Скачать/Жүктеу
Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтынақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндетімынадай
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс тақырыбы өзектіболып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері, отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:
(1 сызба)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі – уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21.15-14б]
Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.
Халықаралық банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:
I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері – депозиттік сертификаттар ;
II – топ, талап етуге дейінгі депозиттер;
III – топ; халықтың жинақ салымдары;
Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
- 3 – ай мерзімге дейінгі депозиттер;
- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 – айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
- Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
- Депозиттік сертификаттар
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. [23. 24-38б]
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай – ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелерінің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай – ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырусыдағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Депозиттер |
Транзакциялық шоттар | Талап еткенге дейінгі салымдар | Жинақ және мерзімді салымдар |
Куәләндыратын чектер |
Жинақтық салымдар | Мерзімді салымдар | |||||||||
Нау шоттары және басқа да шоттар
|
||||||||||
Кәдімгі жинақ салымдар | Ақша нарығының депозиттік шоты | Ұсақ мерзімді салымдар | Ірі мерзімді салымдар | |||||||
1.2 — сызба .АҚШ-тың коммерциялық банкілеріндегі депозиттер.
АҚШ – тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады.
Нау – шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады;
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәләндырылған чектер шоттары – бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. [24.16-20б]
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейін;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға — тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-эмитент жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар ;
- мәлімдеуші сертификаттар ;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
- аударылатын
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады, аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатын сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық бенктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды. [27.25-29б]
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспондент шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтыңпайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты — олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;
Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.[13.17-19б]
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама –тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс көздерінің баламасыздығын тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көзднрін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын іздеу кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып “градиент” сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады. [14.25-29б]
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсуі және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі, күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет.
Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр түрінің күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты қаражаттардың түсуі немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өсуі.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлерімыналар:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде жіктеліуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі және т.б.) қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;
- депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);
- әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың жоғарғы депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);
- банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);
- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және “ұшпалы” ресурстардың оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;
- депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттік саясаттың оңтайлы критерийлерін ерекшелігі әр банкте жеке-жеке анықталады (банктің мөлшеріне, оның персоналдарының квалификациясына, олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерінің өзіндік құны және т.б.) Мысалы, әлеуметтік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы төмен жіктері үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көрінісі біршама дәрежеде сәйкес келеді.
Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік ьанк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл – салымдар гаммасының кеңеюі. Берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қазіргі жағдайын және жекелей алғанда, Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесін зерттеу өте қажет.
Халықтың ақшалай жинақтарын талдау қазіргі кездегі Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түріндегі жинақ ақша, сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлді банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ, банктегі салымдар тарихи басымды.
Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан, осы уақытқа дейін “депозит” жинақ ісінің теориясы мен тәжірибесінде “салым” түсінігінің біржақты анықтамасы жоқ. [15.17-21б]
Осы зерттеу жұмысында депозиттер – банк кітабындағы келісім және шарт бойынша қаражаты немесе банкке анықталған талабының бар екенін куәләндыратын тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан, бағалы қағаздарды жатқызуға болады және банктерге клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға қызмет көрсетеді. Депозиттерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бірақ бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде өңделген, ал салымдардың жіктелуі- пікірталас тудырып отырған мәселе.
Депозиттік операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері:
1) депозиттік операциялар банктік пайданы алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұымдастырылады;
2) ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр түрлілігін және әр формадағы депозиттердің сәйкестігін қаматамасыз ету керек;
3) бакнтік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операциялар мен депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзімдері бойынша қарыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара байланыстылығы мен өзара келісушілікті қамтамсыз ету қажет;
4) депозиттік операцияларды ұымдастыру процесінде банк балансының өтімділігін сақтауды ең жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін мерзімді депозиттерге ерекше көңіл бөлінеді;
5) депозиттік операцияларды ұйымдастыру кезінде банк депозиттік шоттардағы бес (активті операцияларды тартылмаған ) қаражаттардың резервтері минималды болдыруына тырысу керек.
6) банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті мен сапасын арттыруы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға әсер етеді.
Депозиттік саясаттың маңызды тетігі – банктің салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін проценті. Депозиттер бойынша процентті орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен және оның контактілік аудиторияларына тәуелді емес) және ішкі (олар банктің ішкі саясатының және контрагенттердің әсерінен қалыптасады) деп бөледі.
Сыртқыларға:
- елдің орталық банк анықтайтын проценттің есептік ставкасы;
- қорлану нормасы;
- ақпараттың деңгейі;
- банктік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
- әлемдік қаржы нарығындағы проценттік ставкалардың деңгейі.
Ішкілерге:
- операцияның мазмұны, яғни депозиттің түрі, мерзімі, сомасы және т.с.с.
- клиенттің сипаттамасы;
- берілген банкте қолданылытын баға белгілеудің әдістері неғұрлым өз экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол бойынша әр түрлі процент ставкалар орнатылады. Банктің депозиттің әр түрі бойынша операцияларынан кірістер мен шығыстары әр түрлі болады. Төменде шығындарды функционалды талдау беріледі.
Ең арзан депозиттер- бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайысыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Коммерциялық фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін щығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуімен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігін құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.
Мерзімді депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар) жен жинақ салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кейін жүреді, себебі банк үшін ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшін өз төмен проценттік ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі, көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.
Жалпы, мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттар және ақшалай нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың көбісі бойынша ең жоғары проценттік ставкалар жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығын кемітеді. Үлкен емес банктердің ірі банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтық шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиі болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу болады. Сонда да ірі банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операциялардан ең жоғары мөлшерде табыс алады.
Депозиттерді ұстау бойынша қызметтердің бағаларына қатысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ескі дилеммаға тап болады банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары проценттік табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс проценттік ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, себебі бәсеке депозиттер бойынша проценттік шығыстардың өсуіне әкеледі және бір уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күтілетін пайдаларды төмендетеді.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретінде мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай-ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады.
Экономикалық әдебиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.
Жинақтаулар – төмендегідей екі типтің дерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:
- табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін, экономикалық ;
- ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық.
Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына себеп болатын қоғамдағы айырбас қатынастары дамуының белгілі бір формасы болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар – бұл тұрғындардың белгілі бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады.
Шетелдік ғалымдардың пікірінше, адамдардың өз қаражаттарын жаратпай, сақтауының көптеген себептері мен мотивтері бар. Олар:
1) Ақша «қиын-қыстау кезеңге» бөлінетін сақтандырушылық мотивтер.
2) Кейбір адамдардың өз тұтынуындағы басқаларға қарағандағы үнемділігі немесе аз жарату әдетіне байланысты ұқыптылық мотиві.
3) Жинақтаулар болашақтағы тұтынуларды қаржыландыруға арналған кейінге қалдырылған сатып алу себебі.
4) Ақша кепілді борыштардың орнын толтыру, несие төлемін, сақтандырушылық салымдар төлемін жүзеге асыру үшін бөлінетін келісім-шарттардың міндеттемелер себебі.
Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттер – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттің экономикалық категориясы жинақтаулар категориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, егер жинақтаулар жалпылама табыстар мен жинақтаулардың бөлінуі және қайта бөлінуімен байланысты болса, онда депозиттер тек қайта бөлу қатынастарының саласын қамтиды. [25.15-19б]
Депозиттің экономикалық категориясының айрықшалығын сипаттайтын келесі қасиеттерді бөліп көрсетуге болады:
- Депозиттер салынған салымның қайтару мерзімі келген мезетте салынған ақша қаражаттарының қайтарылуын белгілейтін банкттердегі ақшалай қайта бөлулер үрдісін қарастырады.
- Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капитал мен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болу қайтару мерзімінде салым төленген пайызбен берілетіндіктен, депозиттің табыс алып кететіндігімен белгіленеді.
- Депозиттер қайтару мерзімдері бойынша көптүрлілігімен сипатталады. Бұл мерзімді салымдар, ұзақ мерзімді салымдар да болуы мүмкін.
Депозиттік операциялары барысында пайда болатын қайта бөлу қатынастарының келтірілген ерекшеліктері оған келесідей анықтама беруге мүмкіндік туғызады:
«Депозиттер – бұл банк пассивінің балансында көрініс табатын депозиттік портфельдің ақшалай салымдар есебінен қалыптасу жөніндегі қатысушылар арасындағы ерекше қайта бөлу қатынастарының жиынтығы».
Депозиттік нарықтың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың негізгі субъектілері ретінде банктер рекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы – банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтын ақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын аккумуляциялайды. Ақшалай жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Кез келген нарықтағы сияқты депозиттік нарықта да қажетті операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің мақсатты функциясы берілген түсінікті анықтау критерийі болып табылады. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін (қатысушыларын) бөліп көрсету қалыптасқан:
- депозиттер тартудың жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;
- депозиттер салатын – тұрғындар, кәсіпорындар түріндегі салымшылар;
- реттеуші және бақылаушы орган – Ұлттық банк түріндегі мемлекет.
Депозиттік нарық дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір себептерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.
Депозиттік саясат – ары қарай табысты әрі белсенді пайдалану мақсатында заңды және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін білдіреді. Алдын-ала белгіленген үстеменің қосылуымен берілген соманы номиналды турде қайтару талабымен бір тұлғадан екіншісіне берілетін ақшалай қаражаттар сыйақы алатындықтан, салымшылар үшін ғана емес, қаржылық делдалдар үшін де табысты құрал ретінде көрініс табады. Көптеген депозиттер кейіннен экономиканың кез келген салаларында табысты талаптар бойынша орналастырылатын несиелік капиталды қалыптастыра алады.
Банктің депозиттік саясаты қалыптасатын қатынастар жүйесі салымшыларды тарту және өзін-өзі жою, сенімділік, салымдардың табыстылығы негізінде клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Депозиттік саясаттың маңызды міндеті банктің депозиттік базасын ұлғайту мақсатында қажетті жағдайлар туғызуда көрініс табады.
Біріншіден, банк әзірлейтін депозиттерді тарту стратегиясы мен тактикасы әлуетті салымшылар санын ұлғайтуға әрекеттеседі. Тартымды депозиттік саясат, салымшылар үшін қаражаттарды салудың тиімді жағдайларын қалыптастыру берілген банктердің басқаларға қарағандағы бәсекелестік қабілетін көтереді.
Екіншіден, салымшы-клиенттер санының өсуі есебінен банкке несиелік саясатты белсендірек етуге мүмкіндік беретін тартылған қаражаттар көлемі ұлғаяды. Яғни, депозиттік саясаттың тиімді бағамының арқасында банктің банкаралық несиелік нарықтан әрі қымбаттамауға немесе қаражат тартудың басқа да көздерін іздеуге мүмкіндігі туады.
Депозиттік саясаттың ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің қалыптасу принципіне негізделгеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы стратегиясында депозиттік портфельдің орны мен рөлі бірталай өседі. Бұл жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен сапасының ұлғаюы, депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік іс-әрекеті шекарасының кеңеюімен белгіленеді.
Депозиттік портфель – салымшылардың барлық банкке салған депозиттері түрінің жиынтығы. Депозиттік портфель депозиттік саясатты жүзеге асыру құралы бола отырып, ақшалай қаражаттардың пайдаланылуын қалыптастыру және бағыттау көздерін бейнелейді. Ол туралы банк балансының пассивті бөлігі бойынша айтуға болады. Құрастырылатын банк балансы банктік қаржылық бақылаудың әрекетті құралы болып табылады. Баланстық көрсеткіштер арқылы қаржылық жағдайды бақылау мақсатында барлық банктің операциялар ағымын көруге болады. Яғни, ақша қаражаттарының пассивтен активке өтуі депозиттік портфельдің банктің несиелік портфеліне трансформациялануы жолымен жүзеге асады. [20.31-36б]
Банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген тәуекел түрлеріне кез болады. Ең кең таралған тәуекелі түрі – бұл банктің депозиттік операцияларымен байланысты тәуекел.Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.
1 – блок ақпараттық блок | Депозиттік ресурстардың барлық түрлерін жинау және талдау |
2 – блок депозиттік ресурстарды басқару блогі
|
Ресурстардың сомалары, кезеңдері, клиенттер топтары бойынша жіктеу |
3 – блок тәуекелді басқару блогі | Депозиттік операциялар бойынша тәуекелдерді бағалау әдістері |
4 – блок сақтандыру блогі
|
Депозиттерді сақтандыру (ұжымдық, өз еркінше, аралас) |
5 – блок тартылған қаражаттарды құрылымдық талдау блогі
|
Банктің депозиттік портфелінің тиімділігін талдау |
1.3 – сызба. Банктің депозиттік портфелін басқарудың блок – схемасы
Клиенттердің депозиттері бойынша сыйақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:
- қаржы нарығының конъюктурасын;
- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;
- банкаралық ресурстардың құнын;
- мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;
- инфляция деңгейін;
- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;
- депозиттердің құрылымын;халықтың табысының өсу қарқынын.
Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда күрделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі.
Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар:
Шығындарды анықтауға негізделген әдістер:
1. “Шығындар+пайда” әдісі. “Ш+п” әдісі бойынша баға белгілеу депозиттер бойынша қызметтердің әр түрінің құнының есептеудің қажет етеді. Мұны қалай істеуге болады? Кең түрде қолданылатын әдістердің біреуі – банктің шығындарын бағалау негізінде депозиттің бағасын калькуляциялау болып табылады. Банкке мына келесі мәселелерді шешуі қажет:
а) банктің қаражаттарының әр қайнар көзі бойынша үстеме шығындардың ставкасын есептеу;
ә) үстеме шығындардың әр ставкасын әр көзінен түсетін банк қаражаттарының салыстырмалы шамасына көбейту;
б) банктің қаражаттардың орташа салмақтығын құнын анықтау үшін барлық алынған шамаларды қосу;
2. Депозиттерге пайыздық ставкаларды шекті шығындар бойынша белгілеу.
Көптеген қаржы сарапшылары пайыздық ставкаларды белгілеу бойынша өздерінің әртүрлі ой-пікірлерін ортаға салады. Бұл депозиттердің бағасын анықтау үшін орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шекті шығындарды анықтау, яғни қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөндеп түсінеді. Себебі, пайыздық ставкалардың жиі өзгерулері орташа шығындардың сомасын депозиттерге баға белгілеу үшін сенімсіз және нақты базасы етпейді. Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды тартудың қосымша (шекті) шығындардан төмендеуі мүмкін.
Орташа шығындармен салыстырғанда пайдасыз болып көрінетін кейбір несиелер мен инвестициялар бүгінгі күні жаңа несиелер мен инвестицияларды ұсыну үшін жүзеге асыру қажетті проценттерді төлеуге кететін ең төмен шекті шығындардың бағалағанда ең пайдалы болып көрінеді. Және керісінше, егер проценттік ставкалар өссе, бүгін жаңа ақшалай қаражаттарды шекті құны қаражаттардың орташа құнынан едәуір асып кетуі мүмкін. Егер басқарма жаңа қарыздарды орташа шығындар негізінде есептесе, олар бүгінгі күні нарықтағы жаңа қаражаттарды алудың ең жоғарғы шекті шығындарын пайдаланумен бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкін. Депозиттерге белгіленетін пайыздық ставкаларға қатысты сұраққа жауап беру үшін бізге ең құрғанда 2 негізгі бапты білуіміз қажет: депозиттік ставкалардың бір деңгейінен екіншісіне өту барысындағы шығындарын және банк алған қосымша қаражаттардың салыстырмалы шамасы ретіндегі шекті шығындардың нормасын. Егер бізге шекті шығындардың нормасы белгілі болса, біз онда банктің жаңа салымдардың қаражаттарды инвестициялаудан күтілетін қосымша кірістермен салыстыра аламыз.
Шекті шығындар әдісі бойынша баға белгілеуді басқарушы банктерге салымдарға белгіленген проценттік ставкалар туралы ғана емес, депозиттердің өсуінің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың төмендеуіне әкелгенге дейін банк өз депозиттерінің базасын қай мерзімге дейін ұлғайта алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде басқарма төмен шекті шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерін іздеуі немесе үлкен шекті табысын беретін жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек. [22.24-28б]
Нарыққа өтудің қаматамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайызды орнату. Банктің пайдасы мен шығының шамаларын есепке алмауға мүмкіндік беретін баға белгілеу әдісінің біреуі – бұл нарыққа өтудің қамтамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайыздарды белгілеу. Мұның идеясы мынада: жаңа клиенттерді неғұрлым көбірек тарту үшін комиссиондық алымдардың төмен тарифтерін орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда салымдардың үлкен көлем және банктік несиелердіңең көп көлемі пайданың төмендеуінің орнын толтыратынына сенеді. Нарыққа өту әдісі бойынша баға белгілеуі- банктік нарықтың олардың көп бөлігін жаулап алуға үміт ететін нарықтардың тез өсуі кезіндегі болатын стратегиясы болып табылады
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған салымдарын қорғау проблемасы халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы мен жекелеген қаржылық құрылымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттағы кейбір банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық банктің тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
Банктердің қалыпты жұмыс істеуіне ең керекті жағдай — олардың өміртіршілігі қолдайтын сәйкес жүйенің болуы. Осындай жүйелер дамыған елдердің көпшілігінде бар және ол өзара байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден, төлем қабілетсіздігі шегіне жеткенде экстремалды жағдайларда банктерге қаржылық көмек көрсетеді, яғни екіншіден, депозиттер бөлімі бойынша сақтандыру төлемдері арқылы олардың салымдарын сақтандырады. Әр елде коммерциялық банктердегі салымдарды қорғаудың әр түрлі механизмдері бар.
Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың акцияларын ҚР үкіметі және қатысушы банктер сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. Қордың атқарушы органы- басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Қор басқармасы құрамына Қордың төрағасы мен Ұлттық банктің екі өкілі, қатысушы банктердің төрт өкілі және Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының бір өкілі кіреді. Қор басқармасының төрағасы Ұлттық банктің ұсыныумен басқарма мүшелері арасынан сайланады.
Қордың банктік шоттары тек Ұлттық банкте ашылады. Қордың ақшаларын орналастыру төмендегідей:
1) Қор активтерінің 80 пайыздан кем емес мөлшерінде мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) Ұлттық бнктегі салымдарға 10%-тен астам (депозиттерге)
Қор мына негізгі қызметтерді атқарады:
- қатысушы-банктің еріксіз таратылуы жағдайында оның салымшыларына (депозиторларға) салымдары (депозиттері) бойынша ережемен анықталған көлемі мен тәртіптер өтемақы төлейді:
- активтерді басқаратын;
- қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.
Қор қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:
- Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың (депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға; [7.20-26б]
- Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
- Қазіргі ережелер мен бекітілген тәртіп бойынша қатысушы-ьанкті жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен шығарып, қатысушы куәлігін қайтып алуға;
- салымшылардан (депозиттарлық) еріксіз таратылатын қатысушы банктерден салымдар бойынша төленетін өтемақы мөлшеріндегі құқықтар мен талап ету кезектерін сатып алуға;
- салымшыдан берілген банктің салымшыларға қормен өтемақы мөлшерінде еріксіз таратылатын қатысушы банктерден талаптарды қанағаттандыруды талап етуге;
- қатысушы банкті тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізуге;
- өз құзыретінің шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:
1. еріксіз таратылатын қатысушы банктерге регрестік талап қою құқығын иеленеді;
2. Ұлттық банкке өзінің қызметі жайлы қаржылық есеп беру, соның ішінде Ұлттық банк анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде аудиторлық ұйым растаған жылдық есепті береді.
Қор басқармасының өкілеттілігі:
1. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне енгізу туралы шешім қабылдау.
2. Қазіргі ережелерге сәйкес қорға міндетті күнтізбелік және басқа да жарналардың қатысушы банктермен мөлшерлемесін салу мерзімдерін бекітеді.
3. Банк қатысушы-банктерді инспекторлық тексеруден өткізу немесе оларға шектелген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады, банктік жарнамада қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын жүргізіге берілген лицензиялардың күшін жою немесе қызметін тоқтату туралы Ұлттық банкке өтініш беруге шешім қабылдайды.
4. Қатысушы-банкті жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдау.
5. Қор активтерін Ұлттық банкке келісім бойынша сенімдік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды.
6. Еріксіз таратылатын қатысушы-банктердің салымдар бойынша өтемақысын төлеу туралы шешім қабылдайды.
7. Агент-банкті иаңдайды.
8. Қор басқармасының төрағасын сайлау және Қордың лауазымды тұлғаларын тағайындау.
9. Қордың жыл сайынғы кірістер мен шығыстар сметасын бекітеді.
10. Қазіргі ережелерге сәйкес басқа да өкілеттіліктер.
Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметтерінжүзеге асыру барысында қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға және құпиялылығын сақтауға міндетті.
Қатысу банктердің міндеттері:
1) Уақтылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқа да жарналарды Қор басқармасының шешіміне сай төлеп отыру.
2) Мәліметтерді уақытында және толықкөлемде Қорға ұсынып отыру.
3) Еріксіз таратылған қатысушы-банк туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап салымшы алдындағы міндеттеменің орындалуы жайында қорды дереу хабардар ету.
4) Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің объектісі болып табылатын салымдар бойынша банктік салымдарды келісім шарт бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу, соның ішінде валюталық өтемақы, салымшыдан Қорға өтемдер мен қатысушы-банктің салымдары туралы ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында беруге талап ету құқын көшу.
5) Клиенттеріне өзінің жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне қатысатындығын қатысушы-банктің берілген күні мен нөмері көрсетілген куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша хабарлаудың көмегімен клиенттер сұрақтарына жазбашажәне ауызша жауаптарында салымдар бойынша өтемдер төлеу шартын хабарлау.
6) Салымшылар алдындағы міндеттемелердің уақтылы және толық орындалмауын туғызатын жағдайлар жайында Қорды дереу хабардар ету.
7) Қорға еріксіз таратылу жағдайындағы қатысу-банктердің жеке тұлғалардың салымдарға ақша қабылдауын дәлелдейтін мәліметтер мен банк растаған құжаттардың көшірмесі, яғни Қор басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың нысандары бойынша салымдарының міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі болып табылатынын дәлелдейтін құжаттар ұсыну.
8) Қазіргі режелерге сәйкес басқа да талаптарды орындау.
Қатысушы банк қазіргі ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда Ұлттық банк оларға банктік заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдануға құқылы.
Банктер өтініш пен құжаттарды бергеннен кейін міндетті күнтізбелік жарнасын төлегені туралы қазіргі ережелердің қосымшыларына сәйкес толтырылатын қатысушы куәлігін алады. Қор қатысушылар куәлігінің есебін қатысушы банктер реестеріндегі ақпаратқа сәйкес жүргізеді. Қатысушы куәлігін алған банктер қатысушы-банктер реестірінде тіркеледі. [9.12-17б]
Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып, қатысушыкуәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:
- қатысушы-банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың банктеріндегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензияның күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданғанда;
- жыл бойында бірнеше мәрте (екі немесе одан да көп) Қорға жарналарды кешіктіріп төлейтін болса немесе аударымдарды толық көлемде жасамаса;
- қазіргі ережелер мен белгіленген басқа да талаптар бұзылғанда.
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі қайтарылғаннан кейін қатысушы банк, банк реестірінен шығарылады. Қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы Ұлттық банк осы шешімді қабылдағаннан кейін үш күн ішінде қайтарып беруге міндетті.
Қор басқармасының қатысушы куәлігін беру немесе жеке тұлғалардың міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен банк қатысушы-банкті шығару туралы шешімі үш жұмыс күн ішінде республикалық баспа беттерінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялануы тиіс.
Банк-қатысушының әрбір салымщысына Қор келесі тәртіптегі салымдары бойынша өтем жүргізеді:
- 200 000 теңгеге дейінгі салымдар бойынша – 100 % сомасы қайтарылады;
- 200 мыңнан 400 мыңнан теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 %;
- 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 % + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %;
- 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40%;
- 800 мыңнан 1 млн.теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40 % + 800 мың теңгеден асатын соманың 20%;
- 1 млн теңгеден астам сома бойынша 80 % 200 мың теңгеден + 60% 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың теңгеден + 800 мың теңгеден асатын соманың 20 %;
- 60 % 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың + 20 % 200 мың теңгеден + 1 млн теңгеден соманың 10 % мөлшерінде;
Бір салымшының салымдарының барлығы қосылып бір салым ретінде қарастырылады. Өтем ақы теңгемен жүргізіледі. Шетел валютасындағы салым сомасы сол салым орналастырылған банк-қатысушының еріксіз таратылуы туралы шешімі күшіне енген күнгі кедендік және салықтық төлемдерді есептеу үшін және олардың мақсаттары үшін Ұлттық банкпен тағайындалатын шетел валютасының теңгеге қатысты курсы бойынша анықталады.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен 4 факторға тәуелді болып келеді:
- халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
- олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
- салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
- елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің
дамуы;
Салымшылар алдында өз міндеттерін атқару үшін Қор Ұлттық банктен, ҚР үкіметінен, басқа ұйымдардан қарыз алуға құқығы бар немесе Ұлттық банктің ресим қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары мөлшерлеме бойынша олардың кепілдемелері негізінде қарыз ала алады.
Күнтізбелік жарнаның міндетті мөлшерлемесі әрбір қатысушы-банктер үшін оның қаржылық жағдайы мен әдістеріне сәйкес жеке белгіленеді. Ұлттық банк белгілейтін бұл мөлшерлеме есептік тоқсанның соңғы мерзіміндегі күнтізбелік міндетті жарна төленер алдында салымдар сомасының 1,125%-тен 0,375%-ке пайызға дейін мөлшерді құрайды.
Резервті қалыптастыру үшін салымдар бойынша өтемдер келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Салымдар бойынша бойынша толық көлемде өтемдері өтеу үшін қатысушы-банктер алғашқыда аударған міндетті күнтізбелік жарналар мен Қор активтерін орналастырудан түскен инвестициялық табыстар сомасы пайдаланылады.
2) Алғашқыда қалыптастырылған резервтік сомасы жеткіліксіз болған жағдайда Қордың жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеден аспайтын сомадағы ақша пайдаланылады.
3) Салымдарды өтеу үшін резервтің алғашқы қалыптастырылған сомасы жеткіліксіз болған жағдайда жетіспеген соманың 50%-н қатысушы банктердің Қордың банктік шотына қосымша жарналар төлеу арқылы төленеді, ал салымдар бойынша жетіспеген соманың 50% Қор есебінен қарызға алынады.
Салымдарды өтеу үшін Қордың қарызға алынған ақшалары, сондай-ақ Қордың жарғылық капиталының есебінен төленген өтелу сомалары еріксіз таратылатын қатысушы-банкке регресті талапты қанағаттандыру есебінен жабылады, сонымен бірге қатысушы банктердің мөлшері мен мерзімі Қор басқармасының қатысушы банкке тартылған, сақтандыруға жатқызылған салымдарының мөлшеріне тәуелді түрде белгіленетін төтенше жарналар есебінен жабылады. [8.32-37б]
Қатысушы-банкке Ұлттық банктің қолдануы мүмкін болатын шектеулі ықпал етуі мен санкциялары банк заңнамасында қарастырылған болса да, бұл банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарда төлеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфляция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып етумен байланысты болып отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру онай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту, екіншіден, ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшінішіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттен ретеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Соңғы жылдардың тәжіребесі көрсеткендей экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша іс-шаралар ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негізде органикалық бірігуді қажет етеді. Осы үш бөлімнің біреуінің әлсіреуі экономикалық-әлеуметтік процестерді реттеуде кері әсерін тигізеді және ақша-несиелік, әлеуметтік сонымен бірге халықаралық байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырады.
2000 жылы өткен қаржыгерлерден конгресінде “Қаржыгерлер ассоциациясының” төрағасы Д. Сенбаев 400 млн. доллардан астам ақшалай қаражат халық қолында қалып отыр, оны экономикаға банк жүйелері арқылы тарту халықтың банктердегі салымдарын сақтандыру қорын ашуменен іске асады десе, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы қаржыгерлердің конгресінде халық қолында 1 миллиардтан астам қаражат бар, ол қаражаттарды сақтандыру қаражат иелеріне де, ел экономикасына да тиімді дей келе, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру-банктердің өздерінің шешетін мәселесі, бірақ мемлекет тұсынан көмек пен реттеуді қажет етеді деп тұжырымдады.
Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейлегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ құрылды.
Бұл қорға қаржы жағдайы тұрақты халықаралық стандарттар негізінде қызмет көрсетуші тұрғындардың мерзімді салымдарының 90% мөлшерін өздеріне жинақтаған 17 банк алғашқыда мүше болып отыр. Бұл банктер: “Тұран-Әлем Банкі”, “ЦентКредит Банкі”, “Қазақстанның Халық жинақ Банкі”, “Алматы Сауда Қаржы Банкі”, “Темір Банкі”, “Көмір Банкі”, “Демір Қазақстан Банкі”, “КазКоммерцБанкі”, “Цесна Банкі”, “Нұр Банкі”, “Евразия Банкі”, “Каспий Банкі”, “Қазақстанның Сити Банкі”, “Қазақстанның HSBC Банкі”. Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын сақтандыру Қоры “Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы-банктердің еріксіз жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшымен банктің арасындағы қатынаста салымның сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып қызмет атқарады. Салымшылырдың мүддесін қорғау банктерге деген тұрғындардың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған. Өйткені халықтың банктерге, қорларға, басқа да қаржы мекемелеріне деген сенімі соңғы бес-алты жылда өте төмендеп кетті.Бұған себеп аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін дұрыс атқара алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының болмауы және тағы басқа көптеген жағдайлар.
Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың шотарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып, қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесін бойынша қаржы жағдайы нашарланған банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент-банк арқылы оның салымшылырына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеніп отыр. Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке қаржылық көмек көрсету немесе келесі бір қаржы жағдайы тұрақты банкке осы банктің активтерін сату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Қор өз қызметінде қатысушы-банктердің сақтандыру жарнасының жоғарылмауы жағдайын ескеріп өз Ережесіне шетелдер сақтандыру жүйелерінің озық нәтижелерін енгізуі керек.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар бойынша өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы-банктердің күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы-банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатусышы-банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді. [11.14-19б]
Салымдарды өтеу қордың қатысушы-банктер арасынан тендр өткізіп анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервтік активтер сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады. Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы-банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы-банктер еріксіз жойылып жатқан банктің салымдарын өтеу (қайтару) бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк депозиттеріне салу барысында салымшы ол банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екен білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді депозит қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа депозиттер сақтандыруға жатпайды.
2006 жылдың шілде айына дейін депозиттерді сақтандыру келесі мазмұнда болды: егер қатысушы-банк еріксіз жабылатын болып жатса, онда Қор банк-агент арқылы салымшыға 200 000 теңгеге дейінгі салымы бойынша 100% өтеу жүргізеді, ал одан ары қарай бекітілген ережелер бойынша өтелінеді. Қатысушы-банктегі бір салымшыға салымы бойынша максималды өтеу көлемі 1 000 000 теңгені құраған. Бұл салымдарды өтеу жағдайы жеке тұлғалар үшін кейбір жағдайларды түсініксіз және сақтандыру қоры мен банктер үшін көп жұмыс уақытын алатын тиімсіз болғандықтан, бұл жағдайды өзгерту мәселесі көтерілді.
Кесте 1.1
Салымдарды кепілдендірудің өсу көрсеткіштері.
2007 жылдың 1 қаңтарына дейін | 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап | |
Кепілдендірілген депозиттер |
Мерзімді депозиттер 7 млн.теңгеге дейін;Талап етуге дейінгі депозиттер;Карт-шот пен ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары;
|
Жеке тұлғалардың барлық депозиттері |
Кепілдендіруді қамтамасыз етудің максималдық көлемі | 400 000 теңге | 700 000 теңге |
Кепілдендірудің қамтамасыз ету төлемі төленеді | Депозиттік валютада | Теңге бойынша |
Кепілдендірудің қамтамасыздығының төленуінің басталуы | сот шешімінің күшіне енуінен бастап 7 жұмыс күн ішінде | сот шешімінің күшіне енуінен бастап 14 жұмыс күн ішінді |
Кепілдендірудің қамтамасыз етілуінің төленуі банк-агент арқылы | Төлем басталғаннан кейін 3 ай мерзім ішінде | Төлем басталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде |
Кепілдендірілген депозиттер бойынша сыйақының максималдық көлемі | Қормен бекітіледі | Қормен бекітілмейді (әр банк өз бетінше бекітеді) |
7 шілде 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозитті міндетті сақтандыру » заңы бойынша, депозиттік кепілдендірудің жүйесін жаңарту және салымшылар алдында кепілдендірудің тартымды түрлерін ұсыну туралы құқықтық негіз құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір салымшыға деген сақтандырудың максималдық көлемі 700 000 теңгені құрайды.
Ал қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін сақтандыру деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000 теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен қайта қаралып, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқармасының бекіткен “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады.
Ұлттық банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.
Депозиттер нарығындағы ерекше жыл, негізінен, 2006 жыл болып табылады. Өйткені, бұл жылы халықтың қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын Банк жүйесіне тарту мәселесі бойынша көптеген қызметтер атқарылды. Олар: депозиттің әр түрлерін ашу; депозиттер түрлері бойынша ұтыс ойнату; салымдарды сақтандыру қоры тарапынан жарнамалардың көптеп жүргізілуі және ең басты мәселе – мемелекет тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел банктерінің шоттарында сақталынып жатқан заңдастырылмаған (легализацияланбаған) және көлеңкелі нарықта айналыста жүрген ақша қаражаттарын легализациялық процесті жариялау арқылы еліміздің экономикасына тарту.
2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 – ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт фабрикалардың өзінен, колхоз - совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздарының кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай – ақ оларға қор операцяларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік несие беру қалыптасып, біртіндеп дами бстады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шағарылды, оның үшеуі – натуралдық түрде болса, екеуі алтынмен есептелген болатын.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805 – ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлестеріне тиді 1960 жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметтерге төлейтін төлем ақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт – фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмейді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің несие ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 1960 – жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына несие беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкінің айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында – ақ «Қазақ ССР – індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым – «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында – ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998 – 2001 жылдыры кезең – кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда – саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцианың бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық бантердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
2005–2007 жылдардағы Халық Банкінің даму стратегиясының негізгі міндеті – Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы нарығының барлық сегменттерінде : банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған қаржылық топ құру.
- Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең бастысы – сатулар жүйесін құру, оның арқасында банктің кеңінен таралған бөлімшелер желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады;
- Активтерді басқару нарығындағы өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда);
- Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
- Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену;
- Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі болу;
- Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде жеткілікті айқындама жасау;
- Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық өнімдер бойынша бизнес ашу;
- Стартегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым – қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға қызмет көрсету бизнесін құру;
- Қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.
2006 жыл Халық Банкі үшін орнықты түрде дамуға, жетекші айқындамалық көрсеткіштер мен табыс өсімін нығайта түсуге қол жеткізілген кезекті табысты жыл болып табылады. Банктің таза пайдасы мен активтер жиынтығы 70 % — дан астам шамаға өсті, капитал жетімділігі тиісті деңгейде сақталып, 17,1 % болды. Банк ипотекалық несие беру, депозиттер, жалақылық жобалар мен карточкалық өнімдер, зейнетақылық қор мен сату арналары жөнінен, оның ішінде кең таралған бөлімшелер желісі мен банкоматтар ауқымы бойынша жетекші орыннан көріне отырып, Қазақстандық бөлшек бизнес нарығындағы өзінің көш бастаушылық орнын нық ұстап отыр. 2006 жыл банк елеулі жетістіктерге қол жеткізді, атап айтарлық ең басты табыс- Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды бастапқы жариялық түрде орналастыруды (IPO), ұсыныс сомасы айтарлықтай шамада асыра отырып, барынша сәтті аяқтады. 2007 жылы клиентер сұранысына бағдарланған жоспарды одан әрі дамытуды, теңгерімді түрдегі өсіммен қарастырады. Ағымдағы жылдағы табыс Қазақстан Халық банкі үшін басты айқындама, оң мәнді үрдістер болып табылады.
Негізгі қаржылық көрсеткіштері: — салық төлемі шегерілген таза пайда көлемі 72% — ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге дейін өсті. Операциялық табыс 66% — ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық табыс 98% — ға дейін ұлғайып, 38,132 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық маржа 7,0% — операциялық шығыс/операциялық табыс- 36,8%. — ROAE – 4,6 пайздық пункте өсіп, 41,8% — ға жетті. Жалпы активтер көлемі 77% — ға өсіп, 991,359 млн теңгеге жетті. Капиталдың жетімділік коэфициенті: 1- деңгей бойынша – 14,0%, 2 – деңгей бойынша – 17,1%.
Банктің 2006 жылғы шоғырландырылған таза табысы 72% — ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге жетті. Банктің бұл көрсеткішке қол жеткізуі ең алдымен таза пайыздық табыстың 98%- ға, ал комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың 39% — ға ұлғаюымен тікелей байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған көрсеткіштер пайыздық емес шығыстардың 48% — ға және табыс салығы бойынша шығыстың 139% — ға өсуімен ішінара теңгерілді. Қарапайым акцияларды иеленушілер арасында бөлінуге тиіс таза табыс 25,080 млн теңге болды, бұл 2005 жылғы көрсеткішпен (14,200 млн теңге болған) салыстырғанда 77% — ға артық. Операциялық табыс құрамына таза пайыздық табыс, комиссиялықтар мен түрлі алымдар түріндегі таза табыс және басқа да пайыздық емес табыс кіреді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 66% — ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті, 2005 жылы – 38,926 млн теңге болған. Операциялық табыстың 59 пайызын құрайтын таза пайыздық табыс 2006 жылы 98% — ға дейін ұлғайды және 2005 жылы 19,259 млн теңге болса, өткен жылы 38,132 млн теңгені құрады, ең алдымен бұл несие портфелінің өсімімен табысы жоғары бөлшек несиелер есебінен мүмкін болды.
Комиссиялықтар мен алымдар түріндегі таза табыс операциялық табыстың 33 пайызын құрады әрі 2006 жылы 39% — ға өсіп, 2005 жылғы 15,248 млн теңгеден 21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл табыс бойынша өсімге зейнетақылық активтер мен есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету арқылы алынған табыс нәтижесінің артуы арқылы қол жеткізілді. Операция шығыс көлемі 2006жылы 48% — ға ұлғайды және 2005 жылғы 19,560 млн теңгелік шамадан өткен жылы 28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер санының, жалақы деңгейінің өсуімен және басқа да әкімшілік шығынның артуымен байланысты.
2006 жыл Халық Банктің банктік қызметтер нарығында шапшаң талпыныс жылы болды. Бұл туралы Халық банкінің бухгалтерлік балансымен куәләндырады.
Кесте 2.1
Бухгалтерлік баланс.
Млн. Тенге | 31 желтоқсан | |
2006 ж | 2005 ж | |
Клиенттік қарыз нетто | 596,216 | 411,097 |
Барлық актив | 991,359 | 559,665 |
Клиенттік депозиттер | 597,935 | 323,515 |
Барлық міндеттемелер | 870,732 | 495,221 |
Барлық меншікті капитал | 120,628 | 64,444 |
Барлық меншікті капитал және міндеттемелер | 991,359 | 559,665 |
Банктің жалпы активтерінің шамасы 2006 жылы 77% — ға өсті және 991,359 млн теңгеге жетті, 2005 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие портфелінің өсімі 2006 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45% — ға артып, 596,216 млн теңгеге жетті, 2005 аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн теңге болған, аталған өсім Банктің несие беру қызметінің айтарлықтай жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты деуге болады. Мұнымен қатар Банктің инвестициялық бағалы қағаздар портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2005 жылғы 12,099 теңгеден 2006 жылы 123,338 млн теңгеге дейін өсті сонымен ақша мен оның балама құралының, оның ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2005 жылғы 57,102 млн теңгеден 2006 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасын жоғары қарқындылығы нәтижесінде Банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Бөлшек (жеке тұлғалар) банкинг жалпы несие портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие портфелі 2005 жылғы 130,602 млн теңгеден 2006 жылы 197,181 млн теңгеге жетіп, өсім 51% болды. Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы көлемінің 56% құрады және ауқымы өткен жылы 40% — ға артты, ал тұтыну несиелері портфелінің көлемі 67% — ға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен табыс 2006 жылғы жалпы пайыздық табыс ауқымының 41 пайызын құрады, 2005 жылы бұл көрсеткіш 36 пайыз болған.
Меншікті капитал 2006 жылдың аяғында Банктің меншікті капиталының көлемі 2005 жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87% — ға ұлғайып, 120,628 млн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру және бөлінбеген табыс пен өзге де резервтерді ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Банктің жарғылық капиталы 2005 жылдың аяғында 29,016 млн теңге болса, 2006 жылдың басында айырбасталатын артықшылықты акцияларды орналастырғаннан кейін және қыркүйек айында 30 000 000 қарапайым акция, ал желтоқсан айында Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) бастапқы жариялық түрде орналастыру (IPO) шеңберінде 55 000 000 қарапайым акция шығарылғаннан кейін 2006 жылдың аяғында жарғылық капитал өсімі 109% — ға немесе 60,684 млн теңгеге жетті.
Сурет 2.1. 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
Халық банкі өзінің клиенттер базасы мен кең таралған бөлімшелер желісі жағынан көш бастаушылар қатарында келе жатқан Қазақстандағы бірден бір қаржылық мекеме болып табылады. Банк бүгінгі күні жеке тұлға – клиенттер мен корпаративтік клиенттерге және шағын және орта бизнес өкілдеріне ауқымды қызмет түрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызмет, активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде даму қағидасын ұстанып отыр. Халық банкінің бөлшек депозиттері мен ипотекалық несие беру нарығындағы портфелдік үлесі — 20 % — ға жуық. Мұнымен қатар Банк төлем карточкалары нарығының сөзсіз көш бастаушысы болып табылады – бұл саладағы үлесі 50 пайызды құрайды. Өзінің бөлімшелер желісі мен банкоматтар арқылы сондай – ақ соңғы уақытта айтарлықтай жедел қарқынмен дамып отырған «Интернет — банкинг» және «Мобилдік -банкинг» жүйелері көмегімен 6млн — ға жуық клиентке қызмет көрсетуде. Клиенттерге ұсынылатын қызмет ауқымы өте кең әрі сан алуан: банк өнімдері мен қызметтері, оның ішінде ағымдағы шоттар, мерзімдік депозиттер, тұтыну несиелер, ипотека, кредит және дебет карточкалары, жол чектері, валюта айырбастау, мұның сыртында – 2006 жылдың ішінде іске қосылған бірқатар жаңа карточкалық өнімдер бар. Банктің корпоративтік банкинг бөлімшелері копоративтік клиенттерімен шағын және орта бизнес өкілдеріне, қаржы мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарға көтермелі банк өнімдері мен қызметтерінің бірнеше түрін ұсынады.
2002 жылдың қыркүйек айынан бастап зейнетақы салымдары ай сайынғы түсетін көлемі бойынша алда келуде. Осы жылдың ақпанындағы көрсеткіш 3483615848 теңгені құрайды немесе 26,67% құрайды.Осы көрсеткіштерді мына сызбадан көруге болады.
Кесте 2.2
2005 жыл бойынша негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
Атауы | Саны | Нарықтағы үлесі | Жылдық өсім | ||
1.1.05 | 1.1.06 | ||||
Салымшылардың саны | 1242881 | 1459198 | 19,16% | 216,317 | 17,4% |
Зейнетақы қоры оның ішінде салымшының есебінде бөлінген инвестициялық кіріс |
121173855000
23777636000 |
168342666000
36139503000 |
25,95%
23,29% |
47168811000
12361867000 |
38,93%
51,99%
|
Сомма | 5962875000 | 8247821000 | 23,05% | 2248946000 | 38,315% |
Алымшылардың саны | 211366 | 266409 | 55043 | 26,04% |
Халық банкінің зейнетақы қоры ең капиталды қоры болып табылады. Оның төленген жарғылық капиталы 1 млрд теңгені құрайды. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы қордың жеке капиталы 2 828 734 мың теңгені құрайды.
Зейнетақы қор жүйесінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері:
- 168,3 млрд. Теңге оның ішіндегі инвестициялық кіріс 36,1 млрд. теңге, жалпы зейнетақы қорының көлемінің 25,95% — ын құрайды;
- 42 млрд.теңге зейнетақы активтерінің көлемі бойынша жақын бәсекелесушімен құрайды;
- 1 459 198 адам, немесе жалпы зейнетақы қорының салымшылары 19,% — ын құрайды;
- 2005 жылдағы салымшылардың зейнетақы жинақтаушыларының зейнетақы қорының өсімі 38,93% құрайды;
- 2005 жылғы таза инвестициялық кірісінің өсімі 51,99% — ды құрайды;
- Зейнетақы салымының жалпы көлемі 24,3% — ын құрайды, 124,7 млрд.теңгені құрайды;
- 2005 жыл бойынша ай сайынғы зейнетақы салымдарының ортақ көрсеткіші 295 млрд.теңгені құрайды немесе зейнетақы салымдарының айлық көлемінің 26,5% — ын құрайды.
Алдыңғы жеті жылда қор өзінің резервтерімен, өзінің ішкі потенциалымен өсіп, дамыған болатын. Халық банкінің зейнетақы қорын республика мен жақын шетелдің сарапшылары көрсетеді:
- Қордың салымшыларына қаржылық топтағылардың алғашқысы болып кешенді өнімді енгізеді, қаржы топтарының мүшелерінің айналымдық қызметтерін қосады.
- Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі алғашқысы болып зейнетақы активтерін өзіндік басқаруға көшірді.
- Қазақстан Халық банкінің банкоматтары мен интернет банкингісі арқылы жеке зейнетақы шотынан көшірмені алу мүмкіндігін енгізді.
- Зейнетақы активтерінің көлемі бойынша бірінші орынға шықты және республикадағы ең үлкен қор болды.
- Республиканың қаржы секторындағы салымшылардың зейнетақы салымы бойынша 1 млрд доллар рекордтық сомаға жетті.
- Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі бәсекелестік күресте 1 млн салымшы рубежіне жетті.
- Зейнетақы қорлардың ішінде алғашқылардың бірі болып жарғылық капиталды 1 млрд теңгеге толтырды.
- «Жыл таңдауы» республикалық конкурсының алты рет «Қазақстандағы №1 зейнетақы қоры» атағын иеленді, нарықты зерттеу Еуропалық орталығының «Еуромаркет» сыйлығымен марапатталды.
- Ең атақты, ең таза, ашық және атақты қор болып аталған.
- JAS-ANZ аккредитациясының негізінде халықаралық орган «Total Quality Certification Services International Pty Ltd» сертификаты бойынша ISO 9001 : 2000 стандарты бойынша сапа менеджментінің сертификациясын ойдағыдай өткізді.
2003 жылдың ақпан айы мен 2006 жылдың ақпан айы аралығындағы Халық банкіндегі жалпы зейнетақы қорының, зейнетақы активтері бойынша номиналды кірісінің орта есптегі коэфициенті 20,64% құрайды.
2003 жылдың ақпан айы мен 2006 жылдың ақпан айы аралығындағы инфляцияның жинақталған деңгейі 23,64% құрайды.
Банктің қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын қызметтерді орындаудан көрініс табады. Жалпы банк қызметі клиент мүддесі үшін белгілі бір іс — әркеттерді орындаудан сипаттауға болады. Банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдарды тарту мен қарыздарды беру жатады. Банк өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Қазіргі кезде банкінің қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Халық банкі бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Халық банкінің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. Халық банкі негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларының барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес Халық банкі мынандай операцияларды орындайды:
- Ақылы негізде депозиттерді тарату;
- Клиенттермен банк шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- Заңды жіне жеке тұлғаларға несие беру;
- Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да оперцияларды жүргізу;
- Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
- Клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша қызметтер «сейфтік операциялар»
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды басқару;
2005 – 2006 несиелік нарық. Бұл жылдары банктермен берілетін несиелердің сапасы жақсартылды және олардың қайтарылмау тәуекелі төмендеді. Банктер несиелік қоржынының құрылымында 2005жылдың 31 желтоқсанында стандартты несиелердің үлесі 71,6%, күдіктілердің - 26,4%, үмітсіздердің – 2% құрайтын болды, ал 2005 жылдың басында бұл көрсеткіш сәйкесінше 69%, 28,9% және 2,1% құрайтын болған. Бантке несилік қоржынның құрылымдық өзгеруі дұрыс бағаланды, мұндағы орташа және ұзақ мерзімді несиелер қысқа мерзімді несиелерге қарағанда озық сипатқа ие болды. Орташа және ұзақ мерзімді несилер бұл кезең ішінде 54,2% — ке қысқа мерзімді несиелер 19,4% — ке өседі, орташа және ұзақ мерзімді несиелер бойынша 47,4% — ке 383,4 млрд теңгеге дейін, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша 26,2% — ке өсті. Нәтижесінде, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлестік салмағы 53,2% — тен 57% — ке ұлғайды.
Валюталардың түрі бойынша несиелер құрылымында ұлттық валютадағы несиелердің өсімі шетелдік валютадағы несиелермен салыстырғанда озық сипатта болды, сөйтіп ұлттық валютадағы несиелердің банк несиелерінің жалпы көлеміндегі үлестік салмағы 31,5% — ті құрайды, мұндайда шетел валютасындағы несиелер бір жыл ішінде 30,9% – ке 460,5 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Банктер қор базаларының жалғасып, өсімі жағдайларында экономиканың нақты секторын несиелер операциялардың ең париоритетті түрі болып табылады. Ал, 2006жылғы несие қоржыны да недәуір көлемде 61,7%- болды, яғни 428,4 млрд теңгеге өсті. Оның ішінде халыққа берілген несиелер 127,7% — ға көбейіп, 161 млрд теңгені құрады. Халық Банкінде несиенің заңды және жеке тұлғаларға арналған несие өнімдері бар. Тағы да ұзақ мерзімге, орта мерзімге, қысқа мерзімге берілетін несиенің түрлері бар. Халық Банкінің осы негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша 2005 жылмен салыстырғанда, 2006 жылы несие қоржынының едәуір көлемде ұлғайғандығын осы көрсеткіштер бойынша байқауға болады.
Клиенттерге несие беру операциялары 2006 жылда Халық Банкі қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып қала берді, өйткені олар жоғары табыстылықтың негізі болды. Несие қоржынының көлемі бір жылда 2,3 есеге көбейіп, 16 млрд.теңге құрады. Берілген несиелер көлемінің елеулі өсуі, ең алдымен Банктің жаңа даму стратегиясымен байланысты. Ол ірі инвестицияларды тартуға, жаңа банк өнімдерін өткізуге, бөлімше желісін кеңейтуге, бөлшек сауда бизнесін дамытуға бағытталған. Несие қоржыны 2006 жылдың соңындағы уақытша құрылымын қарастыра отырып, қысқа мерзімді несиелер қоржынының көп бөлігі 69% — ын құрағанын байқауға болады. Сонымен бірге Банктің, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарта отырып, үлесі 31% құраған ұзақ мерзімді несие беруді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Шетел валютасында немесе валюталық баламада бекітумен берілген несиелер үлесі несие қоржынының жалпы көлемінінің 51,8% құрады, бұл негізгі тартылатын несие қайнар көздерінің валюталық бөлінуіне жуықтап сәйкес келеді. Шағын және орта бизнеске несие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Экономиканың бұл секторына берілген несиелер сомасы өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе артқан және несие қоржынының жалпы көлемінінің 54% құрады. 2006 жылда Банк республикалық және жергілікті бюджеттер шегінде бірлесіп қаржыландыру бағдарламалары бойынша жұмысын жалғастырды. Жергілікті бюджеттермен Банкке шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаражаттар 2006 жылда 71,3 млнү.теңгені құрады және ауылшаруашылығымен және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған жабдықтарды дамытуға бағытталады.
Қол жеткізу мүмкіндігі Банк ұсынатын өнімдердің ең талғампаз деген клиент көңіліне қонымды болуын әрі оның мұқтажына сай келуін қарастырады. Бүгінгі күні Халық Банкі ипотекалық несие бойынша бірнеше жаңартылған жоба ұсынып отыр, атап айтқанда, пайдалануға дайын тұрғын үй сатып алуға, құрылысы салынып жатқан құрылыс үйді жөндеуге берілетін несиелер. Қол жеткізу мүмкіндігінің қосымша ерекшклігі мынада: ипотекамен өарыз беру жобасы еліміздің 45 елді мекенін қамтиды әрі 60 – тан астам сауда нүктесінде жүзеге асырылады.
2.2сурет. 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
Халық Банкі Қазақстан экономикасының басымдық салаларындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Лизинг және факторинг сияқты перспиктивалы және жоғар табысты құралдар дамып келе жатыр. Тұтынушылық және ипотекалық несие беру бағдарламалары әзірленіп іске қосылды. Банк бірінші эмитенттерінің вексельдер мен операцияларға белсенді қатысады. Сонымен бірге, тәуекелділікті салалық әртараптандыру тұрғысынан қарағанда, несие қоржыны жақсы тұрақтандырылған және оңтайлы өзгерістерге бағытталған.
Несие саясатының дұрыс таңдал,ан стратегиясы Халық Банкінің несие қоржынының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Несиелер бойынша мүмкін болатын шығындар резерві несиелер қоржынының залалдарын толық жабуға қабілетті. Бұған қаржыландырылатын жобалардың жеткілікті өтімділігі, сондай – ақ несиелер бойынша кепілдік қамтамасыз етудің сенімді және жоғары өтімділігі септігін тигізеді. Несиелік салымдардың негізгі көлемі көтерме саудаға тиісті болды, бұл сауда компаниялардың көрсететін қызметтеріне деген жоғары сұранысына және сауда операцияларын қысқа мерзімділігіне байланысты. Көтерме сауданы несиелендіру бірнеше бағыттарда жүзеге асырылғанын және оның құрамына тамақ өнімдері саудасы, ауылшаруашылық өнімдері, тұтынушылық тауарлар және басқа да сауда кіргенін атап өткен жөн.
Өткен жыл барысында Халық Банкі ірі кәсіпорындарымен қатар орта және шағын кәсіпорындарды ынтымақтастыққа тарту жолымен клиенттік базаны жақсарту және кеңейту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл клиенттік базаның 2006 жылдың басындағы деректермен салыстыр,анда 3 еседен артық өсуінде маңызды роль атқарды, жыл соңында ол 31 мыңнан астам клиенттерді құрайды.
Сурет 2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
Депозит нарығы, бұл жылдары банктердің қорларын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың депозиттік салымдарының өсу есебінен көтеру тенденциясы өзінің жалғасын тапты. Сондағы заңды тұлғалардың да депозиттерінің жылдық өсу қарқыны бірдей болып 35,6% құрайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі резеденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жыл ішінде 35,6% — ке өседі де, 2005 жылдың 31 желтоқсанында 63 млн. теңгеге, шамамен 3,9млрд АҚШ долларына жетеді. Заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі жыл басынан бастап 51,1% — ке өсті. 2005 жылы ұлттық валютадағы депозиттердің өсу қарқыны шетел валютасындағы депозиттерге қарағанда озық сипатта болды, соның нәтижесінде олардың үлес салмағы 35,7 % — тен 40% — ке дейін өсті. Жалпы алғанда, ұлттық валютадағы депозиттер жыл басынан бастап 60,7% — тен 241,5 млрд теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 33,8% — ке өсті. Халықтың мерзім бойынша салымдарының құрылымында мерзімді депозиттердің үлестік салмағының болмашы өсімі байқалды, ал 2006 жылы депозиттік базалардың көлемі 311,6 млрд теңгені құрады. Халықтың салымы 131 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде талап етілетін депозит 36 млдр теңгеге өсіп, халықтың салымы 2005 жылмен салыстырғанда 27 млрд теңгеге өсті. Халық салымдары көлемінің ұлғаюына және олардың мерзімдерінің ұзартылуына байланысты олар банктердің негізгі несиелік қорлары болып қала бермек.
Валюталық нарық, 2005-2006 жылдары «Қазақстандық қор биржасы» әртүрлі инструменттермен сауда жүргізілеін әмбебап қаржылық нарық ретінде дамуын жалғастырып келетін ол биржа мүшелерінен өздеріне қажетті операциялардың көбін қор биржа сауда жүйесінде жүргізуге мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде шетел валютасымен муниципалдық облигациялар мен Қазақстанның халықаралық бағалы қағаздарын қоса, мемлекеттік бағалы қағаздарымен, мемлекеттік емес имиссиялық бағалы қағаздарымен, халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен, мерзімді өзара шарттарымен сауда жүйелі түрде жүргізілді, вексельдердің алғашқы нәтижелі саудасы өткізілді. Қазіргі уақытта қор биржасында 56 қатысушы сауда жүргізеді – бұл 2005 жылдың басындағысымен қосып салыстырғанда 4 есе артық. 2005 жылы нарықтың барлық секторларында қор биржасындағы операцияларының сомалық көлемі 24,6 млрд АҚШ долларының эквивалентіне жетеді, ол болса 2005 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Операциялардың келтірілген көлемі қор биржасының бүкіл тарихындағы ең үлкен жылдық айналым болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен шетелдік валютамен операциялар жасау, автоматтық «РЕПО» нарығы бұрынғысынша кеңінен таралып келеді. Бұл фактіні, бір жағынан, мемлекеттік бағалы қағаздарының жоғары өтімділігімен және сапасымен, басқа жағынан зейнетақы қорлары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты белгіленген инвестициялау шектерімен, жергілікті қор нарығында Қазақстандық компаниялардың қажетті акцияларының жеткілікті мөлшерде болмауымен түсіндіріледі. 2005 жылдың биржалық нарығындағы басқа да айрықша мәнді оқиғалардың ішінде, «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ – ныңмемлекеттік акциялар пакетін нарықта өткізу, облигацияның бір теңгелік номиналды құнына өту жөніндегі биржаның ұсыныстары, өзгертілген листинг ережелерінің күшіне енгізу.
Жылдың басынан бастап теңгенің номиналдық девальвациясы 3,25% — ті құрайды. Теңгенің орта есеппен алынған айырбастау курсы 12 ай ішінде бір АҚШ доллары үшін 153,86 теңгені құрады. Айдың аяғына қарай ұлттық валютаның ресми курсы бір АҚШ доллары үшін 155,6 теңге деңгейінде белгіленді. 2006 жылғы биржалық операциялар көлемі 2005 жылдың желтоқсандық көрсеткішімен салыстырғанда 72,9% — ке ұлғайяды да, 24,6 млрд долларды құрайды. 2005 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша қор биржасындағы операциялар көлемі 6,3 млрд АҚШ долларын құрайды және өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 24,2% — ке өсті. Биржадан тыс валюталық нарықта 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда операциялар көлемі 32,4% — ке ұлғайды. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін банкаралық валюталық нарықтағы операциялар көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Сөйтіп, Қазақстанның қаржылық нарығының жалпы дамуы мен елдегі экономиканың жағымды бағыт алуын банктерге дүниежүзілік ішкі нарықтар механизмдері арқылы қаржылық инструментерді белсенді пайдалану жолымен өз қызметін дамытуы мүмкін.
Ұлттық Банктің пікірі бойынша, банк секторының өтімділік деңгейі жоғары түрде сақталған. 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша банк секторының ағымдық өтімділігінің жиынтық коэффициенті 08. Ұлттық банк деректері бойынша, 2005 жылдың басындағы мәліметтер бойынша республикада әрекет ететін банктердің жалпы саны 38, соның ішінде мемлекеттік – 2, шетелдік қатысушылары бар – 17 банк болды. Банктердің жиынтық меншікті капиталы 32,2% — ке өсті және 162,8 млрд теңгеге жетті. Капиталға айналдырудың және банктердің қор базасының өсуі жағдайларына банк активтерінің ұлғаюы жалғасуда. 2005 жыл ішіндегі банктердің жиынтық активтері 46,2% — ке өскен және 146 млрд теңгеге, немесе 30,5% — ке жеткен.
Төлем карточкалары. Банк төлем карточкалары бойынша әр уақытта көш басшы болып келеді. Ол 2,4 млн теңгеден астам қаржыны құрайды. Карточкалық есепке түсетін түсімнің көлемі 363 млрд теңгеге жетсе, ал желтоқсан айында клиенттердің есебінен рекордтық көрсеткіш 47 млрд теңгег өсті. Төлем карточкалар бойынша қызмет ету желісі 2005 жылы 585 банкоматқа дейін көтеріліп, 3700 POS терминалдар мен импринттері бар. Қазіргі кезде қондырылған 112 банкомат, сондай ақ қосымша 300 банкомат сатып алынды. 2006 жылы Халық Банкінің 1000 банкоматы іске қосылды. 2005 жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда бірінші рет «Мобилдік банкинг» жүйесі кіргізілді жыл бойы «Мобилдік банкинг» жүйесіне Қазақстандағы барлық мобилдік операторлар қосылды. 2006 жылдың қаңтарында мобилдік банкинг жүйесі бойынша миллион хабар жіберілді. Қазақстанда банк шотын мобилді телефон арқылы басқару жүйесінде «VISA CEMEA» мобилдік банк «VERIFIED by VISA» пилоттық жоба негізінде жіберілді. Қазіргі кезде бұл жүйемен 36 мыңнан астам клиенттер жұмыс істейді. Халық банкінің жеткен жетістіктері басқа елдерге, мысалы, Ресей Жинақ банкісіндегі әріптестеріне қарағанда ең аз мерзімде қол жеткізді. Халық банкінің бірінші миллионда жіберілген 10 ай, Жинақ банкі -17 айда қол жеткізді. Ресейлік банктердің төлем есеп карточкасы 1,8 млн- нан 12млн- ға дейін болды. Халық банкінің осы қол жеткізген статистикалық көрсеткіштері, клиенттері үшін ыңғайлы дербес тіркеу нәтижесінде болып отыр. Мұны қазір Халық банкінің барлық банкоматтарында жүзеге асыруға болады.
Халық банкінің сервиске тіркелген төлем карточкасы бар кез келген клиент, кез келген затты сатып алу, төлем төлеу, жалақы алу операцияларын жүзеге асыру барысында мобилдік телефодарында хабар арқылы ескерту алады. Хабар жұмыстың бағасы, орындалу мерзімі, өткізілетін орны туралы ақпарат береді. Одан басқа да берілген хабар сенімсіздік тудырса, онда тез арада 8080 хабарға арнаулы код арқылы карточканың жұмысын тоқтатып, есеп карточкасын басқа біреулердің заңсыз пайдалануына жол бермеу керек. Оперативті хабарлардан басқа «Мобилдік банкинг» жүйесіне қосылу кез келген уақытта банктің қатысуынсыз әртүрлі ақпараттарды білуге хабар жіберу арқылы ақшаның қалғанын, соңғы операциялар туралы мәліметтерді білуге болады. Жақын арада сервистің үшінші этапы – банк кодын клиенттің сим картасына орналастыру, яғни қорғалған төлемдерді және аударылған салымдарды мобилді телефондар арқылы жүзеге асырады. Халық банкі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру нәтижесінде 2005 жылдың күрделі де пайдалы құрылымдарымен белгілі болды.
Халық банкінің карточкаларының орны ерекше, мәселен VISA Gold карточкасын пайдалана бастағанына 8 жылдай болды. Әсіресе, шет елде жүргенде бұл таптырмайтын нәрсе. Сонымен қатар VISA Gold карточкасын иеленушілерге қосымша JAPA карточкасы тегін беріледі. Бұл карточка бойынша шет елдік отелдер қызметін 50 пайыздық жеңілдікпен пайдалануға болады және басқа да пайдалы жақтары бар. Мәселен, сақтандыру қызметін пайдалану мүмкіндігін береді. Қажет болған жағдайда, егер шетелде жүргенде осындай мұқтаждық туып қалса, бұл карточкамен кез келген елде көмек алуға болады әрі қосымша AIG сақтандыру қызметі бар.
CARD TO CARD жүйесімен ақша аудару, Халық банкінің төлем карточкасын пайдаланушы клиенттеріне банкомат арқылы бір карточкадан екінші карточкаға ақша аудару қызметін жүргізеді. CARD TO CARD қызметі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бұл қызмет түріне тәуліктің кез келген уақытында, демалыссыз әрі үзіліссіз қол жеткізуге болады. Операцияны банкомат арқылы, сонымен қатар аударылған ақшаны Қазақстан аумағында ад, шетелдердің бірінде жүріпте қолға алуға болады. Бұл қызметті пайдалана отырып, ақшаны кәдімгідей үнемдеуге болады, өйткені төленетін комиссиялығы өте аз әрі жіберілетін ақша сомасына байланысты емес.
Халық банкі өз клиенттеріне банкке келместен, банкомат арқылы тез арада несие лимитін алу мүмкіндігін жүргізеді. Банкомат арқылы берілетін несие лимиті – бұл Халық банкінің карточкасымен кезекті жалақыға дейін банктен қарызға ақша алу мүмкіндігін білдіреді. Несие лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын әрі жалақысын 3 айдан астам уақыт Халық Банкінің карточкасыменалып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Несие желісінің мөлшері жалақының 70 пайызын құрайды. Халық банкі өзінің төлем карточкаларын иеленушілерге банкомат арқылы әртүрлі төлем жасау қызметін жүргізеді: мобилдік телефондағы балансты толықтырып отыру, кабельдік телевидение қызметі үшін ақы төлеу. Банктің төлем қабылтайтын пунктері мен бөлімшелерінің жұмыс істейтін уақытына тәуелді болмай, кез келген ыңғайлы уақытта банкоматқа барып, төлем жасауға болады.
Халық банкінің банкоматтар арқылы қол жеткізілетін операциялары:
- Қолма – қол ақша алу;
- Карточка бойынша транзакциямен ондағы ақша балансы туралы үзінді алу;
- Мобилдік байланыс, кабельдік телевидение, «Қазақтелеком» ААҚ қызметтері үшін, басқа да төлемдерге қол жеткізуге болады;
- Халық банкінің карточкалары бойынша CARD TO CARD жүйесімен ақша аудару;
- «Карточкалық депозитте» ақша жинақтау;
- Карточкамен несие лимитін алу;
- «Мобильдік банкинг» қызметіне қосылу;
- Қазақстан Халық банкінің Жалпы Зейнетақы Қорындағы зейнетақылық жинақтар туралы үзінді алуға болады;
- «Қазақстан Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ- да салым жасау және несиені өтеу.
Халық банкі сауда саласындағы әр турлі елдермен ынтымақтастықты өркениетті есеп айырысу тәсілдеріне ауысуға мүмкіндік туғызатын жаңа банк өнімдері мен қызметтерін енгізу саласында тиісті қадамдар жасауда. Бұл орайда екі ел территорияларында банктердің белсенді қызметіне бағытталған жайлы жағдайлар тудыру үшін Қазақстан мен Қытайдағы ірі банктер арасында өзара іс-қимыл орнату аса маңызды болып отыр. Осындай атты иеленетін төлем жүйесінің иесі CUP – пен эквайринг туралы келісімге қол қою тек қана Халық банкі үшін ғана емес, Қазақстанға да маңызды оқиға болып отыр. CHAINA UNION PAY (CUP) Қытайдағы жалпы банкоматтар жүйесін және POS – терминалдардың операторы болып табылады. Енді жоғарыда айтылған келісім бойынша Халық банкі CUP карточкаларының Қазақстандағы эквайері есептеледі. Компаниялар арсындағы ынтымақтастық екі сатыдан тұрады. Бірінші саты барысында екі жақта CUP карточкаларын ұстаушыларға сату орындарында төлем жасау, баланс туралы сұрас салу және Халық банкі жүйесі бойынша Қазақстанда банкоматтардан қолма – қол ақша алу функцияларын пайдалана алу қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ынтымақтастықтың брінші сатысы 2006 жылдың үшінші тоқсанына дейін іске асырылуы керек. Екінші сатыда Халық банкі CUP карточкаларын шығаруды бастайды. Анықтама үшін: CHAINA UNION PAY компаниясы Қытайдағы штап — пәтері Шанхай қаласындағы жалғыз процессингілік компаниясы болып табылады. Компания 2002 жылы 80 – нен астам ішкі ұлттық қаржы компанияларының қатысуымен құрылған акционерлік қаржы институты ретінде құрылды. CUP – тің 20 филиалы мен дүниежүзі бойынша 160 — тан астам банк – мүшелері бар. Елде 959 милионнан астам төлем карточкалары шығарылған, оның ішінде 40,4 млн кредиттік, 919 млн дебеттік карточкалар бар. Компания мөлшері бойынша көш басшы болып табылады. «Қазақсатан Халық Банкі» АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. Банк VISA International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және Қазақстандық пластикалық карточкалар нарығының тұрақты көш басшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2,4 млн бірліктен асты.
Сейфтік операциялар, ол банк өз клиенттерінің – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың материалдық және өзге де құндылықтарының сақталуына мүдделілігін арттыру мақсатында сейфтік депозитарийдің абонент жәшігін келісім – шарт негізінде жалға беру қызметін ұсынады.
Маңызды құжаттар мен құнды заттарды банк депозитарийінде сақтаудың сөзсіз артықшылығы – сенімділік пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Бұған қосымша банк депозитарийінің тағы бір басымдығы – құндылықтар мен құжаттарды анонимді түрде сақтау мүмкіндігі және сақтауға салынған заттың құнын жариялау мүмкіндігі. Абоненттік жәшіктерді жалдау мерзімі шектелмейді, клиент оларды өзі қалаған мерзімге пайдалана алады. Бүгінгі күні Банк сейфтік депозитрийдің абонент жәшіктерін неғұрлым кең таралған көрсеткіштер бойынша ұсынады. Жалға берілетін абонент жәшіктерінің түрлері мынадай: кіші сейф, орташа сейф, үлкен сейф.Қазақсатан Халық банкі депозитарийінің сейф жәшіктері барлық жұмыс күндері ашық болады. Жалға берілген сейф жәшігін клиент өзі жеке пайдалана алады немесе тиісті түрде рәсімделген сенім хат негізінде әрекет жасайтын өз өкілдері арқылы қол жеткізуге болады. Сейфтік депозитарий қызметі үшін клиент белгіленген тарифке сәйкес комиссиялық сыйақы төлейді, сыйақы мөлшері жалға берілген жәшік мөлшеріне және пайдалану мерзіміне байланысты болады. Банк абоненттік жәшіктерді рұқсатсыз ашудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент қайтыс болу жағдайын ескере отырып, кез келген адамның атына өсиет етуіне болады немесе мемлекетке мұраға қалдыра алады. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент сақтандыру ұйымдары арқылы да сақтауына болады. Жылжымайтын мүлікті пәтер, үй, жер, сату-сатып алу операциялары бойынша төлемді қолма – ақшамен жүргізу үшін клиенттерге сейфтерді пайдалану мен қатар делдалдық қызмет ұсынылады. Аталған қызмет сатып алу – сату мәмлесіне қатысушыларға, яғни Сатып алушы мен Сатушыға тікелей көрсетіледі немесе мәмлені іске асырушы және Банкпен жасалған Жеке сейфті жалға беру туралы шарты бар фирманың өкілі арқылы ұсынылады. Қолма – қол ақшаны сейфке салуды Сатып алушы Сатушының және Банк қызметкерінің қатысуымен жүргізеді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату мәмлесі болмаған жағдайда ғана Сатып алушыға сейф ішіндегілерді алуға рұқсат етіледі. Сатушы сейфтен қолма-қол ақшаны алуды Сатып алушының қатысуымен және нотариалды расталып, техникалық инвентаризациялау бюросында тіркелген жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату туралы шарт ұсынған жағдайда жүргізіледі. Қолма – қол ақша сейфтен алынғаннан кейін Жалға беру шартының талаптары орындалған болып есептеледі.
Аударымдары «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары», «Экспресс- аударыдар», Маниграмма жүйелері боцынша жүргізу. «Экспрессс- аударыдар» жүйесі бойынша ақша аудару, Қазақстанның өз ішінде банк бұл жүйе бойынша ұлттық валютамен және банк шоттарын ашпастан жеке тұлғалардың ақшасын бір-біріне аударады. Жедел аударымдар республика аумағы бойынша 10-15 минуттің ішінде іске асырылады. Аударылатын ақша сомасы шектелмейді. Аударым сомасының пайда болуын тиісті құжаттармен дәлелдеу талап етілмейді. «Money Gram» жүйесі бойынша жеке тұлғалар аударымын қолма – қол шетел валютасымен іске асыру. Маниграмм Халықаралық ақша аудару жүйесі Банкте 4 жылға жуық сәтті қолданылып келеді және жедел жұмыс істейтін әрі сенімді жүйе болып табылады. Халық Банкінің бөлімшесінен рәсімделген жеке тұлғаның шетел валютасындағы ақша аударымы 10 -15 минуттың ішінде кез келген шетелге және «Money Gram» жүйесінің пунктері орналасқан Қазақстан аумағы бойынша жөнелтіледі. Ақшамен қатар клиент алушыға жеделхат түрінде жазылған, көлемі он сөзден аспайтын мәтіндік хабарды тегін жібере алады.
Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасына сәйкес резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың Халық Банкі арқылы Қазақстанға немесе Қазақстаннан жіберілетін бір жылғы аударымдарының сомасы 10 000 АҚШ долларынан аспауға тиіс және бұл аталған аударым ақшасын жеке тұлға бір операциялық күнде бір рет ғана жүргізе алады.Мұндай аударымдар кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен және жылжымайтын мүлікке құқық иеленуімен байланысты болмауға тиіс. Сонымен қатар Қазақстан аумағы бойынша шетел валютасындағы бір жолғы аударымдар тек резиденттер арасында немесе бейрезиденттер арасында ғана жасалады. Аударым үшін түрленетін комиссиялық сыйақы аударылатын ақша мөлшеріне қарай ұсталады.
«Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша ақша аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен), Банк жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар атына жасайтын ақшалай аударымдарын «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» деген жүйемен жүзеге асырылады. Аударым теңгемен де, АҚШ долларымен де жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жедел аударымдар Банктің ішкі жүйесі бойынша бір күннің ішінде банк шотын ашу арқылы немесе шот ашпастан – ақ жүргізіле береді. Карточкалық шотқа немесе интернет-шотқа ақша аудару бір банктік күннің ішінде іске асырылады. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша ақша аударуды Халық банкінің Қазақстан аумағында орналасқан барлық бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелері жүргізе алады.
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау. Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады. Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бұл жағдайда ұсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.
Негізгі қызмет түрлері:
- Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
- Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;
- Заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;
- Заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу;
- Бөлімшелер клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну;
- Аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау;
- Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау;
- Банктің кез келген бөлімшелерінен заңды тұлға өкілінің басқа бөлімшеде ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;
- Инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі;
- 10. Шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу,
11. Әртүрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;
12. «Клиент-Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;
13. Тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;
14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалры арқылы аудару және беру;
15. Жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдік есеп айырысулары», «Экспресс аударымдар», мониграмма жүйелері бойынша жүргізу;
16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу;
17. Жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;
18. Вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;
19. Сейфтік операциялар: клиент құжаттары мен құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтары, үй жайларды жалға беру операциялары;
- 20. Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу;
21. Құжаттамалық операциялар жүргізу және банктік кепілдемелер беру;
22. Корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;
23. Шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.
Халық Банкінің ақпараттық технологиялары, 2005 жылы Халық Банкі CRM(customer relationship management) концепциясын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам болып табылатын, бизнесті орталықтандырудың стратегиялық үздісін бастайды. Сапа мен операциялар жүргізудің жылдамдығы сияқты банк қызметін көрсетуді бағалаудың клиенттер үшін маңызды белгілері Банкті орталықтандыруды бастауға итермелеген негізгі себептердің бірі болды. Стандартты банк моделі бизнесті децентрализациялық түрде жүргізуге негізделген, ол бас офис пен өз шоттары, өз клиенттері мен операциялар жиыны бар жеке банк жүйелеріне ие болатын бөлімшелердің құрылуын көздейді. Жүйелердің өзара off – line режимінде транзакциялық деңгейде іске асырылады. Ол басқа клиенттік операцилардың орындалу жылдамдығын едәуір төмендетеді. Оның үстіне жаңа өнімді іске қосу мен оларды бөлімшелік торап бойынша тарату үрдісі айтарлықтай көп уақыт алады. Одан басқа тәжірибе көрсетіп отырғандай, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріндегі есептік, несиелік, депозиттік, валюталық және тарифтік саясаттары бас офистермен дайындалған саясаттардан көбінесе айрықша болып келеді. Осымен қатар банктердің бөлімшелері, әдеттегідей, банк өнімдері мен қызметтерін сатуға назар аударудың орнына адам және уақыт ресурстарының едәуір бөлігін әртүрлі қаржылық есептілікті дайындауға жұмсауға мәжбүр болады. Халық банкінде өткізген бизнесті орталықтандыру жоғарыда аталған проблемаларды жойды да:
- Банктің қолданатын қаржылық құралдарды бақылау үшін өте маңызды болатын, бизнестің ағымдағы жағдайы туралы толық және дер кезінде ақпарат алу;
- Қызмет көрсету жерлеріне байланыссыз барлық жүйе бойынша ортақ клиентті құру;
- Бүкіл банк бойынша біріңғай өнімді каталог құру;
- Бөлімшелердің автономдық жұмысы кезінде пайда болуға мүмкіндігі бар тәуекелдерді жою;
- Жаңа бизнес – үрдістерді ендіру мерзімдерін қысқартуға және қолданыстағыны оңтайландыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп Банктің күш жұмылдыруы мен құрылым ішіндегі өзгерістер жылдамдығы елеулі түрде көтерілді;
- Алынатын бухгалтерлік және басқарушылық есептіліктің сапасын жақсартуға, сондай- ақ шоғырландырылған көрсеткіштерді алу уақытын қысқарту;
- Банкті басқару тиімділігін көп есе арттыруға мүмкіндік берді.
Орталықтандыру шешімін ойдағыдай жұмыс істету мақсатында Банк бөлімшелерін Бас кеңсемен қажетті өткізгіштік қабілеттілікті және сенімділікті қамтамасыз ететін артық байланыс арналарымен байланыстыратын тораптық инфрақұрылым салынды. Негізгі арна ретінде «Қазақтелеком» ААҚ компаниясының Freme RELAY жер үсті арналары қолданылады. Олар 128 Кбит / сек дейіңгі жылдамдықпен мәліметтер беруді қамтамасыз етеді және ішкі сақтық арналарға ие. Негізгі арнаның істен шығу жағдайында, терминаларды Банктің әрбір бөлімшелерінде орнатылған және жер үсті тораптан автономды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Kulan спутник торабы арқылы автоматты түрде сақтық арна іске қосылады.
Сапаны басқару жүйесі бойынша, өткен жылы Халық банкі ISO 9000 халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесін құру жұмыстарын бастаған болатын, ол Банктің әрбір бөлімшесі қызметінің дамуы мен жақсартылуына септігін тигізді. Сапа менеджменті жүйесі Банктің маңызды міндетінің, Банк қызметінің барлық бөлімшелерінде оның барлық үрдістерінің айқындығы мен реттеп отырылуы арқылы сапалы банк қызметтерін көрсетудің орындалуына кепілдік береді. Сапа менеджменті жүйесін құру мен қалыпты ұстау мақсаттарында сапаны басқару бойынша жұмыс тобы құрылды, «Халық Банкі» ААҚ – ның сапа саласындағы саясаты: Банктің сапа саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жариялайтын негізгі құжат дайындалды, бекітілді және әрбір қызметкерге жеткізілді. Сонымен бірге сапа менеджменті жүйесінің екінші негізгі құжаты – «Сапа бойынша нұсқау» дайындалды және бекітілді, сапа жүйесін және оны құрайтын шағын жүйелерді жалпы сипаттау болып табылады. Сапа бойынша нұсқау сапа жүйесін ендіру, оны жұмыс қалпында ұстау және жетілдіру кезінде тұрақты анықтамалық материал қызметін атқарады. Сапа жүйесін құру кезіндегі басты нәрсе Банкпен орындалатын барлық үрдістердің, операциялардың құжатталуы болып табылады. Осыған байланысты корпоративтік стандарттар дайындалды, соларға сәйкес Банктің ішкі нормативтік реттеу жүйесі рәсімделді. Бір жыл ішінде осы стандарттарға сәйкес банк операцияларын жүргізудің және банк қызметтерін көрсетудің шарттары мен тәртібін анықтайтын, сипаттайтын және реттейтін нормативтік құжаттар бекітілді. Өткен жылы «Ақшаның ағылуына қарсы әрекет саясаты» сияқты негізгі анықтаушы құжаттар қабылданды, олардың қағидаларын ұстану халықаралық аудиторлық компаниялардың Банк қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауда өзін жағымды әсерін беруде, және де, сәйкесінше халықаралық несие жолдарын тартуға септігін тигізеді. Персоналдың Банк қағидалары, міндеттері, ұйымның ішкі құрылымы мен Банк қызметін реттеу жөнінде үздіксіз ақпарат алып отыруын қамтамсыз ету мақсатында «Lotus Notes» жүйесінде барлық қажетті құжаттарды орналастыратын Банктің электрондық нормативтік базасы құрылған болатын. Олардың ішінде Банк қызметінің үрдісінде анағұрлым жиі қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құжаттары. Өнімдер мен қызметтерді ұсынудың сапасы Банктің ұйымдық құрылымына, құрылымдық бөлімшелері арасындағы функциялары мен міндеттердің дұрыс және анық үлестірілуіне тәуелді болмақ. Өткен жыл ішінде банк өнімдерін дайындау мен ұсыну үшін анағұрлым жақсы жағадайлар қалыптастыру мақсаттарында, ұйымдық құрылым түзетілді және Банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оңтайландырылды. Банк алдағы уақытта да, іске асырылатын үрдістерге ішкі аудит жүргізу, ескерту және түзету жасау шараларын іске асыру жолымен сапа менеджменті жүйесін құру мен жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруды көздейді.
Өз қызметтерінің жаңа бағыттарын ашу және бизнесін кеңейту мақсаттарында Халық Банкі «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС болған брокер – диллерлік компанияның құрылуына қражаттар инвестициялайды. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС, бұрын «Инвестмент Менеджмент тобы» ЖШС 1995 жылы құрылды, және қазіргі кезде компания Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында әрекет ететін алдыңғы қатарлы брокер – диллерлердің бірі болып табылады. 2005 жылы, құрылтайшылар құрамының өзгеруіне және Халық Банкінің компания капиталына кіруіне байланысты, «Инвестмент Менеджмент тобы» ЖШС 100 млн теңге жарғылық капиталымен «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС болып қайта құрылды. Компанияның жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 39% құрайды. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС мелекеттік және корпоративтік бағалы қағаздары мен нарықтық мәмлелер жасасады, заңды және жеке тұлғаларға мақсатты инвестициялық бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетеді. 2005 жылдың қорытындылары бойынша «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС корпоративтік бағалы қағаздар нарығының 7,4% қамтиды, және құрамында барлығы 32 ойыншы әрекет ететін қор нарығының осы секторындағы төрт ірі компания қатарына қосылды. 2005 жылдың бірінші тоқсанында компания мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу – сату нарығында өз орнын сақтап қалып, сауда – саттықтың брутто көлемінде өз үлесін 8,4% — ға дейін көбейтті. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС маркет – мейкер қызметтерін көрсету тәжірибесіне ие және кейбір компаниялар атынан маркет – мейкер ретінде қызмет етеді. Қазіргі кезде «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС Халық банкінің қаржылық кеңесшісі қызметін атқарады.
Қаржылық нарықта Халық банкі «Халық Полис» және «Халық Лизинг» компанияларымен тығыз ынтымақтастық орнатқан, соның арқасында банк өзінің қаржылық өнімдер қоржынына сақтандыру, лизинг және факторинг бойынша қызмет көрсетуді енгізуге мүмкіндік алды. «Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ жеке және заңды тұлғаларға сақтандыру бойынша алуан түрлі қызмет көрсететін әмбебап сақтандыру компаниясы. Ол 1993 жылы «Тұмар» сақтандыру компаниясы ЖАҚ атауымен құрылған және Қазақстандық сақтандыру қызметін көрсету нарығында ойдағыдай қызмет етіп келген. Акционерлер құрамындағы өзгерістерден кейін 2005 жылы «Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ атауына өзгертілді, ал оның стратегиясының маңызды элементтері әмбебаптылық сенімділік және ұсынылатын қызметтердің сапалығы болды. Осыған орай компанияның менеджменті еліміздің қаржылық институттарының жеткеші мамандардың есебінен күшейтілді.
«Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ жарғылық капиталы 300 млн теңгені құрайды. Компания ерікті сақтандырудың он екі түрін жіне міндетті сақтандырудың екі түрін ұсынады. Анағұрлым ірі клиенттері Қазақстандағы шетелдердің елшіліктері, мұнай – газ секторының компаниялары, ірі сауда өкілдіктері болып табылады. Тұрақтылық пен орнықтылықтың, сондай – ақ клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындаудың қамын ойлай отырып, компания өзінің тәуекелдерін қайта сақтандыруға үлкен мән береді, осыған орай ірі халықаралық қайта сақтандыру және сақтандыру компанияларымен – AON Kazakhstan, Class Assistance, Rosno (Ресей), AXA Coloni, Johnson&Higgins, Sedgwick Group және көптеген басқаларымен берік серіктестік қатынастар орнатты.
2005 жылы «Халық Банкі» брэндін ілгері шығару кезінде Банк мамандары алдында үлкен және күрделі міндет – ішкі нарықта ғана емес сыртқы нарықта да берік позицияға иеленіп, клиенттер мен серіктестердің сенімін жаулап алу міндеті тұрды. Банктің жуырдағы атауын өзгертуіне, несиелік тарихтың жоқтығына байланысты, атағы салыстырмалы түрде онша жайылмағандықтан, және де халықаралық институттардың дәстүрлі кертартпалығымен сабақтаса келе, сыртқы нарыққа шығу міндетінің шешілуін қиындатып жіберді. Солай болып тұрса да, өткен жыл ішінде Халық Банкі халықаралық капитал нарықтарының көптеген алғы шекетегі ойыншыларымен байланыстар орнатты және өзара қарым — қатынастарын белсендетті. Осы қарым – қатынастарды дамыту бойынша жұмысын жалғастыра келе, Халық банкі өз қызметін толық ашықтық қағидасына және оның халықаралық банк стандарттарына сәйкестілігіне негізділіеді. 2005 жыл ішінде Азиялық Даму Банкінің несие жолдары бойынша, Сондай – ақ Hermes — экспорттық несиелік агенттіктің кепілдігімен неміс банктерімен Халық Банкінің жобаларымен қаржыландырылады. Есептік жылда Халық банкі маңызды ресейлік банктер тарапынан 6 млн АҚШ доллары сомасында біріктірілген қарызға ие болды. Қарыз банктер синдикатымен 6 айға ұзарту опционымен 6 айлық мерзімге берілді. Қарыз бойынша пайыздық ставка – айлық либор + 4%. Мәмленің агенті ретінде алдыңғы қатарлы ресейлік «Ренессанс Капитал» қаржылық тобы болады, ал синдикат қатысушыларының қатарына «Банк Руский Стандарт» ЖАҚ және «Транс Кредит Банк» ААҚ сияқты банктер кірді. Тартылған қаржыларды Халық банкі өзінің маңызды корпоративті клиенттерінің экспорттық контрактарын қаржыландыру үшін пайдаланады. Бірінші біріктірілген қаржы тарту Халық Банкіне ТМД елдері мен қиыр шет елдердің банктері арасындағы халықаралық несие тарихын қалыптастыруды бастауға мүмкіндік берді. Дүниенің кез келген нүктесіне төлем жасау үшін, сондай – ақ ,шығындарды жылдамдату мен кішірейту үшін Банк өзінің кореспондеттік торабын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта Халық банкінің серіктестік торабында Deutsche Bank AG, Deutsche Bank Trust Company Americas, Raiffeisen Central Bank Osterreich AG, Citibank Commertzbank, Сберегательный Банк России, Альфа Банк және көптеген басқалары сияқты халықаралық қаржылық институттары бар.
Халық Банкі Еуропалық қайта құру және Даму Банкі, Азиялық Даму Банкі, Халықаралық Қаржылық Корпорация мен Исламдық Даму Банкі сияқты ұйымдармен ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Шағын және орта бизнес, сауда қаржыландыру және астық қолхаттары бағдарламаларына Халық Банкінің кіргізуі бойынша Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен қызу жұмыс жүргізілуде. Халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытудан басқа, Халық Банкі 2005 жылы ұзақ мерзімді келешекте шет елдік стратегиялық қаржы салушыны іздестіруге көп назар аударған болатын және өзара пайдалы жобаларды талқылау үшін әрдайым ашық.
3- бөлім. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған.
Кейіннен қаржы жүйесінің даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік – есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есбінен алынатын болған.
Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын пайыздар есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды.
Біртіндеп Қазақстанның несие Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей – мемлекеттік банк, екінші деңгей – банк секторы, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.
Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.
Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлері бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау, процентті қағаздарды кепілге қоя отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.
Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің жаңа тармағы дами бастады.
Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық Жинақ Кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, клхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.
Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары 6.8 пайызын құрады.Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарды.
Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады.
Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: Орталық Банк – мамандандырылған банктер.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР – дағы банктер банктік жүйе туралы» заң қабылданды.
1993 жылы Жинақ банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі «Қазақстан Жинақ банкісі» болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылды.
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері дде артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.
Қазақстан Республикасындағы жалпы жинақтар және депозиттік нарық жайында тек 1995 жыл ортасынан бастап айта аламыз. Осы кезеңде теңге курсы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.
1995 жылдың соңында, ресми мәліметтер бойынша, 5096.2 млн. теңгедей қаражат жинақталды.Сол кезеңдердегі нақты сектордың тұрақсыз болуы себебінен қаражат иелері оларды сенімді орналастыру жолдарын іздестірді.
Осы жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені қайта құру бағдарламасына сәйкес, аукциондық ресурстар ұлттық банкінің тек өтімділік мәселесін шешу үшін ғана берілетін. Бұл белсенді депозиттік саясатты жүргізу мәселесіне біршама еріксіз сипат беретін.
Сонымен қатар, 1995 жылдың соңынан бастап коммерциялық банктер әлеуетті салымшыларды тарту мақсатында әртүрлі бағдарламаларды құрай бастады. Банктер депозиттердің көптеген жаңа түрлерін енгізді, кейбір депозит түрлері бойынша қосымша лотереялар жүргізілетін болды.
Осы кезеңнен бастап банктік депозиттік сыйақы мөлшерлемесі де салымшылардың қызығушылығын тудыра бастадыЕліміздегі банктік депозиттердің өзгеруін 1 кестеден байқай аламыз.
Кесте 3.1
Қазақстан Республикасындағы депозиттердің өзгеруі
(млрд.тг)
1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | ||
Абсолютті мөлшерде млрд.теңге | ||||||||||
Барлығы депозиттер | 9.4 | 21.2 | 73.0 | 80.3 | 79.8 | 170.4 | 290.6 | 444.8 | 530 | |
Млн. доллар | 174 | 331 | 997 | 1062 | 963 | 1233 | 2011 | 2962 | 343 | |
ЖҰӨ- гі үлесі | 2.2 | 2.1 | 5.2 | 4.8 | 4.6 | 8.5 | 11.2 | 13.5 | - | |
Банктік емес заңды тұлғалардың | 4.0 | 8.5 | 53.7 | 52.6 | 49.4 | 117.4 | 202.3 | 260.0 | 302 | |
Ұлттық влютада | 2.5 | 3.7 | 31.3 | 40.8 | 29.4 | 60.7 | 110.0 | 110.3 | 159 | |
Шетел валютасында | 1.5 | 4.7 | 22.3 | 11.8 | 20.0 | 56.6 | 92.3 | 149.6 | 142 | |
Жеке тұлғалардың | 5.5 | 12.7 | 19.3 | 27.6 | 30.4 | 53.0 | 88.3 | 184.9 | 228 | |
Ұлттық валютада | 4.5 | 9.2 | 13.3 | 20.7 | 20.9 | 28.3 | 32.8 | 49.9 | 62 | |
Шетел валютасында | 1.0 | 3.5 | 6.0 | 6.9 | 9.5 | 24.7 | 55.4 | 134.9 | 165 | |
Өсу қарқыны, номиналдық өлшемде, % | ||||||||||
Барлығы депозиттер | - | 124.4 | 244.5 | 9.8 | -0.5 | 113.5 | 70.5 | 53.1 | 107 | |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | 112.3 | 532.9 | -2.0 | -6.0 | 137.5 | 72.4 | 28.5 | 127 | |
Ұлттық валютада | - | 49.5 | 736.9 | 30.2 | -28 | 106.7 | 81.1 | 0.3 | 25.1 | |
Шетел валютасында | - | 217.9 | 371.6 | -47.2 | 70.2 | 182.7 | 63.0 | 62.1 | 1.9 | |
Жеке тұлғалардың | - | 133.2 | 52.1 | 42.8 | 10.1 | 74.4 | 66.5 | 109.4 | 7.7 | |
Ұлттық валютада | - | 105.3 | 44.7 | 55.6 | 0.8 | 35.2 | 16.1 | 52.1 | 6.0 | |
Шетел валютасында | - | 264.1 | 71.5 | 14.2 | 38.0 | 161.0 | 124.1 | 143.4 | 8.4 | |
Депозиттер құрамы, % | ||||||||||
Банктік емес заңды тұлғалардың | 42.3 | 40.0 | 73.5 | 65.5 | 61.9 | 68.9 | 69.6 | 58.4 | 57.1 | |
Жеке тұлғалардың | 57.7 | 60.0 | 26.5 | 34.4 | 38.1 | 31.1 | 30.4 | 41.6 | 43.1 | |
Талап еткенге дейінгі депозиттер | - | - | - | 7.5 | 62.7 | 60.7 | 44.9 | 31.4 | 29.1 | |
Мерзімді депозиттер | - | - | - | 27.5 | 37.3 | 39.3 | 55.1 | 68.6 | 70.1 | |
Ұлттық валютада | 74.0 | 61.1 | 61.2 | 76.8 | 63.0 | 52.2 | 49.1 | 36.0 | 41.1 | |
Шетел валютасында | 26.0 | 38.9 | 38.8 | 23.2 | 37.0 | 47.8 | 50.9 | 64.0 | 58.1 | |
Депозиттер көлемі 1995 – 2005 жылдар аралығында 2.2 %- дан (ЖҰӨ- дегі үлесі) 13.5 пайыз мөлшеріне өсіп қазіргі кезеңге 530.4 млрд. Теңгені құрайды.
Депозиттердің жоғарғы өсу қарқындары 1999 және 2000 жылдары байқалады және олардың мөлшері сәйкесінше 124.5 және 244.5 %. Ал 1998 жылы теріс мәнге ие болған (-0.5). Оның үстіне Ұлттық валютадағы депозиттердің 28 % банктік сектордан шығарылды. Бұл Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының төмендеуіне байланысты.
Жаңа депозиттер ағымы 2001 жылы байқалады – 113.5 % — ға көбейіп отыр. Ал бұдан былайғы жылдары депозиттердің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі біртіндеп азаю үстінде. 2003 жылдың 9 айы аралығында бұл көрсеткіш тек 10.3 пайызды құрады.
Депозиттер құрылымында да осы кезеңдерге көптеген өзгерістер болған. 1998 жылды 2000 жылмен салыстырғанда банктік депозиттердің жалпы көлеміндегі халық депозиттерінің үлес салмағы 57.7 % — дан 26.5 % — ға дейін төмендеген. Бұл көптеген банктердің банкроттыққа ұшырауы және халық салымдарының тез құнсыздануы нәтижесінде туындап отыр.
2002 жылдан бастап, депозиттерді Ұжымдық сақтандыру жүйесінің құрылуымен байланысты банктерге деген халық сенімінің артуы депозиттік нарықта жағымды өзгерістер орын ала бастады. Банктердегі депозиттік шоттардағы ақша қаражаттары қалдығы біртіндеп көбейіп, олардың үлесі 31% — дан 2006 жылдың қараша айында 43% — ға дейін жоғарылады.
Сонымен қатар, банктердің депозиттік базасы «Ұзарды». Егер 1998 жылы жалпы депозиттер мөлшеріндегі талап еткенге дейінгі депозиттер үлесі 72.5% мөлшерінде болса, 2006 жылдың қарашасында олардың үлесі 29.8 % — ға дейін төмендеген. Яғни банктердің депозиттік базасында мерзімді депозиттер басым үлеске ие болды.
2004 жылға дейін Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі біртіндеп азаю үстінде болды – 74% — дан 36% — ға дейін. Тек 2005 жылдың 9 айы аралығында теңгелік салымдарға сұраныстың жоғарылауы байқалуда. Бұл 2006 жылдың 1 шілдесіндегі депозиттерді Ұжымдық сақтандыру жүйесі бойынша өтемді жүзеге асырудың жаңа жүйесін енгізумен байланысты болды. Депозиттік нарықтың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың негізгі субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы – банктердің дәстүрлі қызметі.
Кесте 3.2
Банктермен ағымдағы шоттарға және депозиттерге тартылған қаражат мөлшері
(млрд. теңге)
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Ағымдағы шоттар | - | - | - | - | 10798 | 10264 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | - | 10669 | 10055 |
Жеке тұлғалардың | - | - | - | 129 | 87 | 219 |
Барлық депозиттер | 246 | 329 | 503 | 2707 | 1638 | 1890 |
Талап еткенге дейінгі депозиттер | 165 | 216 | 306 | 1534 | 717 | 534 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | 1116 | 47 | 88 |
Жеке тұлғалардың | 160 | 192 | 296 | 385 | 670 | 465 |
Мерзімді депозиттер | 81 | 112 | 196 | 1173 | 966 | 1338 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | 1031 | 732 | 1088 |
Жеке тұлғалардың | 29 | 34 | 59 | 142 | 324 | 250 |
Банктермен тартылған қаражаттардың ең үлкен көлемі банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарында жинақталған. Тартылған қаражаттардың сақталу мерзімі жағынан талап еткенге дейінгі депозиттердің азайып, мерзімді депозиттердің өсуін байқауға болады. 2001 жылы мерзімді салымдардың үлесі барлық депозиттердің жартысынан көбін құрайды.Бұның орын алу себебі, банктер мерзімді салымдар бойынша талап еткенге дейінгі және ағымдағы шоттармен салыстырғанда әлде қайда жоғары сыйақы тағайындайды (2-кесте).
Кәсіпорындардан тартылған теңгелік депозиттер бойынша оң нақты пайыз ставкалары 2006 жылдың қарашасында байқалады: 90 күннен 180 күнге дейінгі депозиттер бойынша (1.8 жылдық пайыз мөлшерлемесі) және 1 жылдан 3 жылға дейінгі депозиттер бойынша (3.2 жылдық пайыз мөлшерлемесі). Теңгемен салынған депозиттер арасында нақты депозиттік ставкасы ең жоғарылары – 3 жылдан астам мерзімге және 1 жылдан 3 жылға дейін салынған депоиттер бойынша тағайындалған (сәйкесінше, 7.9 және 6.2 жылдық пайыз мөлшерлемесі). Бұл жерден банктердің кәсіпорындардың теңгелік депозиттеріне қатысты пайыздық саясатын байқауға болады, ал халықтың салымдарына қатысты банктер өзінің депозиттік базасын Ұзақ мерзімді депозиттерге жоғары пайыз мөлшерлемесін тағайындау арқылы «Ұзартуға» ұитылады.
Республикамызда теңгемен салынған депозиттердің үлесін арттыру үшін банктер бірнеше шаралар қолданды. Оның үстіне, 2001 жылдың 15 қарашасында құрылған жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) қорының салымдарды қайтаруды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес теңгелік депозиттердің басқаларына қарағанда біршама артықшылықтары туындады. Депозиттің дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір себептерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар.
Кесте 3.3.
Қазақстан Республикасы бойынша банктермен ағымдағы шоттарға және депозиттерге тартылған қаражаттарға белгіленген пайыз мөлшерлемесі
(млрд. теңге)
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Орташа жылдық номиналдық пайыз мөлшерлемесі | ||||||
Ағымдағы шоттар | - | - | - | - | 1.1 | 0.4 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | - | 1.1 | 0.5 |
Жеке тұлғалардың | - | - | - | - | 0.0 | 0.1 |
Барлық депозиттер | 5.2 | 3.6 | 4.0 | 3.4 | 3.9 | 4.3 |
Талап еткенге дейінгі депозиттер | 2.3 | 1.8 | 1.7 | 1.5 | 1.2 | 1.5 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | 1.4 | 2.5 | 2.6 |
Жеке тұлғалардың | 2.3 | 1.8 | 1.6 | 1.8 | 1.1 | 1.3 |
Мерзімді депозиттер | 10.3 | 7.0 | 7.7 | 5.9 | 5.9 | 5.4 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | 5.3 | 5.0 | 4.8 |
Жеке тұлғалардың | 14.6 | 9.6 | 10.8 | 10.2 | 8.7 | 7.9 |
Орташа жылдық пайыз мөлшерлемесі, % | ||||||
Ағымдағы шоттар | - | - | - | - | -4.9 | -5.3 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | - | -4.9 | -5.3 |
Жеке тұлғалардың | - | - | - | - | -6.0 | -5.7 |
Барлық депозиттер | -5.4 | 1.7 | -11.7 | -5.8 | -2.3 | -1.7 |
Талап еткенге дейінгі депозиттер | -8.0 | -0.1 | -13.7 | -7.6 | -4.9 | -4.3 |
Банктік емес заңды тұлғалардың | - | - | - | - | -3.6 | -3.3 |
Жеке тұлғалардың | - | - | - | - | -1.3 | -1.2 |
Осы кезеңдердегі инфляция (ИПЦ) | 11.2 | 1.9 | 17.8 | 9.8 | 6.4 | 6.1 |
Қор 2002 жылдан бастап қызметін жүзеге асыруына байланысты, депозиттік нарықтағы теңгеде салынған депозиттер үлесі арта бастады.
кесте 3.4.
Банктермен тартылған депозиттер бойынша мөлшерлемесі
(млрд.тенге)
Депозиттер | 01.12.00 | 01.12.01 | 01.12.02 | 01.12.03 | 01.12.04 | 01.12.05 | 01.12.06 |
Нақты пайыз мөлшерлемесі | |||||||
Банктік емес заңды тұлғалардың | 23.7 | 8.1 | 5.6 | 7.1 | 5.8 | 5.2 | 5.3 |
Талап еткенге дейінгі | 38.8 | 2.7 | 1.1 | 3.7 | 3.0 | 2.7 | 2.5 |
Мерзімді соның ішінде: | 22.9 | 9.9 | 8.5 | 7.9 | 6.1 | 5.6 | 5.5 |
90 күнге дейін | 13.3 | 8.5 | 6.1 | 7.2 | 5.9 | 5.3 | 5.2 |
181-365 күн | 48.6 | 15.8 | 7.6 | 13.9 | 6.5 | 10.2 | 9.5 |
1-3 жыл | 16.3 | 13.7 | 13.6 | 8.4 | 7.1 | 7.6 | 8.0 |
3жылдан астам мерзімге | - | 10.0 | - | 0.3 | 0.3 | 0.1 | 0.1 |
Жеке тұлғалармен депозиттер | 16.7 | 3.0 | 1.9 | 2.4 | 3.2 | 2.4 | 2.1 |
Талап еткенге дейінгі | 6.3 | 2.3 | 1.4 | 1.8 | 2.5 | 1.5 | 1.1 |
Мерзімді соның ішінде: | 30.0 | 12.0 | 14.5 | 13.5 | 15.6 | 12.8 | 9.4 |
90 күнге дейін | 31.9 | 1.5 | 17.7 | 13.8 | 14.0 | 10.6 | 5.8 |
91-180 күн | 32.3 | 14.4 | 18.8 | 18.5 | 16.0 | 11.7 | 10.6 |
181-365 | 42.2 | 12.1 | 17.0 | 1.2 | 17.8 | 13.7 | 12.6 |
1-3 жыл | 24.7 | 7.5 | 9.4 | 14.6 | 18.3 | 15.3 | 14.5 |
3 жылдан астам мерзімге | 23.4 | 7.7 | 11.3 | 11.8 | 1.7 | 14.6 | 15.2 |
Нақты пайыз ставкалары | |||||||
Банктік емес заңды тұлғалардың | -3,9 | -2,8 | 3,6 | -9,1 | -3,6 | -1,2 | -0,7 |
Талап еткенге дейінгі | 7,8 | -7,6 | -0,8 | -12,0 | -6,2 | -3,5 | -3,4 |
Мерзімді соның ішінде: | -4,5 | -1,2 | 6,5 | -8,4 | -3,4 | -0,8 | -0,5 |
90 күнге дейінгі | -12,0 | -2,5 | 4,1 | -9,0 | -3,6 | -1,1 | -0,8 |
91-180 күн | 5,0 | 0,0 | 13,0 | -1,4 | -1,4 | 2,3 | 1,8 |
181-365 күн | 15,5 | 4,1 | 5,6 | -3,3 | -3,0 | 3,5 | 3,2 |
1-3 жыл | -9,7 | 2,2 | 11,5 | -8,0 | -2,5 | 1,8 | 1,1 |
3 жылдан астам мерзімге | - | -1,1 | - | -14,9 | -8,7 | -6,0 | -5,9 |
Жеке тұлғалармен депозиттер | -9,3 | -7,4 | 0,0 | -13,1 | -6,0 | -3,8 | -3,7 |
Талап еткенге дейінгі | -17,4 | -8,0 | -0,5 | 13,6 | -7,0 | -4,6 | -4,7 |
Мерзімді соның ішінде: | 1,0 | 0,7 | -3,7 | 5,3 | 6,0 | 3,1 | 12,4 |
90 күнге дейінгі | 2,5 | 1,2 | 15,5 | -3,4 | 3,8 | 3,9 | -0,2 |
91-180 күн | 2,8 | 2,9 | 16,6 | 0,6 | 5,6 | 4,9 | 4,3 |
181-365 күн | 10,5 | 0,8 | 14,8 | -4,8 | 7,3 | 6,8 | 6,2 |
1-3 жыл | -3,1 | -3,3 | 7,4 | -2,7 | 7,7 | 8,3 | 7,9 |
3 жылдан астам мерзімге | -4,1 | -3,1 | 9,2 | -5,1 | 2,6 | 7,7 | 9,1 |
Инфляция (ИПЦ) | 11,2 | 1,9 | 17,8 | 9,8 | 6,4 | 8,0 | 6,1 |
Кесте 3.5
Қазақстан Республикасындағы АҚШ долларымен салынған депозиттер бойынша банктердің пайыз мөлшерлемесі
(млрд.тенге)
Депозиттер | 01.12.98 | 01.12.99 | 01.12.00 | 01.12.01 | 01.12.02 | 01.12.03 | 01.12.05 |
Номиналдық пайыз мөлшерлемесі | |||||||
Банктік емес заңды тұлғалар | 8.9 | 4.5 | 4.8 | - | - | - | - |
Талап еткенге дейінгі | 14.4 | 1.2 | 3.2 | - | - | - | - |
Мерзімді соның ішінде: | 8.6 | 4.6 | 3.2 | - | - | - | - |
90 күнге дейін | 6.3 | 4.7 | 3.6 | - | - | - | - |
91-180 күн | 13.4 | 10.0 | 7.2 | - | - | - | - |
181-365 күн | 5.3 | 1.4 | 8.2 | - | - | - | - |
1-3 жыл | 8.9 | - | 11.1 | - | - | - | - |
3 жылдан астам мерзімге | 8.9 | - | - | - | - | - | - |
Жеке тұлғалармен депозиттер | 10.6 | 1.8 | 3.8 | - | - | - | - |
Талап еткенге дейінгі | 2.6 | 0.3 | 0.9 | - | - | - | - |
Мерзімді соның ішінде: | 14.1 | 6.9 | 7.9 | - | - | - | - |
90 күнге дейінгі | 13.3 | 6.2 | 7.5 | - | - | - | - |
91-180 күн | 12.4 | 6.4 | 8.0 | - | - | - | - |
181-365 күн | 21.9 | 8.6 | 8.5 | - | - | - | - |
1-3 жыл | 19.1 | 13.3 | 9.5 | - | - | - | - |
3 жылдан астам мерзімге | - | 1.8 | 7.8 | - | - | - | - |
Банктік емес заңды тұлғалардың | 5.4 | 2.7 | 3.2 | 2.2 | 1.5 | 5.1 | 1.4 |
Талап еткенге дейінгі | 10.7 | -0.5 | 1.6 | -1.1 | -1.2 | -0.4 | -0.1 |
Мерзімді соның ішінде: | 5.1 | 2.8 | 3.3 | 2.3 | 1.5 | 5.1 | 1.5 |
90 күнге дейінгі | 2.9 | 2.9 | 2.0 | 2.3 | 1.3 | 1.8 | 1.2 |
91-180 күн | 9.8 | 8.1 | 5.6 | 7.0 | 2.4 | 6.7 | 2.7 |
181-365 күн | 1.9 | -0.3 | 6.6 | 4.7 | 5.0 | 6.8 | 6.4 |
1-3 жыл | 5.4 | - | 9.4 | 6.1 | 6.3 | 5.0 | 7.8 |
3 жылдан астам иерзімге | 5.4 | - | - | - | -2.9 | -0.8 | 5.6 |
Жеке тұлғалармен депозиттер | 7.0 | 0.1 | 2.2 | 0.3 | 1.2 | 2.7 | 3.7 |
Талап еткенге дейінгі | -0.7 | -1.4 | -0.6 | -1.8 | -2.4 | -0.7 | 0.5 |
Мерзімді соның ішінде: | 10.4 | 5.1 | 6.3 | 5.7 | 5.0 | 5.6 | 5.9 |
90 күнге дейінгі | 9.7 | 4.4 | 5.9 | 3.8 | 2.3 | 4.0 | 3.7 |
91-180 күн | 8.8 | 4.6 | 6.4 | 6.7 | 4.8 | 5.5 | 5.2 |
181-365 күн | 18.8 | 6.8 | 6.9 | 7.1 | 6.5 | 6.3 | 6.3 |
1-3 жыл | 15.3 | 11.4 | 7.8 | 6.1 | 5.1 | 7.7 | 7.2 |
3 жылдан астам мерзімге | - | 0.1 | 6.2 | 9.3 | 7.8 | 7.0 | 8.6 |
Инфляция (ИПЦ) | 3.3 | 1.7 | 1.5 | 2.6 | 3.4 | 1.6 | 1.1 |
3.5. – кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпорындар үшін қарастырылып отырған кезең аралығында теңгемен салынған депозиттер емес,керісінше шетел валютасында орналастырылған депозиттер тартымды болып отыр. Валютадағы депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемесі, теңгедегі депозиттермен салыстырғанды, айтарлықтай төмен болғанымен осы жағдай орын алуда.
Ал жеке тұлғалардың салымдарынан мынаны байқауға болады: жеке тұлғалардың депозиттік нарығында валютадағы депозиттер бойынша жоғары пайыз мөлшерлемелері белгіленген. Банктер тек мерзімі бір жарым жылдан астам теңгелік депозиттер бойынша сәйкесінше валютадағы депозиттермен салыстырғанда жоғары пайыз мөлшерлемелері белгіленген. Бұл банктердің Ұзақ мерзімді теңгемен салынған депозиттерді тарту саясаттарымен байланысты.
Қазіргі кезде, халыққа қызмет көрсету нарығында төрт негізгі жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді қарастыруға болады. Олардың қатарына мынадай банктерді жатқызамыз:
- Қазақстан Халық Жинақ банкі;
- Казкоммерцбанк;
- Банк Туран Алем;
- БанкЦентр Кредит;
Қаражаттарды тарту және басқа да банктік өнімдерді Ұсыну және қызметтер көрсету аясында да негізінен осы банктер бәсекеге түседі. Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы екінші деңгейдегі банктердің үлестерін келесі диаграмма арқылы бейнелеуге болады. Аталып кеткен банктер стратегиялары бәсекелестердің қаржылық жағдайына, олардың қызметін жүзеге асыратын нарық сегментіне, клиенттеріне және басқа да себептерге байланысты ажыратылады.
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақтытүрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады. Банктік қызметте кез келген көрсеткіш клиент сеніміне әсер ете алады. Халық Банкі ірі қаржылық мекеме үшін объективті сипаттама ретінде бөлшек бизнес саласындағы көрсеткішті алуға болады. Банкке ақшасын салған салымшылардың саны мен депозит қоржынының көлемінен — ақ клиенттің банкке деген көзқарасы бірден байқалады. 2001 жылы еліміздегі барлық банктер бойынша алғандағы жалпы көрсеткішке сәйкес тұрғындар салымының көлемі миллиардтық шектен асқан болатын. Ал бүгінгі күнгі жағдай мүлдем басқаша, Халық Банк өзінің Қазақстандағы жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ірі қаржылық мекеме ретіндегі мәртебесін дәлелдей отырып, банкке салынған тұрғындар депозиттері бойынша рекордтық көрсеткішке – 1 млрд.АҚШ долларынан асатын көлемге қол жеткізді.
Халық Банкінің депозиттерінің негізгі тоғыз түрі бар:
- «Халықтық – стандарт » депозиті;
- «Халықтық – жинақтаушы » депозиті;
- «Халықтық – балалар үшін » депозиті;
- «Халықтық – зейнетақылық » депозиті;
- «Халықтық – төлемақымен » депозиті;
- «Халық – үш валюталы » депозиті;
- «Халық — әмбебап » депозиті ;
- «Интернет – салым » депозиті;
- «Интернет – жинақтаушы » депозиті;
Халық Банкінің депозиттеріне жеке тоқталатын болсақ, әр депозит өздігінше ерекше болып келеді.
«Халықтық – стандарт » депозиті – артық ақшаны салымға пайдамен салудың ең қарапайым әрі сенімді әдісі. Банкте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келе жатқан бұл депозиттің халық арасындағы танымалдығы соншалық, шын мәнінде «стандарт» атана алады. Сонымен қатар өз қаражаттарын неғұрлым аз қатермен салымға салып, барынша көп кіріс алғысы келетін салымшылар үшін ең тиімді депозит түрі болып келеді және салымды сақтау мерзімінің икемділігі әрі барынша мол табыс табу. «Халықтық – стандарт» депозиті салымшылар саны бойынша депозиттер арасында көш басшы болып келеді.
Салымның негізгі шарттары:
Салым мерзімі: 1,3,6,9,12,13,18,24,25,36,37,48 немесе 60 ай;
Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғаннан кейін;
Салымды толықтыру мүмкіндігі: жоқ;
Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жоқ;
Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана қалаларының тұрғындары үшін – 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары немесе 100 евро;
- басқа қалалардың тұрғындары үшін – 2 000 теңге, 20 АҚШ доллары немесе 20 евро;
кесте 3.6
«Халықтық – стандарт » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта | 3,4,5 ай | 6,7,8 ай | 9,10,11 ай | 12 ай | 18 ай | 24 ай | 36 ай | 48Ай | 60 ай |
Теңге | 5,5% | 6% | 8,5% | 9% | 9,5% | 10% | 10% | 10,25% | 10,5% |
АҚШ доллар. | 3,5% | 4% | 4,5% | 5% | 5,5% | 6% | 6,5% | 7% | 7,5% |
Евро | 3,5% | 4% | 4,5% | 5% | 5,5% | 6% | 6,5% | 7% | 7,5 |
«Халықтық – жинақтаушы » депозиті – ақшаны ыңғайлы сақтау әрі түрлі мақсатқа жинақтау мүмкіндігі. Депозитті ашқанда қосымша кіріс аласыз, бұл салымдағы қалған ақшаны жұмсап қоюдан сақтайды. Сіз тек өзіңіз ойластырған затты сатып алатын уақытты анықтап, сол кезеңге дейін депозит ашуға болады.Сонымен қатар қосымша табыс алу мүмкіндігі бар.
Салымның негізгі шарттары:
Салым мерзімі: 6,9,12,13,18,24,25,37,48 немесе 60 ай;
Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғаннан кейін;
Салымды толықтыру мүмкіндігі: бар;
Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жоқ;
Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу мүкіндігі: қалауы бойынша;
Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана қалаларының тұрғындары үшін – 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары немесе 100 Евро;
- басқа қалалардың тұрғындары үшін – 7 000 теңге, 50 АҚШ доллары немесе 100 Евро;
кесте 3.7
«Халықтық – жинақтаушы » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта | 6 ай | 9 ай | 12 ай | 18 ай | 24 ай | 36 ай | 48 ай | 60 ай |
Теңге | 5,5% | 8% | 8,5% | 9% | 9,5% | 10% | 10,25% | 10,5% |
АҚШ доллар. | 3,5% | 4% | 4,5% | 5,5% | 6% | 6,5% | 7% | 7,5% |
Евро | 3,5% | 4% | 4,5% | 5,5% | 6% | 6,5% | 7% | 7,5% |
«Халықтық – балалар үшін » депозиті – балаңызға жасалған қамқорлық және оның болашағына сенімділік және жасы 16 – ға толмаған балалар үшін ақша жинаудың сенімді әдісі.
Салымшымен туыстық қатынасының бар – жоғына қарамастан, кез келген тұлға ақша салушы бола алады. Ақша салушылардан немесе салымшының өзінен (жасы 14 – ке толғаннан кейін) не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес өзге бір үшінші тұлғалардан жинақ шотына қосымша жарна қабылдануы мүмкін. Алайда, салым сомасынан ақша берілмейді, бұл қаражатты жинақтауға әрі сақтауға мүмкіндік береді.
Салымшының жасы 14 – ке толғанға дейін салымға оның заңды өкілдері, одан әрі өзі иелік етеді. Жасы 16 – ға толмаған салымшыға салымнан ақша беру тек заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Кесте 3.8
«Халықтық – балалар үшін » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта | 12 ай | 24 ай | 36 ай | 48 ай | 60 ай |
Теңге | 9% | 9,5% | 10% | 10,25% | 10,5% |
АҚШ доллары | 5% | 5,5% | 6,5% | 7% | 7,5% |
Евро | 5% | 5,5% | 6,5% | 7% | 7,5% |
«Халықтық – зейнетақылық » депозиті – зейнетақыға үстеме қаржы алу мүмкіндігі.Жинақ шотты кез келген сомадағы қосымша жарнамен толықтыра отырып, ай сайын сыйақы алып отыруға болады.
«Халықтық – зейнетақылық » салымы ай сайынғы табыс түрінде зейнетақыға қосылып отыратын үстеме. Зейнеткерлермен және 50 жастан асқан адамдарға арналған арнайы салым.
Салымның негізгі шарттары:
Салымшылар : жасы 50 – ден асқан жеке тұлғалар;
- зейнеткерлік мәртебесі бар жасы 50 – ге толмаған адамдар;
Салым мерзімі: 7 немесе 13 ай;
Сыйақы төлеу: ай сайын;
Салымды толықтыру мүмкіндігі: бар;
Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жоқ;
Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу: қалауы бойынша;
Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге, 20 АҚШ доллары немесе 20 Евро;
Кесте 3.9
«Халықтық – зейнетақылық » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта |
7 ай |
13 ай |
Теңге |
7% |
10% |
АҚШ доллары |
4,5% |
5,5% |
Евро |
4,5% |
5,5% |
«Халықтық – төлемақымен » депозиті – қосымша табыс табу мүмкіндігі. Ендігі жерде табыс алу үшін депозит мерзімінің аяқталуын күтудің керегі жоқ.
Салымның негізгі шарттары:
Салым мерзімі: 6,9,12,18,24,36,48 немесе 60 ай ;
Сыйақы төлеу: кез келген уақытта, клиенттің қалауы бойынша;
Салымды толықтыру мүмкіндігі: жоқ;
Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу мүмкіндіг: қалауы бойынша;
Салымның ең төменгі мөлшері: 15 000 теңге, 1000 АҚШ доллары немесе 1000 Евро.
Кесте 3.10.
«Халықтық – төлемдермен » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта |
6 ай |
9 ай |
12 ай |
18 ай |
24 ай |
36 ай |
48 ай |
60 ай |
Теңге |
5,5% |
8% |
8,5% |
9% |
9,5% |
10% |
10,25% |
10,5% |
АҚШ доллары |
3,5% |
4% |
4,5% |
5,5% |
6% |
6,5% |
7% |
7,5% |
Евро |
3,5% |
4% |
4,5% |
5,5% |
6% |
6,5% |
7% |
7,5% |
«Халық – үш валюталы » депозиті – мультивалюталық салым болып табылады және үш валютамен түрлі шот ашуды ұсынады: теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен. Бұдан кейін ақша салушы депозит шегінде соманы кез келген уақытта бір шоттан басқа шотқа айырбастай алады. Бұл салым бойынша қосымша жарна салып отыруға мүмкіндік беріледі. Әлемдік валюталардың тұрақсыздығы жағдайында бұл депозит ақшаны орналастырудың халық арасындағы тартымды әрі сенімді құралы болып табылады.
Салымның жалпы талаптары:
- Салымшының қалауы бойынша салымдағы ақша бір уақытта бір валютамен немесе екі, үш валютамен сақталуы мүмкін.
- Салым мерзімі: 12,24,36 ай.
- Банк салымының шартты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады, ал шоттан ішінара ақша берілмейді.
- Салым мерзімі барысында салымшының қалауы бойынша салымды түгелдей немесе салым сомасының бір бөлігін бір валютадан екіншісіне айырбастауға болады.
- Валюта айырбастау белгіленген нысанмен жазылған салымшы өтініші негізінде жүргізіледі.
- Айырбастау банкте белгіленген сол күнгі шетел валютасын айырбастау бағамына сәйкес іске асырылады.
- Салым мерзімі барысында сыйақы есептеу әрбір валюта түрі бойынша бөлек, аталған валютадағы жинақ шоты ашылған салым мерзімі ұзартылған күні белгіленген сыйақы ставкасымен, салымның нақты сақталған мерзімі үшін әрі әрбір валютадағы нақты салым қалдығына жүргізіледі.
- Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы болып табылады.
Кесте 3.11
«Халықтық – үш валюталы » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта | 12 ай | 24 ай | 36ай |
Теңге | 8,5% | 9,5% | 10,0% |
АҚШдоллары | 4,5% | 5,5% | 6,5% |
Евро | 4,5% | 5,5% | 6,5 |
«Халық — әмбебап » депозиті – бойынша қосымша жарна қабылдаумен қатар ішінара ақша беріліп отырады. Бұл салымның басқа бәсекелес салымдардан басты артықшылығы мынада: депозитті Дербес Сервис Орталығында (ДСО) ашсаңыз, 5 мың АҚШ долларына дейінгі сомада кредиттік лимиті бар әп — сәтте шығарылатын Visa Instant карточкасы қоса беріледі.
- Салым мерзімі: 12,24,36 ай
- Банк салымының шарты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады және шоттан ішінара ақша беріліп отырады.
- Салым мерзімі барысында шоттан ішінара ақша берілгенде, жинақ шоттағы салымның кемімейтін қалдық сомасы сақталуға тиіс.
- Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
- Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымының сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.
- Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептелінеді.
Кесте 3.12.
«Халық — әмбебап » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта |
12 ай |
24 ай |
36 ай |
Теңге |
9,0% |
9,5% |
10,0% |
АҚШ доллары |
5,0% |
5,5% |
6,5% |
Евро |
5,0% |
5,5% |
6,5% |
«Интернет – салым » депозиті – интернет – Банкинг жүйесінде ашылатын салым.
- Салым: теңгемен, АҚШ долларымен, Еуромен қабылданады.
- Интернет-салым ашу: интернет шоттан ақша аудару арқылы мүмкін болады.
- Салым мерзімі: 3,6,9,12 ай.
- Салымның ең төменгі мөлшері: 10 000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 Евро.
- Салымның ең жоғары мөлшері шектелмейді.
Кесте 3.13.
«Интернет – салым » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.
Валюта |
3 ай |
6 ай |
9 ай |
12 ай |
Теңге |
5,5% |
6,0% |
8,5% |
9,0% |
АҚШ доллары |
3,5% |
4,0% |
4,5% |
5,0% |
Евро |
3,5% |
4,0% |
4,5% |
5,0% |
«Интернет – жинақтаушы » депозиті – қосымша жараналары бар жинақтаушы салым.
- Салым: теңгемен, АҚШ долларымен немесе Евромен қабылданады;
- Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге, 10 АҚШ доллары немесе 10 евро;
- Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері: 300 теңге, 2 АҚШ доллары немесе 2 евро;
- Салым мерзімі: 6,9,12,18,24,36 ай;
- Сыйақы ставкасы: салымның сақталу мерзімі барысында өзгертілмейді;
- Басқа талаптар: «Жинақтаушы – плюс » депозитін «Интернет – банкинг » жүйесі арқылы дербес режимде ашуға да болады. Бұл жағдайда депозитті Интернет арқылы тексеріп отыруға, қосымша ақшамен толықтыруға болады.
- Салым бойынша жинақ шоттан ішінара төлем жүргізілмейді, банк салымының шартын автоматты түрде сол мерзімге, ұзарту жасалатын күні Банкте қолданыста болатын сыйақы ставкасымен қайта ұзарту қарастырылған;
- Салым бойынша есептелген сыйақы Банк салымы шартының мерзімі аяқталған күні жүргізіледі;
Кесте 3.14.
«Интернет — жинақтаушы» депозиті бойынша пайыздық ставкалары.
Валюта |
7 ай |
13ай |
Теңге |
1,0% |
7,0ай |
АҚШ доллары |
5,5% |
4,5% |
Евро |
5,5% |
4,5 |
- Бастапқы жарна сомасы кемінде 500 АҚШ долларына немесе сол соманың баламасындағы теңгелік не болмаса евродағы сомаға тең болса әрі сақтау мерзімі 6 және 12 ай болса, белгіленген пайыздық ставкаға 0,5% мөлшерінде бонус қосылады.
«Карточкалық – депозит» — Халық Банкінің төлем карточкасын пайдаланушы клиент бұл депозитті банкке барып жатпай – ақ, банкомат арқылы аша алады.
- Карточкалық депозитті ашу: депозит банкомат көмегімен карточкалық шоттан ақша аудару арқылы ашуға немесе толықтырып отыруға болады.
- Карточкалық депозиттің мерзімі: ақша қабылданған күннен бастап 12 ай, алайда карточканың әрекет мерзімінен ұзақ болмауға тиіс. Депозит ашу туралы шарт мерзімін ұзарту қарастырылмаған. Мерзімі аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде жабылады, ал салым сомасы мен есептелген сыйақысы карточкалық шотқа аударылады.
- Жарнаның ең төменгі мөлшері: бастапқы ең төменгі жарна мөлшері – 1000 теңге, яғни депозит ашуды қаласаңыз, алдымен карточкалық шотта тиісті соманың болуын қамтамасыз ету керек. Депозиттен ішінара ақша беру қарастырылмаған. Депозиттің бір бөлігі мерзімінен ерте талап етілген жағдайда шарт бұзылған болып саналады, ал салым сомасы карточка ұстаушының карт – шотына аударылады.
- Депозитті толықтырып отыру: депозитті ақшамен толықтырып отыруға болады, қосымша жарна мөлшері мен толықтыру саны шектелмейді.
- Сыйақы мөлшерлемесі: карточкалық депозит бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі – 5% әрі бұл депозит сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады. Сыйақының есебі карточкалық депозит мерзімі аяқталғанда шығарылады және ақша сомасының сақталу мерзімі барысындағы өзгерісін ескере отырып есептеледі. Сыйақы депозит мерзімі аяқталғаннан кейін депозиттегі негізгі сомамен бірге карт – шотқа аудару арқылы төленеді.
- Қосымша талаптар: карточкалық депозит Салымшының бастамасымен/кінәсінен мерзімінен бұрын алынатын болса, салым сомасын төлегенде, операция жасалатын күні қолданыстағы қолма – қол ақша беру үшін ұсталатын Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық ұсталып қалады. Есептелген сыйақы талап ету салымының мөлшерлемесі бойынша салымның нақты сақталған мерзіміндегі өзгеріс қарқынын ескере отырып, қайта есептеледі.
Халық Банкіндегі карточкалық депозит жалақы жобасына қатысушылар арасында қызығушылық тудырады әрі зейнетақысын карточкамен алатын зейнеткерлерге пайдалы болмақ. Банктің мұндай клиенттер саны 1,5 милионнан асады. Барлық жұртшылыққа барынша пайдалы өте тиімді, пайдалануға ыңғайлы болып табылады. Бұл депозиттердің түрлері дамып әрі жетіледі деген ойдамын.
Қазақстан «Халық Банкі» жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ең ірі қазақстандық банк атағын дәлелдеді. Халық Банкі екінші деңгейдегі банктер арасында бірінші болып халық депозиттерінің көлемі бойынша 1 млрд.АҚШ долларлық рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
2001 жылғы жаздың аяғында халық салымдарының көлемі бір миллиард доллардан асып, 1116,2 млн.АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні Халық Банкінің 2006 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша депозиттік қор көлемі 132,9 млрд.теңгені немесе 1,01 млрд.АҚШ долларын құрады. 2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 138,3 млрд.теңгеге немесе 1,06 млрд.АҚШ долларына дейін ұлғайды. 2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша мерзімді депозиттер 98,7 млрд.теңгені және 71,4%, ал талап ету депозиттері 39,6 млрд.теңгені яғни 28,6% құрайды. Теңгелік депозиттер 90,4 млрд сомаға және 65,3%, шетел валютасындағы депозиттер 47,9 млрд.теңгеге немесе 34,7% — ға ашылған.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімді салымдардың жалпы сомасы 94,5 млрд.теңге болды. 1 наурызда бұл көрсеткіш 98,7 млрд.теңгеге дейін ұлғайып осы жылдың 2 айының ішінде 4,4% өсімді көрсетті. Бүгінгі күнге дейін жұртшылыққа кеңінен танымал салымдар болып 42,4 млрд.теңгені шоғырландырып отырған «Халықтық — стандарт» және 36,5 млрд.теңгені шоғырландырған « Халықтық – жинақтаушы» депозиті болып табылады.
3.1. сурет «Халық Банкінің» жеке және заңды тұлғалар салымының өсу динамикасы.
Жалпы Халық Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері жыл соңына таман 16422,5 млрд теңге құрады. Халық Банкімен тартылған жеке тұлғалар депозиттерінің өсу қарқыны 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 21,7%- ға өскен, яғни ол 841,4 млн теңгені құрайды. Ал 2005 жыл 2004 жылға қарағанда 31,1% — ға өскен, яғни ол 1828,8 млн.теңгені құрады. 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 25,2% — ға өскен, яғни ол 4136,6 млн.теңгеге өсті.
Заңды тұлғаларға берілетін депозиттерінің өсу қарқыны 2003 жылы заңды тұлғаларға берілген депозиттер 65,3% немесе 1008,5 млн.теңгеге өсті. Ал 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 78,3% немесе 3032 млн.теңгеге өсті.2006 жылы 2005 жылға қарағанда 74,8% — ға өсіп, 12885,9 млн.теңгені құрады
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының дамуын қоғамдық қайта өндірудің макроэкономикалық пропорцияларына экономикалық әдістермен ықпал етуге мүмкіндік беретін ақша-несиелік реттеу мен ақша-несиелік қатынастардың жаңа механизмін құрмай, несиелік қатынастардың әдістерін жетілдірмей, банктердің ролін көтермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Халық Банктің тиімді қызмет етуі үшін, біріншіден, банктік қызмет нарығын тұрақты зерттеу және болжау, екіншіден, банктік қызметті жан-жақты жоспарлау қажет.
Жанданған бәсекелестік жағдайында Халық Банкі ілгерілеу үшін халықаралық стандарттар мен технологияларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық басқару және мәліметтерді өңдеу жүйесін қолдау керек, базалық технологияларды жетілдіру жолдарын іздеуі қажет, сондай-ақ жаңа банктік құралдар енгізуі керек. Банктік операцияларды модельдеу, талдау және бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Депозиттік операцияларды Халық банкі қызметінің маңызды түрі ретінде қарастыра отырып, оны жүзеге асырудағы негізгі мақсат неғұрлым аз бағамен неғұрлым көп депозит тарту екендігін алға қою керек. Осы мақсатты сәтті орындау келесі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру кезінде банктік пайда алу;
- талап етілетін банктік өтімділік деңгейін ұстау;
- депозит түрлері мен депозиттік операциялар субьектілерінің диверсификациясын қамтамасыз ету;
- депозиттік операциялар мен ссудалық операциялардың арасында сәйкестілік сақтау;
- депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минимизациялау;
- тиімді пайыздық саясат жүргізу;
- тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды азайту жолдарын іздестіру;
- банктік қызмет көрсетулерді дамыту және клиенттерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын жоғарылату.
Депозиттік базаны көбейту Халық банкінің қызметінің дамуына алғышарт болады. Осылайша, жалпы банктік саланы жетілдіру үшін депозиттік ресурстарды көбейту жолдарын қарастыру қажет. Олардың бірі ретінде капиталды легализациялау процесін атап өтуге болады. Ақша қаражаттарын легализациялау механизмі капиталды сыртқа шығару немесе қаражаттарды көлеңкелі экономикадан нақты экономикаға құю болып табылады. Капиталды шығару оның криминалдық негізін жасыруға мүмкіндік береді. Мысалы, европалық банктере депозит ашу үшін капиталдың заңды түрде шыққанын куәландыратын құжаттың бар болуы жеткілікті. Ол белгілі бір ақша сомасы қазақстандық банктегі шоттан алынғаны туралы сертификат болуы мүмкін. Ал, банктер шот ашу кезінде ақшаның пайда болу негізін куәландыратын құжатты талап етпейді .
Жалпы алғанда, капиталды сыртқа шығару процесін нарықтық агенттердің шаруашылық жүйедегі аномалияға табиғи реакциясы ретінде қарауға болады. Себебі, ол жалпы приватизациялау және мемлекеттік меншікті жұлмалау негізінде пайда болды. Сондай-ақ, инфляцияның жоғарылауы, отандық валютаға сенімнің болмауы да оған қосымша себеп болды. Қазақстан экономикасынан соншалықты көп ақшаның шығарылуы экономикаға бірқатар зиянын келтірген соң капиталды легализациялау процесі қажет болды. Осылайша, көлеңкелі қызметті төмендету үшін Қазақстанда 2001-жылдың маусымында 20 күнге есептелген легализация жүргізілді. Сөйтіп, 2001-жылдың 28-маусымына құзыретті қазақстандық банктердің арнайы шоттарына 71 млн. доллардан аса қаражат түсті. Легализацияланған ақшалардың 82%-нан астамы қолма-қол доллармен түссе, 11,4%-ы шетелден аударылды, ал 6,5%-ы қолма-қол теңгемен берілді. Ұлттық Банк легализациядан түскен қаражаттарды ақша-несиелік саясатқа зиян келтірмейді деп есептейді. Өйткені, негізінен бұрын айналымда болған қолма-қол ақша легализацияланғандықтан, олардың банктерге аударылуынан ешнәрсе өзгермейді.
Халық Банк өтімділігін сақтайтын маңызды фактор оның депозиттік базасының сапасы болып табылады. Депозит сапасының критерийі олардың тұрақтылығы болып табылады. Депозиттердің тұрақты бөлігі көп болған сайын банк өтімділігі де жоғары болады. Өйткені, бұл жердегі жинақталған ресурстар банктің ішінде болады. Депозиттердің тұрақты бөлігін көбейту банктің өтімді активтердегі қажеттілігін төмендетеді, өйткені ол банк міндеттемелерінің қайта түзілуін білдіреді. Депозиттік саясаттың ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің қалыптасу принципіне негізделеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы стратегиясында депозиттік портфельдің орны мен ролі бірталай өседі. Бұл жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен сапасының ұлғаюы, депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік іс әрекеті шекарасының кеңеюімен белгіленеді.
Ақша қаражаттарын тарту кезінде таңдау құқығы клиентте болады да, банк салымшы үшін қатаң бәсекелестік күресін жүргізеді. Банктік бәсекелестіктің дамуымен байланысты ресурстардың шектеулілігі белгілі-бір клиенттерге банктің тәуелді болуына әкеледі. Егер бұл клиенттердің шеңбері тар болса, онда банктің оларға тәуелділігі де жоғары болады. Пассивтік операциялар бойынша банк таңдауы, әдетте, оның қарыз алушыларына қарағанда неғұрлым күшті тәуелді болатын клиентурасымен шектеледі. Сондықтан, банктің ресурстық базасын қалыптастыру мәселесін шешу үшін салымшылардың санын көбейту бойынша жұмысты жандандыру керек. Осыған байланысты банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Оның негізіне диверсификацияның қажет деңгейін ұстап отыру, ақша қаражаттарын басқа көздерден тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету, активтермен мерзімі, көлемі және пайыздық мөлшерлемесі бойынша балансталуын сақтау жатады.
Несиелік потенциалын кеңейту мақсатында Халық банкі депозиттік саясатты активизациялау қажет. Оны бірнеше тәсілдермен жүзеге асыруға болады, соның ішінде салымшылардың санын көбейту арқылы. Осылайша, клиенттерге демалыс кездері пайызы төленетін мақсатты салымдар пайдалы болар еді. Мұндай мақсатты салымдар жаңа жылда, наурызда қосымша сыйлықты қарастырғаны жөн. Сондай-ақ, тұтыну тауарларын жеңілдікпен сатып алуға болатындай депозит тартымды болады деген ойдамыз.
Банктің өтімділік тәуекелділігін басқару тиімділігін көтеру үшін халықтың мерзімді салымдарын кенеттен алуының банктің қаржылық жағдайына теріс әсерін минимизациялау бойынша шаралар қолданған жөн. Тек қана мерзімінен бұрын шешуден қорғау арқылы банк өзінің ресурстарын толық қолдана алады. Алдыңғы тарауларда жасалған талдаулар мен зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде жүргізіліп жатқан депозиттік операциялардың даму үстінде екенін айқындауға болады. Яғни, олардың жылдан-жылға өсуі мен депозит түрлерінің көбеюі осы операцияның ілгерілеуде екенін дәлелдейді. Алайда, егер әрбір банктің ішіндегі депозиттік портфельге үңілсек, депозиттік операцияларды жетілдіру қажеттігі де бар екенін көреміз.
Атап айтсақ, депозиттік ресурстардың ірі банктерде көптеп шоғырлануы болып табылады. Мысалы, еліміздегі ең ірі үш банкте – «Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» және «ТұранӘлемБанкінде» 2005-жылғы мәліметтер бойынша барлық халық салымдарының 61%-ы жинақталған. Соның ішінде тек «Халық Банкінің» өзінде барлық халық депозиттерінің 23%-на жуық сомасы тартылған. Бұл салымшылардың көптеген банктерге сенімі жоқ екендігін айқындайды. Сондай-ақ, аталған банктердің біреуі банкрот болған жағдайда Жеке тұғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру Қоры осы банктерде шоғырланған жеке тұлғалардың мұндай үлкен сомадағы депозиттерін бірден қайтара алады ма деген сұрақ туындайды. Сондықтан, депозиттерді сақтандыру жүйесін әрі қарай дамыту керек. Ол үшін:
- банктердің беретін ай сайынғы жарнасын көбейту;
- Сақтандыру Қорының инвестициялық портфелін оптимизациялау;
- Депозиттерді қайтару механизмін жетілдіру;
- Банктердегі қаржылық жағдайды тұрақты қадағалап, банкроттықты алдын ала болжау қажет.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған ірі банктерден басқа банктердегі депозиттердің үлесі азырақ болғандақтан, олардың қызметі де ауырлай түседі. Жекелеген банктермен қоса олардың аймақтардағы филиалдары бойынша да депозиттік ресурстардың балансталмауы байқалады. Олардағы капитализацияның төмен деңгейі қызметтеріндегі тәуекелділікті жоғарылатады. Бұл жерден шығатын қорытынды: көптеген банктер үшін өзгермелі макроэкономикалық және саяси шарттарда бизнестің даму стратегиясын таңдау мәселесі актуалды болып отыр.
Осындай шарттарда Халық банкі қазіргі депозиттердің көптүрлілігіне қарамастан, менің ойымша, кейбір шарттарды толықтыру талап етеді. Мысалы, депозиттерді тартудың ең маңызды құралы – пайыздық кестесін оптималдау қажет. Қазіргі нарық жағдайында қаражат қажеттілігі кенеттен туындап қалатын кездер өте жиі болатындықтан, депозитке қаражат салған тұлға оны өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта қажет болған кезде алып кетуге болатындай жасау керек. Осыған байланысты, біздің ойымызша, мерзім аралығы клиентке тартымды болатындай пайыздық кесте құру маңызды болып табылады. Біз келесідей пайыздық кесте ұсынамыз:
Кесте 3.15
Депозит түріне ұсынылатын пайыздық кесте үлгісі
(%-бен)
Мерзімі |
3-12 ай |
12-24 ай |
24-36 ай |
36-60 ай |
Пайыздық мөлшерлеме |
9 |
10 |
10 |
11 |
*деректер көзі: ҚР екінші деңгейлі банктерінің депозиттік бағдарламалары негізінде автормен құрылған.
Бұл жерде клиент 60 ай мерзімге депозит ашса және егер қаражатын 3 айдан кейін алып кеткісі келсе, онда оған салымын бірінші бағанда көрсетілгендей 9%-бен есептейді. Сол сияқты 4-ші, 5-ші … 11-ші айдан кейін де 9%-дық мөлшерлемемен сыйақы төленеді. Тіпті сыйақы мөлшерлемесі толық айларға ғана емес, сондай-ақ күндерге де есептеледі. Мысалы, 3 ай 15 күннен кейін қаражат қажет болып қалса да, депозиттің нақты жатқан күндеріне де пайыз төленеді. Ал, клиент депозиттік келісім-шартты 12 ай мен 24 айдың арасында бұзғысы келсе, онда оған 10% сыйақы мөлшерлемемен пайыз есептеледі. Осылайша, 60 айға депозит ашқан клиент сыйақы мөлшерін жоғалтпай-ақ қаражатын өзіне ыңғайлы мерзімде алып кете алады. Бұл осындай депозитті халықтың кез-келген категориясына тартымды етеді. Депозитке сыйақы мөлшерлемесін келесі формуламен есептеуге болады:
Дс * См * К = Тс,
360 күн
бұл жерде Дс – депозит сомасы;
См – сыйақы мөлшерлемесі;
К – депозиттің нақты жатқан күндер саны;
Тс – төленетін сыйақы.
Соның ішінде депозиттің қосымша шарттары бойынша оның негізгі сомасынан 50% шамасында кез келген уақытта ішінара алуға болады. Яғни, егер клиент 5 жылға депозит ашып, оның ішінен 20%-ын 1 жылдан кейін алып кететін болса, онда сыйақы мөлшерлемесі депозиттің орташа сомасына есептеледі. Сонда жоғарғы формуладағы депозит сомасының орнында депозиттің орташа есептелген сомасы тұрады. Сыйақы мөлшерлемесін күндерге есептеу банкке де зиян келтірмейді, себебі ол депозит сомасын да күнделікті пайдаланып отырады.
Депозиттің банкте ұзақ мерзім сақталып тұруы үшін көп жылға келісім-шартқа отыратын клиенттерге қосымша сыйақы есептеуге болады. Мысалы, 4 немесе 5 жылға депозит ашқан салымшыға депозит мерзімі аяқталғаннан кейін салымның орташа есептелген сомасына 2% шамасында пайыз төленсе, бұл клиентке салымын мерзімінен бұрын алып кетпеуіне себеп болар еді.
Сонымен қатар, клиент қажет болған жағдайда депозиттің негізгі сомасының ішінен қайта-қайта ішінара ала бермеуі үшін есептелетін сыйақы мөлшерлемесі ай сайын төленіп отырғаны жөн. Бұл, бір жағынан салымшыға психикалық жағынан әсер ете отырып, үстіндегі пайызы тұрғанда салымның негізгі сомасынан ішінара алудың қажеті жоқ болатындай көрінеді. Сондай-ақ, қолда бар қаражатты жұмсамау үшін банкке салып қойып, үстіндегі ақшасын алып отыруына мүмкіндік болады.
Аталған депозитке қосымша салуға әрқашанда мүмкіндік болуы банкке тиімді болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі кезде көптеген банктерде ұтыс ойнатылатындықтан, клиенттер көп жағдайда осы критерийге де қарайтыны белгілі. Сондақтан, ұсынылып отырған депозиттің де ойынға қатысуы маңызды болып табылады. Ол бойынша ай сайын әр қалада санаторийге 10 жолдама ойнатылады. Депозит бойынша шығынның көбейіп кетпеуі үшін бұл жолдамаларды демалыс орындарымен арнайы келісім-шарт орнату арқылы алуға болады. Ал, бұл келісім-шарт бойынша демалыс үйі банкте есеп-айырысу шотын ашып, ол бойынша операцияларды жеңілдікпен орындауы мүмкін.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемелекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды тарту және инвестициалаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам үшін қаражаттарын орналастырудың көптеген әдістері бар: банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін өзі жою дәрежесі жоғары мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену тағы басқа. Ақыр соңында осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттесу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылықтың болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80% — ы шоғырланған депозиттік нарықтың тұрақты және тиімді дамуымен байланысты.
АҚ «Қазақстан Халық Банкі» еліміздегі банк жүйесі қалыптаса бастаған алғашқы жылдарда негізі қаланған болып табылады. Сондықтан, ол Қазақстан Республикасының банк саласында елеулі орын алады.
Қазақстан «Халық Банкі» жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ең ірі қазақстандық банк болып табылады. Халық Банкі екінші деңгейдегі банктер арасында бірінші болып халық депозиттерінің көлемі бойынша 1 млрд.АҚШ долларлық рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
2001 жылғы жаздың аяғында халық салымдарының көлемі бір миллиард доллардан асып, 1116,2 млн.АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні Халық Банкінің 2006 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша депозиттік қор көлемі 132,9 млрд.теңгені немесе 1,01 млрд.АҚШ долларын құрады. 2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 138,3 млрд.теңгеге немесе 1,06 млрд.АҚШ долларына дейін ұлғайды. 2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша мерзімді депозиттер 98,7 млрд.теңгені және 71,4%, ал талап ету депозиттері 39,6 млрд.теңгені яғни 28,6% құрайды. Теңгелік депозиттер 90,4 млрд сомаға және 65,3%, шетел валютасындағы депозиттер 47,9 млрд.теңгеге немесе 34,7% — ға ашылған.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімді салымдардың жалпы сомасы 94,5 млрд.теңге болды. 1 наурызда бұл көрсеткіш 98,7 млрд.теңгеге дейін ұлғайып осы жылдың 2 айының ішінде 4,4% өсімді көрсетті. Бүгінгі күнге дейін жұртшылыққа кеңінен танымал салымдар болып 42,4 млрд.теңгені шоғырландырып отырған «Халықтық — стандарт» және 36,5 млрд.теңгені шоғырландырған « Халықтық – жинақтаушы» депозиті болып табылады.
Мұндай өсімге қол жеткізудің себебі: талғампаз клиенттер қажеттіліктерін қанағаттандыратын банк өнімдері мен қызметтерін енгізу бойынша дұрыс жүргізіліп жатқан банк саясаты болып табылады. Банктің маңызды жұмыс бағыты, бар депозиттік өнімдерді модификациялау мен жаңа өнімдерді әзірлеу болып табылады.
Сонымен қатар, Халық Банкі халыққа арнап барынша пайдалы инновациялық өнімдерді енгізу бағытына сәйкес осы жылдың сәуір айында жаңа мерзімді Жинақтаушы депозит ашты. Бұл депозитті Халық Банкі төлем карточкасын ұстаушылар банкке жолықпай, банкомат арқылы ашуына болады. Қаражатты депозитке карточка шотынан банкомат арқылы ақша аударымы қызметімен салуға болады. Бұл депозиттің түрі Халық Банкіндегі жалақы жобасына қатысушылар мен зейнетақыны карточкадан алатын зейнеткерлерге пайдалы болмақ. Мұндай клиенттер саны 1,5 миллионнан асады.
2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша талап ету депозиттер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30,8 млрд.теңгеден 39,6 млрд.теңгеге дейін өсті. Бұл көрсеткіш халықтың Банкке деген сенімділігі мен оның тұрақтылығына деген дәлелі бола алады .
«Халық Банк» өтімділігін сақтайтын маңызды фактор оның депозиттік базасының сапасы болып табылады. Депозит сапасының критерийі олардың тұрақтылығы болып табылады. Депозиттердің тұрақты бөлігі көп болған сайын банк өтімділігі де жоғары болады. Өйткені, бұл жердегі жинақталған ресурстар банктің ішінде болады. Депозиттердің тұрақты бөлігін көбейту банктің өтімді активтердегі қажеттілігін төмендетеді, өйткені ол банк міндеттемелерінің қайта түзілуін білдіреді.
Ақша қаражаттарын тарту кезінде таңдау құқығы клиентте болады да, банк салымшы үшін қатаң бәсекелестік күресін жүргізеді. Банктік бәсекелестіктің дамуымен байланысты ресурстардың шектеулілігі белгілі-бір клиенттерге банктің тәуелді болуына әкеледі. Егер бұл клиенттердің шеңбері тар болса, онда банктің оларға тәуелділігі де жоғары болады. Пассивтік операциялар бойынша банк таңдауы, әдетте, оның қарыз алушыларына қарағанда неғұрлым күшті тәуелді болатын клиентурасымен шектеледі. Сондықтан, банктің ресурстық базасын қалыптастыру мәселесін шешу үшін салымшылардың санын көбейту бойынша жұмысты жандандыру керек. Осыған байланысты банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Оның негізіне диверсификацияның қажет деңгейін ұстап отыру, ақша қаражаттарын басқа көздерден тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету, активтермен мерзімі, көлемі және пайыздық мөлшерлемесі бойынша балансталуын сақтау жатады.
Жинақ салымдарына халықтың қорлану немесе ақшалай қаражаттарды жинақтау мақсатында құралатын салымдары жатады. Бұл салымдар бойынша мерзімді депозиттерде біршама төмен пайыз төлейді. Кейде клиентке жеке шотының көшірмесі беріледі.
Біздің банктік тәжірибеде жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және шартына байланысты келесідей түрде жіктеледі:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосылатын мерзімді жинақ салымдары;
- жастарға сыйақы салымдары;
- шарттық салымдар;
- мәлімдеуші салымдар;
- депозиттік сертификаттар.
Банктік тәжірибеде, клиентке есеп айырысу шотын ашу барысында туындайтын белгілі мерзімге қызмет ету депозиті де кеңінен қолданылады. Бұл депозит міндетті сипатқа ие, себебі, депозит сомасы есеп айырысу шотын ашу барысында салынуға тиісті. Бұл депозитті шартты депозитке жатқызуға болады. Өйткені, ондағы қаражат клиенттің есеп айырысу шотын жабу мен байланысты алынады. Бұл депозит негізінен мерзімсіз депозитті мерзімді несиелеу ресурсы ретінде де пайдаланады. Бұл депозит бойынша табыс және пайыз өте төмен болмауы мүмкін.
Қазақстан АҚ « Халық Банкі» 2005 жылдың 8 шілдедегі Басқарма қаулысына сәйкес «Халықтық», «Алтын жас», «Алтын жас плюс», «Сенім плюс», «Ақ бота», «Проценттер алға» атты салымдарының мерзімдерін ары қарай ұзартты және клиенттерді тарту барысында тиімді ұсыныс жасады.
Депозиттік операциялардың басты мақсаты банктердің коммерциялық мүддесін сақтау және банк балансының өтімділігін қолдау болып табылады. Осыған байланысты депозиттік операция негізіне жататын негізгі ережелерді білу қажет. Біріншіден, депозиттік операциялар банктердің табыс табуы мақсатында ұйымдастырылады. Екіншіден, ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялардың субъектілерінің әр түрлі болуына және депозиттер формаларының әр түрлі болып келуіне мән берілуге тиіс. Үшіншіден, банктік операцияларды жүзеге асыру барысында депозиттік операциялармен ссудалық операциялардың мерзімдері және өзара сәйкес келуі қажет. Төртіншіден, депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында мерзімді депозиттердің көбірек болуына мән беру маңызды, себебі банктердің баланс өтімділіктерін қолдап отырады. Бесіншіден, депозиттік операцияларды ұйымдастыруда банк, депозиттік шоттарда бос резервтер сомасы, яғни активтік операцияларға жұмсалсаған ең төменгі мүмкіндік беретін, банкті қызметтерінің дамуына және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға тиісті шаралар қолдануы қажет.
Халық Банктің тиімді қызмет етуі үшін, біріншіден, банктік қызмет нарығын тұрақты зерттеу және болжау, екіншіден, банктік қызметті жан-жақты жоспарлау қажет.
Жанданған бәсекелестік жағдайында Халық Банкі ілгерілеу үшін халықаралық стандарттар мен технологияларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық басқару және мәліметтерді өңдеу жүйесін қолдау керек, базалық технологияларды жетілдіру жолдарын іздеуі қажет, сондай-ақ жаңа банктік құралдар енгізуі керек. Банктік операцияларды модельдеу, талдау және бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Депозиттік операцияларды АҚ «Халық Банкі» қызметінің маңызды түрі ретінде қарастыра отырып, оны жүзеге асырудағы негізгі мақсат неғұрлым аз бағамен неғұрлым көп депозит тарту екендігін алға қою керек. Осыған байланысты келесі міндеттерді орындау барысында осы мақсатқа сәтті жетуге болады деп ойлаймын ол:
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру кезінде банктік пайда алу;
- талап етілетін банктік өтімділік деңгейін ұстау;
- депозит түрлері мен депозиттік операциялар субьектілерінің диверсификациясын қамтамасыз ету;
- депозиттік операциялар мен ссудалық операциялардың арасында сәйкестілік сақтау;
- депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минимизациялау;
- тиімді пайыздық саясат жүргізу;
- тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды азайту жолдарын іздестіру;
- банктік қызмет көрсетулерді дамыту және клиенттерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын жоғарылату.
«Халық Банкі» АҚ – да клиенттерге қызмет көрсету жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Банк қызметінің өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруының және дұрыс жүргізіліп жатқан банк саясатының арқасында клиенттер саны жылдан – жылға өсіп келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы. №2444 31.08.95жылғы (07.07.06 толықтырулар мен озгертулер енгізілген);
2. «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар жарлығы1995 жылғы 31 тамыздағы. (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы).
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» нормативтік актілері. 21. 1998ж. №242.
4. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңы 13.12.1997ж.
5. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы №237 — 1 «Төлем және ақша аудару туралы» Заңы (толықтырулар, өзгерістерді қоса).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені 2005ж.
7. Ақпеисов Б. Вклады населения и их защита // Банки Казахстана №9 2000ж
8. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое Обзрение НБ РК №2 2001ж
9. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж
10. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж
11. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж
12. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж
13. Делан Э.Дж. Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги банковское дело и денежно – кредитная политика» литература 1991ж
14.Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.
15. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж
16. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана»// www .hsbk .rz.
17. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой коференции «Жас – Туран – 2000» Алматы 2000ж
18. Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана//под ред. – Алматы: Білім 1995ж
19. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана.//Саясат №6 2004ж
20. Куанова Г.А. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество №3 2001ж
21. Кудайбергенова Л.Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Экономические реформы: особенности переходного периода: сборник научных трудов Алматы 1999ж
22. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.
23. Лим А. Депозит – капитал, приносящий доход// Финансы Казахстана №11 2000ж
24. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие.» оқу құралы. Алматы. 2004ж.
25.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.
26. Мамыров К.Н. Депозиттік нарық және оның даму ерекшеліктері// «Экономическая наука в Казахстане:проблемы ипути реформирования» уч.пособие Алматы 2003ж
27. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.
28. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» оқу құралы, Алматы Экономика 2005ж.
29. Сағиев М.С. «Ақша несие банктер» оқу құралы Алматы экономика және статистика институты 2002 ж
30. «Саясат» журнал №11 2006ж.
31. Сухов П.А. Некоторые аспекты устойчивости банковской системы//журнал Деньги и Кредит №5-6 2005ж.