ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм


Скачать/Жүктеу

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

  1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;

В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен – сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.

Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V — VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.

Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды.

Ойын – сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.

Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естүге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның  орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.

Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.

Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.

Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.

Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен  римдіктер қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.

Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария),  Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.

Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.

Ортағасырларда туристтік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.

Пилигримдердің Палестинаға саяхаттары біздің заманның ІІІ — ІV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.

ІV ғасырда қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.

Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.

VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.

VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы-қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.

Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

Қажылық үшін ең қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен шыққан Халифа Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы Карл (768-814) арасында түсінушілік қатынастары орнатылып, оның дәлелі ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты-Храмының және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үй салынады.

Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ  ғасырдың өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі-Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, цирюльник және етікші қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды.

Орта ғасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады.

Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен срайлардың саны күрт өседі.

Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды.

ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

ХVІ ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі 17-ші ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.

ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.

Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ  ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақ уйлердің бірі- «4-ші Генрихтің отелі» Нант қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома- $17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең жақсысы болып саналды.

18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.

Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа да елдерінде кеңінен тамыр жайды.

Ағылшындардың континентке сапарларымен альпілік туризмнің тарихы егжей-текжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.

Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және урбанизация процестерімен тығыз байланыста болды.

ХVІІІ ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың, көбіне Греция және Англияның тұрғындары құрады.

ХVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының 1-ші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр 1. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курортарының тарихының басталуы болып саналады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы