Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарын құжаттармен рәсімдеу және есепке алу


Скачать/Жүктеу

Өндірілген өнімдер мен шығарылған тауарларды сатумен  (саудамен, коммерциямен) шұғылданатын мекемеларді (кәсіпорындардың) кезаң шығындарының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу және бақылауды күшейту үшін өнімдер мен тауарларды сату шығындарының ғылыми негізделген есептік юаптарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар.

Жоғарыда көрсетілгендей №10 журнал-ордердің №5 тізімдемесіндекелтірілген өнімдер мен тауарлар сату шығындарының тізімі сауда мекемелерінің қаржылық-шаруашылық  қызметінің ерекшелігін көрсетпейді.Онда сауда мекемелерінде ғана тиесілі өнімдер мен тауарларды өткізі (сату) шығындарының ерекше баптарын (түрлерін) ,мысалы, «Тауарлық материалдық қорларды сақтау,өндеу,сұраптау мен буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарын ұстау шығындары (штаттық қызметкерлерінің еңбекақыларынан басқа)», «Тауарлық материалдық қорлардың табиғи кему мөлшерлері шегіндегі ысырыпталуы мен технологиялық қалдықтар», «Санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер, асханалық киімдер,ыдыстар мен аспаптар шығындары», т.б. кездеспейді.Сонымен қатар, экономикалық мазмұны мен мағынасы біртекті тауарларды сату шығындардарының баптары негізсіз егжей-тегжейлі бөлшектеніп, өте ұқсас баптарды құрап, бірін-бірі қайталайды. Мысалы, «Негізгі құралдпрды ұстау шығыңдары», «Жүктерді жөнелту пунтке дейін тасымалдау», мен «Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары»; «Тиеу-түсіру жұмыстары» мен «Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары», «Коммуналдық буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары». Сол сияқты «Сыйақы және басқа сол сияқты төлемдер» деген бапты жеке көрсетудің қажеті жоқ,себебі олар бұрынғыдайбасқа көзден емес,негізгі жалақы сияқты төлеу қорынан төленеді,сондықтан оларды «Қызметкерлердің еңбекақысы» деген бапта көрсету керек.

Өнімдер мен тауарлады өткізу шығындарын тым егжейтегжейлі бөлшектеу есептік жазбаларды көбейтіп,еңбекқызметкерлерінің еңбегін артық шығые етеді.Ол тек қана есепші мұндай бөлшектердің шын мәнінде керектігіне көз жеткізсе ғана пайдалануға болады.

Сондықтан жоғарыда айтылған «Сауда қызметімен шұғылданатын субъектілердегі мерзім шығындарын есепке алу» атты оқу-тәжірибелік құралда кезең шығындарының есептік баптар тізюегін жасауда тауарлар өткізу шығындары мен жалпы және әкімшілік шы.ындарының баптарын бір-бірінен дұрыс ажыратуға көңіл бөлінеді.

Кезең шығындарының есептік баптар тізбегі сауда мекемелерінен  меншік нысаны мен ведомтволық бағынушылығына қарай пайдалануға арналған, сондықтан ол сауды ұйымдарының материлдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануына қатаң бақылау қою мақсатында нақты шығындарын уақытылы,толық және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Кезең шығындарының біртұтас тізбегі мен баптарының мазмұнын сақтау,біздің ойымызша,шаруашылық операцияларын кезең шығындарының ұсынылған баптары бойынша бірдей және экономикалық дұрыс есепке алу мен аудан,облыс пен бүкіл ел көлемінде сауда саласының кезең шығындарының жеке баптары бойынша қортынды жасау,терең және салыстырмалы таудау жүргізу мен шығындардың тиімділігін арттыру резервтерін анықтау үшін қажетті мәліметтермен қаматамасыз етеді.

Өнімдер мен тауарларды сату шығындарының тиімділігін арттыру мақсатында оларды жоспарлау,есепке алу,қаржылық есеп беруде көрсету және талдаужасау үшін саудамен шұғылданатын мекемелерге шығындарды төмендегідей баптар тізбегі бойынша талдау есебін жүргізу ұсынылады.

Ұсынылған шығын баптарының тізбегінің сатылуын және бір түрлі шаруашылық оперциялары тауар өткізу шығындарының белгіденген баптары бойынша бірдей және экономикалық дұрыс көрініс табу үшін шығындарының әрбір бабының экономикалық мазмұнын және бухгалтерлік есепте көрсету әдістемесі түбегейлі қарастырамыз.

баптар№

Шығындар баптарының атауы

1

Тасымалдау-дайындау шығындары

2

Субьектінің басқару аппараты мен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

3

Еңбекке ақы төлеуден аударымдар

4

негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау және пайдалану шығындары

5

негізгі құралдардың тозуы

6

негізгі құралдардың жөндеу шығындары

7

Тауарлық-материалдық қорларды сақтау өндеу сұраптау мен буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарды ұстау шығындары

8

Тауарлық-материалдық қорлардың табиғи кему мөлшері шегіндегі ысырапталуы және техникалық қалдықтар

9

ыдыстар бойынша шығындар мен ысыраптар

10

тауарларды жарнамалау және өткізу нарықтарын зерттеу мен нарыққа шығару шығындары

11

санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер және асханалық киімдер ыдыстар мен аспаптар бойынша шығындар

12

мүліктік және жеке сақтандыру шығындары

13

басқа да шығындар

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 7110 «Өнімдер сату қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты қарастырылған. Мұнда тауарлық –материалдық қорларды сатып ал ,тасымалдау,сақтау,өңдеу сұрыптау,буып-түю және өткізу істермен тікелей байланысты жедел шығындар есепеке алынады.Мұндай тікелей шығындар көтерме және бөлшек сауда ұйымдарында көкеніс қоймасын да,дайындау және жабдықтау –өткізу мекемелерінде болады.

Қазіргі уақытта еліміздің экономикасында жүргізілген жатқан реформаларға сәйкес көптеген мекемелер және тұтынушылар  кооперациясының мекемелері көп салалық шаруашылық қызметін атқарады: сауда,қоғамдық тамақтандыру,дайындау, т.б. сондықтан құрамында аталған салалардың кәсіпорындары бар. Олар осы кәсіпорындарының шығындары есебін жалпы иесіздік, «көпшілік» әдісімен жүргізеді.

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарына шек қою,бақылауды күшейту және тиімділігін арттыру резервтерін анықтау мақсатында тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындарын өнімдер мен тауарларды өндіріс орындарынан тұтынушаларға жеткізумен шұғылданатын кәсіпорындар бойынша жекелеген есеп жүргізу қажет,сондықтан сауда түріне байланысты 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотына мынадай қосымша шоттар ашуды ұсынамыз:

7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шоты, мұнда көтерме базалар мен қоймалардың тауарлық-матеиарлдық қорларды сатып алу,    тасымалдау, сақтау, сұрыптау, буып-түю және сауда мекемелері мен кәсіпорындарына алып-сатуға және өтдірістік байланысты кеткен шығындары есепке алынады;

7112 «Бөлшек сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шоты,мұнда бөлшек сауда ұйымдарының тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау, сұрыптау, буып-түю және тұтынушы-тұрығындарға тікелей сатып шығындары көрініс табады.

Жоғарыда қаралған қосымша шоттарда шығындар есебі белгіленген есептік баптар тізбегіне сәйкес жүргізуге асырылады. Сонымен,жекелеген сауда кәсіпоырндарының шығындарын есепке алу үшін 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотынын тиісті қосымша шоттарын пайдалана отырып,мекеме шығындары қызмет салалары бойынша шетеуге мүмкіндік алады,бұл нарықтық экономика жағдайында сауда мекемелернің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін жақсарту мақсатында шығындарғы бақылау күшейту және оларды азайту шараларын қолдануға мүмкіндік туғызады.

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының тиісті қосымша шоттарының дебетінде шығындардың едәуір бөлігі төлеу кезеңіне қарамастан оларды есептеу кезінде көрініс табады.Мысалы,ай сайын шығындардың мынадай баптарын есептеу жүргізіледі: «Субъектінің басқару аппараты мен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақв төлеу»; «Еңбекақы төлеуден аударымдар»; «Негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау және пайдалану шығындары»; «Негізгі құралдардың тозуы» және басқалар.

Кейбір шығындар тиісті қосымша шоттардың дебетіне олады төлеу кезіде жазылады.Олар,мысалы, өнімдер мен тауарлады талдау шығындарын төлеу;іссапар шығындары;банк,пошта байланыс қызметтерін төлеу және тағы басқа алдын-ала есептеуді қажет етпейтін кейбір шығындар жатады.

Мекеменің шаруашылық қызметігің шаруашылық  қаржылық нәтижелерін дұрыс анықтау үшін сол есеп беру кезеңіне жататын барлық шығындарды уақытында және толық қамтып көрсету қажет.

Мекемелер шығындарының ұсынылған есептік баптар тізбегіне сәйкес олардың жекелеген түрлерін құжаттармен рәсімдеу мен бухгалтерлік есептің әдістемесін егжей-тегжейлі қараймыз.

«Тасымалдау-дайындау шығындары» бабында мекемелердің тек тиісті көлік тауарлық құжаттармен жан-жақты салыстырып тексерілгеннен кейін ғана белгіленген тәртіп бойынша өз есебені алынған тауарлық-материалдық қорларды тасымалдау шығындары,сондай-ақ мұқият тексерілгеннен соң бекітілген тарифтер мен баға көрсеткіштер бойынша есептілген қызмет көрсету құны есепке алынады.

Бұл орайда жабдықтаушының өнімдер мен тауарды сатып алушының есеп айырысу шотына енгізілген тасымалдау шығындарының сомасына,содай-ақ көлік және басқы сырт мекемелерінің жүктерді құн салығынсыз бухгалиерлік есеп шоттарында мынадай жазба жазылады:

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі шоттардың кредиты:

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерден қысқа мерзімді берешек»

4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге беретін ұзақ мерзімді бетрешек»

Банк көшірмесімен басқа ақша құжаттары негізінде төленген тасымалдау шығындар сомасына қосымша құн салығынсыз есеп айырысу түрі мен төлем көзіне байланысты мынадай бухгалтерлі тізбе беріледі:

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиты:

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

1060 «Өзге ақша қаражаты» шоттының тиісті қосымша шоттары:

1061 «Аккредитивтердің ақша қаражаты»

1062 «Чек ктапшалардағы ақша қаражаты»

1063 «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаты»

Жабдықтаушылар,мердігерлер мен көлік мекемелеріне жолдағы тауарлық-материалдық қорларды белгіленген табиға кему мөлшерінен тыс жетіспеушілігі немесе тарифтен асып есептегіні үшін сотқа берілген талаптар қанағаттандырылмаған берешек сомасына көрсетілген ұйымдардың шешіміне сәйкес төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады:

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

1280 «Өзге қсықа мерзімде дебиторлық берешек» шотының «Талаптар бойынша есеп айырысу» субшотының кредиты.

«Тауарды жарнамалау және өткізу нарықтарын зерттеу мен нарыққа шығару шығындары»  бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетілген мақсаттарға кететің төмендегідей шығындар көрсетіледі.

Терезелік көрмелер,көрме залдары,өнімдер тауарлар мен азық-түлік үлгілері бөлмелерін көркемдеу және стендтер,жарнамалық қалқалар мен көрсеткіштер, т.б. жасауға шығыс құжаттамасы,материалды есептен шығару кесімдер мен басқадай шығыс құжаттарына сәйкес жұмсалған материалдар мынадай бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1310 «Шикізат және материалдар»

1350 «Өзге қорлар»

Мекеменің терезелік көрмелер,сауда залдар,көрмелер мен жәрмеңкелерде қойып көрсету кезінде түгел немесе жартылай өзінің бастапқы сапасын жоғалтқан өнімдер мен тауарларды арзандату сомасына өнімдер мен тауарларды арзандату және есептен шығару кесімдеріне сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазу жазылады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1320 «Дайын өнім»

1330 «Тауарлар»

Осындай бухгатерлік тізбе тікелей сатып алушыларға немесе делдал мекемелерге тегін немесе қайтаруға жатпайтын келісім-шарттар және басқадай құжаттарға сәйкес дайын өнімдер мен берілген тауарлар үлгілірінің құнына да беріледі.

Жарнамалық бұйымдар,жарнамалық жариялау,заттаңба нұсқаулары, пакеттердің ерекше және фирмалық үлгілерін дайындау және істеп шығару,бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы жарнамалық құлақтандырулар беруді, т.б. төлеуге кеткен шығындар сомасына есептесу түрі мен төлеу көздері және төлеген есеп айырысу шоттар мен басқадай ақша құжаттарына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

1060 «Өзге ақша қаражаты» тиісті қосымша щоттары.

Өткізуші коммерциялық және басқадай делдал мекемелердің жасалған келісім-шартқа сәйкес өнімдер мен тауарларды өткізу нарықтарын зерттеу және нарыққа шығару жасалған қызметтері үшін төленетін комиссиялық адамдар сомасына және тауар,қор мен валюталық биржалардың брокерлік,дилерлік,маркетингтік операцияларын қоса есептегендегі қызметтер құнына мынадай бухгалтерлік тізбе беріледі:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті

Осындай жазулар бухгалтерлік есеп шоттарында сырт мекемелердің тұрғындарға сауда қызметін көрсету мәселелері жөнінде арнайы жарнамалық кинофильмдер,тақырыптық аудио-бейнероликтер мен диафильмдер жасау,сатып алу және көрсету ,сондай-ақ жарық және өзге де срт жарнамалр мен сауда қызметтерімен байланысты басқадай шаралар жасалған келісім-шартқа сәйкес жүргізілген қызметтерін өтеу құнына да жасалады.

«Санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер және асханалық киімдер,ыдыстар мен аспаптар бойынша шығындар» бабында өзінің экономикалық мазмұнына сай келесі материалдық және еңбек шығындары есепке алынып,бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен көрсетіледі.

Асханалық киімдер,санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер және санитарлық жабдықтарды жуу мен жамауға алынған және жұмсалған материалдардың құны шығыс құжаттамасы мен белгіленген нысандағы кесімдер негізінде есептеген мынадай бухгалтерлік тізбемен шығарылады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

1310 «Шикізат және материалдар» шотының кредиті

Ыдыстардың қирауы,аспаптардың сынуы мен бүлінуінен болған белгіленген тәртіп бойынша бекітілген мөлшерлер шегіндегі шығындар сомасына ыдыстардың сынуы мен қирауы туралы кесімдері мен басқа құжаттарға сәйкес мынандай бухгадтерлік жазба жасалады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

1350 «Өзге қорлар» шотының «Бірнеше рет пайдаланылатын заттар» субшотының кредиті.

Кір жуу,жөндеу шеберханалары мен басқа мекемелердің санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер,асханалық киімдер мен санитарлық жабдықтар жуу,дизенфециялау және жамау қызметтерін атқарғаны үшін төлмдер сомаларына мынандай бухгалтерлік тізбе жасалады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті

Санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер,асханалық киімдер мен санитарлық жабдықтарды жуу мен жамау сияқты бір жолға жұмыстарды жасауға арнайы  шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға келісілген шартқа және есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес ессептелген еңбеақы сомасы бухгалтелік есеп шоттарында мынадай жазулармен көрметіледі:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

3350 «Еңбеақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»  шотының кредиті

Аталған жұмысшылардың еңбекақыларына заңдармен белгіленген ствака бойынша арнайы есептеулермен есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударым сомаларына мынандай бухгалтерлік жазба жасладаы:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

3150 «Әлеуметтік салық»

3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелері»

«Мүлік және жеке сақтандыру шығындары» бабы бойынша сақтандыру ұйымдарына мекеменің негізгі құралдарын,тауарлық-материалдық қорларын және басқа да мүліктерін ерікті және міндетті сақтандыру бойынша есепетелеген сақтандыру шарты мен сақтандыру полистері негізінде бухгалтерлік есеп шотарында мынандай жазулармен көрсетіледі:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебет

кепілдік мерзімдеріне қарай келесі шоттардың кредиті:

3410 «Қысқа мезімді кепілдік міндеттемелері»

4210 «Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері»

Осындай бухгалтерлік тізбе еңбек заңдарында қарастырылған қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігі және басқа да жағдайлардың талаптарына сай мекеменің қызметеркерлерін міндетті жеке сақтандыруға міндетті сақтандыру шарттары мен шарттар-полистер сәйкес есептелген сақтандыру төлемдер сомаларына беріледі.

Сақтандыру полистерін алуға кеткен шығындардың осы есептік мерзімге тиесілі бөлігі мынандай бухгалтерлік тізбемен есептен (шығысқа) шығарылады:

7110  «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті

2920 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотының

2920 «Сақтандыру полисі» қосымша шотының кредиті.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы