Қазақстан Республикасының өндірісітік аймақтары


Скачать/Жүктеу

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер — табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2—4 есе жоғары екен.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы эколгиясы ауыр аймақтардың алдыңғы катарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарынтексергенде бүл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады. Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп түрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. тонна улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт ауруы елді түгелдей жайлап болды.

Актөбеде көп жылдардан бері Ақтөбе ферробалкыту зауыты мен Ақтөбе хромды қосындылар зауыттары жұмыс істейді. Бұл зауыттар Ақтебе қаласының солтүстік-батысында қала халқы коп шоғырланған аймақтан 1000 м, қала тұрғындарының бақша-саяжай усачкелерінен 700 м ғана қашықтықта орналасса, зауыттардың бір-бірінен орналасу ара қашықтығы 300-400 м.

Қазіргі уақытта кәсіпорын аймағының табиғаты алты валентті хром қосындыларымен,  солтүстік-батыстан соғатын желдердің әсерінен кәсіпорындардан шығатын зияды, оның кұрмында шаңды хром қосындылары және т.б. зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануд. Бұлардың мұражайларынан улы заттар қоршаған ортаны бүлдіріп қана қоймай адамдар денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылардьщ берген мәліметтеріне қарағанда тыныс-қолка жолдарының ауруы қалада қалыпты деңгейден 3,5 есеге дейін жеткен. Сол сияқты жүрек-қан тамыры жүйесі мен коз аурулары 1,8 жөне 2 есеге шейін артқан.

Атырау еңірінің ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ өндіруші, энергия-коммуналдық, көлік кешені және тағы басқа мекемелердің ауаға шығаратын лас затгардың көлемі мен олардың жеке түрлеріне тікелей байлапысты. Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164,65 мың тонна түтін шыққан екен. Оның негізгі өндірушілері облыстың өр түрлі кәсіпорындары. Негізгі облыс бойынша шығатын лас түтіндерді72,5 % тұрақты мұржасы бар өндіріс мекемелерінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокеліктердің ‘түтінмен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдары облыс аумағына ауаға шығатын түтіндердің 24-48 %-ы автоколіктердің үлесінде болды. Сонымен қатар Атырау облысында ластанған аймақтарды қалпына келтіру жүмыстары да жүргізілуде. Мұнда мүнаймен ластанған топырақ жамылғысын тазалаудың биологиялық жолмен тазалау қүрылғысы (отвал) салынды, бұл пайдаланып отырған жаңа технология ластаушы заттарды 80 %-ғадейін тазалауға мүмкіндігі бар.

Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймаққа — Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлурғия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бұл аймақтағы экологиялық мәселелер — қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға үшырауы айқын көрінуде!

Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-і осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, ал соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-і тиеді.

Ертіс бассейнінің ластануы шектен шығып отыр. Оның кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің Ертіске қүятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есе көп. Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында орман отау,  кесу фактілері орын алып отыр. Соның кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер келемі облыс бойынша 150 мың га кеміп кетті.

Солтүстік Қазақстан өндірістік аймағына республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақта мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.

Ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы күресте биологиялық және агрохимиялық әдістерге баяу көшуіміз кері әсер етуде. Соның салдарынан арам шөптер қаптап, ол аз болса, улы химикаттар зиян келтіруде.

Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 8,5 км қашықтықта «Васильковский ГОК» кен орны орналасқан. Васильковский кен орны 1979 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Васильковский алтынды — кварц-мышьякті рудалар кен орнына жатады. Мұнда алтын қосындылары бар рудалардың ғана өндірістік маңызы бар. Васильковский ААҚ қүрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш аланда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екшші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі -алтын айыру фабрикасы.

Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальтқоспалары қондырғылары, дизельді қондырғылар, қазандықтар. АЗС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару кездеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жүмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады.

Бұл ластаушы көздерден атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0,3 және 0,5 мг/м3шекті мөлшерден астам. Органикалык емес шаң атмосфераға жылына 4002,715 тонна мөлшерінде шығарылады.

Атмосфераның ластану дәрежесі 1, 2-ші алаңдардың санитарлық қорғау аймағы (СЗЗ) мен жақын арадағы ауылдар Қонысбай, Красный Яр, Көкшетау қаласы мен Қопа көлі аумағына зиянды заттардың шығарылуы мен олардың таралуына қарай бағаланады. Мысалы: Қонысбай ауылы маңында ауаның қүрамындағы органикалық емес шаңның көлемі жазда — 0,62 (РЗШ) шекті мөлшерде, қыста — 0,42 (РЗТТТ) шекті мөлшерде. Көкшетау қаласында органикалық емес шаңның фондық концентрациясы жазда — 0,93 (РЗШ), қыста — 0,79 (РЗШ) көлемінде.

Жылдың жазғы және қысқы уақыттарында барлық үш алаңнан шығарылған зиянды заттарға талдау жасағанда, тек органикалық емес шаңнан басқа зиянды заттардың мөлшері санитарлық қорғау аймағын-да атмосфера ауасының нормативтік сапасы бойынша үсынылған талапқа сай келмейді.

Павлодар облысында шырша ағаштарын шығындау қалыпты нормадан екі есеге жоғарылаған. Яғни, біз бір ағаш кесіп жанына екі ағаш отырғызудың орнына керісінше істейміз.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік эколоиялық аймаққа — Қарағанды, Жезқазған өңірін жатқызамыз. Бүл аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия және жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады.

Орталық Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы бүрынғы КСРО-ның өндірістік әскери-ғарыштық кешендерінің бірі еді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім нәтижесінде Ресей федерациясына «Байқоңыр» ғарыш айлағы 20 жылға жалға берілді.

Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың зиянды әсерін шетелдік және отандық ғалымдар зерттей келіп, атмосфера тізбегітропосфера-стратосфера-ионосфера қабаттарына әсер етіп, нәтижесінде озон қабатының жүқаруына, парниктік эффектінің пайда болуына үлкенүлесін қосатындығы байқалды. Әсіресе, ерекше қауіпті апатты жағдайлар зымыран тасымалдаушыларды үшыру кезінде байқалады. 1996, 1997, 1999 жылдары және зымыран тасымалдаушы «Протон» 2 рет апатқа үшырады. Апат кезінде қоршаған ортаға айтарлықтай мөлшерде жанбай калған жанармай төгіліп, үлкен аумақты жердің өсімдіктер жамылғысы өртшіп кетті. Сонымен қатар зымыран тасымал-даушы «Протонның» ажырап қалатын бөліктерінің сынақтары түсті. 1999 жылы қазан айында зымыран тасымалдаушы «Протон» құлаған жердің топырағына, суына, ауасына, өсімдік пен жануарларына тексеру жүргізілді. Адамдар мен үй жануарларын тексеріп, гептил тараған жерлерді залалсыздандыру жүмыстары жүргізілді.

Ал, Балқаш көлінің ластануына мыс пш энгргетика өнеркәсібі бірдш-бір себепші болып отыр. Мұнда, мыс, мырыш және күл қүрамынаың ауытқуы 78-ден 50 РЗШ аралығында.

Қарағанды облысының аумағындағы Нұра өзенінің де экологиялық жағдайлары жақсы емес. Мүны үзақ жылдар бойы Қарағанды метал-лургия комбинаты мен «Карбид» өндірістік бірлестігі өздерінің шайынды суларымен ластап, барынша лайлап келеді. Оның құрамында фенол, азот, сынап сияқты металдар көптеп кездеседі.

Қарағанды облысы бойынша ауаға шығарған зиянды қалдықтардың жыл сайын мөлшері 140 мың тонна болса, оның 98 мың тоннасы кәсіпорындардан, 43 мың тоннасы автокөліктерден шығады екен. Сондай-ақ Теміртау қаласының кәсіпорындары бойынша аталмыш көрсеткіш 361 және 11,5 мың тонна болып келеді.

Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларының кәсіпорындарының маңында шамамен 1,7 млрд тонна өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жиналып қалған.

Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа — Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатады. Оңтүстікаудандардағы негізгі экологиялық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосферасының ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы. Экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайдың салдарынан республикамызда ауру-сырқау белең алып, оның ақыры адам өліміне әкеп, өмір үзақтығының шектелуі байқалады. Іш, сүзек ауруларының деңгей дәрежесі республика бойынша қалыптасқан орта көрсеткішке қарағанда Қызылорда облысында 50 %-ке, Оңтүстік Қазақстан облысында 30 %-тен асьш түседі.

Жамбыл, Шымкент қалаларына минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда. Жамбыл қаласының бір өзінде өндіріс орындарының ауаны ластауын түгел есепке алсақ, соның үштен бірі осы саланың үлесіне тиеді. Сырдария, Арал, Бадам өзендері бассейіндерінде фенол, сынап, пестицид — 3 РЗШ-дан 16 РЗШ аралығында ауытқып түрады.

Алматы қаласы ауасының ластану жолдарының бірі — бүл авто көліктерден шығатын зиянды заттар болып есептеледі. Қаламыздағыжанармаймен жүретін автокөліктерді табиғи газға ауыстыру тиімді. Біріншіден, бензинге қарағанда газ арзандау, екіншіден, экология мен қоршаған орта үшін аса зиян емес.

Қазір Алматы көк түтін қүшағьшда, сан мың көліктен ұшқан ыстан демалу мүмкін емес, Ал автокөлікті газға көшірсек, Алматының ауасыәлдеқайда тазарар еді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы