БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕСКЕРЕТІН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР


Скачать/Жүктеу

Бейнелеу өнері – бұл адамның әлемді, өмірді қабылдау әрекеті мен оны өзінше   мазмұндауы, түсіндіруі, көркемдеуі.

Адамның өмірге деген көзқарасы, түсінігі және қоршаған ортаны қабылдау қабілеті әр түрлі болғасын бейнелеу өнерінің туындылары да, оның мәні де әр түрлі болады.

Бейнелеу өнерінің туындысы бұл – жеке даралық көзқарас, ол суретшінің ішкі дүниесімен қабілеттілігі бойынша айқындалады. Менің ойымша, әрбір қарапайым адам бейнелеу өнерін өзіндік жеке даралық қабілет ретінде қабылдай алады. Себебі әрбір адам өзіне ғана тән қабылдау ерекшелігіне ие.

Қазіргі адам құндылығына оның жан-жақтылық қасиеті тән. Жан-жақтылық бұл — адамның белгілі бір бағытта, заманның талабын ескере отырып жұмыс жасау әрекетіне, сапалы, табысты және өз ісін басқа істермен байланыстыруға көмектесетін әрекетшілдік.

Бейнелеу өнерін айқын жақсы түсіну, яғни, оның  рухани қажеттілігін сезіну, көркемділігін көру, әрбір адамда бірден қалыптаспаған. Бірақ бейнелеу өнері саласына қызықпай қарауға да болмайды. Оған деген көзқарастың өзі — әдемілікке, сұлулыққа деген құштарлықты білдіреді. Ал, ғылыми деректерге сүйенсек әрбір адам сұлулыққа жетуге ұмтылады.

Бейнелеу өнері таланттылықты, шығармашылықты, сезімталдылықты, нәзіктілікті, жаңашылдылықты аса қажет ететін сала болып саналады. Сондықтан да бейнелеу өнерімен айналысу үшін, адам жан-жақты болуы керек. Бейнелеу өнері мысалы: сәулет, пластикалық анатомия және тағы да өнерге  қажетті  пәндермен байланыста болады. Бұл жағдайда студенттің жан-жақтылық қасиеті аса маңызды рөл атқарады. Қандай салада еңбек етсек те, өз ісімізді сапалы, ұтымды, әдемі ұйымдастыра алуымыз қажет және әрбіреуіміз соған бар жағдай жасауға талпынуымыз керек.  Сонда ғана біз өз мамандығымызды жоғары деңгейде меңгерген, қазіргі  талап бойынша бәсекеге қабілетті маман ретінде саналамыз.

Қазіргі бейнелеу өнері және сызу мамандығын қалап, шығармашылық жолға түскен  студенттердің көбіне өз шеберлігін дамытуға, қалыптастыруға кедергі болатын бірнеше жағдайлар бар, олар:

-  қосымша (сурет мектебіне, өнер мектебіне қатыспауы) дайындықтың болмауы;

-  өз ісіне, кәсібіне деген сенімділіктің төмендігі;

-  шығармашылық білімнің аздығы;

-  суретке деген қызыуғышылықтың төмендігі;

-  ізденіс, талпыныс, белсенділіктің төмендігі;

-  идея бостандығының тарлығы;

-  шығармашылық тәуелсіздікке ұмтылыстың төмендігі.

Біздің ойымызша,  шығармашылық жолға түскен студент өз ісіне, біліміне сенімділікпен қарай ала білу керек. Сапалы, ұтымды әрі пайдалы іс-әрекетшілділікке ұмтыла білуі керек. Адамзатқа рухани азық беретін, қоғамға қажетті бейнелеу өнері мамандығының маңыздылығын түсініп, тәуелсіз еліміздің көркеюіне өз үлесін қосуға еңбек ету әрбір қазақ азаматының борышы екенін есімізден шығармағанымыз абзал. Ол үшін болашақ талапкерлер өздері өз қабілеттерін, білімін, бағытын өзі таңдай алғаны дұрыс. Болашақта 12 жылдық білім беру жүйесі осы біз көтеріп отырған мәселені толық шешетін болады. Бейімдеу 11-12 сыныптарда оқушылармен пікір алмасып, сурет салудағы деңгейлерін анықтап, арнайы дәріс, бағдар беру сабақтарын көбірек енгізу керек. Ол сабақтар пікір алмасу, дәріс, практика түрінде өтуі мүмкін. Олардың мазмұны – бейнелеу өнерінің шеберлігіне, оған тиісті технологияларға, қазіргі жаңа оқытудың әдістемелеріне, олардың жетістіктеріне, техникасына талдау жасау арқылы яғни  кәсібіңді меңгеруге қосымша стимул алу. Мұндай эксперименталдық сабақтар болашақ өнер мамандығына түсетін талапкерлердің қызығушылығын, құштарлығын арттырып, идея бағыттарына бағдар бере алады. Бұл жоғары оқу оырдарына оқуға түсетін студенттердің сапалы білім алып шығуына, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі маман болатынына бірден бір ықпал жасайтын әдіс.

 

Әдебиеттер:

1.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. – М; «Просвещение», 1972. – 253 с

2. Кузин В.С. Психология.»Агар», 1997, — 304 с.

 

Рамазанова Динара

Бей-21, ЕҰУ

Ғылыми жетекші: п.ғ.д., С.Ә.Аманжолов


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы