жүзеге асыру;
- бассейндік кеңес жұмысына қатысу;
- мониторинг және жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;
- су ресурстарын пайдалануды басқару және реттеу;
- жер асты суларын пайдалануды реттеу;
- сарқылу және ластанудан су ресурстарын қорғау жөнінде міндеттерді іске асыру;
- қорғау аймақтары режимін белгілеу және сақтау жөнінде міндеттерді іске асыру;
- төтенше жағдайлар шартында іс-шараларды жүзеге асыру;
- бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру;
- су қоры жерлеріне қатысты қызметті жүзеге асыру;
- мемлекеттік су инспекциясы қызметіне басшылық жасау;
- су ресурстары туралы ақпараттық жүйелерді басқаруға қатысу;
- осы Кодекстің тарауына сәйкес уақытша ережелерді іске асыру;
- Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешиің құзыретіне осы Кодекспен жатқызылмаған су қатынастарын реттеу;
- суды пайдалануға рұқсатты беру;
б) ирригация, дренаж және басқада су шаруашылығы қызметі саласында:
- ирригациялық, дренаждық жүйе және су шаруашылығы имараттарын ұстау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, оңалту, жобалау және салу;
- мемлекетаралық мәні бар ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарын ұстау;
- суды пайдаланушылармен әзірленген суды жеткізуге жыл сайынғы шарттармен және келісімдерге сәйкес суды жеткізу;
- суды жеткізуге келісімдерге сәйкес суды пайдаланушылармен төлемді жинау;
- сәйкес ирригациялық комиссияға беру үшін әр ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарларды дайындау;
- ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарына мемлекеттік кадастрды жүргізу, паспорттау және олардың техникалық деңгейін көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау;
- мемлекеттік ирригациялық жүйелермен табиғи су нысандарынан алынған су көлемдерінің есебі және суды пайдаланушылармен олардан суды жеткізу көлемдерінің есебі;
- мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін тағайындалған мемлекеттік су қорының жерлерін басқару;
- шет елдік инвесторларды қоса қаржыландыру көздерін көрсетумен подготовка целевых программ и проектов с  указанием  источников финансирования, включая иностранные инвестиции;
- мемлекеттік меншікте тұрған су қоаймалары мен су шаруашылығы имараттарының айналасындағы каналдар, коллекторлар бойындағы орман қорғау екпелерін отырғызу, және оларды күту;
- мемлекеттік мелиоративтік кадастрын әзірлеу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.
3. Мемлекеттік су әкімшілігінің аумақтық органы осы Кодекстің 5 бабына сәйкес негізгі бассейндердің шекарасында ұйымдастырылған бассейндік су әкімшілігі, сондай-ақ мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелер және/немесе су шаруашылығы имараттарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар болып табылады.
4. Мемлекеттік су әкімшілігінің қызметі туралы жыл сайнығы есеп су жөніндегі Ұлттық кеңеспен бекітіледі.
5. Мемлекеттік су әкімшілігінің құрылымы мен қызметі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен реттеледі.

12 бап. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыреті

Осы Кодексті іске асыру бойынша Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- мемлекеттік мониторингті өткізуге қатысу;
- Мемлекеттік су әкімшілігімен берілген суды пайдалануға рұқсатты келісу;
- су классификациясы мен су нысандарында және су айдындарында стандаттарды әзірлеу және келісуге қатысу;
- су нысандарына тастауға тыйым салынған қауіпті заттардың тізімін Қырғыз Республикасының Үкіметіне дайындау және беру;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат беру;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты тоқтату, алып астау немесе өзгерту;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты тіркеуді жүргізу;
- суды қорғау бойынша жұмысты өткізу;
- төменгі экологиялық ағынды белгілеу бойынша ұсынысты келісу;
- өзендер құрылған таулы аумақтарды ағынды құру аймағы ретінде жариялау бойынша ұсынысты келісу;
- суды қорғау аймақтарын белгілеу бойынша ұсынысты келісу.

13 бап. Уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган және оның құзыреті

Уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган және оның құзыреті енеді:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңестің және бассейндік кеңестің жұмысына қатысу;
- осы Кодекстің бабына сәйкес әзірленген су классификациясын келісу және  су нысандары бойынша осы сулардың стандарттарын бекіту;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттары мен су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты келісу;
- ластанудан үстіңгі және жер асты суларын қорғау санитарлық нормалары мен тәртіптерін әзірлеу;
- санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкес шаруашылық, ауыз су және тұрмыстық суды пайдалану үшін үстіңгі сулардың жарамдылығын анықтау;
- ластанудан үстіңгі және жер асты суларын қорғау ережелері мақсатында ауыз су, тұрмыстық сумен қамту үшін пайдаланылатын су нысандарын санитарлық қорғау аймақтары шекарасын келісу;
- су нысандарына ағынды суларды бұру шартын келісу;
- суды пайдаланушымен жүзеге асырылатын суды пайдаланудың жақын жердегі тармақтарын және ағынды суларды жоғары жіберу су нысанында су сапасын бақылау тәртібін келісу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.

14 бап. Гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыреті

Осы Кодексті іске асыру бойынша Гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат және суды пайдалануға рұқсатты келісу;
- суға ұңғыманы бұрғылауға рұқсатты келісу;
- бұрғылауға кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқыққа лицензия беру;
- ластанудан жер асты суларын қорғау бойынша ережені дайындау және басшылыққа алу;
- жер асты суларын қорғау аймақтарын белгілеу бойынша ұсыныстарды дайындау;
- осы Кодекспен анықталған басқада міндеттер.

15 бап. Гидрометеорология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және төтенше жағдайлар бойынша уәкілетті мемлекеттік орган

1. Осы Кодексты іске асыру бойынша төтенше жағдайлар жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөнінде Ұлттық кеңес жұмысына қатысу;
- су тасу, сел өту және құрғақшылық туралы ұлттық ақпарат жүйесін құру бойынша ұсыныстарды келісу;
- су тасу және сел өту жағдайында жоспарларды кезеңді түрде жаңарту және Мемлекеттік су әкімшілігімен бірігіп дайындау.
2. Осы Кодексті іске асыру бойынша гидрометеорология бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне енеді:
- су және бассейндік кеңес бойынша Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- су ресурстары мониторингіне жататын міндеттерді іске асыру;
- мемлекеттік су кадастры және мемлекеттік мелиоративтік кадастрының ақпараттық жүйелерін жүргізу бойынша міндеттерді іске асыру.

16 бап. Жергілікті мемлекеттік әкімшілік органдарының құзыреті

1. Осы Кодексті іске асыру мақсаты үшін жергілікті мемлекеттік әкімшілігі органдарының құзыретіне енеді:
- санитарлық қорғау аймағының орналасуын, көлемі мен режимін бекіту;
- бассейндік кеңестің жұмысына қатысу;
- суды қорғау аймағына қатысты ережелерді бекіту және іске асыру бойынша мәселелерді келісу;
- су тасу және селдің өтуімен зақымданған аумақтарда жұмысты жүзеге асыру және қызметті реттеу бойынша нормативтік актілерді қабылдау.
2. Қырғыз Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша осы Кодексте анықталған міндеттерді іске асыратын жергілікті мемлекеттік әкімшілік органы анықтайды.

3 ТАРАУ. СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ МОНИТОРИНГІ

17 бап. Су ресурстарының мемлекеттік мониторингі

1. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі осы Кодекске сәйкес өз міндеттерін орындауға су жөніндегі Ұлттық кеңеске, Мемлекеттік су әкімшілігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органға мүмкіндік беретін су ресурстарының мониторингінің тиімді жүйесін белгілейді.
2. Қырғыз Республикасының Үкіметі мәлімет мониторингін, жинау, талдау және тапсыруды жүзеге асыруда Мемлекеттік су әкімшілігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және басқада мемлекеттік органдардың қызметін реттеуге жататындар:
- Қырғыз Республикасында су ресурстарының санына;
- Қырғыз Республикасында су ресурстарының сапасына;
- Қырғыз Республикасында су ресурстарын пайдалануға;
- су сапасының стандарттарына сәйкестігіне;
- мүмкін су тасуларға, селдерге және құрғақшылыққа;
- су экожүйесінің жағдайына;
- су ресурстары мен су нысандарының жағдайына әсер ететін атмосфералық сипаттамаға.
3. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі мына ережелерді бекітеді:
- су ресурстарының мониторингі үрдістері, стандарттары және әдістері туралы;
- Мемлекеттік су әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекетік орган беретін мәліметтің кезеңділігі мен құрамы туралы.
4. Осы бапқа сәйкес жиналған мониторинг бойынша ақпарат мемлекеттік су кадастрының бөігі болып табылады.

18 бап. Ұлттық су стратегиясы

1. Ұлттық су стратегиясы су жөніндегі Ұлттық кеңеспен әзірленеді және Қырғыз Республикасының Президентімен бекітіледі.
2. Ұлттық су стратегиясы су қорын дамыту, пайдалану және қорғауға қатысты жоспарларды, бағдарламаларды, құжаттарды, шешімдерді немесе іс-әрекеттерді әзірлеудің негізгі принциптерін және ережелерін белгілейді.
3. Ұлттық су стратегиясы осы баптың ережелеріне сәйкес әзірленеді, және анықтайды:
- су нысандарында су ресурстарының саны мен сапасын және оларды барлық экономика секторында пайдалану;
- су бойынша қатынастарға жататын мемлекетаралық келісімдер мен экологиялық қажеттіліктерді назарға алып судың пайдаланылмаған  ағын көлемі;
- экономиканың әр секторы үшін суға қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді тұтынушылық;
- институтциялық қайта құру және оны жүзеге асыру үшін қажетті әкімшілік шаралар;
- суды бөлу бойынша талаптарды қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы технологиялар мен стратегиялар;
- бассейндік жоспарлар есебімен бассейнаралық қайта бөлу мүмкіндігі мен тұтынушылығы.
4. Ұлттық су стратегиясын бекітуден кейін Мемлекеттік су әкімшілігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең қоғамдастыққа дейін жеткізуі тиіс.
5. Барлық мемлекеттік органдар осы Кодекске сәйкес өзінің міндеттерін жүзеге асыруда Ұлттық су стратегиясын іске асырады.
6. Су жөніндегі Ұлттық кеңес бес жылда бір реттен жиі емес Ұлттық су стратегиясын қайта қарайды және қажет болғанда Қырғыз Республикасыныңы Президентіне қарауға және бекітуге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

19 бап. Мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламалары

1. Қырғыз Республикасының Үкіметі мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламаларын әзірлейді және оларды инвестициялау және қаржыландыруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламасы құрылыс, оңалту және жетілдіруді қосуы тиіс:
- ирригациялық және дренаждық жүйелерді, оның бойында орман қорғау екпелерін отырғызуды қоса;
- гидроэлектростанциялар;
- қалалар мен аудандық орталықтарды коммуналдық сумен қамту жүйелері;
- ауылдық жергілікті мекендерді сумен қамту жүйелері;
- ағынды суларды тазалау бойынша қондырғылар.
3. Қырғыз Республикасының Үкіметі бес жылда бір реттен жиі емес мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламасын қайта қарайды.

20 бап. Су ресурстарын дамыту, пайдалану және қорғау бойынша бассейндік жоспарлар

1. Мемлекеттік су әкімшілігі әр басты бассейндер үшін қажетті бағдарлама мен кестелерді әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2. Бассейндік жоспарлар жобасы бассейндік кеңеспен әзірленеді және су жөнінде Ұлттық кеңеспен бекітіледі.
3. Бассейндік жоспар:
- аз су, құрғату, су басу, ластану және бассейнде бөгеттің бұзылуы қауіпін бағалау енеді және осындай қауіптерді болдырмау, қалпына келтіру немесе азайтуға талап етілген шығындар;
- ластану аумақтық көздерінің қауіпі бар аумақтарды анықтайды;
- қолданыстағы қорғау аумақтарына шолудан тұрады;
- су басу және сел өту қауіпі бар аумақты анықтайды, және осындай аумақтарда тыйым салынуы немесе шектелуі тиіс қызмет түрлері.
4. Қосымша бассейндік жоспар болады:
- бассейн ішінде су ресурстарының саны мен сапасын бағалауды енгізеді;
- әртүрлі мақсаттарға оны пайдалану көлемі бойынша суға қолданыстағы және әлеуетті тұтынушылықты белгілейді;
- халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді және қоршаған ортаның талаптары есебімен, мүмкін қосымша пайдалану үшін су қорын анықтайды;
- халықтың және экологиялық қажеттіліктері үшін суды тұтынушылығын анықтайды;
- мүмкін қаржылық көздерді анықтаумен инвестициялық және қаржылық тұтынушылықты бағалайды;
- экономиканың әртүрлі секторлары арасында суды пайдаланушылардың құқықтарын мүмкін шектеу және суды пайдалану үшін басымдылықтарды белгілейді;
- орманды қорғау екпелерін отырғызуды жүргізетін және ауыл шаруашылығы жер-суларын қорғау бойынша жағалауды бекіту дамбаларын салуды жүзеге асыру қажет орындарды анықтайды;
- қиыршық тас пен басқада материалдарды алуды жүзеге асыруы мүмкін аумақты анықтайды.
5. Мемлекеттік су әкімшілігі бассейндік жоспарларды дайындау бойынша процедураларды белгілейді, олар жоспарлар жобаларын талқылау барысына суды пайдаланушыларға қатысу мүмкіндігін береді.
6. Мемлекеттік су әкімшілігі мен сәйкес бассейндік су әкімшілігі осы Кодекске сәйкес өз міндеттерін жүзеге асыруда сәйкес бассейндік жоспарды іске асырады.
7. Бассейндік жоспарлар әр бес жыл сайын сәйкес бассейндік кеңеспен қайта қаралады және су жөніндегі Ұлттық кеңеске қарауға енгізіледі.

4 ТАРАУ. СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АЛУ

21 бап. Суды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Қырғыз Республикасының су ресурстары осы Кодекстің ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
2. Су ресурстарын пайдалануға енеді:
- үстіңгі және жер асты су нысандарынан суды алу;
- басқа адамға жеткізу үшін алынған суды жеткізу;
- ауыз және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін суды пайдалану;
- аула маңындағы учаскелерді суару үшін суды пайдалану;
- суару және малды суару үшін суды пайдалану;
- суару үшін ағынды суларды пайдалану;
- электроэнергиясын өндіру үшін суды пайдалану;
- өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік мақсаттар үшін суды пайдалану;
- балық аулауға және балық шаруашылығы үшін суды пайдалану;
- спорттық және сауықтыру мақсаттары үшін суды пайдалану;
- бөгеттен төмен немесе су шаруашылығы имараттарында суды жинау және бөгендеу;
- су нысанында су ағынын бұру, шектеу немесе өзгерту;
- түбін, жайылмасын, жағалауын өзгерту, су нысанының ағысы немесе сипаттамасы, осы су нысандарынан қиыршық тасты  және басқада материалды алуды қоса;
- тұздалған жерлерді шаю үшін суды пайдалану.
3. Суды пайдаланушылардың міндеті:
- ластануды болдырмай суды үнемді пайдалану;
- осы Кодекстің барлық шарттарын қоса суды пайдалануға белгіленген құқықтармен шарттар мен міндеттерді сақтауға, сондай-ақ суды жеткізуге келісімшартта немесе суды пайдалануға арнайы рұқсатта, суды пайдалануға рұқсатта көрсетіледі;
- басқада құқылы суды пайдаланушылардың құқығын бұзбауға.
4. Суды пайдаланушылардың құқы бар:
- осы Кодекстің ережелеріне сәйкес суды пайдалануға;
- су ресурстарын басқару бойынша шешім қабылдауға қатысуға;
- осы Кодекспен анықталған ережелерге сәйкес суды пайдалануға олардың құқытарын жоққа шығару немесе шектеу жағдайында өтемақыға;
- осы Кодекстің ережелеріне сәйкес су нысандарының саны, сапасы мен пайдалану туралы ақпаратқа;
- спорттық және сауықтыру іс-шараларын өткізу, демалу, туризм үшін су нысандарын пайдалану.

22 бап. Суды пайдалануға рұқсатсыз су ресурстарын пайдалану

1. Үстіңгі су ресурстары мына мақсаттарда суды пайдалануға рұқсатсыз пайдалануға болады;
- ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамту, малды суару және басқада жеке тұтынушылықтар имараттар мен техникалық қондырғыларды пайдаланусыз;
- рекреацияға;
- өртке қарсы қажеттіліктерге;
- имараттар мен техникалық қондырғыларды пайдаланусыз орам маңындағы және саяжайлық учаскелерді суаруға;
- суды жеткізуге келісімшартқа сәйкес және негізде тікелей және жанама су жеткізілген жағдайда;
- суды пайдаланушылар қауымдастығымен сумен қамтуға құқылы тұлғамен жерді суаруға.
2. Жер асты су ресурстары осы Кодекстің 42 бабы 2 тармағы ережелеріне сәйкес аула маңындағы учаскелерді суару және малды суару, шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін суды пайдалануға рұқсатсыз пайдалануы мүмкін
3. Мемлекеттік су әкімшілігі суды пайдалану бойынша белгіленген талаптарды бұзғанда, Қырғыз Республикасының барлық аумағында немесе анықталған аумақта құрғақшылық, аз су кезеңінде, судың нашар сапасында, радиация мен ауру тараған немесе ол үшін қауіп туған кезде осы баптың 1 және 2 тармақтарында анықталған мақсаттарға суды пайдалануды шектеу немесе тыйым салуы мүмкін.

23 бап. Суды пайдалану, ол үшін рұқсат алу талап етіледі

1. осы Кодекске сәйкес Мемлекеттік су  әкімшілігімен берілген суды пайдалануға рұқсат негізінде ғана Қырғыз Республикасында суды пайдаланушылардың келесі қызмет түрлері немесе іс-әрекеттері жүзеге асырылуы тиіс:
- 5л/сек жоғары жиынтық өндірушілікпен қозғалмалы сорғы станциялары суды алу үшін қолдануды қоса стационарлық су шаруашылығы имараттарын пайдаланумен үстіңгі суларды алу, жеткізу және пайдалану;
- осы Кодекстің 5 тарауына сәйкес жасалған суды жеткізуге келісімшартқа сәйкес басқад адамға жеткізу үшін суды алу және жеткізу;
- осы Кодекстің 42 бабы 2 тармағында анықталған жағдайлардан басқа жер асты суларын пайдалану;
- суару үшін ағынды суларды пайдалану;
- бөгеттен және/немесе басқа су шаруашылығы имаратында суды жинау және бөгендеу;
- электрэнергиясы, балық аулау, балық шаурашылығы немесе басқада экономикалық қызметті өндіру үшін суды жинау және бөгендеу;
- су нысанында су ағынын бұру, шектеу немесе өзгерту;
- су нысаны түбін, жағалауын немесе сипаттамасын, түбін өзгерту;
- су қоры жерлерінен және су нысандарынан қиыршық тастар мен басқада материалдарды алу.
2. Суды пайдалануға рұқсат он бес жылға беріледі, мына жағдайлардан басқа:
- егер суды пайдалануға өтінім берген кезде су алушы аса қысқа мерзімді белгілеуді сұрағанда;
- егер суды пайдалануға рұқсат жоғарғы мерзім бес жылға берілетін қиыршық тас немесе басқада материалдарды алуға жатқызылғанда.
Суды пайдалануға рұқсат атаулы сипаты бар және осы Кодекстің 30 бабына сәйкес қана берілуі тиіс.
3. Арнайы суды пайдалануға рұқсат құрылысқа, жетілдіру немесе оңалтуға ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асырған жағдайда Қырғыз Республикасының Үкіметімен елу жылға дейінгі мерзімде берілуі мүмкін:
- гидроэнергетикалық және басқа мақсаттар үшін бөгет;
- ауыз суды жеткізу үшін су шаруашылығы имараттар;
- ирригациялық және дренаждық желілер.
4. Суды пайдалануға рұқсат беру суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса осы Кодекспен, сондай-ақ соларға сәйкес әзірленген басқада нормативтік құқықтық актілермен  реттеледі.

24 бап. Суды пайдалану бойынша басымдылықтар

Суды пайдалануға арнайы рұқсат, суды пайдалануға рұқсат негізінде пайдалану үшін, жер асты суларын қоса, суды бөлу, суды пайдалану мақсаттары үшін негізделген басымдылықтар тәртібі белгіленетін бассейндік жоспарын бекіткенге дейін келесі басымдылықтар есебімен жүзеге асырылады:
- ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін суды пайдалану;
- суару және малды суару мақсаттары үшін суды пайдалану;
- электрэнергиясын өндіру мақсаттары үшін суды пайдалану;
- таулы және аграрлық өнеркәсіпті қоса өнеркәсіп үшін суды пайдалану;
- балық аулау және балық шаруашылығы мақсаттары үшін суды пайдалану;
- спорттық және сауықтыру мақсаттары үшін суды пайдалану;
- басқада мақсаттар үшін суды пайдалану.

25 бап. Суды пайдалануға рұқсаттың мазмұны

1. Суды пайдалануға әр рұқсатта көрсетіледі:
- рұқсат берілген қызмет;
- рұқсаттың иесі алуға, жинауға, бұруға және пайдалануға құқы бар судың көлемі, немесе тіркелген көлемде, не болмаса ағыннан үлесте;
- осы Кодекстің 86 бабында 2 тармағында анықталған шарт, қиыршық тасты және басқада материалдарды алуға рұқсат жағдайында;
- кейін ағыс көлемі, кейін ағысты бұру орны мен оның болуы;
- суды пайдаланатын мақсаты;
- суаруға суды пайдалану жағдайына жататын жер алаңы;
- рұқсаттың қызмет мерзімі;
- Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының заңнамасымен бегіленген басқада шарттар.
2. Суды пайдалануға әр рұқсат келесі жалпы талаптарды мазмұндайды, ол бойынша рұқсат иесі тиісті:
- қоршаған ортаға зиян келтірмей және ластауды болдырмай нақты мақсаттарға суды тиімді пайдалануға;
- суды пайдалануға рұқсат берумен байланысты барлық шығындарды төлеуге;
- Мемлекеттік су әкімшілігі талаптарына сәйкес су көлемін өлшеу үшін имараттар немесе құралдарды орнатуға рұқсат беру немесе орнату;
- Мемлекеттік су әкімшілігінің талаптарына сәйкес дренажды және кері ағынды қоса, пайдаланылған су көлемінің есебін жүргізу;
- Мемлекеттік су әкімшілігіне суды пайдалануға рұқсатқа жататын суды жеткізуге келісімшартпен анық ақпарат беруге, егер суды пайдалануға берілген рұқсаттың иесі жеткізуші болған жағдайда осындай келісімшартқа кез-келген өзгерістер мен толықтырулар ұсынуға;
- Мемлекеттік су әкімшілігінің суды пайдалануға қатысты ақпаратты егер бұл су ресурстарын басқару үшін негізделген және қажетті болған жағдайда береді.
3. Суды пайдалануға рұқсат арнайы шарттаны тұруы мүмкін, оған енеді:
- суды пайдалану;
- суару жағдайында жер асты сулары деңгейіне қатысты талаптарды сақтау;
- суды пайдалануда маусымды немесе уақытша өзгерістер;
- аумақтық ластану әсерін төмендететін шаралар;
- қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша шаралар;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен қажеттілігі анықталған басқада арнайы шарттар.
4. Ауыз су мақсаты үшін суды алуға және жеткізуге берілетін суды пайдалануға рұқсат беру рұқсат иесін «Ауыз су туралы» Қырғыз Респубикасы Заңына сәйкес санитарлық-гигиеналық және қаржылық талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды.

26 бап. Суды пайдалануға рұқсат алуға өтінім және оны іріктеу

1. Суды пайдалануға рұқсатты алуға өтінім Мемлекеттік су әкімшілігіне жазбаша түрде беріледі.  Суды пайдалануға әр өтінім стандартты түрде беріледі, онда мазмұндалады:
- өтінім жатқызылатын жоспарланған пайдалануға саралама сипаттама;
- жоспарланған пайдалануға жататын су шаруашылығы имараттары немесе басқада жабдықты орналасуымен жоспарланған пайдаланудың орналасқан орнын сипаттау және жоспар;
- Қырғыз Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда экологиялық сараптау;
- пайдалану үшін тұтынатын судың көлемін, сондай-ақ дренаждық және ағынды суларды бұру және кері ағыс көлемін сипаттау;
- пайдаланылатын және бұрылатын судың көлемін есептеу ұсынылған өлшем бірліктерін сипаттау.
2. Өтінімді алған күннен 30 күн ішінде Мемлекеттік су әкімшілігі өтінімге қатысты учаскеге зерттеу өткізуі тиіс, кейін жергіікті бұқаралық ақпарат құралдарында өтінім туралы хабарландыруды жариялайды. Учаскені зерттеу және жариялау бойынша негізделген шығындарды өтініш иесі төлейді.
3. Басқада заңды немесе жеке тұлғалардың құқықтарына зиян келтіретін немесе бұзатын суды пайдалануға өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде Мемлекеттік су әкімшілігіне арыздануы мүмкін.
4. Өтінімдерді қарау және іріктеу барысында Мемлекеттік су әкімшілігі келісуді өткізуі тиіс:
- қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен;
- егер өтінім жер асты суларын пайдалануға немесе қиыршық тас және басқада материалдарды алуға қатысты болса, гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен;
- орманды қорытудан басқа барлық жағдайларда уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен.
Осындай келісімдер үшін Қырғыз Республикасының Үкіметі үрдістерді анықтайды.
5. Суды пайдалану су нысандарына қалдықтарды, ағынды суларды және ластаушы заттарды тастаумен беттескен жағдайда суды бұруға рұқсат және жаңадан суды пайдаланушылар үшін суды пайдалануға рұқсатпен бір уақытта рәсімделеді. Барлық жағдайларда суды пайдалануға рұқсат алуға берілген өтінімдер осы баптың ережелеріне сәйкес осы Кодекстің 52 бабының ережелеріне сәйкес суды бұурға рұқсат алуға берілген өтінімге сәйкес келуі тиіс.
6. Мемлекеттік су әкімшілігі суды пайдалануға арнайы рұқсаттан басқа осы баптың тармағына сәйкес суды пайдалануға рұқсатқа әр өтінімді іріктеуді өткізеді.
7. Мемлекеттік су әкімшілігі осы баптың 8 тармағына сәйкес суды пайдалануға арнайы рұқсатты беру үшін Қырғыз Республикасы Үкіметіне қарау және іріктеу үшін жазбаша қорытындымен Қырғыз Республикасы Үкіметіне әр төтінімді береді.
8. суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсат алуға әр өтінім қарастырылады, есебімен:
- Ұлттық су стратегиясы;
- жеткілікті су ресурстарының саны болуы;
- халықаралық құқық бойынша Қырғыз Республикасының міндеттері мен сәйкес бассейндік жоспарда суды бөлу;
- суды пайдалану бойынша белгіленген басымдылықтар;
- басқада суды пайдаланушылармен суды пайдалануға қолданыстағы құқы және суды пайдалануға рұқсат беру жағдайында ;
- Қырғыз Республикасының замнамасымен қарастырылған қоршаған ортаға әсер етуін бағалау немесе кез-келген экологиялық сараптама мазмұны;
- өтінімге кез-келген жазбаша қарсылық;
- осы Кодекстің 64 бабында анықталған судың төменгі экологиялық ағын жағынан су нысандарына экологиялық талаптар.
Суды пайдалануға жаңа рұқсатты алуға әр өтінімді қарастыруда осы Кодекстің 28 бабында анықталған жағдайлардан басқа, осы Кодекске сәйкес берілген суды пайдалануға қолданыстағы рұқсат бойынша адамдардың құқықтарын шектеу рұқсат етілмейді.
9. 30 күн ішінде Қырғыз Республикасының Үкіметі суды пайдалануға арнайы рұқсат алуға өтінімді қарастырғанда және суды пайдалануға рұқсат алуға өтінімді қарастырған кезде суды пайдалануға рұқсат алғанда өтінімді қарастырған кезде Мемлекеттік су әкімшілігі жазбаша түрде өзінің шешімі туралы (келісу немесе бас тарту) өтініш иесіне хабарлайды.  Бас тарту дәлелденуі тиіс.
10. Суды пайдалануға рұқсатқа өтінімнен бас тартылған жағдайда, суды пайдалануға арнайы рұқсаттан басқа, шешімді қайта қарау туралы Мемлекеттік су әкімшілігінің басшысына өтініш иесі жазбаша өтініш беруі тиіс; қайта қарау өтінішті алу бойынша 60 күн ішінде өтуі тиіс. Қайтадан бас тарту кезінде жазбаша негіздеме беріледі.

27 бап. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша тоқтату және рұқсатты өзгерту

Суды пайдалануға рұқсат және арнайы суды пайдалануға рұқсат мына жағдайларға сәйкес Қырғыз Республикасы Үкіметімен және Мемлекеттік су әкімшілігімен уақытша тоқтатылуы және/немесе өзгеруі мүмкін:
а) құрғақшылық немесе аз су кезінде;
б) рұқсат иесінің рұқсат шарттарын бұзған жағдайда;
в) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
г) «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына немесе осы Кодекстің 70 бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдайды немесе экологиялық зілзаланы жариялаған жағдайда.

28 бап. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша өзгерту немесе жоққа шығару

1. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша өзгертіледі немесе жоққа шығарылады:
а) сәйкес бассейндік жоспарлармен және қоғамдық мүдделерге сәйкес басқа мақсаттар үшін суды қайта бөлу қажеттілігі жағдайында;
б) уақытша тоқтатылған немесе өзгертілген рұқсаттың қызмет мерзімі өтуіне және шартын рұқсат иесімен сақталмаған жағдайда;
в) осы Кодекстің 30 бабын бұзумен рұқсатты берген жағдайда;
г) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
д) рұқсат берілген суды үш жыл қатарына пайдаланбаған жағдайда;
е) рұқсат иесінің қызметін тоқтатқан немесе қаза болған жағдайда;
ж) осы Кодекспен анықталған жауапкершілікке рұқсат иесін тартқан жағдайда.
2. Суды пайдалануға рұқсат Мемлекеттік су әкімшілігімен жоққа шығарылуы немесе уақытша өзгертілуі мүмкін. Суды пайдалануға арнайы рұқсат Қырғыз Республикасының Үкіметімен жоққа шығарылуы немесе уақытша өзгертілуі мүмкін. Арнайы суды пайдалануға рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты жоққа шығару немесе уақытша өзгерту туралы шешім соттық тәртіпте арыздануы мүмкін.
3. Суды пайдалануға рұқсатты өзгерту туралы өтінімге Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережесімен анықталған барлық қажетті ақпарат, өтінімді қарауға шығындарды төлеу туралы түбіртек қоса беріледі.
4. Егер рұқсат иесі суды жеткізуші болып табылғанда, Мемлекеттік су әкімшілігі рұқсатты жоққа шығару немесе өзгерту алдында суды пайдалануға рұқсатқа қатысты суды жеткізуге барлық келісімшарттарды ескеруі тиіс. Осы баптың 1 тармағындағы «б», «г», «д», «е», «ж» тармақшаларына сәйкес рұқсатты жоққа шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, Мемлекеттік су әкімшілігі немесе Қырғыз Республикасының Үкіметі осы суды алуға келісімшарты бар бір немесе бірнеше адамға, немесе олардың үміткерлеріне тиісті рұқсат тапсырылуы мүмкін.
5. осы баптың 1 тармағының «а» тармақшасына сәйкес рұқсатты жоққа шығару немесе уақытша өзгерту жағдайында:
- рұқсат иесіне баламалы су көзінен эквиваленттік су көлеміне жаңа рұқсат берілуі тиіс;
- немесе баламалы су көзі болмаған жағдайда өтемақы төленеді
Өтемақыны төлеу Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырылады.
6. Өтемақы сомасы тараптар арасында келісілмеген жағдайда іс сот тәртібінде шешіледі. Рұқсат иесі суды жеткізуші болған жағдайда рұқсатқа қатысты суды жеткізуге келісімшарттар иесі, егер олар басқа су көзінен қамтамасыз етілмегенде, өтемақы алуға құқы бар.

29 бап. Суды пайдалануға рұқсатты ұзарту

1. Рұқсатты берген мерзім өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей оның иесі аса қысқа уақытқа немесе келесі он бес жыл кезеңіне рұқсаттың мерзімін ұзартуға Мемлекеттік су әкімшілігіне өтінім беруіне болады.  Өтінімге Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережелермен анықталған құжаттар қоса беріледі. Өтінім берген уақытта суды пайдалануға сәйкес рұқсат өтінімді соңына дейін қараған уақытқа өз күшінде қалады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі суды пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартады, сәйкес бассейндік жоспарда белгіленген басымдылықтан басқа қолданыстағы рұқсатқа қарсы су көлемін төмендету қажет болған жағдайда немесе рұқсаттың мерзімін ұзартудан бас тарту үшін мәнді қоғамдық мүдделері болуына байланысты басқа мақсаттар үшін барлық суды немесе бөлімдерін қайта бөлу жоспарланады.   Мемлекеттік су әкімшілігі қолданыстағы рұқсатпен қарастырылған судың аз көлемін пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе суды пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзартуға өтінімді қанағаттандырудан бас тарту бойынша өз шешімінің жазбаша негіздемесін береді.
3. Суды пайдалануға арнайы рұқсат жатқызылатын инвестициялар бойынша шығындарды рұқсат қызметінің бастапқы мерзімі қалпына келтірмейтіндігін рұқсат иесі дәлелдейтін жағдайларда Қырғыз Республикасы Үкіметімен ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайларда рұқсат иесі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережелерге сәйкес мерзімін ұзарту қажеттілігіне негізделетін мәліметтермен ұзартуға өтінімді жолдайды.

30 бап. Суды пайдалануға рұқсатты тапсыру

1. Суды пайдалануға рұқсаттың иесі және суды пайдалануға арнайы рұқсат иесі суаруға қатысты рұқсаттан басқа, бөгде адамға рұқсатты тапсыра алады.
2. Суару үшін суды пайдалануға рұқсат осы баптың 3 тармағына сәйкес қана берілуі мүмкін.
3. Суару үшін суды пайдалануға рұқсаттың иесі, жер учаскесін сатады немесе рұқсаттың қатысы бар жер қатынастарында өзінің мүдделерімен өкілеттік етеді, оған рұқсат жатқызылады, Мемлекеттік су әкімшілігіне рұқсаттан бас тартуы немесе жаңа иесіне тапсыруға не болмаса жер иесіне тапсырылуы мүмкін.
4. Егер жаңа иесі немесе пайдаланушы екі ай ағымында келісім жасағаннан кейін рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінде қайта тіркелгенде тапсырылған рұқсат жарамды болып табылады.
5. Рұқсаттың иесі қаза болғанда немесе қызметі тоқтатылған жағдайда оның мұрагері немес құқықтық мұрагері суға құқық берген күннен екі ай ағымында суды пайдалануға рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінен қайта тіркеуден өтуге міндетті.

31 бап. Суды пайдалануға рұқсатты беруге, өзгертуге, жаңартуға және тіркеуге әкімшілік төлем

1. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты беруге, өзгертуге, мерзімін ұзартуға және тіркеуге әкімшілік төлем Мемлекеттік су әкімшілігімен өтеледі.
2. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты беру, өзгерту, мерзімін ұзарту және тіркеуге әкімшілік төлем көлемі жариялау бойынша негізделген шығынды қоса, сәйкес өтінімдерді қарауға жауапты мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік су әкімшілігінің нақты әкімшілікі және басқада шығындардың есебімен Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.

32 бап. Суды пайдалануға рұқсатты тіркеу

Мемлекеттік су әкімшілігі тіркеуді жүргізуге міндетті, оған енеді:
- осы Кодекске сәйкес берілген суды пайдалануға барлық рұқсаттың ұқсас мазмұны;
- жаңа рұқсаттарға немесе қолданыстағы рұқсаттарды өзгертуге қатысты барлық берілген өтінімдердің ұқсас мазмұны;
- рұқсат шартына сәйкес Мемлекеттік су әкімшілігіне рұқсат иесі жолдаған мониторинг бойынша кез-келген ақпарат;
- суды пайдалануға рұқсат иесі суды жеткізуші болып табылған жағдайда рұқсатқа қатысты суды жеткізуге барлық келісімдерді ұқсас мазмұны;
- рұқсатқа қатысты мемлекеттік су инспекциясымен салынған барлық айыппұл мен тұрақсыздықтың ұқсас мазмұны.

5 ТАРАУ. СУДЫ ЖЕТКІЗУГЕ КЕЛІСІМШАРТ НЕГІЗІНДЕ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ

33 бап. Суды жеткізуге келісімшарт

1. Суды жеткізушімен тікелей сумен жабдықталатын суды пайдаланушылар осы тараудың ережелеріне сәйкес келісімшартты жасау мәселесі жөнінде хабарласуына болады.
2. Осы баптың 1 тармағына сәйкес өтінімді алғанда суды пайдаланушылар қауымдастығы, өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе муниципалды органдар, қалада және басқада жергілікті мекендерде суды беруге жауаптылардан суды жеткізуші суды жеткізуге олармен келісімшарт жасалуы тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес өтінімді алғанда кез-келген басқа су пайдаланушылардан суды жеткізуші суды жеткізуге олармен келісімшарт жасайды, бірақ ол «Суды пайдаланушылар бірлестігі (қауымдастығы) туралы» Қырғыз Республикасы Заңына сәйкес суды пайдаланушылар қауымдастығымен қызмет көрсетілетін аймақта орналасқан жерді пайдаланатын немесе иеленетін адаммен суды жеткізуге келісімшарт жасай алмайды.

34 бап. Суды жеткізуге келісімшарт қызметінің мерзімі және олар бойынша суға құқықты белгілеу

1. Суды жеткізуге әр келісімшарт он бес жыл мерзімге жасалады; суды пайдаланушы өтініміне сәйкес ол басқа қысқа мерзімге жасалмайды.
2. Әр келісімшартта суды пайдаланушылармен суды жеткізуге жоғарғы және төменгі құқықтары айтылады.
3. Суға жоғарғы құқық астында суды пайдаланушы суды жеткізушіге алу үшін хабарласуы мүмкін, су ресурстарынан жоғарғы жылдық су көлемі көрсетіледі.
4. Суды жеткізуге төменгі құқық астында төтенше жағдайларға байланысты немесе құрғақшылық немес аз сулылыққа байланысты осы Кодекстің 27 бабына сәйкес өзгертілмеген немесе тоқтатылмаған суды жеткізушіге суды пайдалануға берілген рұқсат жыл сайын суды жеткізуші суды пайдаланушыға беруі тиіс төменгі су көлемі көрсетіледі.

35 бап. Суды жеткізуге келісімшарт бойынша суға құқықтарды анықтау

1. Суды жеткізуге әр келісімшартқа қатысты суды жеткізуге жоғарғы құқық және төменгі құқық жеткізушімен анықталады және келесі белгілерге сәйкес келеді:
- ирригациялық жүйелерден, су шаруашылығы имараттарынан немесе ауыз сумен қамту жүйелерінен су пайдаланушы немесе оның мұрагері пайдаланған нақты су көлемімен ирригациялық жүйелер, су шаруашылығы имараттары немесе ауыз сумен қамту жүйелерінің жобалық параметрлері есебімен және соңғы жиырма жыл немесе одан ұзақ кезеңдегі мәліметте айқындалған;
- суды пайдаланушымен өтінілген су көлемі;
- ұқсас мерзімге сол ирригациялық жүйеден барлық суды пайдаланушымен, суды жеткізушімен немесе оның мұрагерімен жеткізілген жиынтықты жылдық су көлемі;
- сол ирригациялық жүйенің немесе су шаруашылығы имарттарынан суды жеткізушіден суды алатын басқада суды пайдаланушылардың қолданыстағы құқықтары.
2. Әр ирригациялық жүйе немесе су шаруашылығы имараттары үшін әр суды пайдаланушыға суды жеткізуге жоғарғы құқық пен төменгі құқық өткен жылдарға – жиырма жылдан артық кезеңге құжаттар мен мәліметтердің болу негізінде анықталады.
3. Өткен жылдарға – өткен жиырма жылға суды пайдаланушымен немесе оның мұрагерімен суды алуын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ жаңадан салынған немесе жиырма жылдан бұрын салынған суды пайдалану нысандарының иелері мен пайдаланушылардың суға жоғарғы құқық және төменгі құқық Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық негізінде анқталады.

36 бап. Суды пайдалануға келісім бойынша суды бөлу

1. Суды жеткізуге келісімде ескерту уақыты анықталуы тиіс, оған әр суды пайдаланушы келесі жыл ағымында пайдалану үшін жоспарланған, сондай-ақ суды жеткізу ұсынығлан кестесі, су көлемі туралы жеткізушіге хабарлауы тиіс.  Суды пайдаланушы суды жеткізуге жоғарғы құқығына дейін су көлемін немесе аз көлемін өтінуге сұраныс беруі мүмкін.
2. Есркету алғаннан кейін төрт апта ағымында суды жеткізуші бар гидрометеорологиялық ақпарат негізінде анықтайды:
- келесі жылда су шаруашылығы имаратында немесе әр ирригациялық жүйеде жоспарланған жалпы су көлемінің болуы;
- олардың ескертуінде көрсетілген сұратылған көлемде әр суды пайдаланушыға суды жеткізу мүмкіндігі.
3. Осы баптың 2 тармағына сәйкес анықталған ирригациялық жүйеде жоспарланған судың болуы, сұратылған су көлемінде барлық суды пайдаланушылардың тұтынушылығын қанағаттандыруы мүмкін, онда суды жеткізуші суды жеткізу және оған төлем жүргізу кестесін қоса берумен суды жеткізуге жыл сайынғы шартты әр суды пайдаланушымен жасауы тиіс.
4. Осы баптың 2 тармағына сәйкес анықталған ирригациялық жүйеде жоспарланған су көлемі суды пайдаланушымен сұратылған су көлемдерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болғанда, онда суды жеткізуші пропорционалды негізде суды беру көлемін төмендету, суды жеткізуге келісімі бар әр суды пайдаланушыға ұсынуға тиіс.
5. Суды беру көлемін жоспарланған төмендету туралы суды пайдаланушыларды ескерткеннен кейін суды жеткізуші бір ирригациялық жүйеден немесе су шаруашылығы имаратынан суды алатын әр суды пайдаланушымен суды жеткізу кестесін келісуі тиіс.
6. Егер суды жеткізуге жыл сайынғы шартты жасаудан кейін гидрометерологиялық ақпарат нақтыланады және жыл сайынғы шарттар бойынша жеткізудің жиынтық көлеміне сәйкес сол келмейтін ирригациялық жүйеде немесе су шаруашылығы имаратында судың жалпы көлемінің болғанда, онда суды жеткізуші әр суды пайдаланушымен келісу бойынша суды жеткізу жаңа кестесін және оған төлемді қоса берумен жыл сайынғы шартқа өзгеріс енгізеді.
7. Жыл сайынғы шарт жасаған кезде жеткізілген су көлемін төмендету қарастырылады, онда жеткізуші Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген нұсқамаға сәйкес пропорционалдық негізде осы жүйе шарттарының иелері арасында суды таратуға міндетті.

37 бап. Суды пайдаланушылар өтініші бойынша суды қосымша жеткізу

1. Суды пайдалануға келісім иесі суға жоғарғы құқықтан асатын су көлемін жеткізуге су жеткізушісін сұрайды.
2. Су жеткізуші суды жеткізуге жоғарғы жеткізуден төмен көлемін сұрағанда ирригациялық жүйе ішінде басқа суды пайдаланушылардың нәтижесінде туындаған судың жұмсалуы есебінен үлкен көлемді қою мүмкін.  Егер суды пайдаланушылар суды жеткізуге жоғарғы құқықтан артық су көлемін сұрағанда, онда суды жеткізуші судың қосымша көлемін жеткізуге артық төлемді қоса, жыл сайынғы шартқа қосымша шарттар негізінде бір немесе артық суды пайдаланушыларға артық суды жеткізуі мүмкін.
3. Қосымша су көлемдерін жеткізу тетігі мен процедурасы және осыған байланысты осы баптың 2 тармағына сәйкес суды жеткізуге шартты өзгерту Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен анықталады.

38 бап. Келісім шарты және суды жеткізуге жыл сайынғы шарт

1. Условия каждого контракта и ежегодного  договора  на  поставку воды  должны соответствовать условиям,  содержащимся в соответствующем разрешении на водопользование,  выданном поставщику воды  в  отношении количества поставляемой воды.
2. Правительство    Кыргызской    Республики    по    предложению Государственной  водной  администрации  утверждает типовой контракт на поставку воды и типовой ежегодный договор на поставку воды.

39 бап. Келісімнің құқықтық негізі және суды жеткізуге жыл сайынғы шарт

1. Суды жеткізуге келісімшартты бұзғанда суды пайдаланушыны сумен қамтамасыз етуді суды жеткізуші тоқтатуды қарастырады.  Еегер суды пайдаланушы үш айдан артық уақытта суды жеткізу бойынша көрсетілген қызметтерге төлем жүргізбегенде жеткізуші суды жеткізуді тоқтатады.
2. Суды жеткізуші суды жеткізу кестесіне сәйкес суды жеткізу туралы жыл сайынғы шартта белгіленген көлемде суды бермеген жағдайда суды пайдаланушыға өтемақы төлеуге міндетті, мыналардан басқа:
- форс-мажорлық жағдайлар;
- суды жеткізуге жыл сайынғы шартты және суды пайдаланушымен келісімшарт жағдайын орындамаған жағдайда;
- суды жеткізушіге берілген суды пайдалануға рұқсат уақытша тоқтатылған жағдайда немесе осы Кодекстің 26 бабы 1 тармағының «а», «г» тармақшаларына сәйкес өзгертілгенде.
3. Суды жеткізуге жыл сайынғы шартта белгіленген су көлемін толық жеткізбегенде суды пайдаланушыға өтемақы төлеу есебінің тәртібі туралы ереже Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
4. Суды жеткізуге келісімшарт сот шешімі бойынша немесе екі жақты келісім бойынша бұзылуы мүмкін.

40 бап. Суды жеткізуге келісімшарт бойынша қызметтерег төлем

1. Мемлекеттік су әкімшілігі суды жеткізу бойынша есептерді суды жеткізушілермен беру тәртібін анықтайды.
2. Суды жеткізушіге қызметтеріне төлем көлемі Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
3. Суды жеткізуге келісімшарт бойынша қызметтерге алынған қаражаттар Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешпен белгіленген табиғи ресурсқа сияқты суды пайдалануға төлем және суды пайдалануға жеткізушімен рұқсат алғаны үшін төлемді қоса ирригациялық және дренаждық жүйелерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша суды жеткізуге жыл сайынғы шығындарды жабуға жұмсалады.
4. Жеткізілетін су көлемінің есебі суды жеткізуге келісімшарт шартына сәйкес суды пайдаланушылармен және суды жеткізушілермен бірігіп жүргізіледі.

41 бап. Суды жеткізуге келісімшарт бойынша құқықтары мен міндеттерін тапсыру

1. Суды пайдаланушы суды жеткізушінің жазбаша келісімімен осы ирригациялық жүйеден басқа суды пайдаланушыға суды жеткізуге келісімшарт бойынша өзінің құқықтарынің барлығын немесе бөлігін тапсыруы мүмкін.
2. Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі бойынша суды жеткізуші суды жеткізуге қолданыстағы келісімшарт бойынша құқықтар мен міндеттерді сақтау шартымен басқа жеткізушіге суды жеткізуге келісімшарт бойынша өзінің міндеттері мен құқықтарын тапсырады.

6 ТАРАУ. ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

42 бап. Жер асты суларын пайдалану

1. Электрлік сорғы жабдығын пайдаланумен тереңдігі бір метрден кем ұңғымадан жер асты суларын пайдалану суды пайдалануға арнайы рұқсат немесесуды пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
2. Шаруашылық- тұрмыстық қажеттіліктер, үй маңындағы бақшаны және саяжайлық учаскелерді суару және малды суару үшін суды пайдалануға рұқсат талап етілмейді, егер суды алу электрлік қондырғыларды пайдаланумен немесе мехникалық тәсілмен – су алынуына қатысы жоқ, бір метрден кем тереңдіктен жүзеге асырылады.
3. Жер асты суларының жиналуы қайта жаңартылмаған аймағынан суды пайдалануға тыйым салынады.
4. Артезианды (өздігінен құйылатын) ұңғымаларды бұрғылау және олардан суды пайдалану ұңғымадан судың өз еркінше құйылуын толығымен жабуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықты орнату жағдайында суды пайдалануға рұқсат алудан кейін рұқсат етіледі.

43 бап. Суға ұңғыманы бұрғылауға рұқсат

1. Ұңғыманы бұрғылау Мемлекеттік су әкімшілігімен берілген рұқсат негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұрғылауға рұқсат бір жылға беріледі және анықтайды:
- ұңғыма бұрғылануы тиіс жер учаскесі;
- ұңғыманың жоғарғы тереңдігі;
- бұрғылау үшін пайдаланылатын жабдық түрі;
- Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережеде белгіленген басқада шарттар.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз бұрғылауға рұқсат беруге құқы жоқ.
3. Бұрғылауға әр рұқсат бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адаммен ғана жүзеге асырылуы мүмкін бұрғылау бойынша қызмет шартын мазмұндауы тиіс.
4. Бұрғылауға рұқсат алу үшін өтінімді беру тәртібі Мемлекеттік су әкімшілігімен анықталады.
5. Әр бұрғылауды аяқтау бойынша бұрғылауға рұқсаттың иесі жұмысты аяқтағаннан кейін екі ай ағымында Мемлекеттік су әкімшілігіне және гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бұрғылауды өткізу  туралы гидрогеологиялық бөлшекті есепті беруге міндетті.

44 бап. Бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия

Суға ұңғыманы бұрғылау бойынша кәсіби қызмет белгіленген тәртіпте гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

7 ТАРАУ. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ

45 бап. Ауыз суды жеткізу

1. Ауыз суды жеткізуді реттеу «Ауыз су туралы» Қырғыз Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ауыз сумен қамту жүйелері үшін суды алу және беру суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

46 бап. Кәріздік жүйелерді салу және пайдалану

Суды бұру және ағынды сулар үшін кәріздік және басқада жүйелерді салу және пайдалану Қырғыз Республикасының арнайы заңнамаларымен реттеледі.  Су нысандарына ағынды суларды бұру және басқада қалдықтарды бұру осы Кодекстің 9 тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

8 ТАРАУ. СУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ

47 бап. Мемлекеттік қаржыландыру

Мемлекет бюджеттік қаржы бөлу, несиелер беру, гранттар, ұзақ мерзімді ссудалар түрінде, сондай-ақ Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес шет елдік инвестицияларды тарту арқылы суды пайдалануға және су ресурстарын қорғауға шығындарды толық немесе жекелей қаржыландыруға қатысады

48 бап. Табиғи ресурстар ретінде суды пайдалануға төлем

1. Табиғи ресурстар ретінде суды пайдалануға төлем жыл сайын су ресурстарын оқу, бағалау және қорғау бойынша нақты шығындар, Мемлекеттік су әкімшілігінің қызмет етуі бойынша іс-шараларға шығындар негізінде әр басты бассейндер үшін Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешпен белгіленеді.
2. Осы бапқа сәйкес алынған қаражат қаржыландыру үшін пайдаланылады:
- Мемлекеттік су әкімшілігі және су ресурстарын басқаруға тартылған басқада мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындары;
- Ұлттық су стратегиясына сәйкес су ресурстарын тиімді басқару мен пайдалануды қамтамасыз ететін су секторын дамыту бойынша жобаларға инвестициялық шығындар;
- мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламаларымен анықталған жобалар;
- Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешпен анықталған басқада мақсаттар.

9 ТАРАУ. ЛАСТАНУДАН ЖӘНЕ САРҚЫЛУДАН СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ

49 бап. Су классификациясы

1. Су жөніндегі ұлттық кеңес Су шаруашылығы және мелиорация жөнінде Мемлекеттік су  әкімшілігінің ұсынысы бойынша, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісілген әр су нысаны бойынша сапасына және оларды пайдалану бағыттарына сәйкес Қырғыз Республикасының су классификациясын әзірлеуді ұйымдастырады. Пайдалану бағыттары ауыз су, ауыл шаруашылығы және рекреациялық мақсаттар үшін суды пайдалануды шектемейді, қосуы мүмкін.
2. Уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган әзірленген у классификациясы бар әр су нысаны бойынша сапа стандарттарын белгілеуі тиіс.
3. Судың сапа стандарттары уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен белгіленеді.

50 бап. Судың ластануына жалпы тыйым салу

Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне тастауға рұқсатпен анықталған жағдайлардан басқа, ластаушы заттарды тастауға тыйым салынады.

51 бап. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қоры жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды бұру стандарттары туралы ережелері мен тыйым салынатын заттар

1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тастауға тыйым салынатын, қоршаған орта үшін қауіп туғызатын қауіпті заттардың тізімі бекітіледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі келесіні анықтайтын ережені бекітеді:
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастаудың жоғарғы көлемі;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тастағанға дейін қалдықтарды және ластаушыларды тазалау үшін үрдістер мен стандарттар.

52 бап. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат

1. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат  Мемлекеттік су әкімшілігі мен уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісуден кейін қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен беріледі.
2. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат  мынаны мазмұндайды:
- анықталған уақыт аралығында тастауға болатын ластаушы заттардың көлемі;
- картографиялық материалды қоса берумен және олардың сипаттамасымен тастау имараттарының орналасқан орнын сипаттау;
- рұқсат иесімен тастаулар мониторингі және кезеңділігі, онымен бұл мониторинг жөніндегі ақпарат қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға берілуі тиіс;
- су нысанына тастау алдында өткізілетін және бұдан әрі де өткізілетін қалдықтарды және ластаушыларды тазалау үрдістерін сипаттау;
- қалдықтарды және ластаушыларды алдын ала және қорытынды тазалау бойынша барлық имараттарды, сондай-ақ тастау имараттары мен бақылаушы қондырғыларды салу және пайдалану жобасын сипаттау;
- тасталуы мүмкін ластаушылар көлемін немесе концентрациясын өзгерту не болмаса маусымды өзгерістерді қоса, су сапасына сәйкестігі, су нысандары мен су шаруашылығы имараттарын ластануын қысқарту немесе алдын алу үшін қажетті Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталған басқада шарттар.
3. Тастауға рұқсатта ластаушылар концентрациясын төмендету түрінде рұқсат иесі үшін шектеулер белгіленуі мүмкін.
4. Тастауға рұқсат үш жылдан артық емес мерзімге беріледі. Бұруға рұқсат қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсатынсыз басқа адамға берілмеуі тиіс.
5. Қырғыз Республикасының су нысандарына және су шаруашылығы имараттарына тастауға рұқсат осы Кодекске және оларға сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының басқада нормативтік және құқықтық актілерімен беріледі және реттеледі

53 бап. Тастауға рұқсат алуға өтінім

1. Тастауға рұқсат алуға әр өтінім қажетті құжаттарды қоса берумен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша түрде беріледі.  Өтінімді беру үшін құжаттардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тастауға өтінімді қанағаттандыру туралы шешімді қабылдауға дейін оны келісуі тиіс:
- уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен;
- Мемлекеттік су әкімшілігімен сол бір су шаруашылығы имараттарына қатысты суды жеткізуге келісімшарт иелерінің құқығына су шаруашылығына имараттарына тастауға рұқсат беру әсер етпеуін растауы тиіс.
3. Тастауға рұқсат алу үшін әр өтінімді қарастырғанда қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган ескеруі тиіс:
- Қырғыз Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленген және бекітілген ластаушы заттардың шекті мүмкін тастаулар нормативтері;
- сәйкес бассейндік жоспар;
- сәйкес су нысаны немесе су шаруашылығы имараттары және тастауға рұқсат беру нәтижесінде әлеуетті әсер етуді басқадай пайдалану;
- су классификациясы;
- осы Кодекстің 51 бабына сәйкес белгіленген ережелер.
4. 30 күн ағымында қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазбаша түрде өзінің шешімі туралы өтініш иесіне хабарлайды (келісу немесе бас тарту) Бас тарту дәлелденуі тиіс.

54 бап. Су нысаны, су шаруашылығы имараттары және су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсатты тоқтату, өзгерту немесе жоққа шығару

Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мына жағдайларда Су нысаны, су шаруашылығы имараттары және су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсатты тоқтату, өзгерту немесе жоққа шығаруы мүмкін:
а) құрғақшылық не болмаса аз сулылық немесе төтенше жағдайлар;
б) рұқсат шартын бұзу;
в) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
г) қоғамдастық мүддесінде бұл қажет болғанда;
д) су сапасының белгіленген стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет болғанда.

55 бап. Тастауға рұқсатты жаңарту

Рұқсат мерзімі аяқталуына бір ай бұрын рұқсат иесінің өтінімі бойынша тастауға рұқсат жаңартылуы мүмкін. Өтінім беру үшін құжаттардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен анықталады.

56 бап. Ластаушы аумақтық көздер

1. Су ресурстарын дамыту, пайдалану және қорғау бойынша әр бассейндік жоспарда су нысандары мен су шаруашылығы имараттарын аумақтық ластану қауіпін тудыратын пестицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалануда топографиялық шарттар бойынша суармалы жерлер аумағын анықтауы тиіс. Бассейндік жоспарда осындай ластанудың алдын алу, төмендету немесе азайту бойынша шаралар қарастырылуы тиіс.  Осы шаралар қаржылық қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар мен оқу бағдарламалары, техникалық жетекшілік етуді тарату және дайындауды енгізуі мүмкін.
2. Суды пайдалануға рұқсат шарты суды пайдалану нәтижесінде аумақтық ластану мүмкін қауіпті ескеруі тиіс және су ресурстары ластануының алдын алу, төмендету және азайту бойынша рұқсат иесі қолдануы тиіс шаралардан тұрады.
3. Мемлекеттік су әкімшілігі аумақтық ластану мәселесін шешу үшін суды қорғау аймақтарын белгілейді және ластанудың аумақтық көздерінің алдын алу және төмендету үшін осындай аймақтарда шаруашылық қызметін реттеу жөнінде ережені бекітеді.

57 бап. Тастауға рұқсатты беруге, өзгертуге және жаңартуға әкімшілік құқық

Тастауға рұқсатты беруге, өзгертуге және жаңартуға өтінімдерді қарастыру үшін әкімшілікі төлем қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен алынады. Әкімшілік төлемнің көлемі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және басқада өтінімді қарауға тартылған мемлекеттік органдардың әкімшілік және басқада шығындар есебімен Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.

58 бап. Тастауға рұқсатты тіркеу

Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тастауға рұқсатты тіркеуді жүргізеді, оған енеді:
- осы Кодекске сәйкес берілген тастауға барлық рұқсатты нақты сипаттау, сондай-ақ кез-келген тоқтатулар, өзгерістер, жоққа шығарулар мен жаңартулардың бөлшектері;
- тастауға жаңа рұқсатқа қатысты қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға барлық өтінімдерді нақты сипаттау;
- рұқсат шарттарына сәйкес рұқсат иесімен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға берген мониторинг бойынша ақпаратты нақты сипаттау;
- тастауға рұқсатта белгіленген шарттарды сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның іс-әрекетін нақты сипаттау.

59 бап. Суды ластағаны үшін төлем

1. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі табиғатты пайдаланғаны сияқты суға қалдықтар мен ластаушы заттарды тастағаны үшін төлем жүйесін белгілейді.
2. Тастауға төлем деңгейі су нысандары мен су шаруашылығы имараттарына қалдықтар мен ластаушыларды төменгі тастауға дейін қысқарту есебімен белгіленеді, сондай-ақ оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

60 бап. Су ресурстарын қорғау бойынша жұмысты өткізу

1. Егер ластаушы заттар немесе қалдықтар су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тасталғанда немесе тасталатаны болғанда, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетіт мемлекеттік орган тиісті:
- су ресурстарын қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті жауапты тұлғаға жазбаша ескерту жолдауға;
- су ресурстарын қорғау бойынша өз еркімен жұмысты өткізуге.
2. Су ресурстарын қорғау бойынша жұмысты өткізген жағдайда қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өз еркімен жауапты тұлға есебінен осыған байланысты шығындарды өтеуге құқы бар.

61 бап. Ластанудан жер асты суларын қорғау

1. Аумақты белдеудендіру жоспарында жер асты суларының сапасы үшін әлеуетті қауіпті немесе ластаушы учаскелер анықталады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі мен гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының үкіметі ластанудан жер асты суларын қорғау бойыншаережені бекітеді

62 бап. Мұздықтарды қорғау

Мұздықтардың еруін жеделдетуге әсер ететін көмірді, күлді, майды немесе басқада заттар мен материалдарды пайдаланумен қызмет, сондай-ақ мұзды дайындауға байланысты қызмет пен мұздықтар немесе оның құрамындағы су сапасының жағдайына әсер етуі мүмкін қызметке тыйым салынады.

63 бап. Суды үнемдеу бойынша көтермелеу ынтасы

Мемлекет өткізілетін зерттеулер немесе жаңа технологияларды әзірлеу, суды тұынуды азайтатын, су ресурстарын ластаудың алдын алатын немесе төмендететін қондырғылар мен жаңа жабдық түрлерін құруды қамтамасыз етеді және ынталандырады.

64 бап. Судың төменгі экологиялық ағынына қойылатын талаптар

Қырғыз Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік су әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсыныстарын келісу негізінде судың экожүйесі мен балық қорларын сақтау мақсатында су нысандары мен анықталған өзендер үшін судың экологиялық ағынына қойылатын талаптарды белгілейді.

10 ТАРАУ. ҚОРҒАУ АЙМАҚТАРЫ

65 бап. Қорғау аймақтарының түрлері

1. Қорғау аймақтарының түрлеріне жатады:
- санитарлық қорғау аймақтары;
- ағыстың құрылу аймақтары;
- жер асты суларын қорғау аймақтары;
- су қорғау аймақтары;
- төтенше экологиялық жағдайлар мен экологиялық  апаттардың аймағы.
2. Әр бассейндік жоспар қолданыстағы қорғау аймақтарды сипаттаудан тұрады және қажет болған жағдайда жаңа қорғау аймақтарын құру бойынша немесе қолданыстағы аймақтар шекарасына өзгерістер енгізеді.
66 бап. Санитарлық қорғау аймақтары

1. Санитарлық қорғау аймақтары  ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамту үшін үстіңгі және жер асты су нысандарынан алу үшін, сондай-ақ емдік мақсаттар үшін пайдаланылатын су нысандары мен су шаруашылығы имараттарының айналасында белгіленеді. Санитарлық қорғау аймақтары сол су нысанын қоса сәйкес су шаруашылығы имаратының айналасындағы аумақты алады.
2. Санитарлық қорғау аймағының орналасқан жері, көлемі мен режимі уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісілген, бассейндік жоспар мен әзірленген жоба негізінде сәйкес жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен анықталады.
3. Санитарлық қорғау аймағының көлемі, орналасқан орны мен режимін анықтау тәртібі туралы ереже уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен әзірленеді және Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

67 бап. Ағынды құру аймақтары

1. Өзендер құрылатын аумақ ағынды құру аймағы болып табылады. Ағынды құру аймағы қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.
2. Ағынды құру аймақтарында тыйым салынады:
- қалдықтарды сақтау қоймасын, үйінділерді, жерлеу орындарын, малды қорымы және басқада шаруашылық нысандарды орналастыру, олар су ресурстарының сапасына зиян әсер етуі мүмкін;
- су нысандарының, мұздықтардың және қарлықтардың мұзды бетін өндірістік, тұрмыстық және басқада қалдықтармен қоқыстау, сондай-ақ оларды мұнай өнімдерімен, улы химикаттармен және басқада зиян заттармен ластау.
3. Шаруашылық және басқада қызметті ағынды құру аймағында жүргізуді шектеу және тыйым салу тәртібі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

68 бап. Жер асты суларын қорғау аймақтары

1. Жер асты суларын ластау үшін әлсіз аумақ жер асты суларын қорғау аймағы болып табылады.  Жер асты суларын қорғау аймағы гидрогеология жөнінде бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
2. Жер асты суларын қорғау аймағында шаруашылық және басқада қызметті жүргізуді шектеу және тыйым салу тәртібі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді, қоса:
- жерлерді ағынды сулармен суару;
- жер асты суларын алу;
- ерітінділер мен химикаттарды сақтайтын немесе пайдаланатын өнеркәсіптік немесе коммерциялық кәсіпорындарды пайдалану;
- қалдықтардың үйінділер орналастыру;
- гидрогеология жөнінде бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша басқада қызмет түрлері (Қырғыз Республикасының Үкіметіме анықталған).

69 бап. Су қорғау аймақтары

1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлектетік органдардың және жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен келісу бойынша Мемлекеттік су әкімшілігі су нысандарына зиян келтіретін немесе су ресурстарын ластауға мүмкіндік беруіне байланысты нақты қызмет түрлері шектелген немесе тыйым салынған су нысандарында су қорғау аймақтары белгіленеді.  Осындай қызмет түрлеріне жатады:
- мал шаруашылығы фермаларын орналастыру және пайдалану;
- пестицидтерді, ұйымдастыру және химиялық тыңайтқыштарды қолдану және пайдалану;
- өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарын пайдалану;
- қалдықтарды сақтау, қайта өңдеу жән бұру;
- құрылыстарды салу.
2. Суды қорғау аймақтарында жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарын пайдалану және қорғау режимін және басқада шаруашылық қызметті сақтауды мемлекеттік бақылау Мемлекеттік су әкімшілігімен, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен жүзеге асырылады.

70 бап. Су нысандарында төтенше экологиялық жағдайлар мен экологиялық апаттар аймағы

Қырғыз Республикасының Президенті «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына сәйкес кез-келген су нысанына қатысты төтенше экологиялық жағдайлар немесе экологиялық апаттар аймағын жариялау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

11 ТАРАУ.   ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

71 бап. Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесі және алдын алу

1. Мемлекеттік су әкімшілігімен, төтенше жағдайлар жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган мен гидрометерология бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі жергілікті, бассейндік және ұлттық мәні бар су басу, құрғақшылық, сел өтуі мен сырғыманың жақындағы және орта-жедел мүмкін қауіптер туралы мемлекеттік органдар мен қоғамды ескерту үшін  Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесін құрады.
2. Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесі соңғы жылдарға және ағымдағы болжам мәліметтерінен тұрады:
- су басу, сел өту және сырғыма туралы;
- құрғақшылық туралы;
- жоғарғы таулы көлдерді қоса табиғи су нысандарының жағдайы және орнықтылығы туралы;
- өзендерде қорғау дамбалары мен су қоймаларында бөгеттерді қоса негізгі су шаруашылығы имараттарының жағдайы мен орнықтылығы туралы;
- халық үшін су басудың, құрғақшылықтың, сел өтудің және сырғыманың қауіпі туралы.
3. Қырғыз Республикасының Үкіметі Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша су басудың, құрғақшылықтың, сел өтудің және сырғыманың қауіпі туралы ақпараттың ұлттық жүйесінде айтылған ақпаратты тарату туралы ережені бекітеді.

72 бап. Су басудан, сел өтуден және сырғымадан қорғау

1. Бассейндік жоспар су басудан, селдің өтуінен және сырғымадан адам өміріне мен мүлігіне  қауіпті азайту немесе ескерту қажет аумақтарда тыйым салу және шектеу жасалуы тиіс мүмкін су басу, сел өту және сырғыма қауіпті аумақтарды және іс-әрекет түрлерін анықтайды.
2. осы баптың 1 тармағында белгіленген аумақтарда бассейндік жоспарға сәйкес тыйым салынады:
- Мемлекеттік су әкімшілігінің жазбаша келісімінсіз мүмкін су басу, сел өту және сырғыма қауіпті аумақтарда ғимараттар мен имараттар салуға;
- Мемлекеттікс у әкімшілігінің жасбаша келісімінсіз су басуға, сел өтуге және сырғымаға әкелуі мүмкін анықталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік су әкімшілігі төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірігіп су басу және сел өту қауіптерінен халықты және өнеркәсіп аймақтарын, адам өмірін және мүлікті, ауыл шаруашылығы жер-суларын қорғау бойынша имараттарды салу және пайдалану бойынша жыл сайынғы бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді. Осындай бағдарламалар мен жоспарлар қаржыландыру көзін қамтамасыз ету есебімен шешім қабылдайтын су жөніндегі Ұлттық кеңеске ұсынылуы тиіс.

73 бап. Төтенше жағдайлар оқиғаларына шараларды жоспарлау

1. Мемлекеттік су әкімшілігі төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірігіп өткен жылдар мәліметтері мен бассейндік жоспарлар негізінде аумақтарды су басу, сел өту және сырғыма оқиғаларына іс-шаралар жоспарын дайындайды және кезеңді түрде жаңартып отырады.
2. Су басу, сел өту және сырғыма жағдайларына жоспарлар анықтайды:
- су басу, сел өту және сырғыма туындағаны туралы халықты ескерту және жариялау үшін ақпарат жүйесі;
- су басу, сел өту және сырғыма жағдайында жоспарлардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар;
- азаматтық халықты көшіру бойынша шаралар жүйесі;
- көшірілген адамдарды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар.
3. Төтенше жағдайларды жою тәртңптері мен процедуралары «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңымен және Қырғыз Республикасының басқада нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

74 бап. Құрғақшылық немесе аз сулылық

Құрғақшылық немес аз сулылық кезеңінде Қырғыз Республикасының Үкіметінің құқы бар:
- су ресурстарын пайдаланумен байланысты кейбір немесе барлық қызмет түрлеріне шектеу енгізіледі;
- тастауға рұқсат және суды пайдалануға рұқсат иелері үшін пайдалануды лимиттеу немесе шектеу;
- құрғақшылық пен аз сулылыққа ұшыраған аумақтарда жаңа басымдылықтар енгізіледі.

12 ТАРАУ. БӨГЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

75 бап. Бөгетті пайдаланушылар мен иелерінің жауапкершілігі

Бөгеттің иесі мен пайдаланушы жауапкершілік атқарады:
- бөгеттің қауіпсіздігі үшін;
- бөгетті қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге;
- бөгетті дұрыс пайдаланбау нәтижесінде келтірілген залал.

76 бап. Бөгетті классификациялау

1. Қырғыз Республикасының бөгеті, гидроэнергетикалық тағайындаудағы бөгетті қоса су жөніндегі Ұлттық кеңеспен бекітілген және Мемлекеттік су әкімшілігімен ұсынылған белгілерге сәйкес үш санатқа бөлінеді:
- республикалық мәндегі бөгеттер;
- бассейндік мәндегі бөгеттер;
- аудандық мәндегі бөгеттер.
2. Бөгетті классификациялау үшін белгілер негізделеді:
- бөгет биіктігіне;
- жиналған су көлеміне;
- бөгет бұзылған жағдайда су ресурстарының қоғамдастығы, мүлігі мен сапасы үшін қауіпке;
- бөгет бұзылған жағдайда әлеуетті шығындар мен мүмкін залалдар көлеміне;
- су сапасының мүмкін өзгеруінде;
- бөгет бұзылған жағдайда әлеуметтік-экономикалық әсеріне;
- бөгеттің мемлекетаралық мәніне.
3. Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі республикалық, бассейндік және аудандық мәндегі бөгеттерге техникалық қызмет көрсету және пайдалануды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды, инспекцияны, мониторингті ұйымдастыру тәртібіні анықтайды.

77 бап. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия

1. Қырғыз Республикасының Үкіметі тәуелсіз техникалық орган ретінде бөгеттің қауіпсіздігі бойынша комиссия құрады.
2. Бөгеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссияның бөгеттер инспкциясы өткізген қорытындысы бойынша шаралар қолдану үшін Мемлекеттік су әкімшілігіне ұсыныстар беріледі.  Мемлекеттік су әкімшілігі мүмкін төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында орындау үшін міндетті, жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын өткізу туралы бөгетті пайдаланушыларға немесе иелеріне нұсқау береді.
3. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия бөгетті инспекциялау бойынша ұсыныс әзірлейді және белгіленген тәртіпте оларды Қырғыз Республикасының Үкіметіне ұсынады.
4. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия қауіпсіздік жөнінде есеп дайындайды және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар  береді:
- республикалық мәндегі бөгет үшін – бес жыда бір реттен жиі емес;
- бассейндік мәндегі бөгет үшін – он жылда бір реттен жиі емес;
- аудандық мәндегі бөгет үшін  -  он бес жылдар бір реттен жиі емес.

78 бап. Бөгетті тіркеу

1. Бөгеттің иесі немесе пайдаланушы осы Кодекстің күшіне енген күнінен бастап алты ай ағымында Мемлекеттік су әкімшілігіне оны тіркеуді өткізуге өтінім беруге міндетті.  Тіркеуге өтінім белгіленген түрде беріледі және бөгетті пайдаланушы немесе иесі, орналасқан жері және бөгеттің көлемі, құрылым бөлшектері туралы мәлімет және басқада қажеттә ақпараттар енеді.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі Қырғыз Республикасының бөгетін тіркеуді жүзеге асырады және осы баптың 1 тармағында көрсетілген ақпарат берілген мәлімет банкін жүргізеді.
3. Бөгеттің иесі немесе пайдаланушы Мемлекеттік су әкімшілігіне бөгеттің құрылымдық элементтері жұмысында анықталған ақаулар мен кез-келген өзгерістерді бөлшекті сипаттаумен, сондай-ақ кемшіліктерді көрсетумен техникалық қызмет көрсету және ұстау мен оны пайдаланудағы мәселелер бойынша жылдық есепті ұсынады.

13 ТАРАУ. ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІ

79 бап. Ирригация және дренаж бойынша комиссия

1. Ирригация және дренаж бойынша комиссия республикалық, бассейндік және аудандық деңгейде құрылады:
- өткен суармалы маусымға ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасын тексеру және келешектегі маусымға пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша ұсыныстарды беру;
- кезекті суармалы маусымда ирригациялық және дренаждық жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету  бойынша ұсыныстардың орындалуына қадағалау үшін;
- мелиорация және суару мәселелері бойынша суару суын пайдаланушылар қызметін үйлестіру үшін;
- оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру үшін.
2. Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссияны Мемлекеттік су әкімшілігі басқарады және оның аумақтық органдарының басшыларын, басқада суды жеткізушілер, суармалы суды пайдаанушы өкілдері енеді.  Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссия құрамы Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі. Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссия республикалық және мемлекетаралық мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасын тексеруді жүзеге асырады.
3. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік комиссияны Мемлекеттік су әкімшілігінің сәйкес бассейндік органының басшысы басқарады және суды жеткізушілерді, суармалы суды пайдаланушылар өкілдері енеді. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік инспекцияның құрамы Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітіледі. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік комиссия бассейндік мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасына тексерісті жүзеге асырады.
4. Ирригация және дренаж бойынша аудандық комиссияны мемлекеттік ирригациялық жүйелерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша сәйкес аудандық ұйымның басшысы басқарады және суармалы суды пайдаланушы өкілдер енеді.  Ирриагция және дренаж бойынша аудандық комиссия құрамы Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітіледі.  Ирригация және дренаж бойынша аудандық комиссия жергілікті мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасына тексерісті жүзеге асырады.

80 бап. Ирригациялық және дренаждық жүйелерге қызмет көрсету  бойынша жұмыстарды орындау
1. Ирригациялық немесе дренаждық жүйелердің иесі немесе пайдаланушы оның қалыпты ұстауы мен техникалық қызмет көрсетуіне жауап береді.
Пайдаланушы немесе иесі осы жұмыстарды өзінің күшімен немесе мердігерлік ұйымдарды тартумен орындауы мүмкін.
2. Егер ирригация немесе дренаждық жүйелердің иесі мемлекет болғанда, мердігерді таңдау конкурстық негізде Қырғыз Республикасының заңнамаларымен анықталған жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жөндеу және оңалту жұмыстарын өткізгенде су шаруашылығы имараттары мен каналдардың иесіздену белдігі шегінде орман екпелері мен бұталы өсімдіктерді кесу, сондай-ақ  санитарлық кесу және кепкен ағашты кесу арнайы уәкілетті мемлекеттік органмен келісусіз жүргізіледі.

81 бап. Ирригациялық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоспарлар

1. Ақау актілерінің және ирригация және дренаж бойынша комиссияның қорытындылары негізінде суды жеткізушілер ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңарту және ұстау, техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарларды әзірлейді. Жоспарлар жыл бойына және болашақта орындауға есепті әзірлейді.
2. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы жоспарды ұстау:
- олардың орындаудың жобалық құнын анықтаумен ирригациялық және дренаждық жүйелерге, олардың түрлері бойынша талап етілген жөндеу жұмыстары көлемдерін белгілеу;
- суару маусымының бастау мерзімдерін ескеріп, жөндеуді бастаудың және аяқтаудың күнтізбелік мерзімдері, жөндеу жұмыстарын орындау үшін орындаушыларды таңдау;
- суды жеткізушінің қаржылық мүмкіндіктерін және ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуге қаражат тұтынушылығын анықтау.
3. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңарту (оңалту) бойынша болашақтағы жоспарды ұстау:
- қайта жаңартуды талап ететін ирригациялық және дренаждық жүйелердің тізбесін анықтау;
- оларды орындау жобалық құнын анықтау және жұмыс көлемдерін белгілеу;
- жоспарланған жұмыстың экономикалық тиімділігін анықтау;
- ағымдағы жылды қоса, жақын уақыттағы бес жылға жұмысты орындау кестесін әзірлеу;
- жұмысты орындауға жоспарланған қаржыландыру көздері мен мердігерлерді анықтау.

82 бап.  Ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді қаржыландыру

1. Мемлекеттік меншіктегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстауды және техникалық қызмет көрсету суды жеткізу бойынша төлем мемлекеттік бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелерді оңалтуға инвестициялық шығындар  суды жеткізуге қызметтерге төлем мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қырғыз Республикасы заңнамаларымен тыйым салынған басқада көздер.

83 бап. Ирригация мен дренажға жәрдемақы

Ирригация және дренажға жәрдемақыны жыл сайын Қырғыз Республикасының Үкіметінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш белгілейді.

14 ТАРАУ. СУ ҚОРЫ ЖЕРЛЕРІ МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИМАРАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ МЕНШІГІ

84 бап. Ириигациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары меншігі

1. Ириигациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарының тізімін бекітеді және кезеңді түрде қарастырады.
3. Ауданаралық, облысаралық және мемлекетаралық ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары мемлекеттік меншікте ғана тұрған бір суды пайдаланушыдан артық қызмет көрсететін немесе қызмет көрсет алатын.
4. Ирригациялық, дренаждық жүйелер немесе олардың бөліктері (канал,  дрена, коллектор немесе су қоймасы), сондай-ақ олар қамтитын су қорының жерлерін мемлекетітк су шаруашылығы органымен пайдаланылады және суды пайдаланушылардың  бір ғана қауымдастығына қызмет көрсетеді, Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте осы қауымдастықтың меншігіне берілуі мүмкін.

85 бап. Су қорының жерлерін пайдалану

1. Ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарымен қамтылған жерлерден басқа, су қорының жерлері Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ауылдық, орман, балық, аңшылық шаруашылық қажеттіліктері үшін және басқада мақсаттарға пайдалануға берілуі мүмкін.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын басқару мүддесінде немесе Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған басқада себептер бойынша нақты белгіленген жерлерде немесе Қырғыз Республикасының барлық аумағында су нысандары жағалауларын пайдалануды шектеуі мүмкін.
3. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса, суды пайдалануға рұқсат берген кезде су қорының жерлері Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша су шаруашылығы имараттарының құрылыс мақсаттары үшін пайдалануға берілуі мүмкін, олар қарастырады:
- суды пайдалануға рұсқаттың қызмет мерзімінен аспайтын, су қоры жерлерін пайдалану мерзімі;
- пайдаланушыға өтемақыны төлеу және мемлекеттік меншікке су шаруашылығы имараттарын тапсыру жағдайында немесе суды пайдалануға рұқсат қызметі мерзімінің өтуіне байланысты оларға салынған су шаруашылығы имарттарын тарату бойынша пайдаланушының міндеті.
4. Суды пайдалануға арнайы рұқсаттың, суды пайдалануға рұқсаттың, су қорының жерлерін пайдалану құқығының қызмет мерзімі өткен жағдайда, су шаруашылығы имараттары Қырғыз Рспубликасының заңнамаларына сәйкес өтемақы төлеумен мемлекеттік меншікке тапсырылады.

Статья 86. Су қорының жерлері мен сы нысандарынан қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіру

1. Осы Кодекстің 4 тарауына анықталған тәртіпте Мемлекеттік су әкімшілігіне пайдаланушының өтінімі бойынша қиыршық тасты өндіруге рұқсат берілген жағдайдан басқа, өзендер арнасынан, олардың жағалаулары мен қорғау аймақтарынан қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіруге тыйым салынады.
2. Осы бапқа сәйкес берілген рұқсат бес жылға дейін жарамды. Рұқсатта көрсетілуі тиіс:
- өндіруге болатын қиыршық тастар мен басқада материалдардың түрі мен көлемі;
- қиыршық тас және басқада материалдарды өндіру құралы;
- рұқсатқа қоса берілген жоспарға сәйкес қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіруге болатын аумақ;
- рұқсат бойынша есептілік және мониторинг, мәлімет жиынтығына жататын рұқсат иесіне қойылатын талаптар.
3. Қиыршық тасты өндіру зиын әкелуі мүмкін болған жағдайда рұқсат берілмеуі тиіс:
- сумен байланысты қоғамдық жұмыстар;
- су нысандары жағалауларының орнықтылығы;
- су фаунасы;
- қолданыстағы суды пайдаланушылармен суды пайдалану;
- су шаруашылығы имараттарының қауіпсіздігі.
4. Қиыршық тасты және басқада материалдарды өндіруге рұқсат бергені үшін рұқсат иесінен төлем алынады.  Қиыршық тасты өндіруге рұқсат беру тәртібі мен төлем көлемі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

87 бап. Сервитут

1. Сервитут   су ресурстарын басқару, ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету және құрылыс мақсаттары үшін тараптар келісімі бойынша (еркін сервитут) немесе, қажет болған жағдайда Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі негізінде (мәжбүрлі сервитут) белгіленуі мүмкін.
2. Сервитутты белгілеу туралы шартқа (еркін сервитут) енеді:
- сервитутты белгілеу мақсаттары;
- сервитутпен міндеттелген учаскені сипаттау;
- сервитутты белгілеу мерзімдері мен шарттары;
- сервитутты орналасқан жерін көрсетумен учаске картасы немесе жоспары.
3. Мәжбүрі сервитут белгіленген жер учаскесіне қол жеткізуді қамтамасы ету үшін Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі негізінде туындау мүмкін, егер осы баптың 1 тармағында қарастырылған мақсаттар үшін қажетті басқа қол жеткізу мүмкін болмағанда, өте қиындық туғызады немесе белгісіз шығындарды талап етеді
4. Сервитутты белгілеуді немесе сервитутты белгілеуде жерді пайдалану немесе жер учаскесінің меншік иесіне бас тартуды көздейтін Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі сотқа шағымдалуы мүмкін.
5. Сервитутты белгілеумен жерді пайдаланушы немесе жер учаскесінің меншік иесіне келтірілген шығындар Мемлекеттік су әкімшілігі анықтаған көлемде мүддесіне сервитут белгіленетін тұлғаның өтеуіне жатады, жерді пайдаланушының немесе жер учаскесінің меншік иесі келіспеген жағдайда – сотпен шешіледі.
6. Сервитут жер учаскесіне құқықты тапсыру, ауысу жағдайында сақталады.
7. Шарт бойынша туындаған сервитут,  шартта көрсетілген мерзімге немесе анықталмаған мерзімге белгіленуі мүмкін.  Сервитут белгіленген негіздеме болмаған жағдайда мәжбүрлі сервитут  Мемлекеттік су әкімшілігі немесе соттың шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
8. Сервитутты белгілеу Қырғыз Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

15 ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК СУ ИНСПЕКЦИЯСЫ

88 бап. Мемлекеттік су инспекциясы

1. Мемлекеттік су   инспекциясы Қырғыз Республикасының су нысандарын және су ресурстарын пайдалануға мемлекеттік қадағалау қызметтерін орындауды қамтамасыз ететін Мемлекеттік су әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады
2. Мемлекеттік су әкімішілігінің басшысы, атқарып отырған лауазымына сәйкес, Қырғыз Республикасының бас мемлекеттік су инспекторы болып табылады.

89 бап. Мемлекеттік су инспекторларының құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік су инспекторының құқы бар:
- меншік түріне және ведомствалық қатыстылығына тәуелсіз мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, сондай-ақ жеке тұлғалардан Қырғыз Республикасының заңнамаларымен осындай ақпаратты алудың арнайы тәртібі белгіленген жағдайдан басқа, оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты тегін алуға;
- анықталған кестеге сәйкес тастауға рұқсат пен суды пайдалануға рұқсатты алған адамдарды жыл сайын тексеруді жүзеге асырады;
- су заңнамаларын бұзғандарға қатысты сотқа талап арызбен хабарласады.
2. Өз міндеттерін орындағанда мемлекеттік су инспекторы Қырғыз Республикасының Үкіметімен немесе Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген ережелер мен тәртіптерді сақтауы тиіс.

16 ТАРАУ. ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУ ЗАҢНАМАЛАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

90 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзу болып табылады:
- Мемлекеттік су әкімшілігімен белгіленген тәртіпті бұзғанда суды пайдалану;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсатсыз іс-әрекет немесе қызметті жүзеге асыру;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсат жағдайын сақтамау;
- суды пайдалануға рұқсатты немесе суды пайдалануға арнайы рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінің жазбаша келісімінсіз тапсыру;
- ұңғымадан судың құйылуын толығымен жабуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықты қолданусыз артезиан (өзі құятын) ұңғымасынан суды пайдалану немесе қайта басталмаған көздерден жер асты суларын пайдалану немесе суды пайдалануға арнайы рұқсатсыз немесе суды пайдалануға рұқсатсыз метрден артық тереңдікке артезиан ұңғымасынан суды пайдалану;
- суға рұқсатсыз ұңғыманы бұрғылау, бұрғылау бойынша есепті бермеу немесе осындай рұқсаттың шартын бұзу;
- бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясыз суға ұңғыманы бұрғылау;
- тастауға рұқсатсыз немесе оны бұзып су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне қалдықтар немесе ластаушыларды тастау;
- су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тыйым салынған заттарды тастау;
- басқа тұлғаға тастауға рұқсатты тапсыру;
- аумақтық ластау көздерімен ластауды болдырмау бойынша ережелер мен тәртіптерді бұзу;
- су қорларын қорғау бойынша жұмыстарды орындамау;
- жер асты суларын қорғау бойынша тәртіптерді бұзу;
- мұздықтарға шығын және басқада зиянды келтіру;
- санитарлық қорғау аймақтарында тәртіптерді бұзу;
- ағынды құру аймақтарында тәртіпті бұзу;
- жер асты суларын қорғау аймақтарында тәртіпті бұзу;
- су қорғау аймақтарында тәртіпті бұзу;
- сел өтуден қорғауға қатысты тәртіпті бұзу;
- құрғақшылық кезінде белгіленген тәртіпті бұзу;
- бөгеттің қауіпсіздігі бойынша тәртіпті бұзу;
- қиыршық тастарды және басқа да материалдарды өндіруге рұқсат шартын бұзу;
- су қоры жерлерін пайдалану бойынша тәртіптерді бұзу;
- мемлекеттік су инспекторына қызметтік міндеттерін орындауда кедергі келтіру және заңсыз бас тартуға ақпарат беру.
2. Қырғыз Республикасының су заңнамасын бұзған адамдар Қырғыз Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және басқада жауапкершілікті атқарады.
3. Қырғыз Республикасының Заңнамалары су заңнамасының басқада түрлеріне жауапкершілікті белгілейді.

91 бап. Су нысанына келтірілген шығынға азаматтар мен заңды тұлғалардың жауапкершілігі

1. Заңды және жеке тұлғалармен су нысандарына келтірілген шығын, жіберілген  пайданы қоса өз еркімен немесе сот шешімімен өтеледі.
2. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен су нысанына келтірілген шығын бойынша талап-арыздар мемлееттік су инспекциясымен және қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өтеледі.
3. Өтелген шығын сомасы Қырғыз Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджеттеріне аударылады.
4. Қырғыз Республикасының  су заңнамасын бұзу нәтижесінде су нысандарына келтірілген шығынды өтеу тәртібі мен шарты осы Кодекспен және оған сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының басқада нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

92 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен жасалған келісімдердің жарамсыздығы

Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен жасалған және су қатынастарымен байланысты келісімдер жарамсыз болып табылады.

17 ТАРАУ. СУ ЖӨНІНДЕ БІРТҰТАС АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

93 бап. Су жөнінде біртұтас ақпараттық жүйені ұстау

Су жөнінде бітұтас ақпараттық жүйе тұрады:
- суды пайдалануға арнайы рұқсат және суды пайдалануға рұқтса тізімдемесінен;
- су нысаны, су шаруашылығы имараттары мен су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсат тізімдемесінен;
- мемлекеттік су кадастрынан;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталған басқада ақпараттан.

94 бап. Мемлекеттік су кадастры

1. Мемлекеттік су кадастрына мынадай ақпарат енеді:
- үстіңгі сулардың көлемі мен сапасы бойынша;
- жер асты суларының көлемі мен сапасы бойынша;
- су қорының жерлері бойынша;
- мемлекеттік ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарының орналасқан жері мен жағдайы, шарты бойынша.
2. Су ресурстарының мемлекеттік мониторинг ақпараты мемлекеттік су кадастрына енгізіледі, ол су қорын тиімді пайдалану және қорғау, су шаруашылығын дамытуды жоспарлау, су ресурстарын басқару үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік су кадастры Мемлекеттік су әкімшілігімен, гидрометеорология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органмен Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.
4. Мемлекеттік су әкімшілігі, гидрометеорология жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган және гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін қажетті мәлеметті суды пайдаланушы – азаматтардан және меншік түріне тәуелсіз және ведомствалық қатыссыз кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан кедергісіз және кейін қайтарусыз алуға құқы бар.

95 бап. Мемлекеттік мелиоративтік кадастр

1. Мемлекеттік  мелиоративтік  кадастр  су нысандары бөліндісінде және әкімшілік-аумақтық бөлуде суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтің жүйелендірілген жиынтығын ұсынады және мына негізде белгіленеді:
- барлық жұмыс істейтін бақылаушы ұңғымалар бойынша топырақты суларды минералдау туралы мәлімет;
- есептік және алдыңғы жылдарға суармалы жерлердің тұзды суреттер мәліметтері;
- алдыңғы жылдарға статистика мен маусымды ерекшеліктерінің ауытқуы есебімен бақылау ұңғымаларының көрсеткіштері бойынша топырақты сулардың деңгейлерінің ауытқуы туралы мәлімет.
2. Мемлекеттік мелиоративтік кадастрды Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережеге сәйкес Мемлекеттік су әкімшілігімен жүргізіледі
3. Мемлекеттік су әкімшілігі мемлекеттік мелиоративтік кадастрын жүргізу үшін қажетті мәлеметті суды пайдаланушы – азаматтардан және меншік түріне тәуелсіз және ведомствалық қатыссыз кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан кедергісіз және кейін қайтарусыз алуға құқы бар.

96 бап. Ақпараттық жүйелерге қоғамдық қол жеткізу

Қоғамдастық өкілдері 2 баптың тармағында анықталған біртұтас ақпараттық жүйеге қол жеткізуге құқы бар.

97 бап. Ақпараттық жүйелерде мазмұндалған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу

1. Біртұтас ақпараттық жүйеге Қырғыз Республикасының заңнамалыран сәйкес мемлекеттік құпия болып табылатын ақпарат енбейді.
2. Заңды және жеке тұлғалар тізілімді жүргізетін мемлекеттік органға  хабаласа алмайды, өйткені рұқсатқа өтінім немесе өтінімге қатысты ақпарат құпия болып табылады және осындай ақпарат тізілімде болғанда ол адамға экономикалық шығындар мен зиянды әкеледі. Осындай өтінішпен хабарласқанда өтініш иесі оған келтірілуі мүмкін экономикалық шығын мен зияндарға дәлелдерді беруге тиіс.

18 ТАРАУ. СУ ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

98 бап. Қырғыз Республикасының мемлекетаралық пайдаланудағы су нысандары, су ресурстары және су шаруашылығы имараттары
Қырғыз Республикасының су нысандарын, су ресурстары және су шаруашылығы имараттарын мемлекетаралық пайдалану мәселелері Қырғыз Республикасының Конституциясымен, Қырғыз Республикасының халықаралық шарттармен, жалпы танылған халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.

19 ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

99 бап. Осы Кодекстің күшіне енуі және оған сәйкес нормативтік құқықтық актілерді келтіру

1. Осы Кодекс ресми түрде жарияланған күннен күшіне енеді.
2. Бұдан былай осы Кодекске сәйкес Қырғыз Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді келтіргенге дейін қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы Кодекске қайшы келмейді және Қырғыз Республикасының Конституциясымен қарастырылған тәртіпте және шекте пайдаланылады.
3. Қырғыз Республикасының Үкіметіне осы Кодексті қабылдаған күннен алты ай ағымында тапсырылсын:
- осы Кодексті іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- осы Кодексті қабылдауға байланысты Қырғыз Республикасының заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешке белгіленген тәртіпте дайындайды және енгізеді.

Қырғыз Республикасының
Президент
А.Ақаев

Бішкек қ., Үкімет үйі
2005 жыл 12 қаңтар №8


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы