Кәсіпорынның негізгі капиталдың жалпы соммасында әдетте негізгі қорлар үлкен үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы. [15,245б.]
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын ҚҚС-ғын, акциздерді алып тастағаннан кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ), қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің өсімінің бір теңгесіне салынған күрделі салымдардың үлесі көрсеткіштер анықталады.
Читать полностью »