СПОРТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘРБИЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ЖЕКЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕХАНИЗМДЕРІН АЙҚЫНДАУ


Скачать/Жүктеу

Спортшы студенттер арасында күнделікті спорттық әрекеттер барысында өзара
ортақтасуларының нәтижесінде ғана жеңіске жететін спорт түрлерімен және спорттық ойындармен
айналысатындар қоғамдық жұмыстарда ең көп белсенділік танытатындығы анықталған.
Спорт командаларының көшбасшылары студенттер ұжымының қоғамдық өмірінде елеулі
орын алады. Көшбасшы – қиын және тәуекелді сын сағаттарындағы жағдайларда топтың міндетін
өз жауапкершілігіне алатын, көпшілікке танылған жетекші тұлғалық сипаттағы спортшылар
болатындығы туралы Т.Т.Джамгаров [1], В.И.Румянцева [2], В.А.Щеголев [3], Ю.Н.Щедрин
[4] т.б. еңбектерінде келтірілген. Бұл даралық қасиеті бар адамдар, сеніп жүктелген қызметті
одан ары ұйымдастырып, өзгелерге үлгі болатын ынталандырушы күш болып табылады.
Спорттық бірлікте топтық адамгершілік нормасы, ережесі, талабы болғандықтан спорттық
ұжымның мүшелері өздеріне ұнайтын студент-спортшылардың тәртібін анықтап, сенімнен
шығатын адал жетекшілерін қолдайды. Ал, өз ретінде көшбасшы іріктелген ұжымын әлеуметтік
белсенділікке бағыттайды. Сондықтан, спорт ұжымы өз мүшелерінің топтық нормасы мен оқу
ұжымындағы моральды және адамгершілік қағидаларын ескергені абзал. Спорт командалары
көшбасшыларының әлеуметтік белсенділігін анықтау үшін команда мүшелерінің әр түрлі
деңгейдегі ұйымшылдығына зерттеу жүргіздік. Алынған мәліметтер моральды-психологиялық
ахуалды сипаттайтын, адамгершілігі жоғары спорт ұжымы көшбасшылары қоғамдық
белсенділікте жоғары дәрежені игергенін дәлелдейді. Дегенмен, спорт пен дене шынықтыру
сабақтары студенттің адамгершілік санасының дамуына автоматты түрде әсер етеді деп есептеу
қателік болар еді. Сондықтан да спорт пен дене шынықтыру сабақтарында тәрбиелеу үрдісінің
босаңсуы жайсыз күйлерге әкелуі мүмкін. Спорт пен дене шынықтыру қызметтері тұлғаның
адамгершілік, еңбекқорлық және кәсіби қасиеттерін жетілдіру арқылы студенттің әлеуметтік
белсенділігінің дамуына әсерін тигізеді, ондай тұжырымға келесі бір топ ғалымдар келгендігі
мәлім В.В.Кузин [5], А.М.Кузьмин [6], Л.И.Лубышева [7].
Бір жағынан, спорт пен дене шынықтыру саласында дұрыс жүргізілген тәрбие жұмысы
студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастырса, еінші қырынан алғанда, спорт қызметінің
өзі студент ұжымының моральдық-адамгершілік принциптеріне сай келіп топтық моральдық
норманың қалыптасуына мүмкіндік туғызып, оның мүшелерінің әлеуметтенуіне әсер етеді.
Алға шыққан сұрақтарды шешуде біз екінші, үшінші курстардың студенттері (жігіттер мен
қыздар) қатысқан арнайы зерттеу жүргіздік. Осының нәтижесінде белгілі болғандай, жігіттердің
24%, қыздардың 18% дене шынықтыруда үлкен жетістікке жету мақсатында спортпен айналысамыз
деген жауап берді. Сұралғандардың 38% спортпен айналысу себебін денсаулықтарының жақсы
болғанын қалайтынымен байланыстырады. Студенттердің 28%-нан көбі спортпен және дене
шынықтырумен шұғылдану, біріншіден, эмоциялық-жүйкелік шаршағанды басуға, көңіл
көтеруге, демалуға көмектеседі, екіншіден, дене шынықтыру мен спорттық дайындықтың
деңгейін жоғарлатады деп есептейді.
Зерттеуге алынған студенттердің өзара дербес қарым-қатынасын талдауда, олар көбіне бірігіп
қызметтесуге серіктес таңдағанда өзара тұлғалық қасиеттерін әлеуметтік тұрғыдан бағалаудан
өткізу арқылы, қызметтерінің алға жылжып, қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны есептеледі.
Студенттердің 47 %-на жуығы бірігіп жұмыс істеуде жаттығу жұмыстарына өз еркімен қатысатын,
лайықты қарсылас та, спортшы да бола алатын серіктесті таңдайды. Спортпен үнемі айналысатын
студенттердің 57 % тұлға аралық қарым-қатынас мотиві достыққа, бір-бірін ұнатуға, оқу мен
оқудан тыс саладағы қызығушылықтарының тұтастығына негізделеді. Спорт қызметіне бұлай
қараған студенттердің жоғары нәтижелі жетістікке жете алмайтыны белгілі, сондықтан да олар
жаттығу жұмыстарына серіктес таңдағанда спорттық шеберлігін шыңдау үшін емес, қарым-
қатынастағы қажеттілікке көңілі толушылықты басты назарға алған.
Жүргізілген зерттеу спортпен айналысу мотивінен тұлға аралық қатынастағы студенттер 56 57
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
мінезіндегі қызық тәуелділікті анықтауға мүмкіндік туғызды. Орныққан қатынас спортпен
айналысатын жерден бөлек, яғни бейресми қарым-қатынас аясында да қолданысқа ие болады.
Серіктестер көбіне жаттығу жұмыстарының арқасында жолдастар, жақын достар болып, оқу
тапсырмаларын сәтті орындайды. Студент жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту үшін
белгіленген жағдайды тәрбиелеу жұмысын басқарудағы тәжірибеде ескеріп, спорттық-ұжым
қызметтері тәсілінде кеңірек қолданған жөн.
Біздің зерттеуіміздің қорытындысы дене шынықтырумен қатар басқа да оқу-тәрбиелеу іс-
шаралары студенттердің құқықтық және оқу тәртіптілігін орнату үрдісінде тура немесе жанамалай
әсер тигізетінін дәлелдейді. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық әдебиеттерде тәртіптілікті білім
жүйесі, жеке пікір, тәртіптілік бет алысының дағдылары мен әдеттері сияқты жинақтардан
тұратын психолгиялық білім берудің қиын түрі ретінде қарастырады. Әлі де, А.С.Макаренконың
жасаған тезисінің өзектілігі өз күшінде сақталады: «Тәртіп бір ғана сананың қиын нәтижесі емес,
сонымен қатар білімі, дағдының күші, жүріс-тұрысы, қабілеттілігі, батылдығы, деннің саулығы,
ең бастысы әлеуметтік тәжірибесі».
Аталған жинақтардың әрқайсысы өз алдына түрлі көрсеткіштері бар қиын білім екендігін
кейбір авторлар әділ белгілейді. Саналы студенттің тәртіптілігі тәртіпке негізделген заңды
орындауда өзінің жеке көзқарасы келген жағдайда өз дағдысын, іскерлігін, әдетін басқара алуда
ішкі сенімі бар екенін айғақтайды.
Әлеуметтік және психологиялық зерттеуден алынған мәліметтерден оқу тәртіптілігін
қалыптастырудағы маңызды алғы шарт – спорт пен дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау мен
бақылау жүргізгенде барлық түрінде талапшыл болып, қатаңдықты ұстану керек деген негізгі
қорытынды шығады.
Спортта қалыптасқан тәртіпті үнемі қадағалау, жаттықтырушының айтқанын орындау,
жаттығуда жоспарланғандардың бәрін жүзеге асыру, машықтану, спорттық жекпе-жектің қатаң
нормасы мен ережесін орындау студенттер бойындағы тәртіптілік пен өзін ұстай білушілікке
тәрбиелеуде мүмкіндік туғызады.
Студенттің тәртіптілік құрылымы тұлға қасиетінің диалектикалық байланыстарынан тұратын
жинақтардан құрылады. Спорт пен дене шынықтыру студент жастар бойындағы ерік-жігері
мен адамгершілігін жетілдіруші тәсіл ретінде тәртіптіліктің құрылымдық элементтердегі түрлі
дәрежедегі әрекеттестікке де әсер етеді. Бұл әрекеттестік әрқашан бірден орындалмайды, кейде
тәрбелеу үрдісінде басқа да қырынан көріне бастайды.
Студент жастарды әлеуметтік-тұлғалық тәрбиелеудегі басқаруда тәртіптіліктің нақты
элементтері мен тұлға қасиеттеріне спорт пен дене шынықтырудың түрлі формаларының әсер
етудегі негізгі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін белгілеу өте маңызды.
Студенттердің тәртіптілігі және олардың спорт пен дене шынықтыру белсенділігінің өзара
байланысын анықтау мақсатында біз арнайы психология-педагогикалық зерттеу жүргіздік. Осы
кезде басқа да студенттер тәрбиесіндегі тәртіпсіздіктің себептері, студент ұжымындағы қарым-
қатынастың бұрыстығы мен оларды спорт пен дене шынықтыру қызметтері үрдісінде бейтараптау
жолдары зерттелді.
Алға қойған мәселені шешуде студенттердің екі тобын алдық: бірі – әлеуметтік-негативті
тәрбиедегі, екіншісі – әлеуметтік-позитивті тәрбиедегі.
Топтастыру белгілерінің жетекшілері ретінде:
- үлгерім деңгейі;
- оқу және құқықтық тәртіптері алынды.
Алдын ала зерттеу кезінде психологиялық параметрлері бойынша құрылған топтардың
типологиялық бейнесін суреттеу маңызды болып саналды. Психология-педагогикалық және
психодиагностикалық ақпараттың қажетсінуінен шыққан негізгі әдіс 12 базалық шкала мен
78 қосымша бағалары бойынша есептеліп, жеке сұралушыны стандарттау болып табылды.
Сынаққа алынушылардың 90-ны диагностикалық ауыспалы, суреттеуші түрлі жеке тұлғалық-
психологиялық ерекшеліктері қолданылды.
Белгіленген топты суреттеуде алынған ақпараттық белгілер Фишер критериясының -F
негізінде анықталды. Ауыспалы ақпараттың жиынтығын ұсынған дискриминантты қызмет
эксперименталды топтардың типологиялық портретін суреттеуге мүмкіндік туғызады.
Студенттер тәртібінің дискриминантты қызметін құруда F статикалық мағына 0,05 :
F(0,05)=3,183 мәнділік деңгейде көрінген. Оған 1-кестеде ұсынылған келесі ауыспалық кірді.
1-кесте. Студенттер тәртібінің ауыспалы ақпараттық дискриминантты қызметі
№ Шкала Атауы Статикалық Топтағы ауыспалық
р/қ нөмері мағынасы мағынасы
F позитивті негативті
бағытталған бағытталған
1 124 Әлеуметтік 4, 374 + -
қажеттілік
2 137 Әлеуметтік 5, 295 + -
сабырлылық
3 97 Бірге шер тарқатуға 6, 648 — +
қажеттілік
4 83 Әлеуметтік пихология- 4, 944 + +
лық позиция
5 82 Конверсиялы 6, 809 — +
Истерия (долылық)
6 196 Әлеуметтік мәртебе 5, 783 + +
Кестеде қолданылған терминолгиялардың жалпыға түсінікті бола бермейтінін есептей келе,
оларды түсіндіріп өтуді жөн көрдік. «Әлеуметтік қажеттілік» (124) көпшіліктің қалауымен
орнатылған талаптардың әлеуметтік нормасына студенттердің тәртібінің сай келуімен
түсіндіріледі. «Әлеуметтік сабырлылықты» (137) қоғамдық бағдарлау құндылығы мәнділігі
негізінде өз көзқарасын білдіре алу мүмкіндігінің бар екенін атап өткен жөн. «Бірге шер тарқатуға
қажеттілік» көрсетілген топтың жайлылығына қажеттілікпен түсіндірілуі мүмкін. «Конверсиялы
истерия» (долы) мінез ерекшелігінде патология бар, тартысты жағдайда түсініксіз қылықтарға
бейімділігімен көрінеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, негативті тәртіптің дамуының жалпы механизм тәртібі
реттелмеген студенттің дарашылдығы оның әлеуметтік ортадағы бейімделмеуіне әкелері сөзсіз
тұлғаның ішкі шиеленісін орнықтырып, толық тұлға ретінде сезінбеуінен өзіне компенсация
қажеттілігін туғызады. Мұндай студенттің өтемдеуіш механизмі айналасындағылардың көңілін
өзіне аудару арқылы өзіндік менін жоғарлатып, өзін жалған жағынан таныстыратын қыр көрсету
тәртібі байқалады.
Сонымен қорытынды келесі бағыттағы түйінге әкеледі, спорт пен дене шынықтыру әрекеті
тұлға аралық әрекеттестікте жоғары деңгейімен ерекшеленіп, педагогикалық басқарумен тең
дәрежеде болып, студенттерге қажет өзіндік сана-сезім мен өзін дер кезінде ұйымдастыра алатын
дағдыланған қасиеттерін қалыптастыруда қолданатын психологиялық-педагогикалық тәжірибе
жинақтауға жағымды шарттар туғызатынын айқындады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Джамгаров Т.Т. Психология физического воспитания и спорта.- М., 1979.-С. 12-23.
2. Румянцева В.И, Менеджмент организации Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 1995. — 429 с.
3. Щеголев В.А.Физическая культура и спорт в воспитании студентов. -Великие Луки, 1999.-54 с.
4. Шедрин Ю.Н. Развитие лидерских качеств у курсантов военно-учебных заведений в процессе
физкультурно-спортивной деятельности: Автореф. дис. докт. пед. наук. – СПб., 2003. -49 с.
5. Кузин В.В., Понятие «педагогическая система» и критерии ее оценки //Методы системного
педагогического исследования.-Л.,1980.-С.15-24;31- 49.
6. Кузьмин А.М., Воспитание дициплинрованности как педагогическая задача //Психология
дициплинрованности. -Л., 1985. -С. 18-54.
7. Лубышева Л.И.Физическая культура: молодежь и современность // Теория и практика физической
культуры. -1995. -№5.-С 3-9.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы