«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер. Аудит жөніндегі комитет


Скачать/Жүктеу

«Самұрық» Холдингі» АҚ-ның 2007 жылғы 2 қазандағы №134 бұйрығымен бекітілген «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 110 тармағына сәйкес Аудит жөніндегі комитеттің қызметі Директорлар кеңесіне ішкі және сыртқы аудит, қаржылық есептілік, ішкі бақылау және тәуекелділікті басқару мәселелері бойынша көмек көрсетуге, заңнаманы орындалуын қадағалауға, сондай-ақ Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша өзге де жұмыстарды орындауға бағытталған.

Аудит жөніндегі комитеттің құрамы, мәртебесі, жұмыс тәртібі, құзыреті және қызмет ауқымы, мәжілістерді шақыру мен өткізу рәсімі, шешімдердің рәсімделуі, сондай-ақ Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің жауапкершілігі Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен (2007 жылғы 1 наурыздағы №2 хаттама) Аудит жөніндегі комитет ережесімен анықталады.

Аудит жөніндегі Комитет Директорлар кеңесіне есеп береді және Директорлар кеңесі берген өкілеттік шеңберінде Комитет туралы Ережеге сай іс-әрекет етеді.

Аудит жөніндегі Комитет жалғыз акционердің мүддесіне сай әрекет етеді, оның жұмысы Қоғамның Директорлар кеңесіне төмендегідей мәселелер бойынша ықпал етуге бағытталған:

  • қоғамның қаржылық шаруашылық қызметін бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыру (оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен шынайылығы);
  • ішкі бақылау мен тәукелділікті басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, сондай-ақ корпоративтік басқару шеңберіндегі құжаттардың орындалуын қадағалау;
  • ішкі және сыртқы аудиттің тәуелсіздігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының қадағалануын қамтамасыз ету үдерісін бақылау;
  • Комитет туралы ереже талаптарына сәйкес өзге де мәселелер.

Комитет мүшелері

  • Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор, комитет төрағасы;
  • Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор;
  • Баймұрзин Рысхан Қалымұлы – «Самұрық» Холдингі» АҚ аудит және тәуекелділік менеджменті департаменті директорының орынбасары – сарапшы (дауыс беру құқысыз);

Комитет Қоғамның Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 7 мамырдағы шешімімен құрылды (№3 хаттама).

Комитеттің 2007 жылғы 11 сәуірдегі шешіміне сәйкес (№1 хаттама) комитет хатшысы болып «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас маманы Жанкеев Азамат Мұхтарұлы тағайындалды.

Комитетті тәуелсіз директор басқарады және құрамының басым көпшілігі тәуелсіз директорлар, бұл корпоративтік басқару тұрғысынан қарағанда аса елеулі жайт болып табылады. Және де «Самұрық» Холдингі» АҚ Аудит департаменті директорының орынбасары, аудит саласындағы жоғары білікті маман Комитеттің үшінші мүшесі болып табылады.

Комитеттің 2007 жылға арналған жұмыс жоспарын Комитет төрағасы 2007 жылғы 10 мамырда бекітті.

Жұмыс жоспарында комитет қарауына 22 мәселе енгізілген, оның ішінде 6 мәселе – жылына бір рет, 2 мәселе – тоқсан сайын, және 14 мәселе – қажеттілік мерзіміне сай қаралуы тиіс.

2007 жылы Комитет 10 мәжіліс өткізді, күн тәртібіне сәйкес 29 мәселе қаралды, оның 4-еуі жоспардан тыс мәселе.

Комитет мәжілісінде жыл сайын және тоқсан сайын қаралуы тиіс мәселелердің барлығы дерлік 2007 жылы талданып-талқыланып өз шешімін тапты. Комитеттің қарауына ұсынылған 14 мәселенің 6-ы қажеттілік мерзіміне сай қаралды.

Комитеттің 2007 жылға арналған жұмыс жоспары толық орындалды, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінде, Комитет туралы ережеде, Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленген мақсаттар мен қызмет міндеттері толық орындалды.

2008 жылы тағы да 2 комитет құрылды: Тағайындаулар жөніндегі комитет және Сыйақы жөніндегі комитет.

Тағайындаулар жөніндегі комитет:

  • Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор – Комитет төрағасы;
  • Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор;
  • Қуанышбаев Әскербек Досайұлы – директор – Төраға Директорлар кеңесі;
  • Степанько Михаил Петрович – «Самұрық» Холдингі» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры — сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/;

Сыйақы жөніндегі комитет:

  • Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор;
  • Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы – директор;
  • Әмірғожина Ольга Вячеславовна – «Самұрық» Холдингі» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері — сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.

Ішкі аудит қызметі

Құрамында 3 адам бар ішкі аудит қызметі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 31 мамырдағы №3 хаттамасымен құрылды. Қызмет «KEGOC» АҚ-ның 2006 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен басшысы тағайындалған сәттен бастап жұмысын бастады, ағымдағы жылы құрамы 8 адаммен толықты.

Қызметтің миссиясы Қоғамның Директорлар кеңесі мен атқарушы органына (Басқарма) Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауға қажетті көмек көрсетуді білдіреді.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты тәуекелдікті басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруде жүйелі көзқарас ұстай отырып, Қоғамның тиімді басқарылуын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну болып табылады.

Қызмет жұмысы мынадай құжаттармен реттеледі:
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже (2006ж.12.09 №5 хаттама (2007ж.07.05 №3 хаттамамен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен);
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібі (2006ж.12.09 №5 хаттама (2007ж.07.05 № 3 хаттамамен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен);
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру саясаты ( 2007ж.20.02 №1 хаттама).

Барлық аудиторлық міндеттер Қызметтің атқаратын миссиясы мен негізгі мақсатын есепке ала отырып жоспарланады. Жоспарлау кезінде тәуекел етуге бағытталған көзқарас ұстанады, яғни жоспарға енгізуге басымдылық неғұрлым келеңсіз оқиғалардың туындауына ұшырайтын бизнес-процестерге беріледі.

2007 жылға арналған аудиторлық жоспарға сәйкес Қызмет атқаратын аудиторлық міндеттердің тақырыптары Қоғамның ақпараттық жүйелерін, қаржылық есептемені, ұйымдастырушылық құрылымды, басқару және қаржылық емес есептемені, қарыздарды, тарифтік саясаттты, мемлекеттік сатып алуларды және Қоғамдағы тәуекелдік менеджментті қамтиды.

Қызметтің аудиторлық міндеттерін орындау нәтижелері бойынша Қоғамға 84 ұсыным ұсынылды.

Қызмет тоқсан сайын берілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады. Мониторингтің мақсаты аудиторлық ескертудің барабар шешілгенін, яғни анықталған қауіптердің деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін шаралардың қабылданғанын анықтап отыруды білдіреді.

Мониторинг нәтижелері бойынша 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қызмет ұсынған 84 ұсынымның ішінен 16 ұсыным енгізілді, ал 63 ұсыным енгізілу үстінде, ал 5 ұсыныс енгізілмеді. Ұсынымдарды енгізу деңгейі 94% құрайды.

Директорлар кеңесіне Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға көмек көрсету мақсатында Қызмет Аудит комитетімен бірлесе отырып, ішкі бақылау жүйесіне құрылатын құрамдастар егжей-тегжейлі қаралды.

Факторларды құраушы бөлікке талдау/бағалау жүргізілді.

2007 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ ішкі бақылау жүйесін бағалау мен талдау барысында тиісті түсіністікке қол жеткізді және аудиторлық тапсырмалар шеңберінде қажетті бақылау кезеңдерінің тиімділігіне тестілеу жүргізді.

Қоғамдағы ішкі бақылау жүйелеріне орташа рейтинг берілді

Біздің ойымызша, Қоғамдағы ішкі бақылау жүйелері Қоғамның өз мақсатына қол жеткізуіне қонымды кепіл беретін жеткілікті нысанда жұмыс істейді.

«KEGOC» АҚ тәуекелдерін басқару

Қоғамның маңызды міндеттерінің бірі тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу мен жетілдіру болып табылады.

2006 жылы Компания тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тобын құрды (2006.10.30 күнгі № 697 бұйрық).

Осы топтың қызметінің нәтижесінде мынадай жобалар әзірленді:
- «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді басқару саясаты;
- «KEGOC» АҚ тәуекелдерінің картасы;
- Тәуекелдің атауы, саласы, тәуекел оқиғасы болған кезде салдарының маңыздылығы (бағалау), тәуекел оқиғасының болу ықтималдығы, тәуекелдің мәні (бағалануы), тәуекелдерді басқару әдістемелері мен басқару, жауапты құрылымдық бөлімше көрсетіле отырып, Қоғам тәуекелдерінің тізілімі (42 тәуекел) құрылды. Бұдан басқа, тәуекелдерді азайту үшін қабылданған шаралардың тиімділігін анықтау үшін тәуекелдердің басым көпшілігінде тәуекел оқиғасының нәтижесінде ықтимал қаржылық салдарлар мен қалған тәуекелдік жөніндегі мәліметтер анықталды (тәуекелдіктің маңыздылығы (бағалау), ықтималдылығы және мәні ( бағалау).

2007 жылы екінші шілдеде болған «Самұрық» Холдингі» АҚ басқарма отырысында (2007ж.02.07 №14/07 хаттама) «Самұрық» Холдингі АҚ бақылайтын Компаниялардағы тәуекелдерді басқару жүйелерін ұйымдастыру жөніндегі ұйғарымдарды (бұдан әрі – Ұсынымдар) бекіту туралы шешім қабылданды.

Компания Басқармасының шешімімен (2007ж.14.08 күнгі № 12 хаттама) Қоғамда Тәуекел жөніндегі комитет құрылды, Комитет туралы ереже бекітілді. Комитет отырысы тоқсан сайын кемінде 1 рет өткізіліп тұрады.

Корпоративтік даму және тәуекелдерді басқару бөліміне тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен Комитет отырыстарын өткізу функциясы жүктелді.

Қоғамның Директорлар кеңесі «KEGOC»АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мен жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді. (2007ж.27.09 №6 хаттама).

Жоспарға сәйкес мынадай іс-шаралар жүргізілді:

Тәуекелдер жөніндегі комитет отырысында (2008ж.06.03) «KEGOC» АҚ тәуекелдерінің тізілімі мен картасының жобасы алдын ала мақұлданды. Тізілімге мынадай тәуекелдіктер топтарына жататын 37 тәуекелді қамтиды: қаржылық, заңдық, операциялық, өндірістік, кадрлық, реттеуші топтар. Бұл тәуекелдердің маңыздылығы мен ықтималдылығына қарай сараптамалық әдіспен тәуекелдер картасына ауыстырылды. Тәуекелдер картасы 4 секторға бөлінген:
1) қарқынды іс-шаралар секторы
2) ерекше бақылау секторы
3) бақылау секторы
4) мониторинг секторы.

Холдингтің Ұсынымдарына сәйкес тәуекелдікті басқару жөнінде халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған кеңесшінің қызмет көрсетуін сатып алу жүргізілді. «Aon Consulting Kazakhstan» ЖШС «KEGOC» АҚ-ның тәуекелдерін сәйкестендіру, Тізілімді және Тәуекелдер картасын нақтылу жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр, тәуекелдерді басқару саясаты мен әдістемелерін әзірлеу жоспарланып отыр.

Кеңесші тәуекелдерді сандық бағалау туралы семинар жүргізді. Сараптамалық сауалнама жүргізу және Компанияның негізгі тәуекелдерін анықтау мақсатында Кеңесшінің қызметкерлері Атқарушы дирекцияда тәуекелдердің бастапқы диагностикасы бағдарламасын орнатты.


Скачать/Жүктеу

Комментарии отключены.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы