тышқан

Техника қауіпсіздігі

Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
 байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
 экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
 аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
 дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
 су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.
Жұмыс істегенде:
 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.
 Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.

Жұмыс уақытында:
 аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
 Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
 Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
 Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы