Скачать/Жүктеу
Ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару- жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы .Машина жасау өндірісі энергетикалық, электротехникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі , аспап жасау, ауыл- шаруашылық машиналарын жасау және т.б. салаларға бөлінеді.
Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалады. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды.республикамыздың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар- тау- кен, көмір, мұнай, металлургия , тамақ кәсіпорындарына қажетті жабдықтар сондай-ақ көлікке, құрлысқа арналған машиналар мен құрал- саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар- барлығы 1000 – астам өнім түрлерін шығарады.
Жалпы машина жасау өндірісі 1 тонна металлдан, 260 кг қалдық шығады. Машина жасау өнеркәсібі 1 млн тонна қара металл қолданған сайын сыдыру, тегістеу және осы сияқты операциялар жүргізгенде 5,4 мың тонна соққанда ыстық штамб жасағанда агрессивті еріткіштің көмегімен өңдегенде 14 мың тонна қалдық толығымен жинап алмағанда 15 тонна қайтымсыз металл шығады. Тазалау жүйесінің тұндырғыштарының шектеу цехтардың штамдарын 20-300 грамм қатты материалдардан тұрады. Термиялық құйма, және басқа цехтардың шламдары өте улы заттар- қорғасын, мыс, мырыш, т.б. заттардан тұрады. өнеркәсіп қалдықтары аз мөлшерден аспаптармен әртүрлі қондырғылар істен шыққанда төгілген сынаптар кездесіп жатады. Радиоактивті затардың бұл саладағы қолдануға болатын қалдықтардан шамалы мөлшерден ластануы мүмкін. Радиоактивті заттардың ыдырау процесі жарты тәуліктен аспайды.
Қорыта келе өндіріс салаларының барлық түрі , атап айтқанда машина жасау, энергетика, кара металлургия, түсті металлургия, жеңіл, тамақ т.б өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері яғни қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы бүгінгі күні басты проблеммарлдың бірі болып отыр. Сондықтан біз оларды шектеу үшін әртүрлі шаралар қолдануымыз керек.