Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды.
Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп — 2,7%, көкөніс — 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн — 0,7%, майлы дақылдар — 0,4%, бақша дақылдары — 0,4%, жеміс-жидек — 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда біршама жоғары қарқын 2002 жылы — 19,8%, 2003 жылы – 24,2% байқалынды, 2004 жылы ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8% -ға төмендеді, ал 2005 жылы 3,3% күтілуде
Читать полностью »