Скачать/Жүктеу
ТӘРБИЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕСІК ТӘРБИЕСІ
Ж О С П А Р:
КІРІСПЕ
1. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ
2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН ҰҒЫНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кіріспе
Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары сол халықтың тарихына, экономикасына, тіл мен мәдиниетіне тікелей байланысты. Халық тәрбиесінің асыл тізбегі үзілмей келе жатқан дәуірлерден сол тарихтағы ірі –ірі төңкерістер дәуірінде тәрбиеде адам айтқысыз өзгерістер болды. Сол болатын өзгерістерді қазақтың ойшылдары бұрынғы ғасырлардың өзінде тура болжап кеткен, Мысалы Мөңке бидің сөзіне құлақ түрсек:
Ақыр заман алдында,
Құрамалы үйің болады,
Толқымалы биің болады,
Ежірейген ұлың болады,
Бедірейген қызың болады,
Кекірейген келінің болады,
Ақырайған әйелің болады,
Табалдырақтан биік тау болмайды,
Туысқаннан артық жау болмайды,
Тана, торпаққа жүк артылады,
Ар-ұяттан жұрдай боп,
Қарап тұрған жігітке қыз артылады,
Дәл осы пікірге дау айтуға бола ма? Бәрін қапысыз болжап, қолма-қол суреттеп отырғандай. Бұл жағдай, сөз жоқ, тәлім-тәрбие тізбегінің орынсыз үзілуінен болғаны белгілі. Оқу-тәрбие ісінде бас-аяғы 60-70 жылдың жеткен жақсылығымызды жауып тастамай және жоғалтқан асылдың бірі- халық педагогикасы деп білуіміз керек. Олай болса халық педагогикасының балалар мен жастарды тәрбиелеудегі басты мақсаты мынау:
Бүгінгі жастарымыздың – болашағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ер, намыс, ождан, ата – мекен, ана тіліне деген ерекшелік, әдеп, иба, қайырымдылық, үлкенді, ата – ананы құрметтеу, кісілік, кішілік, қарыз – парыз, борыш, міндет, имандылық. Ел, жерге деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, махаббат т. б. жақсы қасиеттерді дарыту, яғни жастардың өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, сол нәрмен сусындату.
Халық педагогикасы әлемдегі барлық халықтарда бар. Олардың әрқайсысында жалпы адамдық және ұлттық ерекшелік толық сақталған. Өйткені жоқтан бар жасалмайтыны сияқты бар нәрсе де жоғалып кетпейтіні хақ. Сонау Каменский, Ушинский, Ыбырайлар жасаған педагогика да халық тағлымына негізделген. Өйткені халықта: «Халық айтса, қалып айтпайды», «Айна айна емес, халық айна», «Халық қартаймайды», «Халық қаһары қамал бұзар», «Ата-анасынан айрылған өскенше жылайды, халқынан айрылған өлгенше жылайды»- деген дана сөздерінің қағидасы- «халықтың» ұғымын басшылыққа алуды болжайды. Сондықтан да еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қолы жеткен күннен бастап, барлық тәлім-тәрбие жүйесі халық педагогикасына негізделіп жүргізіле бастады.
Тәлім-тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өйткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр-салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәд嬬-сыйымызға, жол-жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық. Бұл жерде халқымыздың ойшыл қаламгері Ғ.Мүсіреповтың: «Өткенді аңсай бергеннің бұл күнге жарасымы жоқ, ал өткеннің жақсысын білмегеннің келешегі жоқ» деген бағдарлы ойы осы тақырыбымыздың түп қазығы.
1. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ
Балалар мен жастар — әрбір кезенің, дәуірдің жемісі. Олардың іс- әрекетіндегі көріністер — өз заманының шынайы дәстүрі.
Қазіргі тәлім – тәрбие жұмысының ауқымы өте кең. Сондықтан шартты түрде тәрбие жүйесіндегі бұрынғы қажетті салалардың көпшілігін тікелей басшылыққа ала отырып, бүгінгі талап тілекке сай халық педагогикасының ықпалы бойынша төмендегідей тәлім тәрбие жүйесін қарастырдық:
1 Ақыл – ой тәрбиесі.
2 Адамгершілік тәрбиесі.
Оның құрамды бөліктері :
а) Елжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық / патриотты/.
ә)Ұлтаралық қарым –қатынас сыйластығы.
/ интернационалдық/.
б) Мейірімділік, имандылық / гуманистік/.
3 Еңбек тәрбиесі.
4 Әсемдік тәрбиесі /эстетикалық тәрбие/.
5 Дене тәрбиесі.
6 Діни – рухтық тәрбие.
7 Нарықтық- шаруашылық есептік тәрбие /экономикалық тәрбие/.
8 Табиғат қорғау тәрбиесі. /Экологиалық тәрбие/.
9 Құқық тәрбиесі /праволық тәрбие/.
10 От басылық, үйелмендік немесе жұбайлық, өмірге баулу тәрбиесі
/жыныстық тәрбие/ /Половое воспитание/.
Халық педагогикасы осы аталған тәрбие түрлерін бөлек- бөлек
зерттеп, айтып түсіндіріп жатпай- ақ, өмір керуенінде жүйелі түрде күнделікті тұрмыс тіршілігімен қатар алып жүрген және педагогика бірнеше ғасыр халықтың қажетін өтеп келген. Ел тарихында төл жазуымыз Архон -Енисей таңбаларынан бәрі 3-4 рет жазу алфавитіміздің өзгеруі, соған орай тәрбие нұсқасы ауызша қысқа- нұсқа сөзбен ел санасында жатталып атадан балаға мұра боп жалғасып келді. Әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігіне орай ұлттық педагогикасы сол халықтың ұлттық санасын қалыптастыруды ықпалы өте жоғары болды.
Кеңес үкіметі идеалогиясына негізделген «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» ұлт мәдениеті тек сөз жүзінде айтылды да, ал негізінде түрі ұлттық емес, тек тілі ұлттық болып, көп нәрсе /барлық ғылыми нәндер, дәстүрлер, қасиетті оқиғалар/ тек бір ғана ұлттық ерекшелігіне негізделді.
Сондықтан ұлттық санада өз ұлтының ерекшелігінен алыстап кетті.
Ұлттық сананың қалыптасуына ақыл -ой тәрбиесінің ықпалы өте зор. Бұл тәрбие ғылыми пәндер арқылы беріледі. Таяу жылдарда қазақ мектебі оқушыларына арналған аударма емес, халықтың мазмұнда жазылған төл оқулықтар беріледі. Ғылыми пәндер мен қосалқы пәндер бағдарламасы мен оқулығы таза төл оқулық болуы баланың ұлттық санасын қалыптастыруды өте ықпалды болады. Мысалы, тарихтан ең алғашқы кластардан бастап – ақ қазақтың ежелгі дүниесі тарихынан хабардар өте білу керек. Халықта: «Жаманда тек жоқ, жақсыда көк жоқ» дейді. Балалар басқа тарихтардан гөрі өз халқының тарихын өте жоғары, өте терең, өте көбірек көлемде оқуы керек. Біздің заманымызға дейінгі сақтар, үйсіндер, қыпшақтар тарихы бүгінгі халқымыздың түп –түркіні екенін балалар терең білгені жөн. Ал, география сабағынан дүниенің барлық тау –тасын, өзен көлдерін білдіруден бұрын ең әуелі өз елінің Алатауын, Алтайын, Қаратауын, Көкшетауын, Аралын, Балқашын, Сырдариясын, Тобылын, Есілін, Ақжайығын, Ілесін, Ертісін терең таныстырғаны да орынды. Биологиядан туған жердің өсімдіктерін, оның қасиетін, пайдалысын тани білуі де қажет. Мысалы: сексеуіл, ақселеу, балып, дермене, изен, шеңгел, тобылғы т.б. және бір еш жерде кездесе бермейтін тек Көкшетауда Абылайхан алаңында өсетін жібек талшықты жұмсақ шоқ шалғындар сырын білу де қызықты.
Химия пәнін неге Қорқыт ата жер қазуға қарсы болды. «Қайда барса Қорқыттың көрі «деген аңыз неге айтылған? Мүмкін қасиетті Қорқыт баба жер астында мол кен де, сол кеннің жанында бірге уда /біздіңше уран/ бар екенін білдіме екен. Әйтеуір қазір Қазақстан жерінде көп болуы бізді таңдандырады. Көн де мол, у да мол. Сондықтан ұлы баба адамға зиян жердің уын ашпа, жерге тиме, оның бетіндегі ризық та адам баласына жететінін айтқан болар.
Тәрбие сағаттарында ұлттық ойындар, ұлттық тапқырлық ойын, жаңылтпаштар, әдебиет сабағында айтыс сабағы, талас сабақтарын ұйымдастыру керек . Мысалы, математика пәнінің ауызша есептерінің ұлттық қасиетке негізделіп құрастырылуы. Оған дәлел Міржақып Дулатовтың ‘’Арифметика ‘’ оқулығынан бір мысал : Құдықтың басында жылқышы шағын бір үйір жылқыны суарып тұрғанда қасына бір салт атты жолаушы келіп жолаушы біраз тұрды да :
-Жылқыны, сен, мына жүз жылқыңды суарып болғанша мен жолымнан
қаламын ғой, онан да мен атымды суарып алайын –деді .
Сонда жылқышы:
-Жолаушы, бұл жүз жылқы емес. Бұған осынша жылқыны қосқанда, осының жартысын қосқанда, осының ширегін қосқанда және өзінің астындағы атты қосқанда 100 жылқы болады -деді .
Oқушыларға сұрақ:
Сонда жылқышының алдындағы жылқы қанша?
Әрине, есептің шешілуі заңдылықтары бар тілдегі оқулықта бірдей болғанмен, оның қазақ халқының ұлттық әлеуметтік жағдайына лайықталып құрастырылуы балаға өз халқының өмірінен, экономикасынан біраз мағлұмат береді.
Ал тәрбие бағыттарында мектеп кештерінде баланың ақыл-ойының жақсы дамуына, олардың аударма тапқырлық есептерді тез шығаруы, жұмбақтар шеше алуы, жаңылтпаштарды шатастырмай дұрыс жылдам айта алуы, сондай-ақ өсиет-нақыл сөздерді тыңдау, айтып үйренуі, шешендік сөздер мен тапқырлық ойларды тарқатып түсіне білуі, айтыстар тыңдап, қатысып, сөз сайысы мен ой сайысына түсе алуы, ұлттық ойындар ойнап, ақыл-ойын шыңдауы жатады.
2. Адамгершілік тәрбиесі жайлы шағын еңбекте сөз бастаудың өзі ыңғайсыз. Яғни баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен ержетіп, есейіп, еңкейген қария болып дүниеден өткнге дейінгі адамның барлық саналы өмір тіршілігінде үйренген, үйреткен адамгершілік қасиетінің бәрі жатады. Адамгершілік қасиеттің құрамды бөлігі –ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық қасиеті алайық. Бұл бір аса аяулы да биік сезімді бала бойына ұялата білудің жолы сан алуан. Біз қысқаша төрт қана саласында тоқталсақ:
1. Халқымыздың баланың жақсы –жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтіреді. Көп жылдар бұған мән бермедік. Ал шындығында келсек, баланың әке мен шешенің бір-біріне деген таза шынайы сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның жақсы ықпалында дамып жетілуі; жарық дүниеге келген соң ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі осы жаратылыстың дұрыстығы.
2. Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі. Ана тілі ана әлдиінен бастап баланың тал бойына егілуі: ой-өрісі өз ана тілінде өрбіп, өз ана тілінде тілінің шығуы; әрі қарай өмірге көзқарасы, дүниетанымы өз халқының өмір сүріп, тіршілік етіп келе жатқан төл тілі арқылы қалыптасуы.
3. Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп өнген жерінде туып-өсуі, өз өлкесінің суын-нуын. Тау-тасын, топырағын, аспанын қауіп –қастерлеп сақтай білу және қастерлеу қасиетін ұғынуы.
Мысалы, ел басына күн туып, қиыншылық мойынға бұғау болып түскен заманда көпшлік ел уақытша жат жерді паналауға тура келген кезеңнің өзінде әрбір жанның көңілінде туған жерге деген мынадай сағыныш болғаны аян:
Барайын десем жер шалғай
Бармайын десем ел қандай,
Әл — дәрменім құрыды-ау
Туған елді көп ойлай.
халық әні Ақтолғай
4. Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән бере өсуі: «Ақтабан шұбырындыдан», «желтоқсанға» дейінгі өз халқының көрген қасіретін естен шығармай, ел тыныштығын, ел бақытын көтеруге ой бөліп, жол іздеп өсуі, оқуда, білімде, еңбекте өзін күрескер, қайраткер дәрежесінде сезініп өсуі т.б.
Міне, қарап отырсақ бір ғана ұлтжандылық қасиетке баулудың жолы шар-тарап. Бұл бағдарламаның оқулығы қажетті құралы–халық педагогикасы. Халықтың мақал-мәтелі тәлім-тәрбиеде зерттеуді қажет етпейтін аксиома. Шешендік сөздер, билер шешімі, өсиет-нақыл жырлар, тарихи дастандар, ұлы ойшылдар шығармалары, айтыстар идеясы, жұмбақ-жаңылтпаштар халық педагогикасының әрбір тарауы. Адамгершілік тәрбиесінің екінші құрамды бөлігі-ұлтаралық қарым-қатынас сыйластығы. Бұл тәрбиеде бала мынадай мәселені аңғарып өсуі қажет.
Баланың өзі, ата-анасы, халқы, елі, өмір сүретін қоршаған ортасы мен туған Отанында көп ұлтты халық өкілдері бірлікте өмір сүріп келе жатыр. Олар бірін-бірі құрмет тұтып, ортақ қиыншылықты да, қуанышты да бірге көтеріп келе жатыр. Қарым-қатынаста теңдік пен қарапайымдылықты, сыпайылықты, мәдениеттілікті сақтап келеді. Бір ұлттың бір-бірімен ренішінен гөрі екі ұлт өкілдерінің бір-бірімен реніші сирек кездеседі.Бірақ көңілге өте ауыр із қалдырып тұрады
Сондықтан өзге ұлт өкілімен жарасымды сыйласудың соңы қайырымды, берекелі келеді. Ал кейде ашу үстінде болмашы сөзді қуып соңынан от шықпауын ойлау да керек.Халқымыз:
«Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған қазынаға жолығады»,-дейді.
Сондықтан кез-келген басталар істе, айтылар сөзде оның немен тынарын болжап, қай ұлт өкілінің болсын ұлттық намысын таптап, қорлап сөйлемеуге балаларды үйрету керек. Әр халық өкілінің өз тілін, ұлтын ұмытпауға, сыйлауға, мақтаныш етуге құқы бар, қайда жүрсе де.
Адамдар қарым-қатынасында өзгені сыйлау арқылы өзін сыйлы ететіні белгілі. Халқымыз: “Жақсылық етсең өзіңе , жаманшылық етсең өзіңе” деп бекер айтпаған. “Досқа достық қарыз іс”, “Сен дегенде не ұттың, сіз дегенде неден қалдың”, “Жақсы сөз жарым ырыс”, “Бірлік барда- тірлік бар” деген сөздің мағынасына мән бере өсу керек.
Көп ұлтты ортада әрбір ұлттың жақсы іс ортақ қазынаға айналуы ғанибет. Мысалы еңбек түрлерінің әр халықта өзіндік сыры барлығы, оны қатар отырған басқа ұлт өкілдері үйренуінің ешбір сөкеттігі жоқ. Адам баласына тән қасиет өмір бойы үйрену болса, өзге ұлттың ең жақсы қасиетін, еңбек әрекетін көре біліп, сыйлай біліп, уақыт талабына сай өмірлік қажетке жарата білу де жарасымды. Мысалы: бау-бақша өсіру, үй жануарларын күтіп-баптау, егін-егіп үй салу, жарасымды әрі тұрмысқа қолайлы жиһаз мүлік даярлау, тігу, тоқыма, өрнектеу. Кестелеу ісін ортақ меңгеру т.б.
Еңбек тәрбиесі
Қазақ халқының еңбек әрекеті негізінен мал шаруашылығына негізделген. Яғни мал бағып ен байлық көзі: ішер ас, киер киім, мінер көлік, тұтынар зат, өтелер борыш- бәрі 4 түлік төңірегінде болған. Халық мал терілерінен небір киім-кешек тігумен айналысқан, тері өңдеудің тиімді әдісін жете меңгерген. Әйелдер мал жүнінен барлық тұрмыс жиһазын жасаған. Сондай-ақ халқымыз ағаш өңдеу кәсібін де жете меңгерген. Барлық ыдыс-аяқ, ер-тұрмын, арба-шана, киіз үй бәрін ағаштан жасаған. Металл өңдеу әсіресе бағалы металдар: алтын, күміс, мыстан түрлі қажетті зергерлік бұйым, ыдыс-аяқ жасаған.
Қазақ жері қыр, сыр, шығыс, батыс болып 4 аймақтан тұрса қыр елі мал өсіруден алдына жан салмаған. Ал сыр елі егін егіп диханшылықтан ешкімнен кем қалмаған. Батыс пен Шығыста және сулы, нулы жерлерде мал өсіру мен егіншілік қатар жүрген. Осындай әлеуметтік жағдайымызды жете түсіне білмеген европалықтардың халқымызды көшпенділер деуіне талас тудыруға болады. Өйткені қыр елінің әрбір рудың, әрбір әулеттің өз жайлауы, өз қыстауы болған. Сол үшін тіпті жер дауы жиі болып тұрған. Ал көшпенділер санатына жататындар тұрмысы біздің тұрмысымыздан әсте басқа болса керек. Тіпті ұлы ханымыз Абылай абайсызда қалмақтардың қолына түскенде басты – басты арманын былай айтқан екен:
1. Қала салып елімді отырықшы етіп , оқу білімге баулысам;
2. Мал сүтін емген халқымызды егін егуге баулып, жер сүтін емуге баулысам;
3. Қапияда аңғалдықпен қолға түспей, қан майданда қолға түссем;
Ұлы Абай: «Досқа достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ іс» деген. Биік адамгерршілікті жау болса да қалмақ ханы ұстаса керек, Абылайды босатып тұрып, арманына риза болып: «Арманың арман-ақ екен» -деп таңданған екен. Қазіргі кезде мектептің алдында еңбек тәрбиесіне баулу ісі біртіндеп ұлттық негізге негізделе бастағаны орынды. Өйткені ұлттық негіздегі еңбек түрлері өмірге аса қажет, тұрмыс-тіршілікті, ұлттық болмысты қалыптастырады. Өткен кезеңдегі көшпелі тіршілік азаматтарды қара күшке мығым, төзімді, еңбекке мойымайтын адамдарды қажет етті. Қыр баласы, сыр баласы ес білгеннен із кесіп, жол қарады, жұлдыз бағдарлап баратын жеріне адаспай барды. Жер жағдайын шөбінен топырағынан танып, ауа райын алдын ала болжап, қауіп-қатерден сақтанып отырады. Мұны да бүгінде күнделікті іс-әрекетке айналдыру керек.
Бертін келе халық бір кәсіп төңірегінде қалып қоймай, түрлі кәсіп, өнер түрін үйренуге ұмтылуы керектігін ұлы Абай:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін,
Үйреніп алып, мал ізде-
деген өсиет сөзінде, халқымыз тек мал шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, егін егіп, өнімін жеп, артығын сатып, адам еңбегінің құнын, бағасын білуге үйретті. Сондықтан мектеп бітіретін баланың қолында ой еңбегінің бағасы құры аттестат болса, 10 жыл бойы еткен түрлі қол еңбегінің құны жиналған колхозға, жеке меншік иелеріне жұмыс істеу сақтық кітапшасы да болу керек. Бұл баланы бала, жастан еңбегінің құнын білуге, оны босқа шаппай, қастерлеп ұстауға баулиды. Дәл осы ойды кезінде Абай аталары былай деп болжап кетіп еді:
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа
,, Қуанбандар жастыққа ,, өлеңінде
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі, бастамасы.
«Баланың ақылы оның саусағының ұшында» деген еді В. Сухомлинский.
Ақыл- ой да, дененің қалыптасуы соқталдай жігіт болуы, адамның сүйкімді, жағымды болуы бәрі осы еңбекке байланысты. Сондықтан еңбекке баулу от-басында өте ертерек басталуы керектігін дана халқымыз былай деп ескертіп кеткен: «Баланы 5-ке дейін піріңдей күт, 15-ке дейін құлындай тұт»-деп.
Бірақ еңбек баланың жасына сай өте ауыр болмауы керек. Қазақ мектептерінде дене тәрбиесі сабағында ер балалар көбіне ауыр атлетикамен айналысады. Ал жеңіл атлетикамен неге айналыспасқа. Бойлары биік, сымбатты, талшыбықтай болып өссе қандай ғанибет. Ал бізде керісінше тек бокс, штант көтеру, күрес түрлерімен өте көп айналысады.
Әсемдікке баулу / эстетикалық тәрбие /
Әсемдікке баулуда бала табиғи әсемдікті ажырата біліп, бағалай біліп, еңбекпен, ізденумен, ерінбей үйренуден болатын /қалыптасатын/ әсемдікті игере білуі қажет. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты да сол — өмірде, табиғатта адам бойында кездесетін сұлулықты қастерлеп, ардақтап, сол сұлулыққа жауапкершілікпен қарап, өзінің тал бойына жинақтай білуі. Табиғи әсемдікке тән құбылыстар: табиғат көріністері, адамның жастық шағы, малдың – жануарлардың төлі, бағалы аң терілері, ерекше құстар қауырсындары / тоты, аққу, үкі т. б. / жатады .
Табиғи байлықтардан алтын, күміс, мыс, т. б. металдан жасалған әсемдік — сәндік бұйымдар жатады. Сондай – ақ асыл тастар –гауһар, інжу, маржан, лағыл, аңық т. б. Тастардан жасалған алқалар, безендірілген /өрнектеген/ киімдер, бұйымдар жатады. Адам баласы бойындағы әдемілікке: мінез — құлық, қарым – қатынас, сөйлеу мәдениетін /сыпайылығын/ сақтауды айтуға болады. Сондай – ақ ән салып, күй тарту сияқты жарасымды қасиеттер де адам бойындағы әдемілікті толықтыра түседі.
Әсемдік тәрбиесіне лайық тағы бір сапа- ол балалардың киім-кешегі, жүріс-тұрысын, тұрмыс- тіршілігін сыпайы, сәнді таза үстауға жаттығу.
Халқымыз тұрмыс-тіршілікке қажет заттың от басына ең керектерін тұтынған. Тұрмыста басы артық нәрселерге көп әуес болмаған. Сондықтан қажет бұйымдарын таза, сәнді, ықшам етіп жасаған. Қазірде ұлттық өнер деп қазақтың ою-өрнектерін кез келген киімге, бұйымға, үй-жиһазына жапсыра беретін болып барамыз. Ал негізінде сол ою-өрнектер үй-ішнде аяқ астына төселетін төсеніштерге (оның ішінде текемет, сырмақтарға) салынып жасалған. Әрі кеткенде сол ою-өрнек керегенінің басына дейін жеткен.
Халқымыз тұрмыс –тіршіліктің ыңғайына қарай тау асып, тас басып, сусыз шөлдерден өтіп жайлауы мен қыстауын бірсапарлық жол етіп жүрсе де киім сәніне, оның тазалығына ерекше мән берген. Қыздар, әйелдер көбіне ақ түстес матадан көйлек, кимешек киіп, жаулық салған. Бұл жағдайд бір жағынан пәктікке, онан әрі күн қуатынан (радиациядан) сақтанып отырған. Бәрі де орынды.
Қыз баланың үйлесімді, сыпайы киінуі ата-анаға сын болған. Қазірде мектепке арнаулы киім үлгісінің болмауынан әркім қолына түскенін киіп жүр. Көбісі-шет елдің сәнді киімдері. Әрине, бұрынғы мектеп формасы үлкенді де кішіні де сөз жоқ, жалықтырады. 10 жыл бойы бір түс матаны ( өзі қоңыр түс) кие беру бүлдіршіндер мен жасөспірімдер, бойжеткендер талғамына сай келмейді. Бұл оқулықты басқаша іспен толықтыруға әбден болады. Мысалы, тігін фабрикалары сәнді, сыпайы матадан ұлттық үлгіге лайықтап, киім үлгілерінің жаңаша стилімен небір үйлесімді формалар тігіп оқушыларға ұсынуларына болады.
Сонымен жастар бойына жарасымды мінез-құлық, қарым-қатынас, сыпайы сырт кескін бәрі де әрбір жастың өзінің ішкі мүмкіндігіне байланысты. Көзі ашық, көңілі ояу, келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын әрбір саналы жас әдемілік талғамын бойына жинай алады.
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбиенің ұлттық көрінісі негізінен қажетті еңбек түрлерінен қалыптасқан. Балалар аттың жалында, атаның қомында жүріп өскен. Ат құлағында ойнаған. Жер қыртысын аударып егін еккен. Садақ тартып мергендік еткен, аң аулаған, желмен жарысып шабандоз болған. Мал жайып, төл күткен, шөп шауып, отын жарған, құрық салып асауды бас бүлдірген т.б. Осындай мәнді-мағыналы, қажетті еңбек түрлерін игеру әрекеті арқасында дені сау, бойы биік, ер тұлғалы бітім қалыптасқан. Халқымыздың « Ұлың ұрынып өссін, қызың тұншығып өссін» деген сөзінде дене тәрбисіне байланысты көп сыр бар. Ұрынып өсу-тентек болу емес, үйге қажет шаруаның бәрін тындыру. (Қазіргі кезде күні бойы екі қолын қусырып, теледидар көру де дененің шынығып өсіне кесірін тигізуі ықтимал). Ал қыз бала тамақ істеп, үй күтіп, ұршық иіріп, тоқыма тоқып өз шеберлігін қалыптастыра білген.
6. Діни-рухтық тәрбие. Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Ал жалпы білім беретін орта не арнаулы мектептерде де діни –рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Бұл жерде балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете білуге болады. Оған Мұхаммет Пайғамбардың хадистерін, мұсылмандық бес парызын, Халифа Алтайдың «Ғылымхалін», Абайдың «қара сөздеріндегі» діни-рухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдауына үйрете беру артық емес. Бұл жерде арнайы молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, ал діни –рухтың тәрбие сағаттарын кез—келген мұғалім (қабілетіне қарай) жүргізе беруіне болады. Өйткені мұғалімдер кез-келген идеяны дидактика заңдылықтарына орай, методикалық әдіс-тәсілмен жүргізе алады.
Жалпы діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты-баланың өзіне өзінің сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
7. Экономикалық тәрбие. Бала мектепте, үйде, түзде жүргенде ең әуелі уақытын қадірлей білуі және үнемдей білуі қажет. Онан соң өзінің ой еңбегі мен қол еңбегінің өлшемін, құнын білуі керек. Еңбек құнын үйрететін, сауда мәселесін және құн заңдылықтарын үйрететін сабақтар қажет. Сондай-ақ өз еңбегінің құн мөлшерін қоғамдық бағамен өлшей алып, төлем деңгейін салыстыра білу қажет. Жалпы халқымыз есеп білмегенді мақұлыққа босқа теңемеген. Өйткені көп жағдайда қоғамдық еңбек жеке адамның еңбекке деген өзіндік қабілетін бір деңгейде ұстап келді. Сондықтан еңбекке деген ерекше сүйіспеншіліктің өлшемі ескерілмеді.
8. Экологиялық тәрбие. Бұл тәрбиенің мақсаты-бала нәрселердің қадірін біліп, дін аман қалпында келесі ұрпаққа табыс етуі. Оларға: туған жердің, ата-мекеннің тау, тас, орман, көл, өзен, су, топырақ, аспан мен жері жатады.
Халқымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш», «Топырақ шашпа», «Жерді шұқыма», «суды төкпе» деген ескертпе сөздерінің мағынасын біліп өсуі;
Өсімдіктер мен жануарларды аяп сақтап, мұны да келесі ұрпаққа көбейтіп тапсыруы;
Адам өмірге келген қонақ. Табиғат-Мәңгі. Сондықтан бала табиғаттан алған барлық қорегінің көзін тауыспай, не жоғалтып не бүлдіріп алмай келесі ұрпаққа табыс етуге парыздар рухында тәрбиелену керек. Халқымыз «Жақсылықты адамның мыңына жасағанша, айуанның біріне жаса» деген сөзінің астарын түсініп өсуі, яғни тілсіз жан-жануарға қамқор болу парыз деп түсіну. Сондай –ақ табиғатты бүлдіруге, жануарларын қыруға ешкімнің құқы жоқ екенін білуі тиіс.
Ұлттық болмыс сана-сезімнің әлсіреуінен Арал, Балқаш тартылып, Көкшетаудың 80 көлінен 4-ақ көл қалуы дәлел. Сол жерді мекендеген халықтың үлкені мен кішісі болып ешбір алаңдаушылық тудырмай келді.
9.Құқылық тәрбие (праволық тәрбие)
Оқушылар өмірдегі қажетті білімді, барлық қасиетті тәрбиені игерудің жолын негізінен мектептен үйренуге құқы бар. Ал оларды үйрете алмауға мұғалімнің құқы жоқ. «жас кезде алған білім-тәлім- тасқа қашаған жазу» дейді дана халқымыз. Данышпан ұстазымыз ұлы Абай:
Ержеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім-
деп өкінсе, сол өкінішті болдырмайтын қазіргі киелі орда –мектеп.
2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Балалы үй-базар,
Баласыз үй -қу мазар.
Ата –бәйтерек,
Бала-жапырақ,
Ананың ізін-қыз басар,
Атаның ізін -ұл басар.
Ана көркі-алдындағы баласы.
Бала үйдің мерекесі.
Ана-үйдің берекесі
Балалы үй – құт
Баласыз үй-жұт.
Адамның бір қызығы бала деген.
Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті, және әрбір ұлтың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.
М.Жұмабаев.
«Адам ұрпағымен мың жасайды»,-дейді қазақ мәтелі. Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллион жыл жасап келеді және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік дамуының адамзат еншісіне ғана тиісті сол саналы тірлік дамуының бағбаншысы тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігін дәлелдеуі қажет етпейтінін аксиома. Онсыз адамзат ғұмырының мәні мен сәні жоқ.
Адам зат қоғамы бүгінгі даму деңгейіне қаншама ықылым заманды басынан, кешіп әлденеше қоғамдық формацияларды баспалдақ етіп көтерілсе, тәрбие процесінің де соншама бұралаң жолдан өткендегі, әр қоғамның саяси – экономикалық ерекшелігі мен мұрат-мақсатына орай тәрбиелік ұстамы болғаны тарих заңдылық. Бірақ ежелгі тәрбие жөніндегі деректердің тым тапшылығына байланысты бағзы змандардағы балалар әлемінің сипатын бұгінде көзге толық елестету қиын. Балалар әлемі тарихы жөніндегі бұлдыр түсінікке ілессек, тым әрі тереңдеген сайын түсінікке ілессек, тым әрі тереңдеген сайын солғұрлым адаса түсеміз,- деп жазады ол жөнінде Жан-Жак Руссо.
Жалпы халықтың дәстүрлі мәдениеті сияқты жазу-сызусыз, күнделікті тірліктің, тұрмыс- салт пен әдет- ғұрыптың, халықтың дүниетаным мен табиғи жағдайлардың, шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір сүрүдің, ұрпақ өсірудің машықтық әдіс—тәсілі ретінде пайда болып, өмір сүрді. Яғни, қай халықтың өмірінде болмасын халықтың тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, практикалық негізінде жұрттың этникалық мінезінде өмір сүреді. Ол өмірлік жалпы заңдылықтар мен адамзат қол жеткізген дана пікірлерге, асыл ойларға, тәжірибелік тұжырымдарға бай. Халықтың дәстүрлі тәрбиесі ісі адамзат ойына әрқашан нәр беріп, байытып отыратын осы қуатымен бүгінгі педагогиканың да алтын желісі бола алады. Халық педагогикасы- тамашалаудағы ғана қажет ететін көне дәуір ескерткіші емес, ел тұрмысында, адамдар қарым- қатынасы мен отбасы тірлігінде әлі де болса белсенді қызмет етіп келе жатқан тірі, жанды құбылыс.
Балалар әлемі-кез келген жеке халықтың, әрбір қоғамның, жалпы бүкіл адамзат өкіметінің бөлінбес жанды бөлшегі. Болашағыңды болжайын, ауылыңның жастарын көрсетші,- дейді екен халық даналығы. Сол сияқты бүгінгі бала – ертеңгі келешектің кепілі. Балалар әлемінің күрделі табиғатын тану, оның ғылыми үлгісін жасау қашан да адамзат алдындығы үлкен міндет болатыны да сондықтан.
Балалардың қоғамда алатын орны, олардың әлеуметтік мәртебесі, ересектермен қарым-қатынасы, тәрбие тәсілдері, балалар әлемінің көркем өнердегі образы, олардың жас ерекшеліктері жөніндегі халықтың ұғымы, балиғатқа толу шарттары, әлеүметтік өмірге араласу жолдары, балалардың ішкі әлемі, олардың өздері ғана тән көркем мәдениеті, қызығушылық, қабылдау, ойлау жүйесі, т.б. толып жатқан қат-қабат мәселелер ғылымының сан-саласын тоғыстыратын аса күрделі әлем. Дәстүрлі халық педагогикасында осы күрделі жүйелер аса сәнді үйлесім тапқан яғни, балалар әлемінің халықтың үлгісі ежелден барып, тек оны тереңдей зерттеу үшін педагогика, антропология, психология, физиология, этнография, фольклористика, музыкатану, өнертану тәрізді толып жатқан ғылымдар саласы бойынша іргелі-іргелі зерттеу жұмыстарын қолға алу шарт.
Қазақ халқының дәстүрі ұғымдағы балалар әлемі жөніндегі түсінікке, соған орай орныққан әдеп-ғұрып, тұрмыс салтқа, тәрбиелік іс-әрекеттерге назар аударсақ, халық тәрбиесінде қалыптасқан небір ұлағатты өнегелерді көруге болады мәселен, балаға деген тәрбиелік қам қазақ халқында сәби дүниеге келмей-ақ жасала бастайды. Салиқалы ата-ана келіні жүкті баласымен құрсақ тойын жасап, оны қатты-қайырым жұмыстан босатып, түрлі ауру-сырқаудан, шошынудан қорғаштап, сәбидің құрсақта кінератсыз өсуіне қамқорлық жасайды. Ал сәби дуниеге келген сәтте қазақ жерден көтеріп алған адамға, кіндігін кесу салтында іждағатпен көңіл бөлген.
«Шілде күзет», «Шілдехана», «бесік салу», «ат қою», «қырқынана шығару», «тұсау кесу», «сүндет тойы», «тіл ашар», «тоқым қағар»,сияқты толып жатқан ырым салттар бұл мәселенің өзінше күрделі құрылым екендігін танытады. Ал баланы бағып-қағу, қағу, түрлі ауру сырқаудан емдеудің халықтың әдіс-тәсілдері өзінше сала құрайды.
Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген «ойын баласын» тәрбиелеудің ел ішіндегі дәстүрі де педагог-ғалымдар назарына аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты объект. Мәселен, «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қыз жақсымен ауылдас бол»,- деп келетін мақал-мәтелдердің астарында қаншама мән жатыр.
Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың тәрбие әлемінің де сол негізде тұғыр еткендігі заңдылық десек, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болар еді. Мысалға, бала еңбектің әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан дүниесімен сезініп өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген сүіспеншілік те бала көкейіне осы көзден-ақ мысқылдап дариды.
Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолқанатына айналып, қыз бала үй ішілік тірлікке қол ұшын береді. Ұлағатты ата-ана «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы» деп баланың еңбекке араласуына іждағатпен көңіл бөледі.
Дәстүрлі тәрбие табиғатына тереңдей көз жіберсек, оның күрделі табиғатынан «адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери-патриоттық тәрбие, жыныстық тәрбие» деген сияқты қазіргі педагогикадағыдай іштей бөлінушілік байқалмайды. Халық үшін тәрбие тұтас дүние. Оның мақсаты –адам тәрбиелеу. Сондықтан тәрбие адамға тән асыл қасиеттер жиынтығын бөлшектемей бала бойына тұтас сіңіру тиіс.
Балалар тірлігі-үлкендер тірлігімен біте қайнасып жататын ажырағысыз құрылымның жанды бөлшегі екені белгілі жай. Бірақ баланың жас ерекшелігіне қарай дүниетанымы ересектер көзқарасымен қаншалықты сәйкес келмейтін болса, оның күнделікті тіршілігі, өзіндік өмірлік мұраты, қиял арманы мен ойынмен өрнектелген өмір күйі соншалық керек.
Бала жан дүниесінің аталмыш сипаты поэтикалық образдар таңдаудағы бүкіл балалар фольклорының табиғатын айқындайды. Яғни балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен тілінің нәрлігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен, эстетикалық талғамдылығымен бағалы.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарық көрген « Қазақ хрестоматиясы» алғашқы оқулық ретінде ғана емес, жалпы қазақ балаларының рухани дүниесіне назар аударудағы алғашқы бет бұрыс еңбек болғаны белгілі. Бұл еңбек жалпы қазақ әдебиетінің балаларға берер тәрбиелік ықпалының зор екендігін алғаш танытумен де бағалы. Өйткені халық дәстүрінде сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап-ақ тәрбие басталмақ, сондықтан бүлдіршінге арналған шығармалардың барлығы баланың әрбір жас кезеңіне лайықталған туындылар. Оларды үлкендердің орындайтындығына қарап тұтас процестен бөліп алуға әсте болмайды. Мәселен, бесік жыры, тұсау кесу жырлары, қуырмаш ойындарын балалардың рухани әлемінен қалай бөле –жара қарауға болады.
Екінші үлкен мәселе, балалар аузында жатталып, олардың рухани кәдесіне жарап жүрген мол мұраның біразы балалардың өз шығармашылығы, дегенмен басым көпшілігі ересектер шығармашылығынан ауысқан, балалар талғамының қайта қайнап, пісіп, «өңдеуден» өткен туындылар.
Бала табиғаты мен ертедегі адамдардың ойлау жүйесінің ұқсастығына А.Байтұрсыновта назар аударады. «Адам анайы шағында баласы сияқты жанды, жансыз нәрсені айырмаған, жандысы да жансызы да бірдей тіршілік ететін, бірдей өмір сүретін сияқты көрінген. Қуыршағын, басқа ойыншықтарын жанды нәрседей көретін балалар сияқты болған. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң, адамның өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, кезектес сияқты күйде өмір шеккен»-дей отырып шығармалардың бала жанына етене жақын болуының себебін де аңдатады.
Бесік жыры. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымның бүлдіршіндер табиғатына лайықталғандықтан, алғашқы кезде, бөбек құлағына сөз бен саздың ырғағын сіңіріп, кейіннен таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн.
Баланы бесікке салу рәсімі ауылдастар арасына арнайы тойланып, түрлі әдет-ғұрып салттары, ырым жоралғылар жасалады. Бесік баланы тамақтандырып, бағып-қағуға ғана ыңғайлы емес, оны әнмен тербетіп ойнатып, көңілін алдап, аялап, ардақтауға да қолайлы. Бесік сөзінің көне қолданыстарын көне жазба ескерткіштерінен бастап жазба деректердің барлығын жолықтыруға болады. Бұдан қазіргі түркі тектес халықтар ішінде сәл ғана өзгешеліктермен қолданылатын «бесік» сөзі бұл халықтар ұғымында ертеден бар, бесікті күнделікті тұрмысында көне заманда-ақ пайдаланған деп түюге әбден болады. Қазақ бесігінің жетістігімен қоса, жетілдіретін тұсының бар екендігін кезінде Жұмабаев өзінің «Педагогика» кітабында жазған. Жалпы қазақ бесігін жетілдіріп, күнделікті өмірге ендіру мәселесі кешенді түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен аластап:
Алас, алас пәледен қалас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
дегендей ырым өлеңдер айтылады.
Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы позициялық негізгі қаңқасы толық сақталып Қазақстанның барлық түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар негізінен, тікелей балаларға арналған. Бұл жырларды қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол. Сурып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағытарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен тауып тарап отырған. Балаға деген махаббат еркелету, айналып-толғану бесік жырының негізгі өзегі. Баланы әлдилей отырып:
Құрығыңды майырып,
Түнда жылқы қайырып -деп тілеуі де бесік жырында жеңіл әзіл, ойын өлең түрінде, болса да өз көріністерін тауып отырады:
Бесік жырының түрлі көріністерін, болашақ ұрпақ жөніндегі халық мұратын танимыз, ошақ басы, бесік қасында отырған қазақ әйелінің мұң шеріне ортақтасамыз. Бесік жырын тереңдей зерттеу ісі, тарихшы-этнографтарға, музыка танушыларға, педагогтарға, тілшілерге, де көп мағлұмат берері даусыз.
Сәбилік ғұрып жырлары. Нәрестенің дүниеге келуі қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Бұл күнді әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтеді, оны ән мен күйдің нәрестеге айтылатын ақ тілектің тиегі ағытылады.. Жиналған жұрт үй иесін мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе. Баланың ата-анасы да:
Қуанып қан жүрегім қақ жарылып,
Қасірет басымдағы қалды арылып.
Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын,
Атқан соң маңдайымнан, таң жарылып.
-деп өз қуанышын әнмен білдіреді. Шілдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендері қайта сәтте ақсақалдан бата тіленеді.
Шілдехана соңында берілетін бата-ақ сақалды қарияның сәбиге, оның ата-анасына арнап айтқан ақ тілегі. Бұл сәби атына үлкендер тарапынан білдірілетін алғашқы тілек. Олардың мазмұны мынадай болып келеді:
Сары тісті болсын,
Ақ шашты болсын,
Өмірі ұзын болсын,
Уайымы аз болсын.
Сәбилік ғұрып-жырларының басты мазмұны тілек тілеу болса, міндеті- халықтың дәстүрлі түсінігіне байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлі салттарды өлең –жырлармен сүйемелдеу. Оның алғашқы негізінде баланы ауру-сырқаудан, сыртқы қауіп-қатерден сақтау жөніндегі сарын басым болса, кейін заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, баланың бағытты өмірі, жарқын болашағы жөнінде ата-анамен үлкендердің тілек тілеу мазмұнына басым бола бастайды.
Мәпелеу жырлары. Нәрестенің дені сау, ауру-сырқаудан аман, әбден шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуі үшін туған сағаттан бастап-ақ қам жейтін ата-ана. Халық тәжірибесінде әбден қалыптасқан дәстүрлі әрекеттерді бұлжытпай орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесін жазып, түрлі жаттығулар жасатады, кеудесіне отырғызып, мойнына, тізесіне мінгізіп, ойната жүріп буынын бекітеді. Бала тәрбиесіндегі осы әректтердің барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып жасалатынын байқау қиын емес.
Мәпелеу жырларының негізіндегі дене жаттығулары өмірлік қажеттіліктен туған. Міне, осындай жағдайлар болмас үшін, сәби денесінің дұрыс жетілуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатынан баланың аяқ-қолын созып, әр түрлі жаттығулар жасату практикалық қажеттілікке айналған. Ол сәби денесінің құрыс-тырысын жазып, сергітіп қана қоймайды, жанында жадыратады.
Уату-алдарқату жырлары. Бесік жырының негізгі қызметі-баланы тыныштандырып ұйықтату және ол бесікке жатқан уақытты айтылады, ал уату жырларының міндеті оған қарама-қарсы-тынышсызданған баланы алдандырып, сергітіп, көңілін басқа жаққа аудару, оның орындалуы бесіктен тыс көп жағдайда ойын түрінде келеді. Ал сәбилік ғұрып жырлары міндетті түрде әлдеқандай халықтық ырыммен қабаттасып келетін болса, уату-алдарқату жырларына ол шарт емес. Әлпеш жырларының негізгі қызметі бала денесін дамытуға байланысты жаттығуларды сүйемелдеу болса, уату жырларының басты міндеті-баланы алдандыру, көңілін сергіту, алдарқату, ойнату болып келеді.
Қазақ халқы арасында кең таралған содай уату жырының бір түрі-қуырмаш. Жылап отырған баланың (ақылын) алақанын алып: «Қуыр-қуыр, қуырмаш, тауықтарға бидай шаш»,-деп бидай қуырғандай етіп қытықтайды да:
Бас бармақ,
Балалы үйрек (сұқ саусақ)
Ортан терек (ортан қол)
Шылдыр шүмек (аты жоқ қол)
Кішкентай бөбек(шынашақ)
Деп әр саусаққа ат қойып, бүгіп шығады.
Содан соң: кішкентай бөбектен бастап:
сен- тұр –қызыңа бар
сен тұр-қойыңа бар,
сен тұр-жылқыңа бар,
сен тұр-түйеңе бар.
Сен-қария
Қазан түбін жалап,
Үйде жат,- деп әрқайсысына міндет жүктейді.
Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,
Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала
Ата көрген-оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
Ата өнері-балаға мұра.
Ата кәсібі-бала несібі.
Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс көлдің көркі.
Талабы жоқ жас-
Қанаты жоқ құс.
Ақ шашты ана:
«Жатығым-балам» дейді.
Ақылды бала:
«ай күнім-анам» дейді.
Өсер жастың алдын кеспе,
өсер ағаштың бұтағын кеспе.
Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Оларды ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу-халықтың үлкен қуанышынан саналған. Әйел бала туса, оған шілдехана жасаған. Шілдехана кезінде жастар жиналып. өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге сөнбеген.
Өмірге жңа келген сәби өсіп, жетім келе әжесінен ертегі, аңыз жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен түрін дамытатын болған. Мұны халықтың рухани тәрбие дейміз. Ертегі, мақал,жұмбақ, жаңылтпаш білмеген білгенін айта алмаған баланы «мылқау» деп, оған жұрт күліп қараған. «Тіл десем тимейді, тиме десем тиеді» деген жұмбақ баланың тілін, әрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе, саусақтарға «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шүлдір шүмек, кішкене бөбек» деп ат қойғызу баланы санға үйреткен. «Бір дегенім-білеу, екі дегенім-егеу, үш дегенім-үскі, төрт дегенім-төсек, бес дегенім -оймақ, он бір қара жұмбақ» деген сөз кестелері баланың лексикасын байқатқан. Ол кезде жас балалар әрбір үйдің жан санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған ондай жұмбақтарды: «Нешік? Екі құлағы тесік, ешкің арық қойың сарық» деп бастаған. Мұндай өлеңдерде бір-біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады.
-Ауылың қайда?-Қошқар тауда
-Асқар тауда.-Қойың не жейді?
-Қайың қайда?- -Жусан жейді.
Баланы төсектеп тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге арқау болған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларға лайықтаған саласы аса көркем әрі қызық. Олардың мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді.Мысалы, «Қой мен ешкіні айтысы» жайындағы өлең оқуға жеңіл мазмұнды әрі әсерлі.
Мұнда ешкі:
-Менің жегенім жантақ
сенің жегенің жантақ.
Сенің құйрығың неден жалпақ?-десе қой:
-Менің жегенім ошаған,
Сенің жегенің ошаған
Сенің құйрығың неден шошайған?-деп жауап қайырады.
Айтыс үстінде олар бір-бірін мінеп сынайды. Қой сүт майым көп, сол себепті мен малдың құтымын десе, ешкі де қарап қалмайды. Ақыры бұл екеуі бірі біріне топалаң келсін деп бақ таластырады.
Жаңбырсыз жаздың ыстық аптабы мен аязды қыс малға қандай қолайсыз болса, түрлі індетте оларға жеңіл тимеген. Өйткені мал ауруы-жұттың бір түрінен саналған.
«Түйе, түйе, түйелер» деген өлең жас буынды бір жағынан еңбекке баулыса, екінші жағынан оларды тілге үйреткен.
Бала:
Түйе,түйе,түйелер!
Тұзың қайда, түйелер?
Түйе:
-Балқан таудың басында,
Болды қоян қасында.
Бала:
Еніп кеттім егіске,
Қойным толды жеміске.
Жемісімді жерге бердім.
Жер маған жусанын берді.
Жусанды мен қойға бердім.
Қой маған қошақанды берді
Қошақанды мен қонаққа сойдым
Қонақ маған қамшысын берді.
Қамшысын қызға бердім
Қыз маған түймесін берді
Түймені көлге бердім
Көл көбігін берді
Көбікті терекке бердім
Терек маған қабығын берді
Қабықты келіншекке бірдім
Келіншек орамалын берді
Орамалды апама бердім
Апам асық берді.
Асықты мұзға бердім,
Мұз суын берді.
Суын қара сиырға бердім.
Қара сиыр сүтін берді.
Сүтті пісіріп отыр едім.
Көбелек келім күмп етті,
Көбігін ішіп ол кетті,
Жапалақ келіп жалп етті
Жартысын ішіп ол кетті
Сауысқан келіп саңқ етті
Сарқып ішіп ол кетті
Әтекем келіп еді
Қаспағын қырып бердім.
Қаза дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек-мақсат қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көркемсөз айшықтарымен айтылған ауыз әдебиетінің дәстүрлі түрлерімен отбасында сәбилік шақтан таныс бола бастайды. Бесік жыры мен қатар хайуанаттар жан-жануарлар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер – бәріде баланы қызықтырып, оны қуынышқа бөлейді. Сөз өнерінің әдемі өрнектері олардың сөздік қорын байытып бірден-бір мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді.
3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН ҰҒЫНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бесік тойы
1-жүргүзуші :
Атамыз қазақ «Бесіксіз үйде береке жоқ » деп түйді . Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалайды. Ежелден от басында баланың көп болуын тіледі. » Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар » дейтін сөздер соны анғартады. 2-жүргүзуші Қазақ халқында балаларға деген қамқорлық, оның аман-сау өсуіне тілектестік бала тумай тұрып жасалады. Мысалың:аяғы ауыр әйелге жук көтертпеуге, жерік кезінде сүйген асын тауып беру, құрсақ той жасау, өнерлердің келінін ана болуға дайындауы. Халықта «екіқабат келін жыласа, бала жасық болады» деген түсінік бар. Сондықтан парасатты енелер келіннің көтеріңкі көңіл күймен жүруін қадағалаған. Арагідік «Келін көңілі » деп аталатын жастардың бас қосуын ұйымдастырып отырған. 1-жүргізуші : Әйел толғата бастағанда енесі, көрші «Жарыс қазан » асу қамына кіріседі. Самаурын қойылып, Сүт пісіріледі, үй ішіндегі әбдіре ашылады. Теңдер шешіледі . Бұл «Әбдіре ашылғандай, тең шешілгендей, түйін тарқанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері шілде күзет шілдехана күзет өткізіледі. Әйелдің әл-қуатын жыиып, белі бекіп кетуі үшін оған арнайы мал сойылып, қалжа беріледі. Бұл дәстүрдің сақталмауы кешірімсіз жағдай деп бағаланған. Тілімізде «Сені туғанда шешең қалжа жемеді –ау «деген ренішпен айтылады сөз сақталған. Б ала туылғаннан кейін бес күн өткесін баланы бесікке салған. 1-жүргізүші: Көшпелі халықта баланы жел-құздан, суықтан әр түрлі аурудан сақтайтын, тыныш ұйықтататын асыл мұраның бірі – бесік . Бесікте жатқан бөбек таза болады, ұзақ ұйықтайды, суық тимей денсаулығы мықты болып өседі . 2-жүргізүші : Құрметті халайық! Енді сіздер Бесік салу рәсімін тамашалайсыздар . Бұл рәсімді орындау құрметті ардақты анаға беріледі . Талшын әже баланы бесікке бөлемей тұрып, бесікті аластап алды. Ә ж е: Алас, алас, баладан алас, Үй иесі келді , пәледен алас. Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас. Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас, Бісіміллә, келді міне иесі, Көш,көш, пәлесі! Бесікті жасап болғасын, әжей тыштымхана ырымы жасады (тыштымхана- бесіктің түбек салатын тесігі). Ә ж е: Оу,… ағайын… ағайын! Баптарынды табайын, Оттарынды жағайын. Қанға сіңген дәстүрдің Көрсетейін талайын. Ең әуелі сәбиді, Бесігіне салайын. Етпеймін мен еш міндет, Мұрасына жетсең-жет. Тыштым, тыштым, тыштым-деп, Тыштым, тыштым, тыштым-деп, Тыштымхана жасайын, Дәулетімді шашайын. Игілікке бастасын Наурыз тойы ағайын. Деме кімнің ерені Арып-шашып келеді. Қырдың елі өз елі, Сырдың елі өз елі. Кәмпит пе елге керегі, Өрік пе елге керегі, Мейіз бе елге керегі? Ішің білсін қыңқ етпе, Қол тигізбе шүмекке . Тыштым, тыштым, тыштым-деп, Қол созыңдар түбекке. Тыштым, тыштым, тыштым-деп, Кәні, қол соз түбекке!-деп айқалайды. Жұрт бесіктің астындағы тубек тұралын тесігіне жаппай қол созып ұмытылады. Өрік, мейіз, кәмпит, т.б. жеміс-жидекке жұрттың уысы толып шыға береді. -Мұндай неткен көп еді, Бәрін … Бәрін береді. Алма,мейіз өрікті Үсті-үстіне төгеді. Қай жағынан өреді? Мұнша неткен көп еді?-деп жұрт шулайды. Жұрттың уысы жеміс-жидекке толып шыға береді Сонан кейін сәбиді бесікке салады. Ә ж е : -Ал бесікке саламын, Жерге тимей табаным, Шаң тигізбей бағамын, Жел тигізбей бағамын,
Ашылғай зор талабың,
Жақсы болғай заманың
Ер жеткенде қарағым.
Алдын кеспе ініңнің,
Алдын кеспе ағаңның.
Сағы сынып жүрмесін
Қарқаралы анаңның .
Ұлы болсаң халықтың
(Қызы болсаң халықтың)
Қлайша мін тағамын.
Мына ұлы өмірдің
Тартсаң дағы азабын,
Қайтпасың еш талабың.
Ана сүтін ақтасаң
Мен де риза боламын!- деп тұлпарға жүген салады (тұлпар- бесік жүгенін сүлгі не басқа бір шүберектен салса да болады). Бір басын байлап, шүберектің бір басын қолына ұстайды. Астына жеті түрлі зат салып (бесіктің белдігіне сүлгі, орамал, шүберек, көйлек, мәйке т.б (тұлпарға мініп алады. Ио,по,по,по. (кемпір «кісінейді»)!
-Уа, халайық . . . халайық!
Тұлпарменен шабайық.
Етігіммен су кешіп,
Еділ бойлап келемін,
Жұлығынан су кешіп ,
Жайық бойлап келемін.
Сирағымнан су кешіп,
Сырды бойлап келемін,
Әму бойлап келемін.
Түгел шарлап өтсем де,
Кең дүниенің көлемін,
Бәріне де көнемін.
Тұлпарым да жараулы,
Тұлпарыма сенемін
Иопо-по-по!
Кемпір жер тартып «кісінеп» , тағы ілгері шабады.
-Тұлпарым да жараулы,
Жал-құйрығы тараулы.
Тура ағып өтеді,
Парылдатып танауды.
Мен де білмен аяуды,
Міне, шабыс оңалды,
Нағыз жарау боп алды.
Иопо-по-по!
Кемпір жер тартып «кісінейді» . Жұрт: «Маған сат, маған сат! » деп қаумалайды. Сатады. Пұлын алады. Ио-по-по-по! Кемпір «кісінеп», тағы ілгері шабады.
-Кәні . . . кәні. . . алыңдар,
Алғаныңның бағың бар!
Қора толы қойын бар,
Дала толы түйең бар,
Қойнау толы малың бар,
Үйір-үйір жылқын бар,
Құлды сатып алыңдар,
Ұлды сатып алыңдар !
Иопо-по-по! Кемпір жер тартып «кісінейді». Жұрт: «Маған , маған сат, маған сат! » деп қаумалайды. Сатады. Пұлын алады. Иопо-по-по! . . Тағы ілгері шабады.
-Кәні. . . кәні алыңдар,
Алғаныңның бағын бар!
Алтын менен күмісті
Алқанға салыңдар.
Гауһар менен жаһұтты
Қайдан болсын табындар.
Бар дәулетті салыңдар.
Құлды сатып алыңдар !
Иопо-по-по ! Кемпір жер тартып «кісінейді» . Жұрт: «Маған, маған сат, маған сат! » деп қаумалайды. Сатады Пұлын алады . . . Тұлпардан түсіп, алушыға «құлды» бесігімен береді.
1-жүргізуші: Сәбебі 5-6 айдан соң еңбектейді, ла 9-12 айлығында қаз тұрып, алғаш жүруге талпынады . Сәбі тәй-тәйлап жүре бастағанда, ата-анасы «Балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «Тұсау кесер» тойын жасайды.
2-жүргізуші: Біздің балабақшамызда да тұсауын кесуін күтіп жүрген балдырғандарымыз бар. Олар ..
Енді осы ұлыстың ұлы күні оларға сәт қадам тілеп, тұсауын кесіп жіберейік. . . Тұсау кесу рәсімін құрметті әжелер орындады. Балалардың тұсауын кесіп болған соң, ән орындалды.
Әже:
-Тәй, тәй кәне.
Қаз,қаз бас!
Көрдің міне, жазды алғаш,
Емін –еркін жүргенше,
Бейнетің де аз болмас.
Ұаз басуға құмарсың,
Әлі-ақ еркін тұрарсың.
Зыр жугіріп кеткенше,
Талай-талай құларсың.
Көңіліңе мұң дарытпай,
Аялайтын жалықпай,
Жер-ананың құлыным,
Алақаны мамықтай.
Жаңа ғана бастаған,
Жолыңа нық бас қадам.
Кеш соңында » Сыр сандық ойыны ойналады. Ата-аналар мен тәрбиешілер- салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, музыкалық фольклор, қол тума т.б. ұлттық таным бойынша сайысқа түсті.
1-сұрақ.
Он атаға дейінгі туысқандық қатысты атап беріңіз.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туа-жат, жүре-жат, кекжат, жұрағат.
2-сұрақ.
7қазынаны атаңыз.
Ер жігіт Құмай тазы
Сұлу әйел Қыран бүркіт
Ілім,білім Берен мылтық
Арғымақ ат
3-сұрақ
Жеті жұты атаңыз
Құрғақшылық, мал жұт, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел жүру.
4-сұрақ
Адамды әдепке тәрбиелейтін қандай ырымдарды білесіз?
Раушан апай: Үйге жүгіріп кірме, босағаны керме, аяғынды (табанынды) тартпа, үйде ысқырма, жағынды таянба, үлкеннің алдын кеспе, құмырсқаның илеуін баспа.
Сұрақ-жауаптың қорытындысы жасалды.
Әлди,әлди, бөпешім
Сабақтың мақсаты:
«Әлди, әлди», «Әже» өлеңдерін, мәнерлеп оқуға, мазмұныны түсінуге үйрету. Жаттығуларды жаза отырып, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді табуға үйрету.
1. Шаңырақ шуағы тарауы арқылы ұлттық тағылымдарды білуге. Отбасы мүшелерін. Анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс: баяндау. Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: сайыс түрінде өтеді.
1. Ұйымдастыру.
-Балалар, қазір бізде қай сабақ?
-Ана тілі бізге нені үйретеді?
-Балалар, артымызда қарайықшы, бізде бүгін кімдер отыр№
Қонақтар (әжелер, ата-аналар)
-Дұрыс айтасыңдар.
Біздің халқымыздың қонақжай екенін білесіңдер. Үйге келген қонақтарды қалай күтеміз
-Ендеше бүгін бізде біздің сыныбымызға келген қонақтарды күтейік.
-Біз оларды қалай күтеміз?
-Біз оларды сабаққа жақсы қатысуымызбен,тәртібімізбен қарсы алайық.
-Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ. Онда біз өткен тарауды қайталай отырып, жаңа тарау өту арқыл сайысқа түсеміз. Ол үшін біз екі топқа бөлінейік.
-Топқа бөлінбес бұрын біз өткен сабақта қандай үлкен тарауды аяқтадық?
-Ендеше төрт түліктің төлдерін қалай атаймыз?
-Мал атасын атап жіберейік.
-Төлдерді қалай шақырамыз.
-Ендеше оы төрт түліктің төлдерінің атын топтың аты етіп алайық.
1. Ботақан тобы.
2. Қошақан тобы.
1-Топ-Ботақан.
Ботақаным-бөбегім
Шырқайтыұғын өлеңім,
Бөьегімдітәй басқан
Сені жақсы көремін.
11-топ-Қошақан.
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым де.
Қошақаным өзім деп.
11- сайыс. Кім жүйрік!
Тақтаға 1 топ –жуан дауыстылар 11-топ жіңішке дауыстылар жазады.
Ауызша І. Дауыстыларды сұрау.
Сөз ішінде жуан дауыстылар болса, сөз жуан айтылады. Сөз ішінде жіңішке дауыстылар болса, сөз жіңішке айтылады.
ІІІ сайыс. Мәнерлеп оқу. Жаңа тақырып.
-Балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін тапсаңдар бүгінгі өтетін үлкен тарауымыздың аты шығады.
-Онда әкем,анам тұрады.
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
-жанұя деген не?Онда кімдер тұрады?
-Мына суретте,балалар,кімдер отыр?
-Кәне ат қояйық.
-Олар не істеп отыр?
-Оларды қандай жанұя деуге болады?
-Ендеше балалар, бүгін біз Шаңырақ шуағы деген үлкен тарауды бастаймыз. Онда біз әжеміз, атамыз, анамыз туралы өлеңдерді оқимыз. Ал, осы шаңырақта дүниеге келген баланы кім деп атайды? Сол әлдиді бесікке бөлейді. Әлдидің ұйықтар кезінде не жылаған кезінде уату үшін аналар, әжелер, әлди әнін немесе бесік жырын айтқан екен. Қазір мен сендерге әлди өлеңін оқып берейін.
1. Мұғалім оқиды.
2. Түсіндіру
3. Хормен оқытқызу
4. Сұрақтар:-өлеңді кімге арнап айтқан?
-Өлеңді кім айтады?
-Балалар, бізді дүниеге әкелген кім?-Ана.
-Ал, анамыздың, әкеміздіңң анасы бізге кім болады?-Әже.
-Әже туралы сурет жүргізу сурет бойынша.
-Әже туралы сына өлеңде былай айтылған.
1.Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
2. сұрақтар:-Өлеңде кім туралы айтылған?
-Әжені неге теңеген?
-Өз әжең туралы айт.
2. 4 оқушы мәнерлеп оқиды.
ІV сайыс. Білгенге маржан.
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?Аналар мерекесіне арнап бір ән орындап жіберелік.
Жүргенше өмір сүріп, надан болып- деп,С. Торайғыров жырлағандай, «Фани дүниенің» есігін ашып келген адамды не күтүп тұр? Оған қандай тағдыр жазған? Мұны алдын ала ешкім болжай алмайды. Анадан туған соң ол кім болып өседі, қандай азамат болып шығады? Ата-ананың ет жүрегін елжіретіп, жүйкесін жейтін ой осы. Сол үшін де олар баласына бір білген-түйгенін үйретіп, баулып өсіреді. Жаман болсын деп емес, жақсы азамат болсын деп армандайды. Одан арғысы баланың қзіне, оның өсе келе қалыптасқан ой-өрісіне, бойына сіңген қасиеттеріне, тірлік-тынысына, табиғаттың берген талабына байланысты. Осындай қажетті нәрселерді алса, сонда нағыз азамат деген ұғымға сай адам өсіп шығатынына күмән жоқ»
Дегенмен де, әрбір халықтың, ұлттың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады. Соған сай әр халықтың өз тарихы бар. Тарихсыз халық жоқ. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін,бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып, келелі міндетер жүктеген, болашақ ел қамқоры, Отанқорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендері, бастан кешкендері, қолмен жасаған заттары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары тәрбие шежіресі халықтық тәлім-тәрбие мұраты болып қалыптасқан. Ол халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, тәрбие дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптары, отбасындағы тәлімгерлік жүйесінде ұлттық ойындары мен сауық-сайрандары, той мерекелерінде, музыкалық шығармалары: әндері мен күйлері, билерінде айтыс –жарларында бейнелеу өнері мен қолөнер туындыларында т.б. халық творчествосында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын олап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып, неше түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтып, әңгіме шығарып, оларды күнделікті тәрбие ықпалдарында пайдаланып отырған. Жас нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап, бесікке бөленіп, айтылған «Бесік жыры» соның дәлелі, тәрбиелік ықпалдық бостауы болмақ. Бесікті кім тербетсе де жыр айтқан. Жас өспірім нәресте күнінен бастап-ақ ата-ана аузынан:
«Әлди-әлди ақ бөпем, Бармақтарың майысып,
Ақ бесікке жат, бөпем. Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің? Кең балағың түрісіп,
Таңдайларың тақылдап, Ойға, тауға жүрісіп
Сөйлегенде сөз бермей, Балуан болар ма екенсің?
Шешен болар ма екенсің?
деген бесік жырын естіп өседі. Немесе, қолы босағанда анасы көкейдегі көксегенін әндетіп жеткізген.
Бөлем менің қайда еккн? Алмасынан кәнекей,
Асқар-асқар тауда екен. Жаңа теріп жүр екен.
Тауда не қып жүр екен? Қызыл алма қолыңда,
Алма теріп жүр екен, Қыздар оның соңында.
Осылайша ана мейрімі, сүйіспеншілігі, арманы бала құлағына бесігіңнен сіңеді. Ал бесік жыры- халық жырының бұлақ көзіне айналады. Оны әуел бастан ақындар шығарып, соңынан оны жұрт жаттап алып айтып жүретін болған. Сол себептен бесік жыры халық ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан рухани асыл мұра боп табылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ешнәрсе дерексіз айтылмай, нені айтса да арғы астарын өмірге әкеліп байланыстырады. «Әнге әуес, күйге құмар бала- жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген М. Әуезовтің даналық сөзі « Бесік жырының» әуені ананың сүтімен құлағына сіңген баланың болашағын меңзегендей. Ананың мейрімді әлдиі мен парасаты жыры бала жанын жадыратады, өзін жақсы ниетке жетелейді.Жүрек қалауынан шыққан жыр жүрекке жетеді, халық үмітін жеткізеді. Сондықтан да бесік жыры — баланы жөргегінен тәрбиелеудің өтімді түрі.
«Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінді айтылатын қоңырқай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Балғын бөбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуенін жұбанып, рахатқа бөленеді. Әуен бөбек жанына дем береді».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бапаева М.,Нығметова Қ., Шериязданова К. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар.-Алматы: Рауан, 1994
2. Жұмабекова Ф. Балабақшадағы тұрмыстық талғам. –Алматы : Рауан, 1994
3. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі-ақылдың көзі. Алматы: Қазақстан, 1980.
4. Ақ бата. Алматы: Өнер, 1992
5. Әмзе Қалмырзаұлы. 12 таным. Шымкент қалалық баспаханасы.
6. Бата-тілектер. Алматы: «Қазақстан», ҒАС, «Желмая»,1991.
7. Ұ.Асылов. Даналардан шыққан сөз. Нақылдар жинағы. «Мектеп», 1987.
8. Қ.Жарықбаев. Асылдың кені. Алматы, «Қазақстан», 1991.
9. Сөз атасы. Мақал –мәтелдер мен қанатты сөздер. Алматы, «Жазушы», 1987.
10. Адамбаев Б. Алтын сандық.-Алматы: Жазушы, 1989
11. Адамбаев Б. Халық даналығы.- Алматы: мектеп,1976
12. «Атамекен» бағдарламасы.-Егеменді қазақстан, 27.08.1991
13. Ахметов М. Қазақ әндері мен халық дәстүрі.-Алматы: Өнер 1991
14. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.-Алматы:Рауан 1991
15. Әлімбаев М. Халық-қапысыз тәрбиеші.-Алматы: Білім, 1977
16. Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік, тәрбие мәселелері. –Қазақстан мектебі,1970