Скачать/Жүктеу
Сабақты өткізу формасы:іскерлік ойын
Сабақтың мақсаты: Студенттерге педагогикалық этика жайлы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
- Кәсіби мораль және этика.
- Педагогикалық еңбектің мәдениеті және қарым-қатынас этикасы.
- Конфликттер және оларды шешу жолдары.
Әдістемелік нұсқау:
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогтық әдеп –ұстаздық шеберліктің төртінші құрамды бөлігі болып табылады. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша, мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Сабақ іскерлік ойын түрінде өтеді. Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдерге арналған педагогикалық конфликтіні шешуге бағытталған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, пікірталасқа түседі. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтардың барлығын толығымен қамтуға тырысулары қажет. Сабақ соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады.
Әдебиеттер:
- Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
- Основы педагогического мастерства. Под ред.И.А. Зязюна — Москва, 1989г.
- Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.
- Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.