ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ (1465 – 1560)


Скачать/Жүктеу

Хандық дәуірдегі қазақ поэзиясының ірі өкілі Шалкиіз ХҮ-ХҮІ ғасырлар  аралығына сарай маңында жасаған тұлға әрі батыр, әрі би, әрі жырау ретінде ноғайлы дәуірінде өмір сүрген. Сондықтан да құмық ноғайлары оның бірқатар шығармаларын өздеріне теліп, төл жырлары санап жүр. Шалкиіздің әкесі қазақтың ірі феодалдарының бірі болса, шешесі – орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы. Ел аузындағы әңгімелерде Шалкиіздің батыр, әскербасы болғандығы айтылады. Шалкиіздің өз шығармаларынан да оның жауынгер, жорықшы жырау болғандығы көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде жыраудың өлең, толғаулары –  белгілі дәрежеде, жаугершілік поэзиясы. Шалкиіз жырау – әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған, қазақ әдебиетінің дербес әдебиеті ретінде қалыптасу дәуірінің көш басында тұрған тұлғалардың бірі. Ол көп уақыт Би Темірдің ордасында болған. Билікке араласумен бірге жорықтарға қатысқан. Соған орай Би Темірдің қадірлі, сыйлы ақылшыларының бірінен саналған. Алайда әділетсіз уәзірлерді өткір мінеп-сынаған жырауды көре алмаған Орда төңірегіндегілер Би Темірмен арақатынасының бұзылуына итермелеген. Шалкиіздің бізге жеткен шығармалары жырлар, толғаулар. Бұл жөнінде Қазақстан тарихында дерек те бар. Ақын хандар мен билер, сол дәуірдегі ел өміріне жырлар ғана емес, адамгершілік тәлім-тәрбие үлгісіндегі толғаулар да шығарып отырған. Шалкиіз мұралары А.Харузин, П.Распопов, С.Сейфуллин кітаптарында кездеседі. Е.Ысмайылов жырауды сол замандағы ірі әдеби тұлға деп бағаласа, М.Мағауин «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында бір топ шығармаларымен бірге, әдеби өмір жолы  жайлы танымдық зерттеу мақала жазды. Сондай-ақ «Қобыз сарыны» монографиясында Шалкиіз шығармашылығы жөнінде жан-жақты талдаған. Жырау ел ынтымағын, татулығын өнегелей келе, халықтың болашағына алаңдайды. Оның ойының тереңдігі, ұшқырлығы, шешендігі, тілінің өткірлігі мен байлығы сөз өнерінің шебері екенін анықтайды. Ол адамгершілік пен ерлікті жырлап, дәріптеп, өз дәуіріндегі халық рухын көтереді. Оның толғауларының дыбыстық жүйесі, шумақ, тармақтарының үйлесімділігі, ырғақтарының өзгешелігі, салыстыру, теңеулерінің нақтылығы жыраулық талантының биіктігін дәлелдейді. Ол – адам келбетін, бейнесін жасаудың да шебері. Хан маңындағы батырлардың ерлігі мен асыл қасиеттерін жырлап, елге өнеге етеді. Әрқайсысына  лайықты бейнелеулер, айшықты сөз үлгісін таба білген. Ол өз дәуіріндегі күрескер, патриот, ел мүддесін тереңнен ойлаған атақты жыраулардың бірінен саналады. Жырау мұралары орыс тіліне де аударылып басылған.

Қ.Алпысбаев


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы