Бірікен Ұлттар Ұйымы


Скачать/Жүктеу

БҰҰ принциптері, Бас ассамблея, БҰҰ мүшелігі   туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1. Бірікен Ұлттар Ұйымы

2. БҰҰ принциптері

3. Бас ассамблея

4. БҰҰ мүшелігі

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Бейбітшілік күштер Біріккен Ұлттар Ұйымын бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің пәрменді органына айналдыруға, оның саяси рөлі мен беделін арттыруға орасан зор маңыз беріп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің саны 1945 жылы 51-ден 1988 жылы 159-ға дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің 2/3-нен астамы — дамушы елдер. Мұның өзі империалистік мемлекеттердің позицияларын әлсіретті.

Азаттық алған елдер халықаралық аса маңызды мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді. Көп мәселелер жөнінен олар КСРО-мен және басқа да социалистік елдермен бірге болып отыр.

Кеңес Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен «қырғи қабақ соғысты» жоюды және халықаралық ынтымақтасуды дамытуды көздейтін нақты және айқыі; бағдарлама ұсынады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт қатар өмір сүру принципін мақұлдаған қарар қабылдап, ядролық соғысты адамзатқа қарсы қылмыс деп жариялады. Бұл бейбітшілікті жақтаушылардың моральдық ірі жеңісі болды. Жер шарының көптеген аудандарын ядросыз аймаққа айналдыру туралы ұсыныс кеңінен танымал болды.

КСРО-ның бастамасы бойынша Бас Ассамблеяның халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға мәңгілік тыйым салу туралы Қарар қабылдауының зор мәні бар.

Біріккен Ұлттар Ұйымына КСРО отарлық езгінің барлық түрлері мен көріністерін толық жою туралы мәселені бірінші болып қолғандығы белгілі. Кеңес Одағының бастамасы бойынша Бас Ассамблея отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы декларация, ал кейін келе мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол бермеу туралы декларация қабылдады.

Империалистік күштер КСРО-ның және басқа да бейбітшіл мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясын әлсіретуге, оның достыққа ұмтылу рөлін әлсіретуге тырысып келген еді және әлі де ол бойынша істерді атқаруда. Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның Жарғысын қорғап отыратын Кеңес Одағының, басқа социалистік елдердің жүргізіп келе жатқан мызғымас бағытының арқасында бұл әрекеттер күйрегендігі белгілі. Халық бұқарасы — бейбіт жолындағы күрестегі қуатты күш.   Қазіргі жағдайда халық бұқарасының халықаралық қалың жұртшылықтың бейбіт жолындағы күрестегі рөлі едәуір күшейе түсті. Көптеген елдерде соғысқа қарсы ұйымдар мен қозғалыстар пайда болды. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің және басқа қоғамдық ұйымдардың бастамасы бойынша бейбітшілік, халықтардың қауіпсіздігі және халықаралық ынтымақтастық жолында бірқатар ірі халықаралық конференциялар мен конгрестер өткізіледі.

1986 жылы қазанда Копенгагенде (Дания) Халықаралық бейбітшілік жылына арналған бейбітшілік күштердің бүкіл дүниежүзілік кеңесі болып өтті. «Бейбітшілікті және адамзаттың болашағын сақтайық» деген ұранмен өткен бұл форумның жұмысына 136 елден 2,5 мыңға жуық делегаттар — соғысқа қарсы толып жатқан қозғалыстардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кең көлемде жүргізілген ашық пікірталас жер бетінде ядролық

жанталаса қарулануды тоқтатуды, оның ғарышқа шығуына жол бермеуді талап еткен «Копенгаген ұранын» қабылдаумен аяқталды.

Демократияшыл жастар мен студенттердің арасында антиимпериалистік ынтымақтастық, бейбІтшілік пен достық ұрандарымен өткен халықаралық фестивальдар кеңінен танымал болды.

1985 жылдың жазында Мәскеуде 157 елден 20 мыңнан астам өкілдері қатысқан XII Бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің өткізілуі жұртшылықтың жаппай назарын аударды.

Бейбітшілікті жақтаушылардың ұйымдары орташа қашықтықтағы Америка ядролық ракеталарын бірсыпыра НАТО мүшелері мемлекеттердің аумағына орналастыруға қарсы шықты, Құрама Штаттардың милитаристік бағдарламаларын, олардың жанталаса қарулануды ғарышқа көшіру ниетін айыптады. Бейбітшілік жолындағы күрескерлер КСРО-ның соғыс қаупін әлсіретуге бағытталған күш-жігерін белсене қолдап, бейбітшілік жолында бұқаралық жорықтар өткізуде. Бейбітшілік пен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқан бейбітшілік жолындағы ондаған аса көрнекті күрескерлер ең жоғарғы әрі құрметті марапат — «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» Халықаралық; Лениндік сыйлықпен марапатталды.

Бейбітшілік жолында күрестің алдыңғы қатарында коммунистер келеді. Коммунистер үшін бейбітшілік жолындағы күрестен асқан кезек күттірмейтін, бірінші дәрежелі міндет жоқ екенін өздерінің тәжірибелік қызметімен дәлелдеп береді.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. «Бірікен Ұлттар Ұйымы
  2. БҰҰ принциптері
  3. Бас ассамблея
  4. БҰҰ мүшелігі

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы