Скачать/Жүктеу
Қазіргі уақытта АӨК-нің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын барлық деңгейдегі білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы өте қиын болып отыр, бұл өндіріске қойылып отырған, дайындау деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, АӨК-ді басқару кадрларымен және мамандарымен қамтамасыз ету қажеттігін қояды.
Облыстың 4046 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішінде тек 440-ы ғана білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, оларда 1006 маман жұмыс жасайды, соның ішінде 342 агроном, 328 мал дәрігері, 36 инженер-механиктер бар.
Облыстың АӨК үшін кадрлар мен мамандарды дайындаумен 12 кәсіптік мектеп, 2 колледж және 1 жоғары оқу орны (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) айналысады. Оларда 3210, оның ішінде кәсіптік мектептерде – 2479, колледждерде — 731 адам оқытылады. Оқыту ауыл шаруашылығы профилінің 30 мамандығы мен 21 кәсібі бойынша жүргізіледі.
Проблемалар:
Ауылдық кәсіптік мектептердің оқыту-материалдық базасы нашар, оқыту мектептерінде оқулықтар (оқулықтар мен методикалық құралдар), жаңа технологияларды пайдалану және практикалық дайындықтан өту үшін базалық кәсіпорындар жоқ деп айтуға болады.
Оқу орындарына 12700 га ауыл шаруашылығы жерлері бекітілген, оның 4900 га егістік және 7800 га пішендіктер мен жайылымдар, әр түрлі үлгідегі 59 тракторлар, 36 автокөліктер мен 12 комбайндар бар.
Қазіргі ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларының паркі ескірген, кәсіптік мектептердің (лицейлер) қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларымен нашар жабдықталуы жастарды аграрлық профилдің мамандықтары мен жұмысшы кәсіптерін игеруге тартудың тежеуші факторы болып табылады.
Шаралар:
Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың Тұжырымдамасына сәйкес АӨК қажеттілігін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, төмендегідей мамандықтар бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспарлануда:
жоғары білімді: ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механигі, агротехникалық сервис инженер-механигі, инженер-гидротехник, инженер-технолог (ет, сүт, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша), азық-түлік өнімдерінің инженер-механигі, агроном-тұқымшы және т.б.
орта кәсіптік білімді: ауыл шаруашылығы техникасының қызмет көрсету және жөндеу бойынша техник-механигі, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау бойынша техник-механигі, техник-электрик, техник-гидромелиоратор, азық-түлік өнімдерінің технологы (ет, сүт өнімдерінің, көкөніс консервілерінің, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша, өсімдік майы өндірісі бойынша) және т.б. Барлығы 232 арнайы орта білімді мамандарды дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында өнімді стандарттау және сертификациялау бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда. Барлығы 803, оның ішінде 2006 жылы – 214, 2007 жылы – 151, 2008-2010 жылдары - 146 мамандарды дайындау жоспарлануда.
Жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында Бағдарламада 2006-2007 жылдары Бөкейорда және Қаратөбе аудандарында 2 жаңа кәсіптік мектеп ашу, ауыл шаруашылығы профиліндегі жұмысшы кадрларды дайындайтын кәсіптік мектептерге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналар мен жабдықтарын сатып алуға қаржы бөлу қарастырылуда.
Бағдарлама шараларында барлық деңгейдегі аграрлық білім беретін мекемелерде оқытудың мерзімділігі мен агроөнеркәсіптік кешен қажеттілігін ескере отырып, басшы жұмысшыларды, мамандар мен жұмысшы кадрларды кәсіби қайта дайындау көлемін ұлғайту және біліктілігін арттыру қарастырылуда. Жыл сайын 900-ден аз емес кадрлардың біліктілін арттыру жоспарлануда.