Мазмұны:
Кіріспе………………………………………………………..…………………3 бет
I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні……………………………………………………………..5 бет
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы……………………………….…….9 бет
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері……………………………..10 бет
II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымактастық педагогика жайлы ұғым…………………………..….15 бет
2.2 Ынтымактастық педагогиканың негізгі идеялары……………..………19 бет
2.3 Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы……………………..22 бет
Қорытынды………………………………………………………….………28 бет
Пайдаланылған әдебиеттер………………..……………………..…….…31 бет
Кіріспе
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
- қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
- Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
- Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі — әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
- Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
- Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
- Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
- Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
- әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;
- тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
- ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы;
- кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
- политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылық проблемасы;
- оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
- нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.
Читать полностью »