Скачать/Жүктеу
Портрет – (француз тілінен portraire – бейнелеу) кез келген адамның немесе адамдар тобының бейнесі.Толығырақ айтқанда адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма.
1 ПОРТРЕТ: Николай Иваноивч Аргунов. “Портрет графини Шереметовой” Холст, май. 1789
2 ПОРТРЕТ: Платон Аллиппиевич Дубровин. “Портрет неизвестной с мальчиком”. Холст, май
3 ПОРТРЕТ: Александр Григорьевич Варнек. “Автопортрет с палитрой и кистями в руке”. Холст май. 1804-1809
Портреттің бірнеше түрлері бар. Олар:
Парадтық – қоғамдық жерлерде салынатын суреттер. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді.
Әлеуметтік - әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.
Психологиялық – ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі.
Автопортрет – суретшінің өзін өзі салуы.
Портрет кескіндемесінің ең маңызды критерийлерінң бірі бейненің шын сұлбамен ұқсас болуы. Портрет жанрының ең басты сапасы – сыртқы келбеттің дәл ұқсастығында ғана емес, снымен қоса бейнеленіп отырған адам келбетінің ішкі ойы, оның мамандығы, әлеуметтік жағдайы қоса бейнеленіп көрінуінде.
Орыс бейнелеу өнерінде портреттік кескіндеме өзінің тамаша тарихын XVIII ғасыдың басынан бастады. Ф.С.Рокотов, Д.Т.Левицкий, В.А.Боровиновский сынды суретшілер XVIII ғасырда үлкен жетісіктерге жетті. Портрет жанрына мысал ретінде орыс суретшілері В.Боровиковскийдің «Портрет М.И.Лопухиной», М.Нестеровтың «Портрет скульптора И.Шадра» сияқты көркем шығармаларын атап өтуге болады.