Аудиттің жіктелуі


Скачать/Жүктеу

Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады.Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты кәсіпорында пайда болады.Жіктемеге сай аудит төмендегі  түрлерге болінеді:

                                 Аудиттің түрлері

рс Критерийлер Түрлері
1

 

Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты 1-Сыртқы

2-Ішкі

2 Заң талаптарына қатысты 1Міндетті

2Бастамашылық

3 Аудит обьектілері бойынша 1- Банктік аудит

2-Сақтандыру компанияларының аудиті

3- Биржалар, инвестициялық

институтар мен зейнетақы қорларының аудиті

4- Жалпы аудит

5- Мемлекеттік аудит

4 Тағайындалуы бойынша 1 Қаржылық есеп беру аудиті

2 Салықтың аудиті

3 Сәйкестік аудиті

4 Операциялық аудиті

5 Жүзеге асырылу мерзімі бойынша 1. Бастапқы

2. Келісілген

6 Тексеру сипаты бойынша 1 Дәлелдеуші

2 Жүйелі бағытталған

3 Тәуекелділікке негізделген аудит

Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есе бінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

Ішкі аудиторлардың белгілібір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • Активтердің жағдайын бақылау шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу.
  • Жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу.
  • Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен ақпараттардың өңделудің тиімділігін талдау.
  • Басқарушы ақпараттың жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.

Аудит обьектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорлардың, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге болінеді.

Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру.оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.

Сәйкестік аудиті — бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.

Салық аудиті — бұл салықтарды төлеудің, есептедің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну.

Арнаулы аудит — субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бірн норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

Экологиялық аудит — қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы  экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.

Оперециялық аудит — басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен пайдалылығын  бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы