Нөмір


Скачать/Жүктеу

«Нөмір» ойынын ойнайтындар алқа‑қотан отырады. Ойын басқарушы ортаға шығып, барлық адамдарға нөмір береді. Ойынға қатысушы әрбір адам кімнің қандай нөмір болып белгіленгендігін байқап отыруы керек. Сонымен қатар ол өз нөмірін әбден жаттап алуға тиіс. Ойын басқарушы барлық адамдарды нөмірлеп болғаннан кейін, ойыншының біреуінің нөмірін айтады. Аты аталған ойыншы тез орнынан тұрып, басқа біреудің нөмірін айтады да, қайтадан өз орнынан тұрып, басқа біреудің нөмірін айтады да, қайтадан өз орнына отырады. Ойын осылай созыла береді. Егер кімде­‑кім өз нөмірі аталғанда тез орнынан тұра алмаса немесе есінде сақтай алмай қалған болса, онда жазаланады. Ол басқарушының үкімі бойынша өз жазасын би билеп өтегеннен кейін, басқа біреудің нөмірін атап, қайта орнына отырады.

Ойынның қызық болып өтуі үшін арифметикалық төрт амалды қолданып, шатастыруға болады. Мысалы, бес нөмірін атау үшін «жиырма бесті екіге көбейтіп, онан шыққан санды беске бөліп, онан жетіні алып, екіні қосқанда шығатын нөмірлі кім?» ‑ деуі керек. Осылай ойналғанда жаңылысушылар көбейіп, ойын қызықты бола түседі.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы