Скачать/Жүктеу
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы¬ған өз әлінше үлес қосуы – бұ¬ның басты шарт¬тарының бірі. Жас¬тарға патриот¬тық тәрбие беру¬дің бағдарлы идея¬ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қа-зақстан – 2030 ” атты еңбегінің “Қବзақстан мұраты” деп атала¬тын бөлі-мінде: “…біздің балала¬рымыз бен не¬мерелеріміз… бабаларының игі дәс¬түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық¬тық экономика жағдайында жұ¬мыс істеуге даяр болады. Олар бей¬біт, абат, жылдам өркендеу үстін¬дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо¬лады” – деп, үлкен үміт артты.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб¬л謬касына сүйіспеншілікке, мем¬лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр¬биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ¬мыстарды қазақ-стандық патрио¬тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі¬зінде құру” – керек екендігі көрсетілген.
Егемендік алған бастапқы күн¬дерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікір¬талас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құры¬лы¬мы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан бы¬лайғы кезде мектеп оқушы¬ларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдер¬дің формалары мен мазмұнын қолда¬нуға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық¬тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды¬лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты…
– делінген.
Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа¬сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала¬сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын.
Ықылым заманнан бізге жет¬кен “Қорқыт Ата кітабында” тә¬лімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қы¬лыш¬тай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шыға¬рып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірік¬ші болғаннан жарық көріп, өмір сүр¬ме¬ген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақта¬ныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық сая¬сат”, “Поэзия өнері туралы”, “Ба-қытқа жол сілтеу”, “Рито¬рика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактатта¬рында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім кате¬горияларының бетін ашып, олар¬дың негізгісін дәлелдеп берген.
Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа ша¬қырған.
Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген пат¬риоттық сезімді қазақ ағартушы¬лары Ш.Уәли¬ханов, Ы.Алтын¬сарин, А.Құнанбаев шығармала¬рынан да көруге болады.
Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат¬риоттық сезімін: “Менің патриот¬тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасы¬нан бастау алып әулет, тумалас¬тарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.
Қазақта ең алғаш қазақ бала¬лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала¬сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбекте¬рін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патрио¬тизм¬ге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиет¬терін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жаула¬су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақы¬рады.
Қарап отырсақ, қай кезде бол¬масын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақ¬сат-мүддесі қазақ халқын тек бір¬лікке, ынтымаққа шақыру, ешкім¬мен жауласпау, оқу білімге уағыз¬дау, адамгершілікті, адал шын¬шыл болуға, өз Отанын сүюге, отан¬шылдық, отансүйгіштік қасиет¬терді әр адамның бойына дарыту¬ға ұмтылған. Бұл бүгінде Қазақ¬станның, Елбасымыз Н.Назар-баевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр.
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алаш¬орда қайраткерлері А.Байтұр¬сынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бө¬кейханов, М.Шоқай т.б. еңбек¬терінен де кездестіреміз. А.Бай¬тұрсынов:
– Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып… – десе,
М.Дулатов:
“Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты” – дейді. Ал.С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пай¬далы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы – біртуар ұлдарының бұра¬тана халық болмаймыз, өз алды¬мызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қал¬дыр¬ған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Сонымен қатар, қай заманда болсын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбие¬леу. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов “бас¬тауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады”, – деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адам¬гершілік игі қасиеттер дәріп¬телген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
Патриотизмнің тарихи, эле¬менттері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік тү¬рінде ықылым заманнан қалып¬таса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқара¬сын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
“Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруа¬шылығының озаттары.
Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Волгадағы шай¬қас барысында Совет халықта¬рының патриотизмі, Отанға деген сүйіспеншілігі майдандағы әскер арасында, тылда еңбеккерлер арасында айқын көрінді. Мұндай тұлғалар тек біздің Совет елінде ғана ұлы интернационализм мен советтік патриотизм топырағында өсе алады” – деп, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген.
Қазақ совет энциклопедия¬сын¬да “патриотизм” – дегеніміз (грек patrіotes – отандас, patrіo – Отан, туған жер) отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәс¬түрін құрмет тұту сияқты пат¬риотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды, – деп көрсеткен.
Үлкен совет энциклопедия¬сын¬да “социалистік қоғам азама¬ты¬ның патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақ¬тастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады” – делінген.
Педагогикалық сөздікте “…пат¬риотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …про¬летар¬лық интернационализммен берік байланысқан” – деп көр¬сетілген.
Ю.К.Бабанскийдің “Педаго¬гика оқулығында “патриотизм …(грек тілінен аударғанда – Отан) әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан – Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип”, – деп көрсетілген.
Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе. Жазушының көп¬теген еңбектерінің ішінен “Соғыс психологиясы” атты шығар¬масын ерекше атап өтеміз. Өйткені,мұнда патриотизм және оған тәрбиелеу хақында өрелі пікірлер бар. Ол патриотизм туралы айтудан бұрын оның келіп шығу тегіне үңіледі, ұлттық мақтаныш дегеніміз “белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі, …өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол барып тұрған арамза, Отансыз қаңғыбас” дей келе ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, …адамдар ғана Отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырлас¬тығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді. Адам¬ның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп, Б.Момышұлы: “патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіз¬дікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығай¬ту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын біріктіреді”, – деп терең, жан-жақ¬ты анықтама берген. Қаһар¬ман жазушы біз іздеп отырған “ұлттық патриотизм”, “қазақстан¬дық патриотизм” ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол “ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспен¬шілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, террито¬риясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптас¬қан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты”.
Сонымен Б.Момышұлының анықта¬масы бойынша ұлттық патриотизм мына¬лардан тұрады: өз халқына сүйіспеншілік, өз халқымен қан жағынан байланы¬сын сезіну, шыққан тегін сезіну, тұрып жатқан өлкесі, ана тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, тарихи дәстүрі, психология¬лық ерекшелігін сақтап, дамытуға, оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік. Осыдан барып, пат¬риотизмге тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Бұл Кеңес Одағы кезінде де, бүгінде де әлі зерттеліп зерделен¬бегені анық.
Бұдан келіп шығатын тұжы¬рым Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің уәзіні (критерийі). Жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патриотизм¬ге тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі бағыттарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек, Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұ¬нынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлы “нағыз патриоттар өзінен бұрын Отаны¬ның қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұр¬тының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар” деп дәріптейді.
Жазушы “Қазақстандықтар¬дың барлығын бірдей патриоттар деп айта алмаймыз, өйткені мате¬риалдық тоқшылық, технология¬лық игіліктерге бола жеке басын күйттеп, шетелге қашқандар, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын жерді табиғи ресурстарды сатып жеке басының байлығын асырғандарды, “қазақ” деген ұлы халықтың даналығынан туған салт-дәстүрін тәрк етушілерді, тарихын, тілін білмейтін, білуге ұмтылмайтындарды патриоттар қатарына қоспайды. Ол Қазақ¬станның бүгінгі территориясының сақталып қалуына, халқының ел болып ұйып отыруына, ежелгі дәуірден бері қарай үлес қосып келе жатқандарды нағыз пат¬риоттар дей келе, “патриоттары көбеймеген халық елдігінен айырылады және елдігін сақтап қала алмайды”, – деп түйіндейді.
Бақытжан Момышұлы пат¬риоттық сезім “адамдарға гене¬тика арқылы беріліп, ойына мықтап орнығады. Алайда оған күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап отыратын тәлімгерлік те қажет” , – дейді. Ол ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты атанбаса, батыры да емес. Демек, ұлтына деген құрмет патриотизм¬нің ажырамас бөлігі. Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік жоқ жерде патриотизм тумайды. Егер тура мағынасында айтсам, патриотизм – адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп”, – деп белгілейді.
Осыған орай, “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды – педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Құсайы¬нов: “Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін”, – дей келе, “Отан сүю” сезімі – халқының келе¬шегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабы¬сып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақ¬стандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім”, – дейді.
Қазақстан халық жазушысы Ә.Нұршайықов: “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымның жаңадан туындап келе жатқан¬дығын, әлі де болса “кеңестік патриотизм” кезіндегідей күш, қуат, қайрат, сүйіспеншілік, Отанға деген шексіз берілгендік жоқ, адамдардың бар мақсаты қандай жолмен болса да ақша табуға бағытталған деп өмір шындығын көрсете келіп, бірақ қазақстандық патриотизм бізге керек, оның басты жолы жалпақ елге патриоттық тәрбие жұмы¬сын жүргізу. Бұл ретте Кеңес Одағы кезіндегі жақсы тәжіри¬белерді бүгінгі күн жағдайына сәйкестендіріп қолдану қажет, “іштен ешкім патриот болып тумайды. Қазақстандық патрио¬тизмді өсіріп өркендету үшін, байыпты, байсалды тәрбие керек”, – дейді.
М.Қозыбаев “Жауды шап¬тым ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихы, оның кезеңдерін, халқымыздың ел басқарған көсем¬дерін, қол бастаған батыр¬ларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бос¬тандығы, бірлік жолы, ұлтжан¬ды¬лық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының бе¬лестері” атты бөлімінде, Қазақ¬стандағы ұлт-азаттық қозғалыс¬тарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-салдарын көрсеткен:
І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.
ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хан¬дық¬тарына қарсы ұлт-азаттық қоз¬ғалыс. Бұл ұлт-азаттық қоз¬ғалыс үш жүзді одан әрі қа¬быстырды, кіріктірді, біріктірді, ұлттық дәрежеге көтерді.
ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.
ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұл¬дарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.
Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалы¬сы осындай асулардан өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс¬пен¬шілік¬пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы¬лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқы¬мыздың баға жетпес мұрасы.
Өсіп келе жатқан жас буын¬дар бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын келтіріп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Оның үстіне жақын шет елдер¬ден әдейі шақырылып жатқан эстрада жұлдыздары ақша табуға жарайтын жеңіл-желпі құнды¬лығы төмен өнер деп айтуға тұрмайтын шығармалармен жастарымыздың санасын жұта¬туда. Көптеген жасөспірімдердің нашақор¬лыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің эконо¬микалық себептерінен басқа саналарындағы рухани бостық¬тың игерілмеуі деуге болады. Оның тағы бір дәлелі – жастардың патриоттық сана-сезімінің қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде теріс ықпал ететін жайттар. Төл жәдігеріміз – ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер, қанатты сөз, өлең, жыр, терме, ана әлдиі, ата тілегі – ұлттық тәрбие бесігі.
Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәр¬биелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады.
Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Ота¬нының гүлденуіне, өсіп өр¬кендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету.
Авторы: Байзақ МОМЫНБАЕВ, Қазақстан және Ресей Білім академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.