Скачать/Жүктеу
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігі атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап дифференциялап (саралап) білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» дейді. Демек, олелдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бірбіріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінде жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын біртіндеп енгізудің маңызды кезеңі басталды – бейіндік оқытуға көшу, «оқытуды даралау мен оқушылардың әлеуметтенуіне бағытталған, жалпы білім беру мекемесінің жоғарғы сыныбы оқушыларын арнайы дайындау жүйесі» құрылды.
Бейіндік оқыту бір немесе екі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жаратылыстану-математикалық;
- әлеуметтік-гуманитарлық.
Біздің мектеп жаратылыстану-математикалық бағытпен жұмыс жасайды.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімнің қандай кәсіби білімі мен іскерлігі болуы керек?
Ол:
- оқытудың тұлғалық-бағдарлық, жеке-даралық құзырлығының әдістемелік негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін;
- базалық және бейіндік деңгейіндегі пән бойынша білім мазмұның,
- элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін;
- оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың әдістемесін білуі керек;
- өзінің білімін жетілдірумен айналасу керек:
1. Педагогиқалық әдебиетердің жаңалықтарын, оқытатын пән бойынша қосымша ғылыми материалдарды оқып-қарастыру.
2. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды қарастыру, оның талаптары мен ерекшеліктерін аңықтау.
3. Жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
4. Ғылыми-зерттеу тақырыбында жұмыс істеу.
Педагогтер мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті бойынша қазіргі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқытуға көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады. Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне сәйкес келетін курстар, оқу пәндері, модульдер, оқытылатын элективтік курстар жиынтығынан тұрады.
Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен оқушының әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функциялар орындай алады: қазіргі уақыттың негізгі мәселерін зерттеу, болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігіне бағдарлану, «кәсіби сынама», танымдық, ұйымдастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану, базалық пәндік білімнің терендетілуі, бейіндік пәнді оқытудың кемшіліктерінің орнын толтыру. Көрсетілген функциялардың әрбірі негізгі рөл атқаруы мүмкін, алайда, элективтік курс оларды кешенді түрде орындау керек.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№34 жалпы
білім беретін орта мектеп» ММ математика пәнінің мұғалімі
Масакбаева Сайра Сабырханқызы