Он бес жасар ерлiк


Скачать/Жүктеу

1941 жылы 22 маусымда Фашистiк Германия  соғыс жарияламастан жасалған келiсiмдi бұзып, КСРО аумағына басып кiрдi. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлiк Германия осы уақытқа дейiн Еуропаның

Көптеген мемлекеттерiн басып алған болатын. Герман империясы шикiзат үшiн, азық-түлiк базасы ретiнде қуыршақ мемлекет құруды көздедi.

 Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбарос­са» жоспарында көрсетiлдi. Жоспар бойынша фашистер КСРО же­рiнде Остланд, Ук­раина, Мәскеу және  Едiл-Орал, Түркiстан сияқты рейх комис­сариаттарын құруды көздедi. Жоспарда көрсетiлген «Үлкен Түркiстан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Орта Азия, Башқұртстан, Әзiр­байжан, Кавказ, Қырым, Ау­ғанстан кiргiзiлдi. Фашистер кеңес адамдарын қырып-жою жолда­ры­на осылай түстi. Ал кеңес адамда­рының патриоттық сезi­мi, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра бiлдi. Қазақстан халқы Отан қорғау­шылар қатарына өз ерiктерiмен жазыла бастады. 

Соғыстың салдарынан қан­шама адам тағдыр тауқыметiн тартты. Соның бiрi –  Халық Тор­ғайұлы. Ол кiсi 1932 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылында дүниеге келген. Әкесi­нен ерте қалған Халық өмiрдiң қиыншылығын ерте тартты. Өмiрi Ұлы Отан соғысымен тағдырлас келдi. Әкесi соғысқа аттанғанда ол небәрi 9 жаста едi. Балалық шағы анасына көмек берумен өттi. 1940 жылы Талас ауылын­дағы Воро­шилов атындағы бастауыш мек­тептiң табалды­ры­ғын аттайды. Оқу бiтiргеннен кейiн 1949 жылы Абай атындағы мұғалiмдер институты­ның фи­зика-математика факуль­тетi­не түсiп, 1951 жылы қызыл дип­лом­мен аяқтайды.

Халық атаның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келгендiктен, 15 жасында «Ең­бектегi ерлiгi» үшiн медалiмен марапатталады. Атайды жеңiс күнiнде бүкiл ауыл құттықтап, ерекше ықылас көрсетедi. 2006 жылы Райымбек ауданының «Құрметтi азаматы» белгiсiмен марапатталды. Қазiргi таңда ұл-қыздарының сүйiктi әкесi, немере­лерiнiң қадiрлi атасы.

 

Ләйлә әлиасқарова,

Ш.Уәлиханов атындағы мектептiң оқушысы.

Талас ауылы,

Райымбек ауданы,

Алматы облысы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы