Скачать/Жүктеу
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.
Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:
- Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
- Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Коммуникативтiк — «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
- Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
- Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
- Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды.
Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.
Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.
Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:
- бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;
- тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
- тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.
Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан тұрады:
Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — «ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты» (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:
- ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
- Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
- Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.
Екiншi блок-модуль (инварианттық)– «Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру» (24 сағат):
- Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық диагностика;
- Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.
Үшiншi блок-модуль – «Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер» (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:
- бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
- тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға бағытталған модельдеу мен жобалау қызметiн дамыту;
- қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
- бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн ақпараттандыру саласына бағыттау (информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады. Оның басты себебi ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен толығып отырады. Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы басқарушы болғандықтан аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi кеңейтiледi).
Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен сауалнама қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.
Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты. Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану кезiнде бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады, эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы қамтамасыз етiледi.
Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып табылады.
Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды. Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен қолдану қажет. Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық жұмыс жасау формалары.
Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және деңгейлеп саралап оқыту технологиялары.
Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз көтеру барысында вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл педагог мамандардың жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың сапасын арттыратыны сөзсiз.
Сондықтан мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнде бiлiктiлiктi көтеру курстарынан басқа информатиканы оқытудың жеке әдiстемесiнiң мiндеттерiн шешуге байланысты проблемалық курстарды да ұйымдастырған тиiмдi.
Проблемалық курстардың тақырыптары облыс мұғалiмдерiнiң сұраныстары мен қажеттiлiктерiн талдау арқылы анықталынады. Ол курстың оқу жоспарын өзгертiп, iзгiлiктiлiк қағидасы негiзiнде құруға мүмкiндiк бередi:
- «Turbo Pascal ортасында программалау»;
- «Visual Basic ортасында программалау»;
- «Информатикадан олимпиадаға оқушыларды дайындау. Олимпиадалық есептердi шешу»;
- «Деректер қорын басқару жүйесi. Microsoft Access»;
- «Интернет-технология. Web-дизайн негiздерi».
Проблемалық курстарды өткiзу барысында тыңдаушылардың дайындықтарын қамтамасыз ету үшiн келесi оқу-әдiстемелiк құралдары дайындалып, пайдалануға берiледi:
- Оқу құралы: «Жаңа ақпараттық технологиялар. Windows операциялық жүйесiнiң негiздерi. Word мәтiндiк процессоры»;
- Оқу құралы: «Жаңа ақпараттық технологиялар. Компьютерлiк желiлер»;
- Оқу құралы «Microsoft Access бойынша лабораториялық практикум»;
- Оқу құралы «Microsoft Excel бойынша лабораториялық практикум»;
- Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк құрал. «Қалалық (аудандық) олимпиадалар: өткiзу ережелерi, дайындау әдiстерi, есептердi шешу мысалдары (1996-2001 жж).
- Электрондық оқу құралы «Turbo Pascal тiлiнде программалау»;
- Электрондық оқу құралы «HTML негiздерi»;
- Әдiстемелiк құрал «Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Информатика кабинетiнiң ережелерi»;
- Әдiстемелiк құрал «Бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерi үшiн ақпараттық технологияны енгiзу мәселелерi».
Аталған құралдардан басқа курстың барлық тыңдаушылары өздерiне қажеттi нормативтiк, әдiстемелiк және анықтамалық материалдармен, программалық құралдармен ақысыз түрде қамтамасыз етiледi.